Ағылшын тілін оқытуда есте сақтау қабілетін дамытудың тиімді жолдары. Автореферат



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 371.3: 802.0 Қолжазба құқығында

ЕРЖАНОВА НУРГУЛЬ АМАНБАЕВНА

Ағылшын тілін оқытуда есте сақтау қабілетін дамытудың тиімді жолдары
6М011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013 жыл
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Нұрахметов

Ресми оппонент филология ғылымдарының кандидаты,
профессор Т. М Баймахан

Диссертацияны қорғау _______________20__ж. сағат___де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Филология факультетінде қорғалды.
(120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан, 40, №1 оқу ғимараты)

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеу барысында қолданылған әдістер, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы айқындалды. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар анықталып, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялану барысы баяндалады.
Зерттеудің өзектілігі. Ағылшын тілін оқып - үйрену оқушылардың өз бетінше ойлай білу, есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне, сезімі мен мінез - эмоциясының (көңіл күйі) дүниеге, рухани және эстетикалық көзқарастары мен құлқының қалыптасуына, өз бетімен ізденіп, білімін көтеруге деген ұмтылыста - рын дағдыға айналдыруға әсер етіп олардың жан-жақты жетілген азамат болуына ықпал жасауды мақсат етуін және тілдік материалмен жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар бір ойды білдірудің әр тілдегі түрлі тәсілдерімен танысады [1, 21б.].
Психолог ғалымдардың жүргізген көптеген тәжірибелік зерттеулерінің нәтижесінде жалпы адамзат баласының ес үрдісіне әсер етуші факторлар қатары анықталды. Олар: белсенділік, қызығушылық, зейін, тапсырманы ұғыну. Сондай-ақ, ес үрдісінің динамикасын анықтайтын факторлар қатарында материалдың көлемі, оның қиындығы, мағыналығы, ұсыну тәсілдері және есте сақтау өнімділігіндегі басқа да факторлардың рөлі көрсетілді: мотивация, ниет, индивидуалдық ерекшеліктер.
Ес мәселесі өзінің психологиялық мазмұнын психологиядағы әр түрлі бағыттардың сансыз зерттеулерінен тапты. Айталық П.П. Блонский естің генетикалық теориясын дамытты. Бұл теория бойынша, естің генетикалық сатыларын сипаттай отырып, мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: моторлы ес, бейнелі ес, аффективті ес және вербальді ес. Олар ес дамуының төрт сатысын, деңгейлерін білдіреді. Олар психиканың жүйелі түрде даму үрдістерінде пайда болды. П.П. Блонский адамзат дамуының тарихында естің бұл түрлері жүйелі түрде бірінен кейін бірі пайда болды деген ойды негіздейді. Л.С.Выготскийдің ойынша, адам есінің функциялардың басқа психикалық үрдістерін және адам күйімен байланысының өзгерістері арқылы жүреді. Сөйлеудің түрлі формаларының арқасында - ауызша, жазбаша, ішкі, сыртқы - адам есті өз еркіне бағындыруға, ақпарттарды сақтау және қайта жаңғырту үрдістерін басқаруға қабілетті болды. Бореас материалды қосымша оқу әдісін қолдана отырып, буындар мен тақырыптардың есте сақтауын салыстырды. Алғашқы жаттаумен салыстырғанда қайталаулар барысындағы материалдардың есте қалай сақталғанын анықтады [2, 22-24бб. ].
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С. Выготский және т.б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан [3,1б.].
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруге нәтижеге бағдарлану, оқу ісін оқушының жеке тұлғасын бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып табылады. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық тұрғыдан шығармашылықпен игеруі тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы қажет. Бұл бағыт ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуды міндеттейді. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысына қатысты есте сақтау қабілетін дамытуға тікелей қатысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, сол арқылы оларды қарым-қатынас жасай білуге үйрету мәселесі зерттеу жұмысымыздың өзектілігін танытады.
Зерттеудің нысаны: Ағылшын тілін оқытуда есте сақтау қабілетін дамытудың тиімді жолдары.
Зерттеу пәні: Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуда жаңа технологияларды пайдалану әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдарын анықтау және оны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздей отырып, практикалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жолдарын тәжірибе арқылы көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
oo оқушылардың есте сақтау қабілетінің құрылымы мен қызметін айқындау;
oo оқытудың жаңа технологиялары арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру және оны дамыту жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу;
oo есте сақтау қабілетін дамытудағы жас ерекшеліктерінің маңызын көрсету;
-оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытудың әдістемесін ұсыну және оны ағылшын тілін оқытуда мектептердің оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеудің әдістері: педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, зерттеу тақырыбына байланысты теориялық еңбектерді педагогикалық тұрғыда қарастыру, саралау, сауалнама жүргізу, оқу үдерісінің мақсатына сай тәжірибелік-экспериментік жұмыс жүргізу, оның нәтижесін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo оқушылардың есте сақтау қабілетінің құрылымы мен қызметі психологиялық тұрғыдан сипатталып, есте сақтау қабілетінің түрлері мен типтері айқындалды;
oo оқытудың жаңа технологиялары арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру және оны дамыту жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді;
oo есте сақтау қабілеті дамытудағы жас ерекшеліктерінің маңызы көрсетіліп, ғылыми-теориялық тұрғыдан дәйектелді;
oo оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытудың әдістемесі ұсынылып, оны ағылшын тілін оқытуда мектептердің оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаңа технологиялар ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді және оқушылардың еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Зерттеудің пракикалық мәні: Зерттеу жұмысының нәтижелері мектепте ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартуға, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға септігін тигізеді, ғылыми - практикалық нәтижелерін оқытуда қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
oo зерттеушілердің ғылыми-теориялық пікірлеріне сүйене отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін компьютерлік технологияны пайдалану арқылы дамытуға болады;
oo есте сақтау қабілетін дамытуда тыңдап түсіну, айту, оқу арқылы сөйлеу қабілетін арттыру әдістемесін қолдануға болады;
oo әдістемелік шарттар негізінде ағылшын тілін компьютерлік технология арқылы оқытуды ұйымдастыру оқушылардың есте сақтай отырып, сөйлеу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді;
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы:
Есте сақтау қабілетінің құрылымы мен қызметі және оны дамыту жолдары атты мақала 2013 жылдың ақпан-сәуір айларында Тағылым Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына басылымға берілді.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлім Есте сақтау қабілетінің құрылымы мен қызметі деп аталады. Психологтардың зерттеуі бойынша адамның есте сақтау қабілеті бұған дейін жинақталған білім мен өмір тәжірибесін өзінің саналы әрекетінде қайта жаңғыртуға және пайдалануға мүмкіндік беретін үйлестіру және есте сақтау үдерісі болып табылады [4, 88 б.].
Адамның есте сақтау қабілетінің мәні мен маңызы ерекше. Мектеп қабырғасында тиісті пән бағдарламаларын меңгеріп, үздік оқу үшін, одан әрі жоғары оқу орнына түсіп, білімі мен білігін дамыту үшін оқушыға көп оқуға және ізденуге тура келеді. Осыншама қиын және қыруар жұмысты қайткенде оңай, дұрыс және тиімді үйлестірген жөн. Айта кетер жайт, жыл өткен сайын меңгертілетін пәндердің саны артып, мазмұны да күрделене түседі. Оған қоса көптеген оқушылар жекелеген пәндер бойынша өз бетімен білімін жетілдіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де шұғылданады. Сәйкесінше, баланың есте сақтау қабілетіне түсер жүк те арта түседі. Есте сақтау қабілетінің жұмысын жеңілдету үшін, сондай-ақ оның ішкі беймәлім қуат көзін арттыру үшін мәліметтерді есте сақтаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет. Сонымен қатар, есте сақтау қабілеті жайлы теориялық тұрғыдан меңгертіп қана қоймай, оны оқушыларға білім беру тәжірибесінде және мұғалімдердің өзге тілді оқыту іс-тәжірибелерінде пайдалана алулары қажет.
Зерттеу жұмысында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан адамның есте сақтау қабілетінің құрылымы мен қызметі жайлы зерттеу мәселесін өзекті деп танимыз. Қазіргі таңда есте сақтау қабілетінің үш түрі және үш типі ажыратылады. Есте сақтау қабілетінің түрлері: сенсорлық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Типтері: көрнекі-бейнелілік, сөздік-логикалық және эмоционалдық. Көрнекі-бейнелілік есте сақтау қабілеті арқылы біз айналамыздағы барлық дүниені (адамдар мен жан-жануарларды, олардың дауыстары мен әрекетін, түр-түсін, т.б.), қысқаша айтқанда, көрген-білгеніміздің барлығын есте сақтай аламыз. Есте сақтаудың сөздік-логикалық түрі күрделі формулалар, кестелер және ғылыми терминдерді есте қалдыруға жәрдемдессе, ал эмоционалдық түрі ішкі көңіл-күй сезімімізді санамызға сіңіруге көмектеседі [5, 3 б.].
Аталған типтер өзара тығыз байланысты болып келеді. Өзімізге бұрыннан таныс белгілі бір зат немесе құбылысты көргенде біз оны бірден көрнекі-бейнелілік жады арқылы еске түсіреміз, ал сөздік-логикалық жадының көмегімен олардың атын атап, түсін түстейміз.
Мәліметтерді есте сақтау мерзіміне байланысты есте сақтау қабілетін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп екіге бөледі. XIX ғасырдың соңында неміс психологы Г. Эббингауз тәжірибе өткізіп, бір-бірімен байланысы жоқ мағынасыз буындар тізбегін жаттау арқылы есте сақтау және оны қайта еске түсірудің сандық заңдылықтарын анықтады.
Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді жұмыс жадысымен қатар, ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. Жұмыс жадысы ұзақ мерзімді жадыдағы ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігіне жол ашады. Басқаша айтқанда, ақпаратты белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат, айталық, есеп шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады. Жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін. Мысалы, біреу оқытушыдан дарынды оқушылар тобын оқыту үшін таптырмас үміткер бола алатын оқушыны ұсынуды өтінеді. Оқытушы білім алушылары жөніндегі негізгі ақпараттар қоры сақталғанына шек келтірместен, ұзаққа сақталған жадыдағы ақпаратқа сәйкес визуалды және семантикалық (вербалды) ақпарат көздерін сұрыптай отырып, талапқа сай оқушылар туралы ақпараттарды жұмыс жадына тасымалдап, қарастыра бастайды. Тікелей немесе жанама түрде оқытушы дарынды оқушыларды бағалауға арналған белгілі бір өлшемдерді саралап, өз ойын осы талап үрдісінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайды. Ұзақ мерзімді жадыны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексивті өңдеу үдерісі ойлаудың жылжымалы күйіндегі жұмыс жадысына жүзеге асады [6, 14б.].
Қысқа мерзімді есте сақтау қабілеті арқылы мәліметтерді бірден жадымызда қалдырғанымызбен, олар тез ұмытылады. Ал ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті арқылы жатталған мәлімет санамызда ұзақ уақыт жаңғырып тұрады. Әрине, адам не нәрсені де бір көргеннен-ақ есте қалдыра алмайды, оны жаттап барып, есте сақтайды. Әркімнің есте сақтау жылдамдығы әртүрлі: кейбір адам тез, ал қайсыбіреуі баяу жаттайды. Көбіне баяу жаттайтындары жадындағыларды есінде ұзағырақ қалдырады. Себебі олар әдеттегіден шамамен үш есе артық уақыт жұмсайды.
Адам баласының кез келген іс-әрекеті оның жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты. Қолданылатын әдістің тиімділігі оның нәтижелілігінің кепілі бола алады. Егер есте сақтау қабілетін іс-әрекет деп танитын болсақ, онда сәйкесінше қандай да бір мәліметті есте сақтауға септігін тигізетін арнайы әдіс-тәсілдерді меңгеру қажет болады. Әрбір саналы адам мақсатты түрде есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерсе, өзінің есте сақтау жадын тиімді әрі рационалды түрде дамыта алатындығы ғылыми түрде дәлелденген. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, әрбір адам баласына қайталанбас есте сақтау қабілеті тән. Әрбір адамның жадында өзіне беймағлұм мүмкіндіктер бар дейтін болсақ, оны дер кезінде дамытып отырмағандықтан, ол қабілет біртіндеп бәсеңдейді. Ал қабілетіміздің бәсеңдемеуі үшін қандай да бір мәліметті алдын ала жаттамай, дәл керек кезінде ойға бекітіп алған жөн. Түсініп оқып шығып, оның негізгі мазмұнын игергеннен кейін негізгі ойды көңілге бекіту қажет. Тағы бір қайтара оқып шығып, нені есте сақтап, нені есте сақтай алмағанын ойша шолып өтіп, материалды қажет күнге дейін кейін қоя тұру керек. Әрбір қайталаған сайын бұрын ескерілмеген және қиындық тудырған тұстарға мән беру қажет.
Білім беру үрдісінде доктор Джон Саймонстың Кембридж университетінде жүргізілген зерттеуге назар аударғанымызға жөн көрдік. Миды бұлшық еттермен салыстыру жиі кездеседі, өйткені миды жаттықтырсаң, ол жұмыс істеуін жақсарта бастайды. Бодибилдинг спортымен айналысатындар кір тастарын көтеру арқылы бұлшық еттерін қатайтып, күшейте алады, демек, адам есінде сақтағысы келетін ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішінен) жаттықтырса, онда өзін есте сақтау дағдыңыз жақсарта алады. Зерттеушілер көп жылдар бойы мұндай әдіспен ақпаратты қайталау оны қысқа мерзімді жадыда сақтап және ұзақ мерзімді жадыға беру үшін керек деп санаған. Бұл әдіс адамның инстинктісімен сәйкес келеді. Мысалы, ол телефон нөмірін есте сақтағысы келсе, онда оны ой-санасын қала ма? деген ниетпен ішінен көп рет қайталауы қажет. Көптеген оқушылар емтиханға қажетті дайындық кезінде дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу, нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деген ұстанымда болды [6,19 б.].
Психолог П.К. Зинченконың зерттеуінде есте сақтау - ол бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатынын айтады. Ғалым мынадай тәжірибе өткізілген: А тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал Б тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері және сұрақтар берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент Б тобы студенттерінің сөздерді есте жақсы сақтананын көрсетті. [7, 40 б.].
Зерттеулердің біріне қатысушыларға сөздер тізімі беріліп, оларға белгілі бір уақыт ішінде дауыстап айту сұралады. Қатысушылардан қайталаған сөздерді еске түсіруді тікелей байланысты болатыны анықталды. Соған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай механикалық қайталауға қарағанда, есте ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып, стратегиялық қолданыстарға сүйеніп, есте сақтау анағұрлым тиімдірек болып шықты [6, 21б.].
Ырықты және ырықсыз есте сақтауды салыстыру кезінде, өз мақсаттарына және оған жетудің тәсілдеріне байланысты әр түрлі болатыны анықталды. Оның пікірінше, тіпті, әр түрлі мақсатқа бірдей тәсілдерді қолдану бірнеше өзгешеліктермен ерекшеленуі тиіс. П.К.Зинченко ес үрдісін ол жүзеге асырылатын іс-әрекетке тәуелділігі, осы үдерісінің іс-әрекеттің ерекше түрі ретіндегі мазмұны жайлы және есте сақтаудың жоғарғы деңгейлерінде қайталаулардың өзгешелігі жайлы Ырықсыз есте сақтау атты еңбегінде келтіреді. Ырықсыз есте сақтау құбылысы бұл жұмысты зерттеудің арнайы пәні болады. Естің екі түрі үшін де есте сақтаудың негізгі факторы - қайталау деп саналады, ал олардың саналық айырмашылықтары жайлы мәселе көтерілмеді. Оның еңбегі естің ең басты теориясы деген негізгі бағалауға ие болды және осы саладағы көптеген тәжірибелік жұмыстарға негіз болды. Ол зерттеулерін қорытындылай келе, өз жұмысының басты нәтижесін ырықты және ырықсыз есте сақтауда құрылымдық, генетикалық және функционалды талдаудың ортақ бірлігі болып адам әрекеті табылады деп тұжырымдайды [6, 24б.].
Есте сақтау мәселесіндегі ұлы зерттеуші Эндель Тулвинг алып шығу тәжірибесі деп аталатын тәсілдердің артықшылықтары туралы білгендердің алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер тізімін жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест) қайта жаттау және қайта тестілеу (жаттау, тест). Қайта жаттау тобына қайта тестілеу тобына қарағанда сөздермен жұмыс істеуге үш есе көп уақыт берілді. Егер үйрену тек қана жаттау үдерісінде болса, онда олар сөздерді жақсы есте сақтайды деп күтіледі. Бірақ Тулвинг таңдалынған жаттау тәсіліне қарамастан, барлық топтардың нәтижелері бірдей екендігін байқайды. Десек те, нақтылап оқу стратегиясы қолданылған қайта оқуға қарағанда, қайта тестілеу жақсы нәтижесі беруі мүмкін. Тестілеу маңыздылығы күнделікті оқу жағдайларында тестілерді пайдалану үшін көрсетілген [6, 26 б. ].
Американдық психологтар Джефф Карпике және Роди Редигер шетел тілдерін оқу емтиханда 80 %-ға дейін есте сақтауға және оны қайталап айтып беруге алып келгендігін, ал тілді оқу жөніндегі нұсқаулықтарда пайдаланатын дәстүрлі стратегиялар есте сақтаудың 30%-ға төмендеуін көрсеткендігін анықтады. Зерттеушілер қатысушылардан өздерінің жетістіктерін болжауды сұраған кезде, соңғылар бұл әдіс оларға соншалықты басымдылық береді деп ойламаған [6, 28 б.].
Есте сақтау қабілетін дағдыландыруға келетін болсақ, дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау арқылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Дағдыға айналған адамның іс-әрекеті есінен біржолата шығып кетпейді. Дағдының пайда болуы әуелі ойланып толғануды талап ететін саналы істерден шығады.
Дағдының қалыптасуы жад үрдісінің негізінде жүзеге асырылады. Оқу үстінде дағдыға талпынуды жаттығу деп атайды. Дағдылану үнемі бір дәрежеде тұрып қалмау үшін жаттығу үдерісінің әр кезеңінде де түрлі әдіс қолданылып, сабақ беруді түрлендіріп жүргізеді.
Жаттығу жұмыстарын жемісті жүргізуге бірнеше талаптар қойылады. Бұл талаптардың бірнеше негізгілері байқалады: а) жаттығу жұмысы нәтижелі болып оқушы ойдағыдай табысқа жету үшін, ең алдымен нені жаттауды оны қалай жаттауды, және осы материалды қалай ұзақ есінде қалуын білуі қажет. Егер оқушының алдында осындай мақсат болмаса, ол өзін-өзі күштеп, жұмысқа беріле алмайды; ә) оқушының жаттығуы өріс алу үшін, ол өз жұмысының қалай орындалғанын үнемі тексеріп отыруы қажет. Егер жұмысты орындауда оқушы қателік жіберсе, сол қатені қалай жөндеудің тәсілі көрсетіледі; б) жаттығу жұмысының мазмұны тек ауызша қайталау болмай, көбінесе әрекет жазу, сызу арқылы жүргізілуі тиіс. Себебі, ауызша қайталағанға қарағанда машықтанып, әр түрлі әрекет жасау мазмұнның есте терең қалуына себеп болады; в) жаттығу жұмысы белгілі бір жүйелікпен жүргізілуі тиіс. Мысалы, оқу мазмұндары бірінен соң бірі бөлшектерге бөлініп, белгілі бір мерзім бойынша жүргізілсе, нәтижелі келеді; г) жаттығу жұмысын жүргізу арасындағы уақыт аралықтары тым ұзақ болмауы тиіс. Егер жаттығу жұмыстарының арасындағы үзіліс ұзақ болса, бұрынғы өткендер ұмытылып, келесі мазмұндарды еске түсіру қиын соғады. Егер жаттығу жұмысы орынсыз көп қайталана берсе, оқушы тез шаршайды. Ал қайталау аз болса, онда дағды терең қалыптаспайды. Сондықтан қайталау оқу мазмұнының ерекшелігіне қарай, белгілі мөлшермен жүргізілуі тиіс [8, 169 б.].
Мектепте жаңа түскен баланы оқуға үйрету үшін, әуелі сөйлемдерді сөздерге, сөзді буындарға, буынды дыбыстарға бөліп, талдау жұмысын жүргізеді. Бұл мезгіл, талдау кезеңі болып есептелінеді. Бұл кезде оқушыға дыбыстардың бір түрін екінші түрінен ажырату қиынға соғады. Сондықтан, олар өзара салыстырады. Осы кезде оқушыны тек дыбыстарды ажыратуға ғана үйретіп қоймай, оларды буынмен оқып жаттықтыруға ерекше мән беріледі. Бұлай болмаған жағдайда оқушының тексті дұрыс оқи алуы көпке дейін созылады. Жаттығу бір сыпыра уақыт жүргізілгеннен кейін оқушы қайтадан топтау кезеңіне көшіріліп, дыбыстардын буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрастыру әдістері арқылы оқытылады. Дегенмен топтау кезеңінде оқушы әлі де болса, тексті бірден оқып кете алмайды. Тек еңақырғы кезенде, оқушы оқуда біраз жетістікке жеткен соң, дағды автоматтануға айналады [8,170б.].
Бұл зерттеулердің түпкілікті нәтижелері қарастырылған әдістемелердің қайсы біреуін артық деп санауға негіз бермейді. Бұл орайда, басқа факторлардың іс-әрекеттердің мазмұнының оқушылардың дара ерекшеліктерінің, мұғалімнің жеке басының ықпалы - әдістемелердің айырмашылығынан гөрі күштірек болып шығады.
Қорыта келе, аталмыш зерттеу барысында есте сақтау қабілетің дағдылары бірнеше бөліктерден тұратыны анықталды:
- белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға жәрдемдесетін жадымызға бейнелі кодттар болуы тиіс;
- есте сақталған мәліметтерді бейнелі образдар мен ассоциацияларға айналдыру қабілетінің болуы;
- ұзақ уақыт бойы, әрі еш қиналыссыз мәліметті есте сақтау дағдысын қалыптастыратын және қажет болған жағдайда еске түсіре алатын зейіннің тұрақты болуы тиіс;
- есте сақталған ауқымды ойша қайталамай алу қабілетінің болуы;
-жадымызда мәліметтердің өзара байланысын есте сақтауға жәрдемдесетін тірек образдар жүйесінің болуы тиіс [9, 5-6 бб.].
Күнделікті есте сақтау қабілетін саналы түрдегі мнемоникалық дағдысының айырмашылығын білу маңызды болып табылады, яғни бұл дегеніміз, бір мезгілде жүздеген нақты мәліметті жадыда бекіту деген сөз.
Диссертацияның екінші бөлімінде Жаңа технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы ағылшын тілін оқытуда есте сақтау қабілетін дамытудың тиімді жолдары деп аталады. Еліміз күн сайын әлемдік деңгейде жаһандану кеңістігіне кіріп келе жатыр. Қазіргі жаһандану заманының негізгі талабы жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оның негізгі шарттарының бірі: мемлекеттік тілмен қоса халықаралық тілдерді білу. Соның ішінде ағылшын тілі әлемдік деңгейдегі беделді тілдердің бірі. Әлемдік жаһандану көшінен қалмау үшін жас ұрпаққа ағылшын тілін үйреткенде ең тиімді, әрі пайдалы әдістермен жұмыс істеу қажеттігі туып отыр [10, 38б.]. Толассыз өзгеріп тұрған заман адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Егеменді еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем етіп, оны әлем елдерімен терезесін тең дәрежеде дамытатын бүгінгі бала ертеңгі азамат деп сенім артатындықтан, сапалы білім, саналы азамат тәрбиелеу ісі білім беру саласының еншісінде екені белгілі [11, 1 б.].
Ағылшын тілін саналы меңгертіп, нәтижеге қол жеткізу үшін, ең алдымен оқушының есте сақтау қабілетін арттырып, оны түрлі оқу әдістемелік жолдары арқылы меңгерту. Ағылшын тілін жақсы меңгерген оқушы ортада өз ойын анық айтып, болашақта шетелдіктермен қарым-қатынас жасай отырып, мемлекетімізге өз үлесін қосса яғни ол екінші саналы тұлға болып қалыптаспақ. Осы орайда, әрбір оқушыны саналы тұлға болып қалыптастыруға оқытушының рөлі өте зор. Осы мақсаттарды іске асыру үшін қазақ мектептерінде жүргізілетін ағылшын тілін оқытудың әдістемелік және ғылыми жұмыстарды зерделей келе, оқушының тілді меңгеруге оны есте сақтауында жаңа технологияларды пайдаланып, оларды іске асыру жайында іс-тәжірибе жүргізіген.
Білім беру кеңістігінде түрлі жаңа технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен өз тәжірибемізге қарай қажеттісін таңдап, әр тұлғаны нәтижеге бағыттай білім бере отырып, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану қажет. Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, шығармашылық, іскерлік ұстанымдарды нығайта отырып, жаңа тәсілдердің пайда болуына көмегін тигізеді.
Американдық ұстаз Линданың Оқытудың бұрыңғы әдіс-тәсілдері бүгінгі әдістеріміздің ата-анасы дегендей, жаңа технологияны меңгеру - бүгінгі күннің талабы. Осындай жаңа көздердің біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Себебі техникалық оқу құралдарының пайдасын психологиялық жағынан негіздеуде психолог ғылымдарға жүгінсек, көрнекілікті қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал жасап, есте сақтау қабілетін нығайтады екен. Техникалық оқу құралдарын қолданудың тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г.В.Габай техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті) мүмкіндік береді деген [12, 1б]. Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс-әрекет операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара алады. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, әр оқушының қабілетіне жекелей оқытуға жағдай жасайды. Сонымен, компьютерлік бағдарламамен жұмыс жасау барысында интерактивті тақтамен презентация жасауда ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Рoint. Ол қысқа мерзімде даярланған дидиактикалық материалдарды қамтамасыз етіп, оқушылардың қызығушылығын қабілеттерін ашып, оқушылардың лексикалық қорды көбейту мақсатында сөздің айтылуын, оқылуын, жазылуын, суретін инерактивті тақта бетіне шығарып қойсақ, оны көру арқылы, тыңдау арқылы есте сақтап қалу қабілетін жақсы дамытуға болады. Сонымен қатар интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
oo лексиканы оқып;
oo сөйлеу ырғағына мән бере отырып;
oo тыңдай отырып, диалог, монолог түрлерін айтуды;
oo көрген, естігендерін пысықтау кезеңінде жазу дағдысын үйренеді.
Қазіргі - компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін және танымдық белсенділігін арттыруға жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.
Осы орайда біз эксперименттік жұмысымызда екі сыныпты ала отырып, бір сыныпқа жаңа технологиялар жаңа сөздерді есте сақтап қалу жолдарын қарастырсақ, екінші сыныпқа плакатқа салынған көрнекілікті қолданып, екі сыныптың жаңа сөздерді қалай қабылдайтындығына зерттеу жұмыстарын жүргізуді жөн көрдік. Эксперименттік сыныпқа мынадай тілдік материалдар жасалынды. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы дамыту және тиімді әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде қолдану үшін 6 б және 6 г сынып оқушыларына аптасына бір сағат үйірме ұйымдастырдық. 6 г сынып оқушыларымен жүргізген сабақтарда жаңа технологияларды пайдалануға, ал 6 б сынып оқушыларына тек суреттер мен таспаны қолдануды жөн көрдік. Алдымен үйірменің жоспары мен мақсаты дайындалды. Ағылшын тілі - болашаққа баспалдақ атты үйірме сабақтарының әдістемелік жоспары
Мақсаты: Білімділік-оқушының тілді меңгеру дағдысын ұлғайту, рөлдік ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту
Ауызекі сөйлеу және баяндау тәсілдері арқылы оқушының еркін сөйлеп, білімін шыңдау
Оқушыға кез-келген ситуацияда өз бетінше шешім қабылдап, тақырыпқа сай әңгімелесу дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық - оқушыны толық психологиялық даму деңгейіне жетелеу
Ой-өрісін, шешім қабылдау дағдысын дамыту, кеңейту
Қоршаған ортаны танып-білуге жетелеу
Өзге елдің мәдениетімен таныстыру
Фонематикалық дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік- толеранттылыққа тәрбиелеу
өзге елдің адамдарының өмір сүру салтын сыйлауға тәрбиелеу
есте сақтау қабілетін дамыту барысында оқушының шет тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ауызекі сөйлеу деңгейін меңгерту
Мазмұны:
Фонетика- Ағылшын алфавиті. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Дауыс ырғағын сақтау
Грамматика - Зат есім. Сын есім. Артикль. Есімдіктер. Етістіктің жіктелуі.
Лексика- Таныстыру. Сәлемдесу. Отбасы жайлы айту. Аңдар. Түстер.Менің үйім. Сүйікті асы. Менің қалам.

Бөлім
Жұмыс түрі
Әдіс-тәсілдер
Дидактикалық материалдар
1
1

Сәлемдесу
Дыбыстауды дамыту үшін тілдік жаттығулар жасау. Жаңылтпаштар тақпақтар, өлеңдер тыңдау, жаттау
Нәтижесін тест арқылы тексеру
Рөлдік ойындар қимыл ойындары
Суреттер Интерактивті тақта рифмовкалар
22

Танысу
Дыбыстауды дамыту жаттығулар. Жаңылтпаштар Өлеңдерді қосылып айту. Әріптер мен транскрипцияларды үйрену жаттау. Қимыл өлеңдері
Нәтижесін тест арқылы тексеру
Лексикалық ойындар Инсценировка (рөлдік ойындар)
Ағылшын алфавиті Рифмовкалар Суреттер Интерактивті тақта
3
3

Аңдар
Дыбыстауды дамыту. Жаңылтпаштар Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл өлеңдері
Нәтижесін тест арқылы тексеру
Лексикалық ойындар
Рөлдік ойындарды сомдау
Ағылшын алфавиті Рифмовкалар суреттер Интерактивті тақта
44

Түстер
Суреттегі түстерді суреттеу жаңылтпаштар Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл өлеңдері.Нәтижесін тест арқылы тексеру
Диктант жазу Лексикалық ойындар Тақпақтар айту
Түрлі түсті суреттер, Рифмовкалар
Интерактивті тақта
55

Отбасы
Суреттегі отбасын суреттеу жаңылтпаштар Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары
Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды қолдану
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Шет тілін оқытуға арналған түпнұсқалық материалдардың рөлі
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру
Оқушыларды ағылшын тілінде тыңдап түсінуге үйрету
Пәндер