АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ЖОСПАР
I АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
0.1 Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі ... ... ...3
1.2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
II. ҰСТАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Ұстау түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2 Ұстауға әзірлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. 3. Ұстаудың тактикалық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..11

1.1 Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
Қылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді.
Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді оқиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап көреді.
Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орналасқан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толық ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру арқылы, оқиғаның болу жолын, осы жердің ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда қандай іздер қалады, олар қай жерде қалуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы мүмкін.
1960 жылға дейін процесуалдық заңда мұндай тергеу әрекеті жоқ болатын. Бірақ айғақты оқиға болған жерге шығып анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бұл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процесуалдық тергеу әрекеті есебінде заңда көрсетіліп, тергеуде жиі қолданылатын болды. Әрине, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде басқа тергеу әрекетінің кейбір элементтері, әдістері де қолданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді қарау әдістері де қолданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бұл тергеу әрекеті жауап алумен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп ұқсастығы бар. Бірақ мұнда тергеу әрекетінің тек жекелеген кейбір әдістері ғана аралас қолданатындықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады.
Айталық, оқиға болған жерде тергеудің жауап алудан айырмашылығы мынада: оқиға болған жерде тексеру айғақ адамдардың қатысуымен жүргізі-леді, жауапта көрсетілген деректер оқиға болған жерде қайтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметтерді қимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін көрсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың ерекшелігі - танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байқаған кейінгі өзгерістерді де баяндайды, өзінің, кейде оқиғаға басқа да қатысушылардың жекелеген әрекеттерін қимыл үстінде көрсетеді.
Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты анықтай түсу, жаңа дәлелдемелер алу мақсатында тергеуші оқиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні қатыстыра отырып тексереді, егер қажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пысықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер табылса тергеуші оны да іске пайдаланады.
Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, қылмыс жасаған жерін көрсетуге ықыласын білдірді. Осыған байланысты оқиға болған жерге келгенде А. есікті қалай бұзғанын, құлыпты қайда лақтырғанын, ондағы заттарды қай жерлерден (шкафтан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдықтарының нақты қай жерде тұрғанын көрсетіп берді.
Айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-ақ алдын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыққа жататынын не жатпайтынын анықтауға көмектеседі. Айталық, сезікті адам өзінің оқиғадан бұрын осы жердегі алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жаққа кетіп қалғанын алдында берген жауабында айтқан болатын. Оқиға болған жерге келіп, қай ордан секіріп тоғай жаққа кеткенін көрсетуге келгенде 4 м ордан секіріп кетуге болмайтындығына көзі жеткен соң шындығын айтуға тура келді.
1.2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
Куәден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпкерден бе кімнен жауап алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау үстінде әр түрлі әдістер қолданылады. Сондай-ақ, дайындық жұмыстары жүргізілгенде қолданылатын тактикалық әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тергеуші жоспар құрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыстық істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұқият зерттелуі тиіс.
Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пысықтауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған қатысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді қай жерге, қандай мақсатта орналастыру қажеттігі айқындалуы қажет.
Әзірлік кезінде жедел топтың құрамы белгіленеді. Оның құрамына тергеуші және жедел - іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ақ маман-криминалист, сот-сарапшысы басқа да қажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істің күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сақтай алатындай, кейін қажеттілік туындаса жүргізілген әрекеттің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер қосымша куәлерді бір жерге бірнеше рет шақыру қажет болса, олардың екінші қайтара шақырылмауын ескерген жөн.
Куәні немесе айыпталушыны оқиға болған жерге олардың келісімімен ғана шығару керек.
Әзірлік және тексеруді өткізу кезінде айыпталушының оқиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, құтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен байланыс орнатуға, оқиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге немесе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырысатынын естен шығаруға болмайды.
Аталған тергеу әрекетіне әзірлік кезеңі әрекетке қатысушыларға тиісті нұсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің мақсаты мен тәртібі, қаты-сушылардың құқығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі мәселелерге айрықша назар аударылады:
а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бұрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді;
ә) барлық ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;
б) жауабы тексерілетін адамға сұрақ тек тергеушінің рұқсатымен беріледі, қандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады.
Тергеуші де өз әрекетіне өте мұқият қарауы, яғни өзіне икемдейтіндей әрекеттен немесе сұрақтан сақтануы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, айып-талушы немесе куә тергеушінің айтқанына ілесіп, оның сұрақтарын мақұлдай беретін болса тергеу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тергеу кезінде тергеушінің ақиқатқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде "нықтай" түсу қажет болғанда ғана мұндай әдістің қолданылуы мүмкін.
Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі анықтап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бұл белгілі бір объектілерді көрсетуге де қатысты. Айталық, айыпталушы қылмыс жасаған бөлмеге оның қай терезесінен кіргенін көрсетуі тиіс делік. Мұндайда: "Сіз мына терезе арқылы кірдіңіз бе?" деп сұрақ қоюға болмайды. Өйткені мұндай сұрақ жауап берушіні тергеушінің ыңғайына құлауына итермелейді де, ақиқат толық ашылмай қалуы мүмкін. Ал, егер тергеуші айыпталушының бөлмеге осы тереземен кіргеніне сезік келтірсе, ол айыпталушыдан болған оқиғаны қайталап көрсетуін сұрайды. Мұндайда, айыпкер жалған жауап берсе, абыржып, айтқанын дәлелдей алмауы немесе шындықты мойындауы мүмкін.
Тергеу әрекетінің, бұл әдісінде де оның нәтижесі хатталады.
Мұнда басқа да тергеу әрекеттеріндегідей ортақ тәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни:
а) тексерудің, немесе дәлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуының қандай мақсатпен жүргізілгенін түсіндіруге;
ә) жәбірленушінің немесе айыпкердің оқиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу;
б) айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауға қатысушылардың жүрген жолының бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы;
в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойынша барлық әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяндауларды келтіре отырып, жол үстінде тоқтаған жерлер мен оның соңғы бітетін тұсын белгілеу;
г) түсірілген фотосуреттер, видеожазбалар, жасалған жоспар туралы жазбалар, т.б. ескерілуі тиіс.

2.1 Ұстау түсінігі
Ұстау дегеніміз - қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, занда көрсетілген тергеу әрекеті.
Қылмыс үстінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz