Ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістерді қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістерді қолдану

Шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отырғаны -бәрімізге мәлім. Әрбір оқушы - ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны да бізге белгілі. Сол ағылшын тілін оқып - үйрену әліпбиден бастап мектеп қабырғасында оқытылып, іргетасы осында қаланатынын ескерсек, ағылшын тілін оқытудың әдістерін бүгінгі күн талабына сай етіп, оқушыны ынталандырып, қызықтыра білудің өзі үлкен ізденіспен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Осыған байланысты шетел тілін үйретуде түрлі ұтымды әдістерді қолданып, сабақ барысындағы іс- әрекеттерді тиімді ұйымдастыра отырып, оқушының ынтасын арттыру - алдымызға қойылған негізгі мақсат екенін ұмытпаған жағдайда еңбегіміз жемісті болары сөзсіз.
Шетел тілін оқытудың ұтымды әдістерін қолдану нақ бір ғана технологияны бастан- аяқ қолдану деп түсінген дұрыс емес. Әр технологияны немесе сол технологияның қандай - да бір элементтерін сабақ барысында қандай- да бір этапында тиімді қолдану,жандандыру нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын.
Технологиялардың кез - келген түрін алып қарасақ, мазмұны, міндеттері мен талаптары бір - біріне өте ұқсас, яғни көздеген мақсаттары бір.
Ол:
1)Оқушының білім - білік дағдысын қалыптастыру
2)Оқушының ақыл -ойын дамыту
3)Жеке тұлғаның өзін -өзі басқаруын қалыптастыру
4)жеке тұлғаның практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,
5)оқушының дүниетанымын кеңейту болса,
Мазмұны:
- Оқу мақсаттарын қою
- Оны шешудің жолын бірлесе іздеу
- Әртүрлі ойын элементтерін орынды қолдана білу.
Ойын баланың тез ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Ойын түрлері әсіресе орта буында өте тиімді, әрі нәтижелі деуге болады. Бұл жерде әрине, оқушылардың жас ерекшелік-
терімен психологиялық өзгешіліктерін ескеру өте маңызды. Бесінші сыныпқа қолданған қызықты ойын түрлерін оныншы сыныпта қолдану орынсыз болып көрінуі мүмкін .-Дидактикалық материалды орынды қолдану ( дидактикалық материал дұрыс іріктелген болса, шамадан тыс көп болмаған жағдайда бала өткен материалды түсіну, бекі-
ту барысында осыған сүйене отырып, тез қабылдайды әрі есте сақтайды);
-Жеке баламен жұмыс.
Осы арада Деңгейлік оқытудың элементтерін қолдану өте тиімді. Бұл технологияның маңыздылығы сынып оқушылары жаппай жұмыс істейді, бос ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Оқытуда көрнекілік әдістер
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу процесінде интерактивті әдістерді қолдануы
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер