Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы
Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Ақша айналысының ақша заңы. Ақша айналысының ақша массасы және жылдамдығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе
Ақша айналымы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық және тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымына және қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қолсыз ақшасыз айналымға бөлінеді.
КСРО тұсында ақша айналымы және ақша айналысы ұғымдарының арасында нақты шекара болды.
Ақша айналыс тек қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіакерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алады.
Осы заманғы нарықтық жағдайда ақша айналымы және ақша айналысы ұғымдары бір-бірімнен осылайша теңесті. Ақша айналысы - бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттағы қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы екі формада бөлінеді: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупін де сетен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай қиындық болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективті негізі болып табылады.
Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде елдің аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты болады.
Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресусртарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттық банктен алады.
Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеді. Банктегі шоттарға ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің кіріс және шығыс кассалары болады.
2.1. Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы

Сондай-ақ, ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынастарында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру үшін пайдаланады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін - ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен байланысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысыны пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жүзеге асады.
Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады.

Осылайша, бүкіл ақша айналымына және қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қолсыз ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген ретунде де бөлінеді:
- Тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;
- Еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.
Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың қаржысының жиынтығын білдіреді. Қолма-қолсыз ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмұнын құрайды.
Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс кұралы кызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші колға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, акша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта аспайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал баска нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі акщаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, акшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне кызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс кұралы крызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
· Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
· Оны идеалды ақшалар емес, накты ақшалар орындайды;
· Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар -- ақша белгілері орындайды. Бірақ бұл несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы кызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер акшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың кұнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы ретінде. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем акрі түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да кызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарларды және кызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- чек акрі төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке к,атысты к,аржылык, міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша
борыштық міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелер;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған кызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның кұн өлшемі және айналыс құралы ретінде кызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақша айналымын ұйымдастырудың принциптері
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мелекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР Ұлттық банкі) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтылығын дәлелдеп берді, ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысыныа жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадый принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
- барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтауы керек;
- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарыды шегеру жолымен жүзеге асырылады;
- есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың несие құралы бола алмайды;
- төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды рөлді атқарады.
Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол ақшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.

Ақша айналысы тек қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіакерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алады.

Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі поцесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.
Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табыладығ яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.
Қолма-қол ақшасыз айналым мәні және артықшылықтары.
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екіге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым . Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз керек. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы-несие мекемелерінің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, еоммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшаданпошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады., сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
- ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға, несие қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;
- ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынылуын кемітеді;
- ол трансакциялық шығындардың кемуіне мүмкіндік тудырады;
- ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және қаражат айнгалымын шапшаңдатады;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады.
Есеп айырысушылар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек:
- төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі.бұл принцип әлеуетті клиентке қызмет көрсету мәдениеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ келісімшарттардағы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
- Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру принципі, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай: шот иесінің шоттағы қаржатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражатың шегінде төлем үшін жүзеге асырылады. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің өтімділік принципін білдіреді.
- Төлемнің мерзімдік принципі. Бұл принциптің экономикалық мағынасы мынадый: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.
- Барлық есеп айырйсуға қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне бақылауды жүзеге асыру принципі.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік және валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды және жеке тұлғаларға ашылады.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот келісімшарты - екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа несие мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа оперциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір серзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және анқты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Клиринг - бұл заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара шегеруіне негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.
Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз айналым жасау формалары
ҚР қолданыстағы заңына сәйкес қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылады:
- төлем тапсырмалары;
- аккредитивтер;
- чектер;
- вексельдер;
- пластикалық карточкалар.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын шаруашылық келісімшартында өздері анйықтайды. Есеп айырысу бойынша бір-біріне қоятын талаптарды (притензия) екі жақ банкті қатыстырмай өздері қарастырады, даулы мәселелер сотта және төрелік сотта шешіледі.
2007 жылы екінші деңгейдегі банктер мен АҚ Қазпошта үшін 36,0 триллион теңге сомасында 57,0 млн. жүргізілді (кесте 1).
Кесте 1. Төлем құралдарының құрылымы
Төлем аспаптары
Құрылымы,%
саны
сомасы
Төлем тапсырмасы
41,3
96,8
Төлем талап-тапсырмасы
0,1
0,2
Чектер
0,4
0,6
Шот банкілерін тікелей дебеттеу
0,3
0,02
Инкассалық өкім
0,4
0,7
өтелген вексель
0,003
0,05
Төлем карточкалары
57,4
1,7
Қортындысы
100,0
100,0
ҚР Ұлттық банк Хабаршысының мәліметі бойынша, 2007 ж.
Аккредитив дегеніміз - импортердің нұсқауына сәйкес және соның талабы бойынша экспортерге төлем жасаудағы банк міндеттемесі.
Халықаралық есеп айырысуда аккредитивтің әртүрлі түрлері қолданылады:
а) өзгермейтін және қайта шақырылатын;
б) бекітілген және бекітілмеген;
в) аудармалы (трансферабельді);
г) револьверлі (қайта қалпына келтірілетін);
д) жабылған және жабылмаған;
е) құжаттық және ақшалай;
ж) резервтік.
Аккредитивке бұйрық немесе нұсқау беруші - сатып алушы (импортер) болып табылады.
Аккредитивте келесідей реквизиттер болуы керек:
1) экспортер мен банкінің аты және адресі;
2) аккредитивтің қайта шақырылу мүмкіндігі;
3) аккредитив сомасы;
4) түсіру құжаттарының түрлері;
5) тауардың нақты белгілері, бағасы, көлемі;
6) жеткізу шарттары,
7) жеткізудің жоғары мерзімі.
Экспортер үшін ең ыңғайлы және сенімді болып құжаттық аккредитив саналады.
Есеп айырысудың аккредитивті формасы дегеніміз - кәсіпорындар мен ұйымдар арасында тауарлы-материалдық құндылықтарды және аккредитив арқылы көрсеткен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі.
Сыртқы сауда келісімдерін жүргізу кезіндегі құжаттық аккредитивті қолданумен жасалатын есеп схемасы:
1. экспортер импортерге шот жазады;
2. импортер өз банкіне экспортер атына аккредитив ашуды сұрайды;
3. импортер банкі аккредитив ашып, экспортер банкіне хабарлайды және экспоретрді құлаққағыс қылады;
4. экспортер импортерге тауар жібереді;
5. экспортер өз банкіне тауарды бөлу туралы құжаттарын жібереді;
6. экспортер банкі экспортерге төлем жасайды;
7. экспортер банкі құжаттарды импортер банкіне жібереді;
8. импортер банкі экспортер банкіне төлем жасайды;
9. импортер тауар құжаттарын алғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін өз банкіне төлем жасайды;
10. импортер банкі импортерге тауар бөлу құжаттарын береді, жүк келген кезде импортер оны алады.
Сызба 1. Аккредитивті қолданумен есеп айырысу сызбасы
Чек берушінің чекті ұстаушыға чекте көрсетілген ақша сомасын төлеу туралы төлеушіге беретін сөзсіз жазбаша ұсынысы чек деп аталады. Чек беруші - бұл тауар үшін төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Чек ұстаушы - бүл чек бойынша төлемді алатын заңды тұлға. Чектер есеп айырысу чегі және ақшалай чек деп бөлінеді. Есеп айырысу чекі (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады) төлем тапсырмасы секілді төлеушімен рәсімделеді, алайда төлем тапсырмасынан айырмашылғы чек төлеушіден заңды тұлғаға - төлемді алушыға шаруашылық операциялар іс жүзінде асырылған сәтте беріледі. Содан кейін чек төлемді жүзеге асыратын банкке беріледі.
Есеп айырысу чектері жабық және ашық болады. Жабық чек - бұл есеп айырысу чегі, онда чек беруші қаражатты чек бойынша төлемді кепілдендіретін жеке банк шотына алдын ала сақтап қояды. Ал, ашық есеп айырысу чегі бойынша төлемге банк кепілдік береді.
Ақшалай чектер чекті ұстаушыға банктен қолма-қол ақша төлеу үшін қолданылады - мысалы, еңбекақы, шаруашылыққа қажетті қаражат, іссапар шығыны, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу.
Қазақстандағы карточка жүйесі - қазіргі ақша айналымының ерекше түрі
Пластикалық карточкалар магниттік жолағы бар карта және микросызбамен құрылған карта деп бөлінеді.
Есеп айырысу пластикалық картаны пайдаланатын субъектілерге мыналар жатады:
- карточканы ұстаушылар (клиент, пайдаланушы) - карта берілетін тұлға;
- карта эмитент-банкісі - карта эмиссиясын (шығаруын) жүзеге асырады;
- эквайер-банк - картаны ұстаушыға қызмет көрсететін жәнен сауда-саттық кәсіпорындармен олардың өз қаражат есебінен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк;
- есеп айырысушы банктер;
- дүкендер мен қызмет көрсетуші кәсіпорындары;
- процессингтік орталық - төлем жүйелерінің технологиялық ядросы болып табылатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Микросызбалық пластикалық карта шамамен осы сызба бойынша өтуі ықтимал. Арадағы айырмашылық тексеру процесінде ғана, ол on line (процессинілік орталықпен тікелей байланыс) режимін қажет етпейді, сауда нүктесінде дербес жүзеге асырылады.
Сызба 2. Магниттік жолағы бар карталарды пайдалану мен есеп айырысудың сызбасы.
1- клиентке карточканы рәсімдеу және беру;
2- сатып алу төлемі үшін карточканы ұсыну;
3- қолданыстылығы (қолданысқа жарамдылығы немесе жарамсыздығы) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz