ПАЙҒАМБАРЛАР ТАРИХЫ ҒАЛАМНЫҢ ЖАРАТЫЛУЫ



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Он сегіз мың ғаламды асқан шеберлікпен жаратқан Алла тағала енді жер жүзінің халифасын, яғни осы дүниені басқара алатын өзінің орынбасарын жаратпақшы болды. Періштелерге: Мен жерде орынбасар жаратамын! - деген еді. Олар: Жер бетінде бұзақылық жасап, қан төгетін біреуді жаратасың ба? - деді. Алла Сендердің білмегендеріңді Мен жақсы білемін! - деді. Мұнан соң періштелер қарсы ештеңе айта алмады.
Бүкіл әлемнің жаратушысы, жаратылған әр нәрсенің жараты-лысын көркемдестірді. Тұңғыш Адам - адамзаттың атасы, ең бірінші пайғамбар Адамды (ғ.с.) топырақтан жаратты. Оны топырақтан жарат-пас бұрын, төрт ұлық періште: Жәбірейл (ғ.с.), Микайл (ғ.с.), Исрафил (ғ.с.) және Әзірейілге (ғ.с.) дүниенің төрт бұрышынан, шығыс-батыс, оңтүcтік-солтүстігіндегі жер бетінен топырақ әкелуге әмір етті. Періштелер бұл әмірді орындау үшін жерге түскенде, Жер оларға осы алатын топырақтан адамзат жаратылады, одан кейін ол түрлі күнәлар жасайды да, соңында күнәсі үшін тозаққа кіреді. Сөйтіп, менің топырағымның бір бөлшегі тозақ отында жанады ғой деп топырағынан алмауларын періштелерден жалынып сұрайды. Осылайша үш періште, жердің жалынғанынан ыңғайсызданып, жерді қинап топырақты ала алмайды. Тек қана Әзірейіл (а.с.) періште Жердің жалынғанына қарамастан: Аллаһ әмірін орындамай алдына бара алмаймын, - деп, жер жүзінің әр жерінен, әр түрлі түсті (ақ, қара, қоңыр, қызыл) топырақтарды алып, Аллаға әкеліп береді. Алла: Жер саған ештеңе айтпады ма?, - деп сұрайды. Әзірейіл (ғ.с.): Айтты, бірақ Сіздің әміріңізді орындауды мен артық көрдім, - деді. Жер ана - жерге құрмет көрсетпепсің. Түбі адамдардың да жанын алатын сен боларсың, - деді. Бұған Әзірейіл (ғ.с.) қатты қайғырып: Иә, Раббым! Адам баласы арасында жақсы адамдар да бар. Мені олардың жанын алғыш ете көрме, кешіре көр, - дейді. Хақ Тағала Әзірейілге: Адамдармен бірге түрлі аурулар да жаратамын. Сондықтан ажалын сенен көрмес, - деп жұбатады.
Құдіретті күшті Жаратушы иеміз Адамды (ғ.с.) жер бетінен алынған түрлі-түсті топырақтың араласуынан жаратқан. Осы себепті адамзат баласының түр-түстері де ақ, қара, қызыл, қоңыр болып және жаратылысына байланысты тектері де жұмсақ, қатты болып, әртүрлі қабілетті ерекшеліктермен жарық дүниеге келеді.
Алла Адам баласын жаратуды балшықтан бастады (Сәжде сүресі, 7-аят).
Әзірейіл (ғ.с.) әкелген топырағын Мекке мен Тайф арасына қойыпты. Хақ Тағала оның үстіне қырық күн жаңбыр жауғызды. Отыз тоғыз күн жауған жаңбыр қайғы дариясынан, бір күнгі жаңбыр шаттық дариясынан еді. Адамзаттың қайғысы шаттығынан көбірек болуының сыры осында.
Алла осы топырақты құдіретімен илеп, бейне жасады. Басын Тайф тарапына, аяғын Мекке тарапына қаратты. Бұл бейне бір қара балшық еді. Мұнан соң Алла ол балшықты құдіретімен кептірді. Адам жеті күн бойына жаратылған орнында қалдырылды.
Алла адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақтан жаратты (Рахман сүресі, 14-аят).
Алғашқы кездерде адам бойының ұзындығы алпыс шынтақ, ал ені жеті шынтақтай болған. Кейін келе кішірейтілген. Бұл процесс осы уақытқа дейін жалғасуда.
Жеті күннен кейін Адамға рухы үрленіп, жан салынды.
Алла періштелерге Жер жүзіне Халифа жаратамын, - деп айтқан заманда-ақ барлық махлұқаттар - жаратылғандардың әрқайсысы Алла халифаны менен жаратар, - деп өздерінше үміттенді және қуанды. Тек жер ғана: Мен аяқ астында жатқан зағип мақлұқпын, қуанар жағдайым жоқ, - деп налыпты. Алла адамзатты топырақтан жаратуы осы себептен екен.
Адам (ғ.с.) өзіне рух берілгеннен кейін маңдайында жарқырап тұрған бір нұр бар екенін сезді. Алла тағала еш нәрсе жаратпастан бұрын пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) киелі нұрын жаратты. Нұр-ул-Мухаммади - Мұхаммедтің (с.ғ.с.) нұры барлық рух пен дененің бастауы болып табылады.
Бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сахаба Әл-Жабир ибн Абдуллаһ (р.а.) былай деп сұрақ қойды: Алла ең алғаш нені жаратқан?. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Иә, Жабира, Алла ең алғаш жаратылыс махлұқаттарының ішінен менің Нұрымды жаратты, - деп жауап береді.
Бір құдси хадисте Алла ең әуелі сүйікті пайғамбарының нұрын жаратқандығын хабарлайды. Ол кезде ләухы-махфуз, қалам, жұмақ, тозақ, періштелер, көктер мен жер, күн, ай, адамдар мен жындар жоқ болатын.
Адам (ғ.с.) алғаш адам болып жаратылып, ең бірінші көзін ашқан кезде Хақ тағала оған Ей, адам! Басыңды көтер, - деді. Адам (ғ.с.) басын көтеріп қарағанда Арш-и а'лада нұрдан жазылған Ахмед есімін көреді де: Иә, Раббым! Бұл кім? - деп сұрайды. Алла Бұл сенің тегіңнен шығатын бір пайғамбар. Оның есімі көктерде Ахмед, ал жерде Мұхаммед, - дейді. Жаратушы Алланы есіне алған адам, алдымен Пайғамбарға сенім келтіруінің маңызы зор. Құран Кәрімде Алла тағала Өзін, Пайғамбарын сүймегендерге ауыр жаза дайындалғанын хабарлап, қатты ескерту жасаған.
Қиналғандар Өзіне - Аллаға жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар ететін кім? Алладан басқа тәңір барма? (Нәмл сүресі, 62-аят).
Алла тағаланың құдіретімен қызыл алтыннан, інжу тастардан безендірілген тақты Жәбірейіл (ғ.с.) жетпіс мың періштемен Адамды (ғ.с.) алып келді. Олар Адамға (ғ.с.) жұмақ киімін кигізіп, саусағына жүзік салып, басына құрмет тәжін қойып, тақ үстіне отырғызды. Адам (ғ.с.) жымиып күліп еді, күн нұрындай мерейлі шуақ төгілді. Расында, адамзатты көркем бейнеде жараттық (Тин сүресі, 4-аят).
Адам (ғ.с.) бармақтарына көз салғанда әр нұрының арта түскенін көруші еді. Нұр бидай жеген күнге дейін болып, бидайды аузына салған сәттен бастап арқасына көшті. Адамды (ғ.с.) періштелер көкпен алып жүріп жұмаққа әкелетін. Онда ол жұмақ бақтарында серуендеп, жүзім, інжір, құрма жемістерін жейтін. Бірде жалғыздықтан зерігіп, өз жынысынан бөтен бірдеңеге ынтықты. Осыдан кейін әлсіреп, көзіне ұйқы тығылды.
Сол уақытта Алла Адамның (ғ.с.) қабырғасының жоғарғы жағынан Хауаны жаратты. Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауа) жараттық (Хұжрат сүресі, 13-аят).
Адам (ғ.с.) Хауаның өзінен жаратылғанын сезіп, ұйқыдан оянып, көзін ашты. Хауаны көріп, оның асқан сұлулығына көңілі толды. Хауаның дауысы жіңішке, көздері қара, жүз тұлым болып өрілген шашы бар еді. Хақ Тағала сұлулықты жүз түрлі етіп жаратса, соның тоқсан тоғыз сұлулығын Хауаға берген екен.
Адам (ғ.с.) Хауаға қолын созып: Жақында, - деді. Сол сәт Жәбірейіл (ғ.с.) Ей, Адам! Хауаға қол созба! - дегенде, Адам (ғ.с.): Хауа мен үшін жаратылған, - дейді. Сонда Жәбірейіл (ғ.с.) Әрине, сен үшін жаратылғаны рас. Бірақ некесіз қол созу дұрыс емес. Хауаны Алладан жұптылыққа сұра - деді. Адам (ғ.с.): Иә, Раббым! Хауаны маған жұп қыл, - деп рұқсат сұрайды. Субхааналлааһу Тағала неке хұтбасын оқыды. Алла сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты (Зумәр сүресі, 6-аят).
Адам (ғ.с.) мен Хауа ана жұмақ ішінде бір ғажайыпта өмір сүреді. Бірде Адамнан (ғ.с.) періштелер: Сен не себепті Адам атандың? - деп сұрайды. Сонда Адам (ғ.с.) Жер топырағынан жаралғаным үшін, - деп жауап береді. Періштелер: Хауа анадан: Сен неге Хауа атандың?, - деп сұрағанда, Хауа ана: Тіріден жаралғаным үшін, - дейді.
Әй, Адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! (Ниса сүресі, 1-аят).

ماقالانىڭ كەلۋ قاينارى: http:www.elarna.comkoru_kk.php?t ur=17&id=255866#ixzz3tzSJot9Q
ەل-ارنا كەسكىندەر ايماعى: http:www.elarna.comvideo.php

ПАЙҒАМБАРЛАР ТАРИХЫ ҒАЛАМНЫҢ ЖАРАТЫЛУЫ
Жаратушы әуелі Ғаламды жаратты. Ғаламның жаратылуына дейін дүниенің бетін су мен қараңғылық басып жатқан еді. Сол кезде Құдай Жарық болсын! деп әмір етті. Жарық болды. Жарықтың жақсы екенін көрді. Осылайша бірінші күні Жаратушы қараңғылықтан жарықты айырып, жарықты - күн, қараңғылықты - түн деп атады.
Екінші күні Құдай судың бетіне шатыр орнап, ол аспан деп аталсын деді. Осылайша аспан пайда болды.
Үшінші күні Құдай: Сулар бір жерге жиналып теңізді құрасын, құрғақ жерлер жиналып құрлық пайда болсын, - деді. Осылайша үшінші күні аспан астындағы теңіз бен құрлық жаратылды. Содан кейін Құдай жерге шөп пен түрлі-түрлі жемісі бар өсімдіктер дүниесін жаратты.
Төртінші күні аспанға шамдар ілді: Күндіз - Күн жарық берсе, түнде - Ай мен жұлдыздар жарқырап тұрсын, - деді. Аспан шамдарының пайда болуымен бірге күнді, жыл мезгілдері мен жылды санауға мүмкіндік берілді.
Бесінші күні теңіз бен су атаулының астындағы алуан түрлі балықтар мен балдырлар әлемін жаратты.
Алтыншы күні жер бетіндегі жан-жануарлар мен хайуанаттар әлемін жаратты. Ғаламның бетіндегі жайқалған өсімдіктер мен жайылып жүрген жануарлар, ұшқан құстар мен су бетіндегі шоршып ойнаған балықтарды көрген Жаратушы өз ісіне дән риза болды.
Енді адам баласын жарататын кез келді. Адам менің өзіме ұқсас жаратылуы тиіс, - деді. Осылайша еркек пен әйелді жаратты да: Туыңдар, көбейіңдер, ұрпақ таратыңдар, сендердің балаларың мен олардың балалары жер бетіне жайылып, сол жердегі өсімдік пен жан-жануарлардың барлығына әрі қожа, әрі жауапты боласыңдар. Ал өсімдіктер әлемін азық етесіңдер, - деді. Алтыншы күні осылайша Адам баласы жаратылды. Сонымен бірге бүкіл адамзат әлемі, бүкіл ғалам жаратылып бітті.
Жаратушы жетінші күні демалды. Жетінші күн әлемнің жаратылуын атап өтетін қасиетті күнге айналды.

АДАМ АТА МЕН ХАУА АНА

Жаратушы алғаш жерді жаратқан кезде оның бетінде ештеңе өспейтін. Жерді қалың тұман басып, содан жаңбыр тамшылары пайда болып, жерді ылғалдандырып тұратын. Құдай жерден бір уыс топырақ алып, адамды жаратты, мұрнынан үрлеп, оның денесіне рух пен жан кіргізді, сол кезде ол тірі жанға айналды.
Жаратушы Таяу Шығыстағы салқын өзен ағып жатқан жерге жұмақ орнатты. Ағаштар өсірді, бау-бақша екті, гүлдер құлпырып өсіп тұрды. Тіл үйіретін алуан түрлі жеміс-жидек жаратты. Баудың қақ ортасына Өмір ағашын өсірді. Ол ағашты жақсылық пен жамандықты айыра білудің ағашы деп атады. Жаратушы ең алғашқы пендесінің атын Адам деп атады да, оны жұмақтың төріне шығарды. Оған: Не істегің келсе, соның бәрін істе. Тек қана жақсылық пен жамандықты тану ағашының жемісін жеме! - деді. - Егер оның дәмін татсаң - өлесің, - деді.
Адам ғажап бау-бақшаның бағбаны болды. Керемет рахат өмір сүрді. Бірақ сонымен бірге жалғыздықты сезіне бастады. Құдай ол жалықпасын деп, алуан түрлі құстар мен хайуанаттарды жаратты. Адам оларға ат қойды. Олардың тіршілігін қызықтады, алайда жалғыздықтан арыла алмады. Оған нағыз өмірлік серік керек еді.
Сол кезде Жаратушы Адамды қалың ұйқыға жіберіп, қабырғасынан сөгіп алып, әйел адамды жаратты. Әйел адамның атын Хауа деп атады. Хауа - өмір бастауы деген сөз. Өйткені бүгінгі бүкіл адамзат осы Хауа ананың құрсағынан тарады. Адам ұйқыдан оянған кезде Хауаны көрді. Сөйтті де, Сенің сүйегің менің сүйегімнен, етің менің етімнен жаралды. Сен менің жан жолдасым, әйелім боласың. Өйткені сен менің тәнімнен жаралдың. Екеуміз бірге тұрғанда ғана біз екі жарты, бір бүтін дүниеге айналамыз, - деді. Адам ата мен Хауа ана жұмаққа бірге аяқ басты. Екеуі де тыржалаңаш болса да, ешқандай ұялу, қысылу дегенді білмеді.
Құдайдың жаратқан жәндіктерінің бәрінен жылан ең қуы болып шықты. Ол Хауа ананың алдына ирелеңдеп келді де: Құдайдың сендерге мына ағаштың жемісін жеме дегені рас па? - деп сұрады. Иә, біз барлық өсімдіктің жемісін жей аламыз. Тек өмір ағашының жемісін жеуге тыйым салды. Егер оны жесек өлеміз, - деді Хауа ана.
Жоқ, олай емес, өлмейсіңдер. Тек ол ағаштың жемісін жесеңдер, сендердің де Құдай сияқты көздерің ашылады, - деді жылан.
Бұл сөзге басы айналған Хауа анамыз өмір ағашының бір алмасын үзіп алды да, аузына салды. Алма ғажап дәмді екен. Бірден Адам атамыздың аузына - тосты. Адам ата алманы жұта берген кезде Жаратушының дауысы естілді(еркек адамның тамағындағы жұтқыншақ тобық осы оқиғаның белгісі ретінде томпиып қалған көрінеді - автор). Бұл екеуі ағаштардың арасына жасырынып қалды. Бірақ жемістің дәмі аузына барған соң екеуінің көзі ашылды, тәндерінің жалаңаш екенін көріп, бір-бірінен ұялып, әбүйірлерін жаба бастады. Жаратушы Адамды өзіне шақырып: Қайдасыңдар? - деді. Адам: Мен мұндамын, Сіздің дауысыңызды естіп қорқып кеттім. Себебі мен тыржалаңашпын. Сондықтан да жасырынып қалдым, - деді. Жаратушы: Саған жалаңашсың деп кім айтты? Мен тыйым салған өмір ағашының жемісін жегеннен саусың ба? - деді. Сіздің маған жасап берген әйеліңіз аузыма тосқан соң дәмін көргенім рас, - деді. Жаратушы Хауа анадан: Сен неге бұлай еттің? - деп сұрады. Хауа жыланның арбауына түскенін жасырмады. Жаратушы жыланға былай деді: Бұл ісің үшін сен және сенің ұрпақтарың өмір бойы жер бауырлап, өлексе жеп өтесіңдер. Адам ата мен Хауа анаға: Тыйым салынған жемісті жегендерің үшін сендердің аяқтарыңның астындағы жер қарғысқа ұшырайды. Ол жерге тек тікенек өседі. Ол жердегі еңбектің өтеуі өте ауыр болады. Өзің жаратылған топыраққа қайтып оралғанға дейінгі өміріңде қиындықпен, қан мен терге малынып, жейтін тамағыңды ауыр азаппен табатын боласың. Себебі сен топырақтан жаратылғансың және топыраққа қайта айналатын боласың. Енді сендер жұмақта қала алмайсыңдар. Жерге түсесіңдер, - деп екеуін жұмақтан қуып шығады.
(Қасиетті кітаптардағы осы оқиғадан мынадай қорытынды жасауға болады: Егер де Адам атамыз бен Хауа анамыз күнә жасамағанда ешқашан балалы-шағалы болмас па еді... Бұл оқиға арқылы Алла тағала өзінің пенделеріне нені айтып, нені ұқтырғысы келді екен?! Мұнда өте үлкен философиялық ой түйіні жатыр. Ер мен әйелдің шағылысуы - ұрпақ жалғастырудың құралы ретінде әрі керек нәрсе, әрі - уақтысымен және жөн-жоралғысымен болмаса - ауыр күнә! Адамды адамгершіліктен жұрдай ететін масқара! Алла тағаланың өзі ескертіп тұр, бұл өзі ұстараның жүзіндей лыпып тұрған дүние. Сәл қате кетсең, өмір бойы опық жеуің мүмкін. Тек бұл күнәні әрбір балиғат жасына жеткен еркек пен әйел өзінің өмірлік серігі болып табылатын, екі жарты, бір бүтіннің нақ өзі кездескенде ғана жасауға тиіс. Сондықтан қазақтың оң жақта - отырып қалған қыздары мен жастары 40-қа келсе де үйленбей жүрген салт басты, сабау қамшылы сүрбойдақ жігіттеріне өмірде бір рет күнә жасау керегін естеріне салуға болады. Бірақ бұл ұрпақ сүю жолындағы, түбі жақсылыққа бастайтын пайдалы күнә болуы керек. - Автор.)

ҚАБЫЛ МЕН АБЫЛ

Адам ата мен Хауа анадан екі ұл туды. Қабыл егінші болып өсті, Абыл малшы болды. Бір жолы Қабыл астығын жинап, оның бір уысын Жаратушыға сыйға тартты. Ал оның інісі Жаратушыға бағлан қозысын құрбандыққа шалды.
Жаратушыға Қабылдың емес, Абылдың құрбандығы көбірек ұнады. Мұны көрген Қабылдың қызғанышы оттай лаулап, денесін ашу-ыза кернеді. Абылды далаға шақырып алып, басынан таспен ұрып өлтіріп тастады. Сенің інің қайда? - деді Жаратушы. Мен оның күзетшісі ме едім? Қайдан білейін? - деді Қабыл. Қарғыс атсын сені! Бұдан былай сенің аяғыңның астындағы жер бір жылы жемісін берсе, бір жылы бермейтін болады. Сен тамақ іздеп босқынға айналасың. Аузыңмен жерді жалайтын халге жетесің, - деді. Қабыл Жаратушыға: Менің жазам ауыр екенін білем. Мен енді босқынға айналамын. Мен кездестірген жандар мені өлтіргісі келеді, - деді. Жаратушы айтты: Мен саған сондай таңба салам. Сені ешкім өлтірмейтін болады.

НҰХ ПЕН ТАСҚЫН СУ

Арада көптеген жылдар өтеді. Жер бетіндегі адамдардың да саны көбейеді. Бірақ олардың тәртібі бұрынғыдан бетер жаман бола береді. Олар тек жауыздық пен жамандық туралы ойлайтын болды. Адамдардың пейілі бұзылғанын көрген Құдай оларды жаратқанына өкіне бастады.
Мен әлемді жараттым. Енді мен оны қайта құртамын. Әйелді де, еркекті де, аңды да, құсты да, жәндікті де, бәрін-бәрін жоямын. Мен оларды жаратқаныма өкінемін, - деді Ол.
Алайда Жаратушы Нұх атты бір адамды ғана бұзылғандардың қатарына қоспайды. Нұхтың басқалардан ерекшелігі - ол жақсы адам әрі сопы кісі еді. Ол әр уақытта бәрін тек Құдайдың бұйрығымен жасайтын.
Құдай Нұхқа: Мен өзім жаратқандардың бәрін қайта құртпақ болып шештім. Бірақ сен және сенің отбасың аман қаласыңдар. Мен сенімен мықты келісімшарт жасаймын - өсиет айтамын. Сен өз талаптарыңды біл, мен өз талаптарымды сақтайтын боламын.
Ағаштан үш қабатты, көп бөлмелі мықты кеме жаса. Оның жарықшақтарының бәрін бітеп, майлап, су өтпейтіндей етіп жаса. Жасап біткеннен кейін әртүрлі аңнан, құстан, жәндіктен жұп-жұбымен, екі-екіден алып кемеңе тие. Сосын өзің әйеліңмен, балаларыңмен және олардың әйелдерімен кемеге кір. Оларды да, аң-құс, жәндіктерді де өздерінің жейтін тиісті тағамдарымен қамтамасыз ет. Өйткені аз уақыттан кейін Мен аспаннан орасан су тасқынын жіберемін. Ол жаңбыр қырық күн, қырық түн жауып, жер бетінің бәрін топан су басады. Барлық адам мен тіршілік дүниесі алапат қырғынға ұшырайды, тек сен, сенің отбасың және кемедегі жануарларың ғана аман қалады. Су кепкеннен кейін жер бетінде қайта тіршілік басталады, - дейді.
Нұх бәрін Құдай бұйрық еткендей жасайды. Жердің бәрін су басқанда Нұхтың кемесі су бетінде қалқып жүрді.
Жауған жаңбырдың суы ең биік - тауларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРАН ЖӘНЕ ШАЙЫРЛАР ПОЭЗИЯСЫ
Қазақ тілінің фонетикасы дәрістер
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
Діни экстремимнің пайда болуымен теориялық негіздері
Қожа Ахмет Яссауидың сопылық дүниетанымындағы этикалық мәселелер
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
Ортағасырлық ислам философиясы әл-Ғазали мен Ибн Рушд мысалында
Абай шығармаларындағы ұлттық діл мен ұлттық таным
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Құран туралы әлемге әйгілі ғалымдардың пікірі
Пәндер