Актерлік өнер


Актерлік өнер - адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ(кейіп) жасау өнері.
Актерлік өнер шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет. Негізінде салт-дәстүрлік рәсімдерден басталған актерлік өнер жан-жақты өнер түрі болып қалыптасты. Салт-дәстүрлік рәсімдерде ән, би, музыка, сөз, грим, киім т. б. қолданылатын. Бертін келе актерлік өнердің балетте - бимен, операда - әнмен, алдрама театрында - сөзбен тығыз байланысты үш түрі айқындалды. Драмалық спектакльдерде де би мен ән болады, бірақ ол қосымша құрал ғана. Актерлік өнердің “таза түрі” де бар, ол - пантомима. Әсерлі сезімге толы қимыл пантомиманың негізін құрайды, мұнсыз актерлік өнер де жоқ. Сондықтан пантомиманы актерлік өнердің негізі деп қабылдаймыз. Актерлік өнердің өзіне тән маңызды ерекшелігі бар. Мысалы: кескіндемешілер кенеппен, бояумен, мүсіншілер гипс, мәрмәр, ағашпен жұмыс істейді. Ал актердің жұмыс құралы - өзі, яғни жүрісі, қимылы, мимикасы, үні және психикасы. Сондықтан актер үнемі қимыл ептілігін, дауыс мүмкіндігін жетілдіруге тырысады, грим техникасын үйренеді, ең бастысы іштей түрленуге тырысады. Актерлік өнерде ізденуді образдың сомдалуынан бөліп алуға болмайды. Премьера - тек қана істің нәтижесі емес, ол жасампаздық еңбектің жалғасы, шарықтау шегі. Актер көрермендер алдында жұмыс үстінде, ол әрбір спектакль сайын жаңарып көрінеді. Актер мен образ бірігіп кеткендей әсер қалдырса, актерлік өнердің табысты болғаны. Коңқайды Серке Қожамқұлов ойнайтынын жұрттың бәрі біледі, бірақ Қоңқай-Серке сахнаға шыға келгенде көрермен өткен ғасырда өмір сүрген түйсіксіз надан Қоңқайға деген ызасы мен мүсіркеуін жасыра алмайды, өйткені сахнада Қожамқұлов емес, Қоңқай тұрады. Актерлік өнердің бір құралы - тапқырлық. Сахнада тапқырлық автор мен режиссердің артқан міндетін орындай отырып, рөл табиғатын сақтап, әсерлендірудегі актердің еркіндігінен көрінеді. Қазақ театрында оның классикалық бір түрін 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте Қ. Жандарбеков көрсетті. “Қыз-Жібек” операсында Бекежан рөлін ойнап жүрген актер кезекті бір көріністе даусының жетпей қалатынын байқап әнді шырқай көтерудің орнына қарқылдап күліп жібереді де, әрі қарай нотадан шықпай әнін жалғастырады. Бұл әрекеттің сәтті тапқырлық болғаны сонша, кейін Бекежан рөлін орындаушылардың бәрі осылай айтатын болды.
Актерлік өнердің алғышарттарының бәрі қазақ тұрмысында болған. Мысалы: айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі әсерлі сөз сайысы әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Әзіл айтыс болса, айтысушылар түр-әлпетін сайқымазақтарша өзгертіп отыратын болған. Ал, қазақтың қыз ұзату, келін түсірудегі дәстүрлі ырымдар, ән мен бидің, күлдіргіштердің әрекеттері сол бойы сахнаға сұранып тұрған көріністер. Жәрмеңкедегі ағашаяқтардың, жарапазан айтушылардың, көкпар мен қыз қуудағы әрекеттердің бәрінде актерлік өнердің элементтері жатыр. Театр өнеріне жатырқалмай қабылданып, тез дамуына да себеп болған осы жайттар болса керек. Қазақ театрының іргесін қалап, шаңырағын көтерген актерлердің бәрінде де актерлік өнерге қажетті қабілеттер мол болатын. Біресе қыздың, біресе кемпірдің, біресе шалдың рөлін орындайтын, тіпті сиыр мен лақтың үнін де айнытпай салатын Қ. Қуанышбаев, бір спектакльде қыздың, кемпірдің және жас жігіттің рөлін қатар ойнайтын Е. Өмірзақов, бір өзі бүкіл ансамбльге тұратынИ. Байзақов, аққуға үн қосқан Әміре т. б. нағыз халық арасынан шыққан актерлер болатын. Бұлардың бәрі де “таза” актерлік өнерді ешбір оқусыз меңгерген табиғи таланттар. Өркениетті қоғамдағы театр тарихында сахнадағы үнсіз көріністің (уақытша тоқтап қалу) мәніне айрықша назар аударылады. Актер неғұрлым дарынды болса, соғұрлым оның үнсіз ойнауы әсерлі көрінеді. Осы өлшеммен қарағанда Қуанышбаевтың “Ақан сері -Ақтоқты” спектакліндегі мылқау Балуан рөлін “таза” актерлік өнердің үлгісі деп тануымыз керек. Оның әрбір қимылы, көзқарасы, көкірегін жара шығатын күрсінісі, сынған домбыраны аялай ұстап тұрып егілгендегі көз жасының әсерлілігі сонша, мылқау сөзі анықтауыштан зат есімге айналып “Мылқау балуан” кейіпкер аты болып қалыптасты. Бұл да қазақ театрындағы актерлік өнердің айшықты бір көрінісі болып табылады. Қазақтың актерлік өнері кәсіптік жағынан қалыптасқан, өзіндік сахналық мектебі бар бірнеше буыннан құралады. Актер кадрларын 1932 жылдан театр студиялары, ал 1978 жылданТ. Жүргенов атындағы театр және кино институты даярлайды
Актерлік өнер - адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ жасау өнері. А. ө. шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет. Негізінде салт-дәстүрлік рәсімдерден басталған А. ө. жан-жақты өнер түрі болып қалыптасты. Салт-дәстүрлік рәсімдерде ән, би, музыка, сөз, грим, киім т. б. қолданылатын. Бертін келе А. ө-дің балетте - бимен, операда - әнмен, ал драма театрында - сөзбен тығыз байланысты үш түрі айқындалды. Драмалық спектакльдерде де би мен ән болады, бірақ ол қосымша құрал ғана. А. ө-дің “таза түрі” де бар, ол - пантомима. Әсерлі сезімге толы қимыл пантомиманың негізін құрайды, мұнсыз А. ө. де жоқ. Сондықтан пантомиманы А. ө-дің негізі деп қабылдаймыз. А. ө-дің өзіне тән маңызды ерекшелігі бар. Мыс., кескіндемешілер кенеппен, бояумен, мүсіншілер гипс, мәрмәр, ағашпен жұмыс істейді. Ал актердің жұмыс құралы - өзі, яғни жүрісі, қимылы, мимикасы, үні және психикасы. Сондықтан А. үнемі қимыл ептілігін, дауыс мүмкіндігін жетілдіруге тырысады, грим тех-сын үйренеді, ең бастысы іштей түрленуге тырысады. А. ө-де ізденуді образдың сомдалуынан бөліп алуға болмайды. Премьера - тек қана істің нәтижесі емес, ол жасампаздық еңбектің жалғасы, шарықтау шегі. Актер көрермендер алдында жұмыс үстінде, ол әрбір спектакль сайын жаңарып көрінеді. Актер мен образ бірігіп кеткендей әсер қалдырса, А. ө-дің табысты болғаны. Коңқайды Серке Қожамқұлов ойнайтынын жұрттың бәрі біледі, бірақ Қоңқай-Серке сахнаға шыға келгенде көрермен өткен ғасырда өмір сүрген түйсіксіз надан Қоңқайға деген ызасы мен мүсіркеуін жасыра алмайды, өйткені сахнада Қожамқұлов емес, Қоңқай тұрады. А. ө-дің бір құралы - тапқырлық. Сахнада тапқырлық автор мен режиссердің артқан міндетін орындай отырып, рөл табиғатын сақтап, әсерлендірудегі актердің еркіндігінен көрінеді. Қазақ театрында оның классик. бір түрін 1936 ж. Мәскеуде өткен онкүндікте Қ. Жандарбеков көрсетті. “Қыз-Жібек” операсында Бекежан рөлін ойнап жүрген актер кезекті бір көріністе даусының жетпей қалатынын байқап әнді шырқай көтерудің орнына қарқылдап күліп жібереді де, әрі қарай нотадан шықпай әнін жалғастырады. Бұл әрекеттің сәтті тапқырлық болғаны сонша, кейін Бекежан рөлін орындаушылардың бәрі осылай айтатын болды.
А. өнердің алғышарттарының бәрі қазақ тұрмысында болған. Мыс., айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі әсерлі сөз сайысы әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Әзіл айтыс болса, айтысушылар түр-әлпетін сайқымазақтарша өзгертіп отыратын болған. Ал, қазақтың қыз ұзату, келін түсірудегі дәстүрлі ырымдар, ән мен бидің, күлдіргіштердің әрекеттері сол бойы сахнаға сұранып тұрған көріністер. Жәрмеңкедегі ағашаяқтардың, жарапазан айтушылардың, көкпар мен қыз қуудағы әрекеттердің бәрінде А. ө-дің элементтері жатыр. Театр өнерінің жатырқалмай қабылданып, тез дамуына да себеп болған осы жайттар болса керек. Қазақ театрының іргесін қалап, шаңырағын көтерген актерлердің бәрінде де актерлік өнерге қажетті қабілеттер мол болатын. Біресе қыздың, біресе кемпірдің, біресе шалдың рөлін орындайтын, тіпті сиыр мен лақтың үнін де айнытпай салатын Қ. Қуанышбаев, бір спектакльде қыздың, кемпірдің және жас жігіттің рөлін қатар ойнайтын Е. Өмірзақов, бір өзі бүкіл ансамбльге тұратын И. Байзақов, аққуға үн қосқан Әміре т. б. нағыз халық арасынан шыққан актерлер болатын. Бұлардың бәрі те “таза” А. ө-ді ешбір оқусыз меңгерген табиғи таланттар. Өркениетті қоғамдағы театр тарихында сахнадағы үнсіз көріністің (пауза) мәніне айрықша назар аударылады. Актер неғұрлым дарынды болса, соғұрлым оның үнсіз ойнауы әсерлі көрінеді. Осы өлшеммен қарағанда Қуанышбаевтың “Ақан сері -Ақтоқты” спектакліндегі мылқау Балуан рөлін “таза” А. ө-дің үлгісі деп тануымыз керек. Оның әрбір қимылы, көзқарасы, көкірегін жара шығатын күрсінісі, сынған домбыраны аялай ұстап тұрып егілгендегі көз жасының әсерлілігі сонша, мылқау сөзі анықтауыштан зат есімге айналып “Мылқау балуан” кейіпкер аты болып қалыптасты. Бұл да қазақ театрындағы А. ө. -дің айшықты бір көрінісі болып табылады. Қазақтың А. ө-і кәсіптік жағынан қалыптасқан, өзіндік сахналық мектебі бар бірнеше буыннан құралады. Актер кадрларын 1932 жылдан театр студиялары, ал 1978 жылдан Т. Жүргенов атынд. театр және кино институты даярлайды.
"Театр кез келген сабаққа көмекке келеді және де ол үшін жасандылықтың қажеті жоқ тек оның формалық қана емес, әдістемелік қабілетін түсіну қажет. "
О. Лапина, театртанушы әрі оқытушы
Адам өмір бойы жас ерекшеліктеріне қарамастан оқушы да, оқытушы да бола алады. Біреуден үйренеді, біреуге үйретеді немесе үлгі болады. Мәселен, режиссерлер, жетекшілер, жаттықтырушылар, т. б. топ өкілдері өзінің озық тәжірибесін келесі адаммен бөлісу үшін үйретудің жаңа әдіс- тәсілдерін қолданады. Ал оқытудың әдіс- тәсілдерін кәсіби түрде жеткізетін ғылымды- «педагогика» дейміз. Педагогика жоғары шеберлікті, тіл табысқыштықты, интелектілікті, кәсіби дайындықты, кәсіби қабілеттілікті дәлелдеуге әзірлігімен ерекшеленеді.
«Актерлік шеберлік арқылы педагогикалық шеберлікті дамыту» тақырыбындағы шығармашылық жұмысымдыіздену барысында К. С. Станиславский жазған актер шығармашылығының ғылыми сахналық теориясымен байланыстыру арқылы педагогикалық мамандықты кәсіби тұрғыдан дамытуға болатындығын дәлелдей түсті. К. С. Станиславский «Менің өмірім, өнерім» атты кітабында «Әртіс өз бетімен, өз еркімен іштей және сырттай жұмыс жасауы тиіс және жеке рөлмен іштей және сырттай жұмыс, кездесетін тосын жағдайлар, кідіріс, әрекет, әрекетті бағалау, конфликт және оларды шешу, костюм, гримм, көркемдік безендірулер, бұлардың бәрі оқушылардың таным, үрдісін: қиялын, талғамын, есін, ойлауын, зейінін, қабілетін дамытып қана қоймай, өзін көпшіліктің ортасында еркін әрекет етуіне, ойын ортаға ашық сала білуге, адам бойында бала кезден қалыптасып қалған кейбір ұялшақтық, қорқақтық шешімге келе алмаушылық деген сияқты жағымсыз факторлардың болуына әсер етеді». Сахна жүйесі мен оқыту жүйесін байланыстыру әдісін көпетеген елдерде оқу орындарында кеңінен қолданып жүр. Мәселен, Чехославакияда Мейерхольдтың «Моторлы қозғалыс кардинациясы» ілімін әлі күнге дейін мектеп оқытушылары қолданып келеді.
Бұл ілімде оқытушы өз қимыл- әрекетін басқара алуы, үйлесімді жест, әдемі мимика, жағымды дауыс тембрі т. б. қарастырылады және оған арнайы жаттығулар жасалады.
Жүйе жасау үрдісінде К. С. Станиславский орыстың материалистік физиологиясын салушы И. М. Сеченевтің «Мидің рефлексі» атты еңбегін пайдаланады. Содан соң Павловтың шартты рефлекс туралы ашқан жаңалықтарын байланыстыра келе кейіпкержандылық өнерінің негізгі принципі; сана арқылы санадан тысқарылыққа, ерікті түрден еріксіздікке бару арқылы кейіпкер образын ашатын актерге саханада шабыт беретін, сахнаның сыр құпиясын ашып берді.
К. С. Станиславский жүйе жасау үрдісіндегі И. М Сеченевтің «Мидің рефлексі» туралы ілімін қолдануы, актердің сахнада ашылуына жол берсе, ал педагогикада оқытушы шеберлігін қалыптастыруға байланысты пайдалануға болатындығы ескеріледі. Мәселен: ұзақ тәжірибелі зерттемелердің көрсеткіштері бойынша жас жеткіншектердің 40 пайызы жасқаншақтықтан жапа шегеді екен. Жасқаншақтық және өзіне- өзі сенімсіздіктің емі, не нәрседен көп қорықса, сол мәселені шешушінің ролін өзіне орындату. Рөлді орындау барысында оқушы әлсіз, ұяң кейбір жерлерін ұмытып, өзінің шынайы қалпынан басқа адамның кейпіне келеді. Аяғында жұмысының нәтижесінен рахат табады, осындай бөгде кейіпкерлердің жан дүниесіне ене келе кемшілік жерлерін байқайды. Қоғаммен байланысты мінез- құлық, дағдыны қалыптастырады. Тапсырма қиындаған сайын ол өзінің күш жігерін, іскерлігін түгел пайдаланады. Тапсырманы қайтсем дұрыс орындаймын деген ой, оның басқа жағымсыз факторларының қабаттасуына мұрша бермейді. Бұл мен емес, менің кейіпкерім деген- міндет оның ойынша қол жеткізу мүмкін емес болып көрінетін әрекеттерді орындауына мұрсат береді. Осылайша түрлі кейіпкерлерді сомдаудың барысында өзіне тиесілі сенімділік пайда бола бастайды. «Сана арқылы санасыздыққа, ерік арқылы еріксіздікке, шарттыдан шартсыздыққа» ауысу үрдісі жүреді. Режиссура классиктері; К. С. Станиславский, В. Немирович-Данченко, В. Мейерхольд, А. Таиров, А. Папов пластика іліміне зор көңіл бөлген. Атақты режиссер, өнер қайраткері халық әртісі, профессор Маман Байсеркенұлы өзінің «Сахна және актер» атты кітабында «Ерттеулі аттай көз тартар ерекше бітім, адам тәнінің көркемдік қасиеттері жойылып барады. Әсемдіктің орнына әсемпаздық, сұлулықтың орнына сұмпайылық, көріктілік орнына кердеңдеушілік, адыраңдаған, едіреңдеген, ербеңдеген тұрпайы қимылдар мен қозғалыстар көбейіп кетті. Соның салдарынан сөз бен сымбаттың келісімділігі өзара үйлесім өрнегін таппайтын болды»- деп ренішпен жазады. Сол секілді оқытушылардың тек сөз әрекетімен ғана емес тұлға қимыл-әрекетімен де жаттығуы керек екенін естен шығармаса дейміз. Егер жазушы алдына белгілі бір мақсат қойса, ол оның сол тақырып жөнінде айтайын деген идеясы болып есептелінеді. Режиссерлерде де көкейкесті мақсат болады, сол іспеттес оқытушылардың да ашылатын жаңа тақырыбының негізгі түйіні мақсаты, идеясы бар. Оқушыларды шығармашылық ізденісі арқылы көру, есту зейіндерінің көлемін кеңейтіп дамыту барысында ойын, арифметикалық есептеу, тіл мәдениеті, дауыс тембрі, дұрыс қимыл, әдемі жест, қарапайым қимылдар, орындықта шусыз отырып тұру, аяқтың адымын дұрыс алу т. б. әрекеттерге арналған жаттығулар жасалынады.
Педагогика пәнінде тақырыптар өте бай. Мысалы; «қанатты сөздер» тапсырмасында оқушылар сабақ соңында оқып шыққан мәтіндерден, қай оқушы қай жерде оқу мәнерін бұзды, қай сөзде дыбыс екпінін дұрыс қоймады, деген кемшіліктерді талдаумен сабақты аяқтайды. Қай кезде рөлдік ойындар ойналады. Мысалы: сот, хатшы, айыпталушы, адвокат, куәгерлер т. б. Бұл рөлдік ойындар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, пікір таластыру мәдениетін, сөйлеу мазмұндылығына құралады. Онымен қоса образдық талғам, сенімділік, жест, мимика үйлесімділігі де есепке алынады. Ойын сабақ соңында ойналып, талданады. Әрине оқушылар кәсіби әртіс боламғандықтан олар кейіпкерлерді шамалары келгенше, өз қиялының зердесі жеткенінше сомдайды. Дегенімен, өз тәжірибиемнен біліп түйгенім, олардың жастық жалындары, білуге, үйренуге құштарлығы, адами тазалығы жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен нәтиже береді.
Білімгерлердің әр дайындықта (репетицияда) кейіпкерлеріне жаңа мінез (образ) жасау арқылы біреудің жан- дүниесіне кіруге үйренеді, өздерінше философиялық тұрғыдан талдау жасайды. Бізге белгілі кәсіби деңгейді көтерудің мынадай салалары бар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz