Актер шеберлігі мен мақсаты



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Актер шеберлігі

Актердің басты мақсаты - тіл байлығының құнарын сезіну, ойналып жатқан образды тіл техникасы арқылы сомдау болып табылады. Болашақ актер үшін сахна тілі-тіл техникасының сан қырлы сыры мен қол жетпес құндылығы тілдің тұңғиық құпиясына қазық болып қалады. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Тіл мәдениеті білімгерлердің тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетіне тән нормалар білімгерлердің таза, нақты, әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі айту дағдыларын қалыптастыруға тиіс. Тілмен жұмыс жасау барысында әрбір сөздің қажеттілігі мен ойландыратыны актерден мәтінге үңіле қарауын талап етеді.
Актер оқиғаны тыңдаушысына жеткізуде әңгімелеуші сюжет арқылы емес, өзінің анық тілі мен зерттелген сөзбен жеткізіп түсіндіреді. М.Балақаевтың мәдениет туралы айтқан анықтамасын тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы [1, 17 б.]. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Салауатты әрі мәдениетті адамдар үшін дұрыс сөйлеп, сауатты жазу қандай міндет болса, сөздердің мағынасын түсініп, астарын ашып, мәнерлеп сөйлеу негізгі шарттың бірі. Дер кезінде керекті сөзді қолдана білу, айтатын ойыңның мағынасын бөліп-жармай жеткізе білу, сөзді жүйелеп айту - мәдениеттіліктің белгісі.
Актердің өзіне берілген рөлмен жұмыс жасауы, драматургтің сөзбен жазған шығармасын спектакльге айналдыруы - бәрі де тіл байлығымен жүзеге асатын процесс болып табылады. Актердің мәдени сөйлеу шеберлігін қалыптастыруда драмалық емес, мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді көбірек пайдалануға болады. Өйткені, мақал-мәтелдің астарында жасырынып жатқан ой асылын ұғынуды қажет етеді. Мақал мәтелдерге құрылған диалогтық сөз тізбектері актер қызуқандылығын көтеріп, сезімдерін ұштайды. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне ежелден көңіл бөлген қазақ елі мақал-мәтел, нақыл сөздерді барынша қадірлеп, барлығынан биік қойған. Ендеше, сөз құдіреті қазақ халқы үшін бағасы шексіз қазына. Сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, ақыл-ой парасаты қалыптаспайды. Яғни, дұрыс сөйлей білу дегеніміз - дұрыс ойлай білу. Жүйелі сөз жүйесін табар деп дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей білудің үлкен өнер екенін ұрпақ зердесін ұялатуда үлкен мән жатыр [2, 234-35 б.].
Сөз - актер үшін тек үн емес, бейнені тудырушы. Актер үшін басты міндет, біріншіден, сөз астарын ашу, екіншіден сөзді түсіну арқылы өзінің сахналық тәртібі бойынша интонация, қозғалыс қимылын, мимика, сөз, сахналық әрекеті арқылы сыртқы кескінін шығару. Білімгердің ұшқырлығы мен тапқырлығын және сөзді дұрыс қолдана білу тәсілін шыңдау үшін тренинг жаттығулар қажет. Сондықтан оқу процесінің алғашқы жылдарында көркем сөзбен жұмыс жүргізу кеңінен қойылған. Сабақ процесінде білімгерлер арасында мақал-мәтел сайысын, ұсынылған жағдай немесе тақырып бойынша тренинг жаттығулар өткізген дұрыс.
Мысалы, мақал-мәтел арқылы білімгерге төмендегідей жаттығулар легін берейік:
1. Білімгерге мақал-мәтел тізбегі арқылы достыққа үндеу, дінді уағыздау, білімге ұмтылдыру, ұлтжандылық секілді ұсынылған жағдайды тапсырайық. Мақал-мәтелдерді байланыстыру үшін, одағай, қаратпа сөз және көмекші етістіктерді ғана қолдану қажет.
Мысалы: Бауырларым! Құдайға құрмет елдің салты, еліне құрмет ердің даңқы. Шариғат ағып жатқан бұлақ, бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ демекші, ораза намаз тоқтықта, отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар деген. Құран сөзі - құдай сөзі. Діні пәктің ділі пәк, ділі пәктің тілі пәк. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, заман ақыр болғанда пір мүриттерін іздейді. Құдайдың алдында бай да, кедей де, бәрі құл. [3, 41-62 б.]
2. Енді жұптық тапсырма бойынша қыз айттыру, достасу немесе ғашықтық тақырыбында диалог құруды тапсырайық. Бұл жағдайда да артық сөз қосылмау қажет.
Мысалы: қыз айттыру:
1 білімгер: Замандас! Апасы киген тонды сіңілісі де киеді демекші, қыз алмаған жігіттің, қырық қызда дәмесі бар көрінеді. Көш бастаған серкеміз болмаса да, ел ішіндегі еркеміз. Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды...
2 білімгер: Бөрі алатын жігіт бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт серігінен белгілі емес пе? Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз, жігері болмаса, жігіт қасиетсіз. Әкесінің ақшасына үйленген, әйелінің қадірін білмейді. Әр құстың лайықты жемі бар, әркімнің лайықты теңі бар. Тең теңімен, тезек қабымен.
1 білімгер: Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз. Сыртын көріп ішінен түңілме, қарасын көріп, күшінен түңілме. Ас таңдасаң аяғына қара, қыз таңдасаң анасына қара деп келгенбіз. Алқатсаң алқат қызыңды, ақтар ол дәм-тұзыңды. Өзім дегенді өзекке теппе. Алыс та жақын болар жолын тапса, жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Актер шеберлігі және ұлттық ойындар
Станиславскийдің әдістерін зерттеу
Әрекетті вокал
Актер шеберлігі және актерді тәрбиелеудің негізгі принциптері
Актер өнері
Режиссуралық жұмыстың теориялық негіздері
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар
А. Әшімовтың өмір жолы
Актерлік өнердің тарихы
Қазақ театр режиссурасының жаңа белестері
Пәндер