Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі - халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер , қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада , Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі.
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық бағдарлама жасады.
Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру.
Міндеттері:
-Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;
-жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;
- Оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;
-бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.
Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық жұмыстар кезінде іске асады.
Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модалды етістік, болу бар болу етістіктерін қолдану. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, граматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім - біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады - қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну - сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі - мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін деген ой оқушы жадына келеді.
Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Міндеттері:
1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге.
2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға.
3.Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
1.Ойынның мақсаты нақты болуы керек.
2.Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек
3.Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек
4.Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз - ақыл - ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс - тәсілдерді, сондай - ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілідік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз қаланады.
Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды.
Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.
Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды.
Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.3 тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.
Таңдау курсының бағдарламасы 2-4 сынып
Түсінік хат
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсу жолында, мектептерде ағылшын тілін ерте жастан оқыту жолға қойылды. Осыған байланысты ұлттық білім жұйесіндегі өзгерістер мен талаптарға арналған "Ағылшын тілін ерте жастан оқыту " үйірмесі 2 - 4 сыныптарда сабақтан тыс, аптасына 1 сағат , барлығы 34 сағат жүргізіледі. 2- 4 сыныптарда ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшелігі - оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін қалау, оқушыларда сөздік, дыбыстық құрылымы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, буындап, сөзі тұтас, сөйлемді түсінікті, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету, салауатты, көркем жазу негізін қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту. Білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту кезеңінде баланы мектеп қабырғасына 6 жастан қабылдаудың өзіндік жолы айқындалуда. Сондықтан ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу дағдысымен есепке алынады. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элеметтерін тиімді пайдалану болып табылады. Мектепте бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудағы мақсаты - жаңа технологиялар үрдісі, тілдік қарым-қатынасты игеру болып табылады.Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Шетел тілі пәнінің мектептегі басқа пәндерге ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдиниетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен ерекшеленеді. Бастауышта ағылшын тілі бағдарламасы сөйлеу әрекетінің барлық түрін (тыңдап-түсіну, оқу, сөйлеу мен жазу), сондай-ақ ағылшын графикасымен танысуға, оқушының жас ерекшелігіне сай келетін мәтіндерді жазу және қарапайым оқу әдісімен таныстыруға бағытталғын. Мәтінді мазмұндауға, жазбаша сұрақтарға жауап беруге, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға үйрету.
Бұл бағдармала бойынша бағасыз оқу тәсілі қолданылады да, жарты жылдық сайын сынақ алынады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
2 сынып (34 сағат)
Мақсаты: Дидактикалық ойындар, өлең жаттау, сайыс ойындары арқылы оқушының негізгі тілдік дағдылары қалыптасады.
Міндеттері:
1. Ағылшын тілінің негізгі сұрақ-жауап модельдерін үйрету;
2. 0-ден 20-ге дейінгі сандарды ауызша санауға үйрету;
3. Сөйлеу (қарым-қатынас) моделдерін үйрету;
Сөздік қор: 60 -80 лексикалық бірліктер
Сөйлеу: 4-5 қысқа сөйлем
Грамматикалықтаырыптар: Present Simple, "to be" , "to have", there isthere are, prepositions - on, in, above, under, between, near, behind
Тілдік тақырыптар:
кел, танысайық
жанұя мүшелері
ойыншықтар(сенің ойыншықтарын қандай? қайда?
мамандықтар
спорт
Сөйлеу Оқушылар бағдарлама тақырыбына сай, көрнекілікке сүйене отырып, түрлі сұрақтар қойып, оған жауап беру тәсілдерін қолданады.
Оқу Оқушы әліпбиді білу керек, әріптерді тыңдап түсінуді меңгеру. Сөйлемді, қысқа мәтінді толық оқи алу керек.
Жазу Оқушы әріптерді, сөздерді, қысқа сөйлемдерді жаза алу керек.
Тыңдап түсіну Дыбыстарды және сөздерді дұрыс дыбыстай алады; Оқушылар өз мұғалімдерінің сөйлеген сөзін, сөйлемше, мәтіндерді түсінуге дағдылануы тиіс.
3 сынып (34 сағат)
Сөйлеу Оқушылар кедергісіз сұрақ қоя білу керек, және оған жауап беруі тиіс. Мәліметпен алмасуы қажет. әр сөйлеушінің айтатын ойы төрт сөйлемнен кем болмауы керек.
Жазу
Оқушы жеке фразаларды жаза алуы керек.
Оқу
Арфоэпиялық нормаларды сақтай отырып оқушы қысқа мәтіндерді толық түсініп, оқи алуы керек.
Тыңдап түсіну
2 сыныпта өткен материалды толық түсініп, тыңдап, орындай алу керек.
Оқу курсының соңында оқушылар білуге тиіс:
- ағылшын алфавитінің әріптерін және дыбыстарын жазу және ажырату;
- әңгімелескенде алғыс айту, қоштасу сөздерін қолдану;
- сөйлескенде тақырыптық сөздік минимумды қолдану;
Тілдік тақырыптар:
Family
Food
Holidays
Pets
Clothes
Seasons
4 сынып (34 сағат)
Сөйлеу
Монолог Оқушылар көрген-білгені жайында, белгілі бір тақырып, суреттер бойынша пікірін хабарлай, суреттей білуі керек. Оқушы монолог түрінде сөйлеу кезінде әр түрлі сөз үлгілерін қолданып, бес-жеті сөйлем құрап айтуы тиіс.
Диалог Оқушылар мынадай жұмыстарды орындай білуі керек: диалогты бастай алуы және оны аяқтай білуі, белгілі бір жағдайға байланысты ақыл-кеңес беруі, ұсынысын айтуы, өзіне айтылған ұсынысқа қалай қарайтынын (келісетінін, келіспейтінін) білдіруі, мәлімет сұрай алуы, мәлімет бере алуы, ол жайында пікір алысуы.
Жазу Оқушылар суреттердің астына жеке сөздер мен қысқа сөйлемдерді жаза алуы, ашық хаттарға берілген үлгіге қарап өздеріне таныс тілдік материалдар негізінде қысқаша құттықтау жаза алуы тиіс (мерекемен, туған күнімен, т.б. құттықтау). Берілген үлгіге ұқсатып кішігірім хат жазады, өздері дұрыс жазуға дағдыланады.
Оқу
4 сыныпты бітірген оқушылар білуі тиіс
- затты сипаттап ( оның орнын , анықтама жаза алу, мысалы
суретке қарап, сынып бөлмесін т.б) жазу;
- мәтінге немесе суретке арқылы қысқа әңгіме жазу;
- тақырыптық мәтіндерді тыңдап-түсіну және сұрақтарға
жауап жазу;
Тыңдап түсіну
Оқушылар өз мұғалімдерінің сөйлеген сөзін және сыныптастарының, әріптестерінің бұрын үйренген, өздеріне таныс материалдарға құрылған, әр сөйлемшеде бес сөзге дейін болатын, айтылу уақыты бір минутқа созылатын және жай қарқында айтылатын сөз, сөйлемше, мәтіндерді түсінуге дағдылануы тиіс.
Тілдік тақырыптар:
өзім туралы
мектеп.үй.ойын
жанұя мүшелері
ай аттары
дүкен
өзім туралы
мектеп.үй.ойын
жанұя мүшелері
ай аттары
Білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар:
v өздерін таныстыра білу;
v отбасылары жайлы айтып беру;
v болашақ мамандықтары туралы айтып беру;
v пікірін хабарлай, суреттей білу керек;
v күнделікті өмірлері туралы баяндау;
v шет елдің ұлттық салт-дәстүрлерімен, тағамдарымен, киімдерімен танысу.
v жануарлар туралы әңгімелеу;
Берілген бағдарламаның тапсырмалары оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.
Бағдарлама жоспары
2 сынып (барлығы 34 сағат)
№
Lexical themes
hours
date
Grammar structure
Songs and rhymes
Let's intoroduce
1
What is your name?
1
The alphabet
My name is ...
"ABC" song
2
What is hisher name?
1
His (her) name is ...
"What is your name?"
3
Where are you from?
1
I am from ...
"Where are you from?"
4
How are you?
How is heshe?
1
How are you?
I'm fine, thanks
(He she is fine.).
"Stand up" жаттығуы.
"How are you?" song
Family
5
I have got a ... and you?
1
I have (I've) got a ..
6
Have you got a ...?
Has shehe got a ...?
1
Yes, I have a ...
No, I have not
"How is your mother?" song
What do you want to be?
7
Is heshe a ...?
Are you a ...?
1
Heshe is a ...
"I am a pupil". song
8
Who is heshe?
What is heshe?
1
Who is heshe?
What is heshe?
"What is he?" poem
9
What do you want to be?
Do you want to be a ...?
1
I want to be a ...
I don't want to be a ...
Let's count
10
Count from ... to ...
1
Numerals
"Numbers" poem
11
Count from ... to ...
1
Numerals
12
I like to count
1
Plural of nouns
13
Let us count
1
14
How many ... have you got?
1
Plural of nouns
"I like to play" poem
15
How many ... have you got?
1
How many ... have you got?
( ... has heshe got?)
"What have you got?" song
16
Optional lesson (сынақ)
1
Let's play
17
Does he like to play ...?
What does he like to do?
What does he like to play with?
1
Heshe likes to ...
Heshe doesn't like to ...
Yes, heshe does.
No, heshe doesn't.
What colour is your toy?
18
Colours
1
It's red. (It's a red ball.)
The ball is red.
"It's fun". poem
19
What colour is the ...?
1
They are red.
The balls are red.
"I see green" song
20
What colour are ...?
1
What colour is the (this, that)?
What colour are the (these, those)?
Poem "Colours"
Where are your toys?
21
Where is (are) the ...?
1
The doll (s) is (are) on the ...
Is (are) the doll(s) on the ...?
22
Where is (are) ...?
1
Where is (are) ...?
"Where is my ball?" poem
23
"Where is my ball?"
1
24
Where is (are) the ...?
1
25
Playtime.
1
26
Can you see ...?
1
I can see ...
I cannot see ...
How old are you?
(dialogue)
27
Can you ...?
1
Can you ...?
"I have got many toys" song
Sport and games
28
What games
can you ...?
do you like to ...?
1
Dialogue (I'd love to, with us.)
"We can play." poem
29
What games do you want to ...?
1
30
What can you do well?
1
Dialogue (go to the swimming pool, with great pleasure)
31
What can you do well?
1
32
Why do you go to the ... with?
1
What games do you like to play?
(Do you want to ... can you ...?)
Poem: `Little Ann".
33
Playtime.
1
"Alphabet bingo"
34
Optional lesson (сынақ)
1
Бағдарлама жоспары
3 сынып (барлығы 34 сағат)
№
Lexical themes
hours
date
grammar structure
songs and rhymes
1
Family
1
Where is the mother?
Puzzle, rhymes
2
1
Text: "Scotty"
Poem: "Good night"
Puzzle: "Family"
3
1
Family tree
Poem: "Do you know Mary?"
4
Playtime
1
5
Food
1
Present Simple
Puzzle
Poem: "What do I like?"
6
1
Past Simple
Dialogue. proverbs
7
1
Compare Present Simple and Past Simple (text)
Puzzle
8
Holidays
1
There isare
To make a card
9
1
There waswere
Puzzle, proverbs
10
1
"Happy birthday!" Song
11
1
Past Simple (Text: "Billy's birthday")
12
Holidays
1
Text: Christmas" part I
"We wish you a merry Christmas" song
13
1
Text: New Year
Puzzle, jokes
14
Pets
1
Numbers (Cardinal)
Work with pictures
15
1
Numbers (Ordinal)
Read the letter
" My pet" poem
16
1
Text "The funny animal"
Poem: "I love my dog"
17
1
Text: "At the Zoo"
Puzzles, proverbs
18
1
Modal verb: Must must not
Poem: "I must"
19
1
Text: "Gaston"
Song: 'Head and shoulders"
20
1
Diagram
21
Playtime
1
Memory game
22
Look at my face
1
This is .., these are ...
rhymes
23
1
This is his eyes
A song of the body
24
1
What is this?
25
1
What are these?
26
1
Can you draw an eye?
"My eyes can see" poem
27
Clothes
1
Can can not
"New clothes" song
28
1
How many ...
29
1
How much ...
"My raincoat" poet
30
1
Have has got
"shoes"
31
Seasons
1
Names of seasons
"Season' poem
32
1
"to be" verbs
33
1
It's snowing. It's winter
"Snow" poem
34
Optional lesson (сынақ)
1
Бағдарлама жоспары
4 сынып (барлығы 34 сағат)
№
lexical themes
hours
date
grammar structure
songs and rhymes
1
Greeting, introducing.
1
Hello! My name is ... I'm ... I live in ...
I go to ...
2
"My house"
1
Present Simple
I live in a house near ... a flat ...
3
"My day"
1
I get up ...
I have breakfast ...
4
Family
1
Have have got
`We are happy family" poem
5
1
Do you have any brothers?
Do you have any sisters?
Game: ` Who's more ... ?"
6
Professions
1
What does heshe do?
Where does heshe work?
What is heshe doing?
Topic "professions"
7
1
She is a teacher. She works at school.
8
Ability
1
I can can not (sing, play)
"I can" poem
9
Months
1
Names of months.
"Seasons" poem
10
Months. Ordinals.
1
It's the first month.
"Months" poem
11
Dates
1
Numbers
12
1
When is your birthday?
It's on the 15th of May?
"Happy birthday!" song
13
Comparison
1
Jane is taller. Bill is younger?
Who is taller?
Who is younger?
14
1
The new town is smaller than the old town.
15
Comparison (different and the same)
1
Kate is shorter than Pete.
John and Chris are the same.
16
Optional lesson (сынақ)
1
17
Shops and shopping.
1
There is there are
Game: `Hot potato'
18
1
Structure to be going to do smth
19
Prepositions
1
Prepositions of movement
Please-game
20
1
Prepositions of place and time
21
Riddles
1
22
"Some", "any" + nouns
1
"Some", "any"
23
Appearance.
1
He is ... His hair is ...
His eyes are ...
24
Proverbs
1
25
Past tense of "to be"
1
He was ... His hair was...
His eyes were ...
26
Past tense of "to be"
1
Where were you ...? I was ...
27
Past Simple Tense
1
Did he work yesterday?
28
Past tense of "to have".
1
I had a cat.
29
Pronouns
1
I, you, heshe etc.
"We are happy" poem
30
Possessive pronouns.
1
Whose is it? It's ours. (his, hers, theirs)
31
Demonstrative pronouns.
1
This-that, those-these.
Game: "collect the flower"
32
Weather
1
It's raining. It's spring.
"Weather" song
33
1
Yesterday it rained. Today it is raining.
34
Optional lesson (сынақ)
1
1. imp 2013-2014 kaz.doc
2. imp 2013-2014 rus.doc
Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных организациях Республики Казахстан в 2013-2014 учебном году
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Шетел (ағылшын) тілі
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту курсы қарапайым меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұнын және түрін анықтау және әлеммен, баланың өмірлік тәжірибесімен байланыстыру қажет.
Бастауыш білім деңгейіндегі шет тілін оқытудың мақсаттары төменгі сынып оқушысы тұлғасының қалыптасуынан және оның тұтастай дамуынан, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуынан, нақты бір тақырыптық минимум шеңберіндегі сөйлеу ниетін іске асыру үшін төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерінің дамуынан тұрады.
Оқыту мақсаттарының объективті көрінісі ретінде оқыту міндеттері төмендегі әрекеттер арқылы іске асырылады:
шет тілінде сөйлейтінжазатын адамдармен өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілі туралы түсінік қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәтіндер арқылы жаңаны танып білу;
төменгі сынып оқушыларының лингвистикалық ой-өрістерін кеңейту; төменгі сынып оқушыларына қолжетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық түсініктерді меңгеру;
болашақта психологиялық кедергіні жеңу үшін жаңа тілдік әлемге төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік-психологиялық бейімделуін және шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз ету;
тілдік материалдарды игеру барысында, қарым-қатынастың модельденетін жағдайына қатысу үдерісінде, рольдік ойындарда төменгі сынып оқушысының тұлғалық сапасын, оның түсінігін, ойын және қиялын дамыту;
шет тілін пайдалану арқылы, үйрететін ойындар, оқу қойылымдары процестерінде балалардың эмоционалдық саласын дамыту;
отбасылық, тұрмыстық, оқу қарым-қатынасы іспеттес ойындар ойнаған сәттерде түрлі рөлдерде шет тілінде ойнау үшін жаңа әлеуметтік тәжірибеге төменгі сынып оқушыларын қосу;
оқушыға рухани-адамгершілік тәрбие беру;
танымдық қабілетін дамыту, оқу-әдістемелік жинақтың түрлі құрамдас бөліктерімен үйлестірілген түрдегі жұмыс жасауды игеру (оқулық, жұмыс дәптері, аудиоқосымша және т.с.с.), топта жұмыс істей білу;
оқушылардың жеке, жүйелік-қызметтік және коммуникативтік әмбебап оқу әрекеттері жүйесін меңгеру арқылы өз оқу қызметін ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру.
Шынайы қарым-қатынас жағдайына ағылшын тілін меңгеру үдерісін жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде тәрбиелік оқу, белсенділік принципі, көрнекілік принципі, жүйелілік және дәйектілік принципі, игеру беріктігі принципі, қолжетімділік принципі, даралану принциптері сияқты дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарлы нәтижесіне қол жеткізу үшін оқу үдерісін жоспарлау кезінде де, оқу материалын азайту кезінде де іске асырылатын келесі әдістемелік принциптерді жетекшілікке алу қажет: оқытудың коммуникативтік принципі, материалдың оқиғалық-тақырыптық ұсынылуы принципі, функционалдық принцип, кешендік принципі, саралаушылық принципі, концентризм принципі.
Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар - белсенді лексика және белсенді грамматикалық материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлік құралдары - лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары микрожүйесінің нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.
Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта - аудиолау және сөйлету (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2-жартыжылдықтан басталады), аудиолау, сөйлету, оқу және жазу - 2-4-сыныптан бастап жүзеге асырылады.
Саралаушылық принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлінген бір мәтіндегі жаңа сөздердің функционалдық-семантикалық берілу тәсілдерін, көрнекілік құралдарына арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуіндегі жаңа сөздерді белсендіруді (белгілі бір тақырыптық кеңістік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз ететін жүйе ретінде бекуі тиіс. Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқиғалы пайдалану тәсілдерімен, сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату (екінші деңгейлі мүшелермен), екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру тәсілдерімен сипатталады.
Концентризм принципі бастауыш мектепте оқушыларға ағылшын тілін оқыту кезінде әр сыныпқа арналған белгілі бір минимумдар арқылы жүзеге асырылады: тақырыптық және оқиғалық минимумдар, сөйлеу интенциялары минимумы, лексикалық және грамматикалық минимумдар, диалогтық және монологтық минимумдар. Бұған қоса әрбір сыныпқа арналған тақырыптық минимум мазмұны сабақтастық принципі есебінен құрылған.
Бастапқы кезеңде бала дамуының деңгейіне сәйкес басты назарда үйрену пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын) орын алады. Оқу және жазуды 2-сыныптан бастап оқыту қажет, себебі дыбыс арқылы қабылданады, сөйлеу арқылы түсініледі, сөйлеу арқылы жазылады.
Тілдік білімді спираль түріндегі алға жылжу түрінде беру қажет.
Аудиолауға үйрету төменгі сынып оқушыларының оқу және даму деңгейі, қызығушылықтары мен қажеттіліктері есебінде, мысалы қысқа ертегілер, шағын әңгімелер, жануарларды сипаттау, атаулы оқиғалар және т.с.с. жүзеге асырылуы тиіс. Мәтіннің дыбысталу ұзақтығы 1 минутқа дейін, қайталау саны - 2-3рет.
Өз ойын айтуға үйрету диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді: этикеттік сипатта диалог, сұрақ-диалог, оқиғаға араластыру диалогы, пікір алмасу диалогтарын жүргізу қабілетін арттыру.
Білім берудің осы деңгейінде монологтық сөйлеуді дамыту нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде қарапайым ой айту қабілетін қалыптастыруға бағытталған: өзі туралы, отбасы мүшелері, достары туралы, өз елінің жануарлары мен өсімдіктер әлемі туралы (жұмыс күні, жұмыс түрі, мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру.
Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазу; өз киіміндегі, шоколад және кәмпит сыртындағы т.с.с. ағылшын жазуларын оқу.
Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта орындалады, алайда жазу түсінігіне карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады.
Шет тілі пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай, эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысы табиғатына сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлеріне (ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық және т.с.с.) өзге тілдік сөйлеу қызметін қосуға және бастауыш мектепте оқытылатын пәндермен әртүрлі байланыс орнатуға, және ықпалдастырылған болып табылатын жалпыоқу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатын құрайды, жылына - 33 сағат. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.
1.2 Математика білім саласы
Математика
Пәнді оқыту мақсаты - ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
Оқытудың міндеттері:
тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;
оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;
стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
Математиканы оқыту ерекшелігі:
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде білім, білік, іс-әрекет, дағды қалыптасады.
Білім берудің бастауыш деңгейінде Математика пәнiнен берілетін базалық білім мазмұны: теріс емес бүтін сандар арифметикасы; алгебра элементтері; геометрия элементтері деп аталатын үш тараудан тұрады.
Пәнді игертуде 1000000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі, 2013 жылғы пән бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6 сағаттық мөлшермен жаңа 10-нан 20-ға дейінгі сандар тақырыбы енгізілген. Сонымен қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын 100-ге дейінгі сандар тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың басындағы Қайталау тарауы 1-сыныпта алған білімді жетілдіру мен жүйелеуді мақсаттайды.
2 сынып оқушыларына Көбейту мен бөлу амалдары тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген. Бөлінген сағат көлемі оқушылардың тақырыпты толық игеруіне септігін тигізеді.
3-сынып оқушыларына Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары, 1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту, Шамалар арасындағы тәуелділік, 100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері, Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем, 1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері тақырыптары меңгертіледі.
3-сынып оқушылары көбейту мен бөлу кестесін жатқа білулері қажет.
4-сыныптағы пән мазмұнында айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Бастауыш білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.
Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.
1-4 - сыныптардағы Математика пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.
Тақырыптық бақылау жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады.
Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.
1-4 - сыныптарға арналған Математика пәнінен бақылау жұмыстарының тоқсандар бойынша саны (2-кесте) ұсынылады:
2-кесте - 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
1 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
2
2
3
3
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Барлығы:
4
4
6
6
2 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
2
2
3
3
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Барлығы:
4
4
6
6
3 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
2
2
3
3
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Барлығы:
4
4
6
6
4 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
3
2
3
4
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Тестік тапсырмалар
-
1
-
1
Барлығы:
5
5
6
8
Математика пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.
1.3 Жаратылыстану білім саласы
Дүниетану
Пәнінің мақсаты - қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
адам - табиғат жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Пәнді оқыту ерекшелігі: 2013-14 оқу жылында Шетел тілі пәнінің
1-сыныпқа ендірілуіне байланысты Дүниетану пәні 1 сағаттан оқытылады. Ал 2-4-сынып оқушылары Дүниетану пәнін оқу жылы көлемінде аптасына
2 сағатпен оқуды жалғастырады. 2-сынып Дүниетану оқулығының жаңадан жазылып, пән мазмұнның өзгеріске ұшырауына байланысты, 1-4 сыныптар үшін тақырыптық жоспарлау үлгісі ұсынылды
Бастауыш сыныптарда Өмір қауіпсіздігінің негіздері курсының тақырыптары Дүниетану пәні сабақтарына төменгідей кіріктіріледі:
№
Тақырыптар
Сағат саны
1- сынып
1.
Қоршаған әлем. Табиғат құбылыстары.
1
2.
Адам.
1
3.
Табиғат. Ауа райы.
1
4.
Қыс.
1
5.
Көктем.
1
6.
Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні.
1
Барлығы:
6
2- сынып
1.
Адамныңайналадағыдүниеменқарым-қаты насы. Адам және табиғат.
1
2.
Табиғат.Ауа.
1
3.
Табиғат. Су.
1
4.
Табиғат. Топырақ.
1
5.
Өсімдіктердіңтіршілігі.Өсімдік - тіріағза.
1
6.
Табиғатты қорғау ережесі.
1
Барлығы:
6
3- сынып
1.
Адам - табиғат перзенті.
1
2.
Табиғат және адам.
1
3.
Ауа. Су. Ауа райы
1
4.
Тау жыныстары және оны қорғау. Мұнай және табиғи газ.
1
5.
Адамдардыңөсімдіктіөзпайдасынажарат уы.
1
6.
Бунақыденелілер.
1
Барлығы:
6
4-сынып
1.
Табиғат. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.
2
2.
Пайдалы қазбалар, олардың топтары.
1
3.
Су. Су айналымы.
2
4.
Ауаны ластаушы заттар.
1
5.
Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс.
1
6.
Қауіпсіздік ережелері.
1
7.
Жер - ғарыш денесі.
2
Барлығы:
10
Барлығы1-4 - сыныптарда
28 сағат
\
І. Кіріспе
1.1. Ағылшынтіліноқыту - заманталабы
ІІ. Негізгібөлім
2.1. Бастауышсыныпоқушыларыныңсөйлеудағд ыларынқалыптастырумақсатындатиімдіә дістерұсыну
2.2. Тыңдау, түсінужәнесөйлеудағдыларынаарналған жаттығулар
ІІІ. Қорытынды
Ағылшынтіліноқытудабастауышсыныпо қушыларыныңсөйлеудағдыларынқалыптас тырумақсатындатиімдіәдістерменжатты ғулардыпайдалану
І. ҚазіргіҚазақстандыққоғамкөпұлттық, көптілділікжәнекөпмәдинеттілікжағда йда. Сондықтаносықоғамғабейімделгенкөпті лдімеңгергенмәдениеттітұлғақалыптас тыру - өзектімәселелердіңбірі. ЕліміздіңПрезидентіНұрсұлтанӘбішұлы НазарбаевҚазақстанхалықтарыАссамбле ясыныңХІІсессиясындасөйлегенсөзінде : Бізалдағыуақыттаосыалғанбағытымыз дантаймайәлемдікбиіктердібағындыраб еретінболамыз.Сондайбиікбелестердің бірі - Қазақстанныңдүниежүзіндегібәсекегеқ абілетті 50 елдіңқатарынакіруі. Олмақсатқажетуүшін, еңалдымен, әрбірқазақстандықбәсекегеқабілеттіб олукерек дегенболатын. Соныменқатаросымақсатқажетужолдарым ендетаныстырыпөтті. Тілмәселесінсөзгетиекетеотырып, Н.Ә.Назарбаевқазақстандықтардыңжаңа ұрпағыеңкемдегендеүштілдібіліп, қазақ, орысжәнеағылшынтілдерінеркінбілутиі секендігінайтты. Соныменқатарағылшынтілінкеңіненбілм ейінше, ұлттыңбәсекегешынайықабілеттілігіту ралыайтуқиынболатындығынескертеотыр ып, барлықата-аналардыбалаларынүштілдео қытуғашақырды.
Шәкірттерқазақтілінтолықәдебинормад амеңгеріп, орыстіліменағылшынтілінеркінбілуқаж ет. Алғалымдардыңзерттеуінше, балажаскезіндетілдіқиналмайәріеркін меңгередіекен. ОсыреттеБілімжәнеҒылымминистрлігіні ңағылшынтілінбастауышсыныптанбастап үйретугеназараударуы - дұрысталап. Бүлдіршінжастамеңгерілгенбілімніңір гетасыберікәрімықтыболмақ. Алосыберікәрімықтыбілімдісанағасебе леп, жанғаұялататынәринемұғалім.
Ағылшынтіліпәнімұғалімдеріқазіргіке здеағылшынтіліноқытусапасынжақсарту мақсатындатілүйретусаласындаәлемдік озықтәжірибелерді, жаңатехнологияларменәдістердібарынш ақолдануда.
Ағылшынтілісабағындаоқушылардыңтілі ндамыту, білім - білікдағдыларынқалыптастыру, сөйлеугедегенқызығушылығын, белсенділігінарттырумақсатындажүргі зілетінжұмыстарғатөмендегідейәдісте рдіжатқызуғаболады:
1. Ауызшаәдіс - теорияжәнефактігенегізделгенбілімді қалыптастыруда, үйтапсырмасынжәнежаңасабақтыпысықта уда, ережелердіқайталаудапайдаланылады
2. Көрнекіәдісті - бақылауқабілетіндамыту, оқылатынмәселегеықыласынкөтеружәнео қуматериалыныңмазмұнынкөрнекілікарқ ылытүсіндірудеқолданылады
3. Практикалықәдіс - практикалықіскерлікпенәдеттідамытуү шінжәнетақырыпмазмұнынасәйкеспракти калықжұмыстардыжүргізуүшінтүсіндірі лгенматериалдыоқушылардыңқаншалықты меңгергенінбақылауүшінпайдаланылады
4. Ізденуәдісі - өзіншеойланудыжәнезерттеуқабілеттер індамытуүшіноқушылардытақырыптыпроб лемалықоқытуғаәзірлеудеқолданылады
5. Индуктивтікәдіс - қорытындыжасауқабілетіндамытукүрдел ендіреоқытуүшін, ойлауқабілетінқалыптастыруүшінпайда ланылады
6. Өзіндікжұмысәдісін - оқуәрекетіндежұмысістеудеқабілеттід амытужәнеоқуеңбегіндедағдынықалыпта стырудажеңілтақырыптардыөзбетіншеда йындауға, дидактикалықматериалдарментиімдіжұм ысжасайбілугебаулуүшінқолданылады
7. Ойынәдісі - оқушыныңсабаққадегенқызығушылығыноя тып, белсенділіктерінарттыратүседі, соныменқатароқушылардыңсөйлеу - білікдағдыларынқалыптастырады
Аталғанәдістердіпайдаланаотырыптүрл ітапсырмаларменжаттығуларды, теориялықмәселелерменқағидалардымең гертутиімдіболыптабылады
Соныменқатароқушылардыңағылшынтілін деауызекісөйлеуқабілеттеріндамытуба ғытындатүрлііс-әрекетұйымдастыруғаб олады. Шеттіліпәнібойыншаоқушыережеменұғым даранықтамасынтекжаттапалғаннангөрі , олардыісжүзіндесаналытүрдеқолданаал уықажет. Түрлітапсырмаларменжаттығуларарқылы теориялықбілімдішыңдауғаболады. Мысалы, белгілібірмәтінбойыншажұмысістеуүші нмынадайжаттығуларберіледі
Тапсырмалары
1. Мәтіндіқатесіз, дауысырғағынсақтайотырыпоқу;
2. Мазмұнынтүсіну;
3. Тірек - сызбасөздеріарқылыбаяндау;
4. Мазмұнынтүсінуібойыншасуретсалып, суреттеу;
Келесіжаттығутүрісөйлеугеүйрету. Диалогтысөйлеуде - оқушыларсұрақ - жауап, өтінішайту, нұсқауберужәнетағыбасқажұмыстарырет індеқарапайыміс - әрекеттердіжасайалуытиіс. Балаларбөлікэлементтерденжаңа, тұтасжағдайқұрайалуыкерек. Оқушыларжалпыарнаулысұрақтардықояал уы, әр - түрлісұрақтарғажауапбереалуы, өтініш, бірнәрсеменкелісетініннемесекеліспе йтіндігінбілдіреалуыкерек. Оқушылардыңсөйлеуқарқынынөсіруқажет жәнеәроқушысөйлегендеекірепликадана йтуықажет.
Қазіргікезеңдепәнмұғалімдерініңкеңі ненқолданыпжүргентілдікжаттығуларын ыңбіріне Warming up жаттығуынкіргізугеболады. Тілдікжаттығудыңмақсаты - сабаққадегенбетбұрыстуғызу. Тілдікжаттығубарысындағымұғалімніңж ылыдауысы, сұрақтардыңалдыналаойластырылыптапс ырмалардыңдұрысжоспарлануымұғалімме ноқушыныңарасындағыжақсықарым - қатнастуғызып, алдағысабақтыңнәтижесінжоғарлататүс еді.
Шағыншығармажазуоқушылардыңтекжазу, тілдітусіну, сөйлеуқабілеттерінарттырыпқанақойма йәрбаланыңжекетұлғаретіндеқалыптасу ынасебепболады. Бұндайшығармалардыкөпуақыталмай 5 минуттықжазуретіндеөткізуәбденмүмкі н. Шығарматыңдаубарысындадиалогтағыдай баланыңжібергенқателерінеемес, оныңидеясына, өмірліктәжірибесінсипаттайбілуқабіл етінекөбірекназараударғанжөн.
Тақырыптартүрісаналуан: Бүгінгікүнніңеңқызықтысәті.
Қазірменнеойлапотырмын?
Менбілетінадам.
Меніңхоббиім.
Менұнататыннәрсе.
Менұнататынаң.
Келесіжаттығутүрі Find the words депаталады. Нұсқаубойыншабалаларсөздітабутиіс.
Bread
E - is exactly in the middle.
D - is at ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz