Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары


Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі - халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер, қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада, Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі.
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық бағдарлама жасады.
Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру.
Міндеттері:
-Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;
-жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;
- Оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;
-бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.
Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық жұмыстар кезінде іске асады.
Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модалды етістік, «болу» «бар болу» етістіктерін қолдану. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, граматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім -біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады - қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді. Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну - сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі - «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін» деген ой оқушы жадына келеді.
Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Міндеттері:
1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге.
2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға.
3. Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
1. Ойынның мақсаты нақты болуы керек.
2. Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек
3. Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек
4. Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз -ақыл -ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс -тәсілдерді, сондай -ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілідік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз қаланады.
Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды.
Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.
Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды.
Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. 3 тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.
Таңдау курсының бағдарламасы 2-4 сынып
Түсінік хат
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсу жолында, мектептерде ағылшын тілін ерте жастан оқыту жолға қойылды. Осыған байланысты ұлттық білім жұйесіндегі өзгерістер мен талаптарға арналған “Ағылшын тілін ерте жастан оқыту ” үйірмесі 2 - 4 сыныптарда сабақтан тыс, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат жүргізіледі. 2- 4 сыныптарда ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшелігі - оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін қалау, оқушыларда сөздік, дыбыстық құрылымы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, буындап, сөзі тұтас, сөйлемді түсінікті, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету, салауатты, көркем жазу негізін қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту. Білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту кезеңінде баланы мектеп қабырғасына 6 жастан қабылдаудың өзіндік жолы айқындалуда. Сондықтан ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу дағдысымен есепке алынады. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элеметтерін тиімді пайдалану болып табылады. Мектепте бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудағы мақсаты - жаңа технологиялар үрдісі, тілдік қарым-қатынасты игеру болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Шетел тілі» пәнінің мектептегі басқа пәндерге ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдиниетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен ерекшеленеді. Бастауышта ағылшын тілі бағдарламасы сөйлеу әрекетінің барлық түрін (тыңдап-түсіну, оқу, сөйлеу мен жазу), сондай-ақ ағылшын графикасымен танысуға, оқушының жас ерекшелігіне сай келетін мәтіндерді жазу және қарапайым оқу әдісімен таныстыруға бағытталғын. Мәтінді мазмұндауға, жазбаша сұрақтарға жауап беруге, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға үйрету.
Бұл бағдармала бойынша бағасыз оқу тәсілі қолданылады да, жарты жылдық сайын сынақ алынады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
2 сынып (34 сағат)
Мақсаты: Дидактикалық ойындар, өлең жаттау, сайыс ойындары арқылы оқушының негізгі тілдік дағдылары қалыптасады.
Міндеттері:
1. Ағылшын тілінің негізгі сұрақ-жауап модельдерін үйрету;
2. 0-ден 20-ге дейінгі сандарды ауызша санауға үйрету;
3. Сөйлеу (қарым-қатынас) моделдерін үйрету;
Сөздік қор: 60 -80 лексикалық бірліктер
Сөйлеу: 4-5 қысқа сөйлем
Грамматикалық таырыптар: Present Simple, “to be”, “to have”, there is/there are, prepositions -on, in, above, under, between, near, behind
Тілдік тақырыптар:
- кел, танысайық
- жанұя мүшелері
- ойыншықтар(сенің ойыншықтарын қандай? қайда?
- мамандықтар
- спорт
Сөйлеу Оқушылар бағдарлама тақырыбына сай, көрнекілікке сүйене отырып, түрлі сұрақтар қойып, оған жауап беру тәсілдерін қолданады.
Оқу Оқушы әліпбиді білу керек, әріптерді тыңдап түсінуді меңгеру. Сөйлемді, қысқа мәтінді толық оқи алу керек.
Жазу Оқушы әріптерді, сөздерді, қысқа сөйлемдерді жаза алу керек.
Тыңдап түсіну Дыбыстарды және сөздерді дұрыс дыбыстай алады; Оқушылар өз мұғалімдерінің сөйлеген сөзін, сөйлемше, мәтіндерді түсінуге дағдылануы тиіс.
3 сынып (34 сағат)
Сөйлеу Оқушылар кедергісіз сұрақ қоя білу керек, және оған жауап беруі тиіс. Мәліметпен алмасуы қажет. әр сөйлеушінің айтатын ойы төрт сөйлемнен кем болмауы керек.
Жазу
Оқушы жеке фразаларды жаза алуы керек.
Оқу
Арфоэпиялық нормаларды сақтай отырып оқушы қысқа мәтіндерді толық түсініп, оқи алуы керек.
Тыңдап түсіну
2 сыныпта өткен материалды толық түсініп, тыңдап, орындай алу керек.
Оқу курсының соңында оқушылар білуге тиіс:
- ағылшын алфавитінің әріптерін және дыбыстарын жазу және ажырату;
- әңгімелескенде алғыс айту, қоштасу сөздерін қолдану;
- сөйлескенде тақырыптық сөздік минимумды қолдану;
Тілдік тақырыптар:
- Family
- Food
- Holidays
- Pets
- Clothes
- Seasons
4 сынып (34 сағат)
Сөйлеу
Монолог Оқушылар көрген-білгені жайында, белгілі бір тақырып, суреттер бойынша пікірін хабарлай, суреттей білуі керек. Оқушы монолог түрінде сөйлеу кезінде әр түрлі сөз үлгілерін қолданып, бес-жеті сөйлем құрап айтуы тиіс.
Диалог Оқушылар мынадай жұмыстарды орындай білуі керек: диалогты бастай алуы және оны аяқтай білуі, белгілі бір жағдайға байланысты ақыл-кеңес беруі, ұсынысын айтуы, өзіне айтылған ұсынысқа қалай қарайтынын (келісетінін, келіспейтінін) білдіруі, мәлімет сұрай алуы, мәлімет бере алуы, ол жайында пікір алысуы.
Жазу Оқушылар суреттердің астына жеке сөздер мен қысқа сөйлемдерді жаза алуы, ашық хаттарға берілген үлгіге қарап өздеріне таныс тілдік материалдар негізінде қысқаша құттықтау жаза алуы тиіс (мерекемен, туған күнімен, т. б. құттықтау) . Берілген үлгіге ұқсатып кішігірім хат жазады, өздері дұрыс жазуға дағдыланады.
Оқу
4 сыныпты бітірген оқушылар білуі тиіс
- затты сипаттап ( оның орнын, анықтама жаза алу, мысалы
суретке қарап, сынып бөлмесін т. б) жазу;
- мәтінге немесе суретке арқылы қысқа әңгіме жазу;
- тақырыптық мәтіндерді тыңдап-түсіну және сұрақтарға
жауап жазу;
Тыңдап түсіну
Оқушылар өз мұғалімдерінің сөйлеген сөзін және сыныптастарының, әріптестерінің бұрын үйренген, өздеріне таныс материалдарға құрылған, әр сөйлемшеде бес сөзге дейін болатын, айтылу уақыты бір минутқа созылатын және жай қарқында айтылатын сөз, сөйлемше, мәтіндерді түсінуге дағдылануы тиіс.
Тілдік тақырыптар:
- өзім туралы
- мектеп. үй. ойын
- жанұя мүшелері
- ай аттары
- дүкен
- өзім туралы
- мектеп. үй. ойын
- жанұя мүшелері
- ай аттары
Білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар:
v өздерін таныстыра білу;
v отбасылары жайлы айтып беру;
v болашақ мамандықтары туралы айтып беру;
v пікірін хабарлай, суреттей білу керек;
v күнделікті өмірлері туралы баяндау;
v шет елдің ұлттық салт-дәстүрлерімен, тағамдарымен, киімдерімен танысу.
v жануарлар туралы әңгімелеу;
Берілген бағдарламаның тапсырмалары оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.
Бағдарлама жоспары
2 сынып (барлығы 34 сағат)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz