АЙТЫСТЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

АЙТЫСТЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Астана 2012
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Айтыстың зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Біржан - Сара айтысын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері ... ... ... ...

3. Сабақ талдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3

6

6

12

18

27

29

Кіріспе

Біз осы зерттеу жұмысымызда қазақ халқының халықтық дәстүрінде сақталып келе жатқан ақындық сөз сайысы - айтыс өнерін мектеп оқушыларына қалай жеткізудің тиімді әдістерін түсіну мен түйсіну жолдарын қарастырамыз. Сол арқылы оқушының асқақ сезімін оятып, халықтық дәстүр арқылы тәрбиеге баулимыз.
Оқушыларға қазақтың ақындық, күйшілік тұрмыс-салт дәстүрлерін тереңірек оқытуды қамтамасыз ететін ғылыми-педагогикалық ізденістер жасау басты мақсатымыз болып табылады.
Оқушылардың ақындық айтыс өнеріне деген түсінігін молайту. Өнерге деген қызығушылығын арттыру арқылы олардың ұлттық танымын арттырудың педагогикалық жолдары көрсетіледі.
Айтыс өлеңдері - қазақ ауыз әдебиетіндегі ең мол жанрдың бірі. Айтыс деген атауы - айтысу, тартысу, дауласу немесе жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. Бұрын үлкенді-кішілі кезінде шешендер айтысы болған. Ақындар айтысы өлеңмен айтыс. Анығында өлең жарысы, өнер жарысы есебінде қолданылады.
Ақындар айтысы - көпшілік алдында, тыңдаушы, сыншы жұрттың көз алдында туып, орындалады. Әнменен немесе әр ақынның арнаулы сарынымен домбырамен немесе т.б. музыкалық аспаппен айтылады. Ақындардың осылай кезектесіп, жауаптасатын суырып салма өлеңдері, екі жақты айтыс болады. Мұнда тыңдаушы жұрт құр естіп қана қоюшы емес, ол бір жағынан айтысушылардың сөздерін сынаушы, қорытушы болып отырады. Ақындардың бірі жеңіп, бірінің жеңілгеніне төрелік айтушы да сол жиынның өзі болады. Жарысқа түсуші ақындар тапқырлықпен, өнерпаздықпен кезек шабуыл жасап қақтығысулары арқылы тыңдаушыларын әр алуан дәрежеде қызықтырып, еліктіріп, неше түрлі құбылыс күйлерге салып отырады.
Қазақ ауыз әдебиетінде айтыс жанры есте жоқ ескі заманнан бері қарай созылып келген. Халық сүйген жанр болғандықтан, бұл жанр Қазақстанда кең өріс алып, мол жайылумен келді. Ең ескі айтыс түрлері қазақ фольклорында топ-топ болып, өзінше хормен айтылатын ескі салт өлеңдерінен басталып, содан бері келе жеке ақындар айтысына өрістеп, ауысқан тәрізді. Мезгілінде жазылып қалмағандықтан қазір біз XVI - XVII - XVIII ғасырлардың ақындар айтысын білмейміз, деректер жоқ. Бірақ сол ғасырларда да айтыстың мол болуы даусыз.
Жалпы бұл жанр жөнінде келешекте болатын көлемді, арнаулы зерттеулерде сол ескі дәуірлердегі айтыс ақындарының болсын және бергі белгілі, азды-көпті дерек бар, аттары анықталған, сақталған айтыс жанрлары бар ақындар жөнінде болсын істелетін ғылымдық үлкен істер бар. Ол, сол ақындардың өмірбаяны және қолдан келгенде, барлық айтыстардың туған жылдарын, орындарын, жағдайларын түгел мәлім ететін материалдар жиналып, жариялануы шарт. Содан айтыс жанрының көп қазынасы зерттеуші үшін мол материал толық құралған болады.
XVIII ғасырдың соңғы жарымынан бастап, ХІХ-ХХ ғасырдағы айтыстар және кеңес дәуіріндегі айтыстар жазылып алынған түрлерінің, үлгілері өздеріне қарағанда да қазақ фольклорының мол саласының бірі осы жанр екендігін танытады.
Шынында Жанақ, Сүйінбай, Көже, Түбек, Майкөт, Қабан, Құлмамбет, Жамбыл сияқты талай елдерге атақтары жайылған ақындарды алсақ, солардың өмір бойы қолданған негізгі ақындық жанр көбінесе айтыс екені білеміз. Бұлар ұзақ өмір жасаған ақындар болуымен қатар, барлығы да айтысқа ерте араласып, 15-16 жастарынан ақындық өнерлерін бастайды. Олардың ел жадында сақталып қалған ірі айтыстарынан басқа, әрбір қынаменде, ойын-сауық, айт пен тойда, ас мерекеде, тұстас ақынмен жас-желең, қыз-келіншектермен қақтығысып айтысқан үлкенді-кішілі, әзіл-күлкілі айтыстарында сан жоқ. Сол айтыстардың бәрінде шын ақындар бірінің айтқанын қайталаған емес.
Айтысқа түскен суырып салма ақын тегінде өлең таба алмағандықтан немесе ұйқас таба алмағандықтан жеңілмейді. Жеңілгенде ұтықты дәлелден атсырап, жүйеге жығылып, дау сөзінің логикалық жағынан ұтылып барып жеңіледі. Жеңуші жақ өзінің қарсы ақынына, бет бұруға, жалтаруға ерік бермей, өмірлік логикалық бір шындықтар табады. Дәлелдермен тұсап, тұқыртып буып тастайды. Ондай өмір шындығы дауласуға келтірмейтін, айқын, мықты дәлелдер құр шешендікпен, құр ұйқас сөздермен айтқанмен әлсіремейді, мұқамайды. Сондықтан көлденең тыңдаушы-сыншы жұрт та, жол білетін ақын өзі де, бұл тартыста жеңілгендікті айқын ұғынып, еріксіз тоқтайтын болады. Айтыс жанрын өз ерекшеліктерімен талдауда бұл жай да айрықша ескеріп өтетін, негізгі мәселенің бірі.

Айтыстың зерттелу тарихы

Айтыс - ғасырлар бойы еліміздің әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, өмірімен біте қайнасып бірге жасап келе жатқан аса бай, төл жанр. Одан халқымыздың өмірге деген көзқарасы, танымы мен ойлау жүйесі, көркемдік талап-талғамы аңғарылады. Ол өзінің Аттың жалы, атанның қомында туған табиғи болмыс бітімімен ертеден-ақ ел тұрмысына етене араласып, сіңісті болып келген өнер. Айтысты қолма-қол тудырушы суырып салма ақындарды халық әр кез зор ілтипатпен қарсы алып, олардың әсерлі өлең, тартысты жырларының құдіретті де сиқырлы күшіне әулиедей сенетін болған. Айтысқа жиналған жұртшылық көптен күткен думанды мерекеге келгендей екі дай болып бөлініп, белгілі бір ұнатқан ақынның жеңіске жетуіне іштей тілеулес ниетте отырады. Сондағы әрбір тауып айтылған аталы сөз, ұтқыр жауаптарға олар ризашылық сезіммен қарап, өз ықылас, ынтасын білдіруге де ерікті. Мұндай ырықтан тыс әсер сезім көріністері айтыс тағдырын шешіп кететін кездері де бар. Осындай халық жүрегіне ертеден ұялаған айтыс өлеңдері өзінің өміршең және көпшілдік, көркемдік сипаттарымен әдебиетіміздегі тартымды да аса бай салаға айналған. Сол себепті академик-жазушымыз М.Әуезов осы аталған жанрдың мән-маңызы жөнінде: Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ... Бұл өлеңдер өте көп, көптігі жұрттың бәріне мәлім... Бұдан айтыс сөз қазақ ескілігінде өте жанды, өте қызулы, бағалы сөз болғанында дау жоқ деп, оның халық өміріндегі орнын аса жоғары бағалағаны мәлім.
Айтыс ең алғаш тұрмыс-салт жырлары - Жар-жар мен Бәдік өлеңдерінен бастау алып, өз дамуында сан қилы асу кезеңдерден өтіп кемелдене жетілді. Оның бастапқы үлгілері көпке ортақ, алғашқы жолдары екі жаққа бірдей жаттанды өлеңдерден тұрса, кейін өз жанынан шығарып айтатын суырып салмалық қасиетке ие болып отырды. Осы жырлар әуелде әртүрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрді орындау талаптарынан туған болса, келе-келе осы негізде талас-тартысы мол, қызуқанды жаңа түр - айтыс жанры туып қалыптасты. Ол ғасырлар бойғы өз дамуында қайымдасудың сан-алуан сатысынан өтіп, келелі де кесек ақындар айтысына келіп ұласты.
Айтыс түрік тектес елдерде ертеден бар екені аңғарылады. Бұған М.Қашқаридың Диуани лұғат ат түрік атты жинағындағы Қыс пен Жаздың айтысын, сондай-ақ Қожа Ахмет Иассауидың Диуани хикметіндегі Дозақ пен Пейіштің айтысын дәлел ретінде ала аламыз. Зерделей қарасақ, бұлардың айтыс табиғатына тән белгі-сипаттары мол. Мұның екеуінде де қырғи-қабақ, бітіспес бәсеке, аңдысу арқылы жеңуге деген құлшыныс пен дәлелге, аталы уәжге тоқталып, жеңілгенін ашып мойындаудың дәстүрлі кейбір көріністері бар. Осы жайттар айтыстың көшпелі түрік тектес елдерде ерте замандардан-ақ ірге теуіп, ел өмірінің әр саласын зерделеп, бейнелеп келгенін аңғартады. Қазақ халық әдебиетіндегі айтыс дәстүрінің туып, қалыптасу тәжірибесіне зер салсақ, біздегі осындай туындылардың айтыс жанрының әбден кемеліне келген тұста ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді. Бұған қарағанда, айтыс өнері осы шығармалар туған заманда да, одан бұрынғы кезеңдерде де ел өмірінен кең орын алғанға ұқсайды. Бұл пікірдің дұрыстығын Қытай елі деректері де құптап мақұлдайды. Шыңжандық қазақ тарихшысы Н. Мыңжани Қазақтың көне тарихы атты еңбегінде Қытайдың Тайпин Хиуаниуйжи топтамасының Түрік шежіресі атты тарауындағы деректерге сүйеніп: түріктер бие сүтінен жасалған қымызды ішіп қызып алған соң, ән шырғап бір-бірімен өлең айтысады... күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздегі ақындар айтысының мұнан мың жылдар бұрынғы Батыс түрік қағандығы дәуірінен бері келе жатқан дағдылы дәстүр екенін байқаймыз деп жазады.
Айтыс жанрының табиғи белгі-сипаттарын ашып саралағанда, оның ел дәстүрі мен соның кәсіп тіршілігіне, таным түсінігіне тікелей байланысты көрініс табатынын академик-ғалым М.О. Әуезов тап басып танып, ғылыми байсалдылықпен дәлелдеп берген еді. Ол кісі осыған орай: Халық әдебиетінің өркендеп дәуірлеген шағы - халықтың шаруасы күйлі, үдере көшіп ен жайлап, сауық-сайран, мереке-қызықпен күнелткен көшпелі тұрмыста болған шақтарында болды. Егер халық көшпелі тұрмыстан қалып, отырықшы тұрмысқа айналса, отырықшы халықтың кәсібіне кіріп, еңбекпен күнелтіп, бос жүретін іссіздікті тастаса, бұрынғы ойын-той, сауық-сайран сиреп жоғала бастайды - деп жазған еді. Мұндай басалқалы да ойлы пікірлерді кезінде ұлы ғалымымыз Шоқан да, күні кешегі ірі жазушымыз Сәкен де айтқан болатын. Ұлы Шоқанның: Ашық аспан, кең сахарада туған қазақ ешқандай қосалқы оқу-білімсіз-ақ табиғат мәпелеуімен өсіп жетіледі. Осыған қарамастан қазақ халқының жазылмай буыннан буынға тек ауызекі тарайтын бірден бір тіл мұрасы: өз поэзиясы мен әдебиеттері бар... Қазақтың жалпы ауызекі жырлары тікелей дала көріністері мен жүйрік ат, сұлу қыз әсерінен туған, сондықтан қазақ үнемі осылардың төңірегінен айналшықтап кетпейді - деп көрсетуі де жоғарыдағы ойымызды дәлелдейді.
Айтыс өзінің мазмұны мен сипаты жағынан тұрмыс-салт жырларымен терең үндесіп астасып отырады. Ол біздегі эпикалық, лиро-эпикалық жырларға түр беріп көркейтумен қатар, өзі де олардағы эпикалық әуенді бойына сіңіре білген. Сөйтіп өзге жанрларға елеулі ықпал әсер етіп келген айтыс өнері өзінің сол синкреттік сипаттары арқылы олармен ғасырлар бойы иық тіресе қатар дамып келеді.
Айтыс түйіні - шындық. Қандай жүйрік, тапқыр да алғыр ақын болса да, бетпе-бет бәсекеде айтылған шындықтан жалтарып кете алмаған.
Айтыс өлеңдерін жинап бастыруда, ол туралы салиқалы пікір айтушылардың алғашқы сапында Шоқан, Радлов, Ыбырай секілді зерттеушілер тұрды. Шоқан айтыстың саяси-әлеуметтік мәніне, сын мен мадаққа құрылатынына мән берсе, Радлов айтысты қайым өлең деп жіктеп, халқымыздың ақынжанды, тапқыр-алғырлығына, шешендігіне таң қала сипаттайды. Ыбырай айтыстың көркем үлгілерін өзі құрастырған Хрестоматияға енгізіп, оның тәрбиелік мәніне зер салады.
Айтыстың кең жиналып том-том күйінде жинақ болып басылуы Кеңес үкіметі кезінде іске асқаны мәлім. Осы игілікті істі ұйымдастырып насихаттауға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мұрындық болды. 1960 жылдардың бел ортасында Институт айтыс өлеңдерінің үш томдық жинағын жариялап, жүйелеп жіктеді, ғылыми түсініктер берді. Осы томдардың екі кітабы дәстүрлі айтысқа арналса, соңғы томы 1920-1957 жылдар арасындағы айтыс өлеңдерін қамтыды. 1970 жылдардан бастап Институт бұл жанрды түбегейлі зерттеуді қолға алып, жоспарға енгізді. Соның нәтижесінде айтыс жанрының табиғатын ашатын Айтыстың даму жолдары атты 10 баспа табақтық монографиялық еңбек жарық көрді. Зерттеу, жариялау жұмысының жалғасуы арқасында 1988 жылы осы институт қызметкерлері айтыстың бұрын баспа көрмеген үш томын дайындап баспаға берді. Аталған Институт бұл жұмысты әлі күнге дейін жалғастырып келеді.
Аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсыновтың осы бағыттағы зерттеулерінде бұл жанрдың жазба әдебиетке ұласу жолдарына, яғни алаңдық айтыс-тартысқа ауысуына мүмкіндігі ерекше мол екеніне ерекше мән берген. Ахаң осы мәселеде: Сөз өнерінің бұл түрі Европа тілінде тек айтыс мағынада емес, айтыс-тартыс, арпалыс мағынада ұғылады. Біздің қазақ европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақтың айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң айнасына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан, алаң әдебиеті бізде төтеннен шығып қалды - деп жазған. Автор айтыс өлеңдерінің өзіндік белгі ерекшеліктері мен қайталанбас жанрлық сипатын сөз еткенде де, оның қара сөздегі әзілді сөз, ерегіспен байланыс бірлігін араластыра отырып, қазақтағы айтыстың тек өлеңмен ғана айтылатынына зер салды.
Айтыс өлеңдерінің шығу тегі мен оның жанрлық ерекшеліктерін ашып белгілеуде академик жазушыларымыз М.Әуезов пен С.Мұқановтың еңбектері аса зор. М.Әуезов айтыстың тұрмыс-салт жырларынан бастау алып жеке жанр болып қалыптасуына мән беріп, оның тартысты, қызуқанды драмалық белгілеріне зер салса, С.Мұқанов айтысты халық өміріндегі орны мен мәніне, көркемдік сипаттарына қарай талдап бағалайды. Бұл зерттеулерде біздегі айтыстың өзге елдердегі үлгілері мен ұқсастықтары да сараланып аталған жанрдың өзге де қайталанбас белгі сипаттарын талдау арқылы оның көшпелі өмірге байланысты суырып салма дәстүрі үлгісінде бізде биік белеске көтерілгенін ашуға зер салады. Негізінен айтыс туралы зерттеулерде айтыс жанрын жіктеп бөлуге де, жіктеп талдауға да елеулі орын берілген. Жіктеулері өзара үндес, ұқсас. Белгілі ғалым Қ.Жұмалиев те осыған ұқсас жіктеулер жасап, мысал іспеттес айтыстардың мәнін аша түсуге талаптанады. Ал, зерттеуші Б.Кенжебаев ірі де көркем айтыстарды өлеңмен жазылған роман деп бағаласа, Е.Ысмайылов кесек те келелі айтыстарды сюжетті роман деп бағалаған. Сондай-ақ М.Қаратаев, М.Дүйсенов, Р.Бердібай, Ә.Дербісалин, С.Қасқабасов, Н.Төреқұлов зерттеулерінде айтыс жанрының жаңа бір қырлары сөз болып байыпталады. Бұлардан өзгешелеу пікір айтқан зерттеуші Е.Тұрсынов айтыстың арғы шығу тегін көне дәуірдегі құдалық тұсында болатын әзіл-сықақ, жұмбақ айтысу рәсімдерімен байланыстырады: Этнографиялық материалдарға қарағанда, ақындық айтыс өлең түріндегі айтыс болып бірден қалыптаспаған. Ақындық айтыстың өте қызықты, ұзақ тарихы бар. Құдалар айтысының қыз бен жігіт айтысымен түп-тамыры бір... Бұл екеуінің түп-тамыры қыз алысып, қыз берісу қатынастары бар рулардың адамдары арасындағы сөз жарыстыру салтында жатыр - деп жазды.
Сонымен, айтыстың табиғи белгі-сипаттарын жинақтай келіп, оның мазмұндық жағынан төмендегіше жіктелетінін көреміз:
1. Әдет- ғұрып айтысы:
а) Жар-жар,
б) Бәдік
2. Қыз бен жігіт айтыстары
3. Қақтығысулар
4. Ақындар айтысы:
а) Ру айтысы,
б) Дін айтысы,
в) Жұмбақ айтысы,
г) Жазба айтыстар.
Айтыстарда талай жүйрік дүл-дүл ақындар өзінің білгір тапқырлығымен, шешендігімен суырылып шығып көзге түсті. Әрине, жаңа өмірдің талап-талғамы, міндет-мақсатына орай ақындарда бір сәт тосырқау да болмай қалған жоқ. Мұның ақыры алдын ала айтысушыларын біліп алып, онымен жазып айтысу әдеті пайда болды. Тіпті газетте жариялап, соны теледидардан оқып беру кең өріс алды. Бұл - айтысты дамытатын үрдіс емес, керісінше қалыпты дәстүрге жат бағыт берді. Осыған орай айтыстың қайта жандануына күдік білдірушілер саны көбейе түсті. Сол себепті М.Әуезов , Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмаилов секілді кісілер 1961 жылы Қазақстан академиясы Әдебиет және өнер Институтының ұйымдастыруымен өткен айтысқа дәстүрлі суырып салма сипатына оралуға кеңес берді. Айтыс алғаш рет туған өз арнасына түсіп жаңа бағыт алды. Осыдан бастап кейінгі айтыс ақындарының жаңа легі өмірге келді. Бұл тұста, Манап, Әсімхан, Әбікен, Қалихан, Шолпан, Әселхан, Қонысбай, Надежда секілді ақындар көзге түссе, кейіннен мұзаррап, Кенен, Болман, Есдәулет, Көшен, Ғайып, Ілияс, Қайып, Шашубай секілді жүйріктер халық құрметіне бөленді. Ал, тәуелсіздік жылдардағы айтыста Мэлс, Мұхаметжан, Бекарыс, Айнұр, Әбілхайыр, Ақмарал, Аманжол т.б. мәдениетті де білімді майталман ақындардың жұлдызы жанып, аты әйгіленді.
Бүгінгі айтыс түрлі кезең, асулардан өтіп кемелденіп келеді. Мұның ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның еңбегі қай тұрғыдан алсақ та құптауға тұрарлық. Айтыс секілді халық бойындағы құдай берген телегей теңіз дарынды қадірлеп, оған арналып алқалы мәжілісті ұйымдастырулар өтіп жатыр.

Біржан - Сара айтысын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ фольклорында даңқты болған, мол жайылған айтыстың бірі Біржан мен Сараның айтысы өзге көп айтыстардан ауыздан-ауызға көшіп жүруден басқа, бұл айтыс бірнеше рет кітап болып та басылды. Ақындық көркемдік, көлемділік жағынан қарағанда Біржан мен Сараның айтысы - қазақтың ауыз өнерінің үлкен мұрсы.
Біржан мен Сараның айтысы болған жоқ, болса сақталмай қалып қойған бұл айтысты шығарушы Әріп ақын деген де пікірлер бар. Бұл - қате пікір. Анығында Біржан мен Сараның айтысы болған. Бірақ дәл қалпында, толық күйінде, алғашқы айтысқан жердегі қалпымен түгел сақталған жоқ. Кейін көпшілікке өз реакциясымен айтып беруші Сара болады. Олай болса, ең әуелі бұл айтыстың көп көлемінде, мол еңбек етуші Сара болады. Ал, кейін сол Сараның айтқаны да көпке дейін ауызда жүреді. Көп айтушы ақындардың аузынан өтеді. Осылайша, хатқа түскенше бұл айтыс көп өзгерістер көреді. Осындай айтушының және ең алғаш хатқа түсірушінің бірі Әріп болады. Әріп өзі ақын және қазақша-орысша оқыған адам. Ақындығы, шешендігі, тапқыр тілділігі бар ірі ақынның бірі. Рефолюциядан бұрын баспаға беруші сол Әріп хатқа түсірген Біржан Сара айтысын бұлжытпастан, өзгертпестен береді.
Біржан мен Сара айтысының басқа айтыстардан өзгеше болатыны - мұнда белгілі бір тартыстар жеріне жете талданумен қатар талай ірі мәселенің іргесі қозғалады.
Айтыстың бас тақырыбы - әйел теңдігі, әйел бостандығы, ал соған жанасып, жарасып жатқан әлденеше салмақты, тың тақырыптар да бар. Бұл жағынан алғанда, айтыс толғамы кең, адамгершілік, жеке адамның тағдыры, бақ, ақындық әдет, салт, шаруа, кәсіптер, жер, қоныс сияқты мәселелердің бәрін де Біржан мен Сара сарапқа салады.
Айтыс - майдан, айтысқан ақындар майданның батырлары. Жеңу үшін қатты шабуылдар жасаса да мін емес. Сондықтан Біржан Сараға найзасын қатты сермейді. Әйтседе Біржан Сараның қара басын қорламайды. Біржанның балауынша Сара - осы тұстағы адамдардың артығы. Оны ел ұлға балап сөйлетіп отыр, сол бір ортанығ бұлбұлы - сөйлер сөзге жаннан артық тыста тыңдап тұрған жан оның даусын фортепиян күйі деп ойларлық, айбаты ғаламға айқын ай бедерлі, Сара асыл, оны дүниеге сатуға болмайды.
Осы қасиеттердің барлығы бір Сараның басында болған соң, Біржанның үш жыл бойы ұдайы құмартуына таңырқауға болмайды. Алдына жан салмаған Біржанға Сараны да жеңу мұрат. Бірақ ол Сараны көруді, тілдесуді, сырласуды арман етіп келеді. Сараны жеңетін жағын ол ерте болжайды.
Он бір кісі жолдасып ертең түсте,
Біржанның қарық боларсың олжасына, -

деп алдын ала Сараны ықтырмақ болып, сескендіре сөйлеуге тырысады. Ұлға балап сөйлеткенмен, Біржан өзіне сөзі теңдес, барабар деп айтқалы келе жатқанмен, Сара басы есекке қосақтаулы. Ол Жиенқұлдай өзінен кем адамға сатылып қойған. Жалпы қазақ әйелінің ауыр халі Сараның басында дерттей төніп тұр. Бұл күңдік, еріксіздіктен ол құтылмақ емес. Ендеше дәл осы жерден оның жеңілетіні даусыз.
Бірақ Біржан салған жерден Жиенқұлға жабыспайды. Әуелі Сарамен өнер жарыстырады. Өлер жерің осы ғой деп Біржан талай түйіліп келгенде, Сара тойтарып тастап, аспанға шарықтай береді. Он ақынды ескермеген Біржанның асқақ көңіліне Сара қадалған оқтай тиеді. Салмақтасып келгенде екі ақынның күш қарқыны қарайлас сияқты. Амал не, Жиенқұлға келгенде үні шықпаған Сара жеңіліп, Біржанға жолын ұсынады.
Тартыс майданы бітіп, жай жапсарды сөз қылған Біржан Сараның мүшкіл халіне налиды:
Шырағым, Сара, сендей тумас бала,
Шежіре туамысың мұндай дана.
Обалың Есімбек пен Тұрасбекке,
Жігітің жөндеу екен, ой, бишара!
Ел-жұртың қорықпайды екен көз жасыңнан,
Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан,
Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін.
Адамзат озар емес өз басыңнан, -

деп Біржан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақындар айтысы өлеңмен айтыс
Айтыс жайында
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі
Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Пікірталас түсінігі
Мақал - сөз анасы
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар есім сөздерді іріктеу
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Пәндер