Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы

1-лекция. Қоғамдағы ақпарат түсінігі
1. Ақпарат ұғымы
2. Ақпараттың тарихы, анықтамалары
3.Ақпарат хабар, хат ретінде
Ақпарат (лат. informatio -- түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал "ақпарат" сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
"Ақпарат" термині латынның INFORMATION - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез-келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы - оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады. Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.
Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі - ол бар адамға интуитивті түсінікті, екінші жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан ақпарат туралы ұғым қолданылады. Ақпарат термині латынның informatio - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан.
Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. Кең мағынада философиялық тұрғыдан, ақпарат - біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
Ақпарат - қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар - заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін "ақпарат - хат" моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, "мыңдаған биттерден тұратын ақпарат" деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады (төменде қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым - Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше, пайдасыз болып табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір ақпарат қамтылмайынша, жарамсыз болады.
Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда "жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері" екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы - реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады...[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон "Жиі хабарлардың мәні бар... бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы - нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында" (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ".
Қазір ақпарат сөзі күнделікті тұрмыста, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т. б. салаларында кең қолданылады. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.
Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата- аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Ягни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.
Ғалымдардың деректері бойыншабіз ақпараттың 81% -ын көру арқылы, 10%- ын - есту, 4%-ын - иіскеу, 3%-ын - дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз. Сонымен қатар әрбір адам жеке-дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музиканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінесіңдер, әлдекім біреу айтап берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.
2-лекция. Қоғамдағы ақпараттық үрдістер
1. Ақпараттық саясат
2. Ақпараттық технология
3. Жаңа информациялық технологиялар
Қазіргі қоғамда үш дәстүр -- бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде.Информациялық дәуірдің және оның коммуникативті сипаттамасының ерекшеліктері қарқындауда. Бүгінгі таңда информацияны екі деңгейде -- әлеуметтік-мәдени жаңғырудың және әлеуметтік субъектілердің арақатынасының жүйелі тәсілі ретінде қабылдау қалыптасқан. Ал бұқаралық медиа саясаттың қуатты құралына, идеологияның кең таралған көрсеткішіне, әлеуметтік-мәдени практиканың жалпылама түріне айналуда. Қысқасы, ол адам іс-әрекеті мен өркениеттің барлық саласында шешуші стратегиялық факторға айналуда. Батыста тіпті информацияны кім иемденсе, билік сонда (3.Ж.-Ф. Лиотар) деген пікірде кең таралған. Тегін айтылмаған сөз.
Себебі БАҚ адамның өмірлік кеңістігінің қалыптасуына ықпалын арттыруда. Ал кезкелген адам қазіргі БАҚ-ң ықпалын күн санап тереңірек әрі саралап сезінуде. Сезімталдық қос заңдылықты айқындауда: 1. Адамның ұнату қабілеті жаңғырған, күшейген және кеңейген сайын БАҚ жүйесінің реттеуші және бақылаушы рөлі шектелінуде; 2.Өзінің ішкі дүниесін ұйымдастыратын, үйлестіретін, ұстайтын адам ақпараттың шашыранды ықпалына ұрына бермейді. Содан әр әлеуметтік орта мен идеялық жүйеде басқа коммуникативті-мәдени жағдайдың қалыптасуы, сыртқы насихаттық ықпалдың күшеюі аңғарылады. Осыдан ХХ ғ. ортасында Г. Лассуэл: бұқаралық коммуникацияның негізгі функциясы -- ортаны бақылау, қоғамның түрлі бөліктерін реттеу және әлеуметтік-мәдени мұраны жеткізу деген тоқтамды ұсынды.
Ұсынысқа халықаралық деңгейдегі ұлттық бірлестіктің және қоғамдық ұйымдасудың қарқынын жеделдету, өлкелік бетбұрыстардың адамдық өзгерістерін қалыптастыру және бағалау қажеттілігі себеп болды. Осы бағытта БАҚ-ң атқарар қызметі қыруар. Әсіресе жаһандану сарынында, әлемдік дағдарыс иірімінде БАҚ-а деген талап күшеюде. Халық а) қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы объективті мәліметтерді дер кезінде есіткісі келеді; ә) БАҚ-н ендігі адресті кеңістікте жүйелі әрі тиімді қызмет етуін күтуде. Тіпті ақпарат жүйесіне, оның басты ұғымдары мен қағидаларына деген субъективті (қауымдастық, қоғамдық, партиялық, тіпті индивидуальды) көзқарастар мен талғамдар кең таралуда, әрқалай өрбуде.
Байланыстың қазіргі жаңа құралдары әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың мәдени құндылықтарын жан-жақты және жедел айырбастауға нақты мүмкіндіктерді кеңейтуде. Информациялық айырбастың салдары әрқалай. Байыбына барсақ, информациялық айырбас а) жеке адамның дүниеге деген өзіңдік түсінігің басқа дәуір мен халықтардың тәжірибесі арқылы тыңайтады; ә) индивид пен бұқаралық топтардың мәдени кескінін қалыптастырудың мүмкіндігін кеңейтеді; б) қоғамдық дамудың заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік тудырады, көмектеседі.
Ақпараттық саясат - қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық және т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпараттық саясатты бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әрқилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік технологияларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес Ақпараттық саясат ұстанады. Мемлекет тарихындағы түбірлі реформалық өзгерістерге орай дұрыс таңдап алған Ақпараттық саясат қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік материалдық-рухани құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге қызмет етеді.Анықтама бойынша технология дегеніміз -- материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз -- түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге технология түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында технология ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.Ақпараттық технология деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: Ақпараттық технология дегеніміз -- ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер. Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз -- ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: Ақпаратгық технология дегеніміз -- ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы. Д.Матрос жаңа ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз -- бұл ақпараттық технология.Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі компьютерлік технология терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. Технология ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз. Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі: - ақпаратты жинау; - ақпаратты жеткізу; - ақпаратгы өндеу; - ақпаратгы жинақтау; - ақпаратты сақтау; - ақпаратты ұсыну; - ақпаратты паидалану; - ақпаратты қорғау. Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет: - ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені; - техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі; - техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдарыҚоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін тарылатуда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.Жаңа информациялық технологияларКәдімгі ииформациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және уйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар жөне әртүрлі қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз -ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын өр түрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер. Жаңа информациялық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген элсктрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі төсілдер жиынын айтатын еді.Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру, технология үғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді үйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген ссы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны қайта күру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлде қайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі "технология" ұтымға аз дегеннің өзінде үш компонгнт - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорларылар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т. с.с. мүмкіндіктері бар, компьютерлік техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын калай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар алу қажет болады.ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің ретгілігі мен ережелерің және оған косылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды.Кез келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптеген программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларым танысудан басталады.3-лекция. Ақпараттық процестер және оның моделдеріАқпараттық процессАқпараттық модель3. Модельдеу жүйесіАқпараттық процесс - бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады. Ақпаратты қабылдау - техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі. Ақпаратты жинау - сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару - арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады. Ақпаратты өңдеу - қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу. Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады. Ақпараттық процестер - ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және тасымалдау әрекеттері. Ақпараттық процесс - ақпаратпен жүргізілетін әрекеттер тізбегі (деректер түрінде, мәліметтер, идеялар, болжамдар, теориялар және т.б.), бұл әрекеттер белгілі бір нәтижелерге жету үшін жасалады. Ақпараттық процестердің негізгі нысаны және ӛнімі - ақпарат. Ақпараттық процестер әрқашан белгілі бір жүйелерде жүреді (қоғамдық, әлеуметтік, техникалық, биологиялық және т.б.). Бұл ақпаратты түрлендіруге байланысты кез-келген процестер. Ақпаратты жасау Ақпаратты өңдеу, ақпаратты іздеу, ақпаратты кодтау, ақпаратты сақтау ақпаратты тасымалдау.Модель - қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен өрнектеліп, шамамен сипатталуы. Ақпараттық модель - объектінің, процестің, құбылыстың күйін және қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттың жиынтығы. Ақпараттық модель былай жіктеледі: :: Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен). :: Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген формальді тіл арқылы). Ақпараттық модель (Информационная модель; information model) -- 1) басқару жүйесінде -- автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2) қ. Мәліметтер моделі; Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: -материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішіріейтілген үлғайылтылған көшірмелері;-бейнеленуші модельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);-ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады. Ақпараттық модель (Информационная модель; information model) -1) басқар жүйесінде - автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпаратайналымының процесін параметрлік ұсыну;2) мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтерқұрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың,сондай - ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардыңөзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағықатынастарды матемаетикалық және программалық тәсілдермен ұсыну;ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операциялардыформалдық баяндау [1].Ақпраттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға - яғни, бір нәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдушыларда модельдер түрлі "физикалық" тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроектторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Ақпараттық модель - модельденуші объектінің ақпары.Модельдеу жүйесі (modeling system) - зертелетін жүйенің немесе оның элементтерінің математикалық және физикалық анологтарын құру және талдау. Модельдік тәжірибе зерттеу тәсілі реттінде жүйенің жанғыртуға және зерттеуге мүмкіндік береді, ал зерттелетін жүйеге тікелей тәжірбие жүргізу қиын, немесе экономикалық түрғыдан тиімсіз болуы мүмкін[11].Табиғи объектілерді ешқандай модельдің толықтай бейнелей алмайтындығы белгілі. Табиғи объектілердің элементтерінің арасындағы байланыстардың көбінесе белгісіз болуы олардың күрделілігін айқындайды. Сондықтан табиғи объектілердің модельдері түпнүсқаға қарағанда қарапайым болады. Адамдар тарапынан құрылатын объектілерде мұндай жағдайлардың толық ескерілмеуі мүмкін.Бірақ модельдеу барысында модельдеу мақсаты тұрғсынан қажетсіз детальдар еленбейді. Адамның практикалық, ғылыми қызметтерінде жұмыс істеуіне тура келетін объектілердің қандай да бір алмастырушысын құрады. Мүның табиғи көшірме - картина скульктура; самолеттің ұшу қасиетін зерттеуге белгіленген макеті; қандай да бір бұйымның партиясын дайындауға арналған үлгісі болуы мүмкін.Адамның оқып үйренетін объект туралы ақпараттық модельінің негізін құрайтын қажетті ақпараттарды жинақауы қажет.Практикалық есепті шешу тұрғысынан модельдерді пайдалану оқып үйренетін объектілердегі модельдеудің мәнін, мазмұнын демострациялауға мүмкіндік береді.4-лекция. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым - информатика1. Ақпарат түрлері және қасиеттері2. Негізгі міндеттері3. Ақпараттың құрылымы мен қасиеттеріИнформатика -- есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, турлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады::: есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;:: есептеу техникасы кұралдарының программалық жасақтамасы;:: аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;:: аппаратық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары. Аппараттық және программалық кұралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.Информатиканың негізгі мәселесі -- есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады. Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінін құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады::: есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);:: есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);:: программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);:: мәліметтерді түрлендіру;:: ақпаратты қорғау;:: автоматтандыру;:: стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программалық құралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету). Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады. Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі- құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы - адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады. Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, бес сөзінің жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады. Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да бөдуге болады. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі. Жалпы түрде ақпарат дегеніміз - ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.Ақпарат термині латынның informatio - түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтауға болады.Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді::: Қарапайым - бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.:: Биологиялық - өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.:: Әлеуметтік - қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады::: визуальды - көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;:: аудиальды - дыбыс арқылы таратылады;:: тактильді - сезім арқылы;:: органо-лептикалық - иіс және дәм арқылы;:: машиналық - есептеу техникасының көмегімен таратылады.Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар.)2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай::: оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;:: құрылымдылығы - түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді.:: пайдалығы ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.:: құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен, пайдалылығымен анықталады.ХІХ - ХХ ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез - келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып - ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп - білуге мүмкіндік тудырды.Ақпарат тек қарым - қатынас нәтижесінде алынып қоймайды. Оны адам миы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды өңдеу процесінде де тууы мүмкін. Мысалы біздің футбол командамыз қатарынан үш рет жеңілді деген хабардан кейін біздің команда жақсы командалар қатарында емес екен деген ой туады.Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол тек сөзбен жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар. Ақпарат қарым - қатынас жаса, өз бетімен ойлану, зерттеу және т. б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады.Ақпаратқа үзілді - кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған орта туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады. Неігізінде ол ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы арқылы түсіндіріледі.Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.Ал кімде - кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады. Ал ақпарат тасушы: сынып тақта, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организм), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.Мәліметтер -- ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.Мәліметтерге қолданылатын амалдарАқпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады: мәліметгерді жинау;:: мәліметтерді қалыптастыру;:: мәліметтерді сүзгілеу;:: мәліметтерді сұрыптау;:: мәліметтерді топтастыру;:: мәліметтерді архивтеу;:: мәліметтерді қорғау;:: мәліметтерді тасымалдау;:: мәліметтерді түрлендіру.Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін кұрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондыктан оны автоматтандыру қажет деген корытындыға келеміз.Мәліметтердің негізгі құрылымы, егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.Мәліметгердің сызықтык құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді аныкталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.Кестелік қүрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесш еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.Иерархиялық құрылымды мәліметтер, тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады. Иерархиялық кұрылымды мәліметтер.Файлдық кұрылым, мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған. Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.5-лекция. ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры.Білім ақпараттық қоғамда Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялар бағыттарыАқпараттық құзіреттілік Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру - бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. 2. Ақпараттық мәдениет орталығы. Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп: 1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.2. Оқушы жеке жұмыс жасайды. 3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.Коммуникация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: а) электронды оқулықтар; ә) телекоммуникациялық технологиялар; б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: :: Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web - сайттар ашу; :: Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; :: Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар). :: Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz