АЛҒАШҚЫ САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАРДАҒЫ АКТЕРЛЫҚ ОЙЫН

Аға оқытушы А.Сейтметова
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы
Қазақтың актерлік өнерінің туу, қалыптасу және даму кезеңдерін халық шығармашылығынан бөле-жара қарауға болмайды. Біздің актерлік өнеріміз халық шығармашылығының ұланғасыр дәстүрінің дамуы мен жалғасы деп қарастырсақ жаңылыспайтын сияқтымыз.Сол кездегі театр труппасының негізін қалағандар да ел арасына кеңінен тараған халық өнерінің қайталанбас хас шеберлері болды. Олар жаңа ғана тәй-тәй басып, дүниеге келген театрға орындаушылық өнерді өздерімен бірге ала келді. Сонымен қатар олар сахнаның талабына сай қал-қадірінше көптеген өзгерістер енгізіп, өздерінше дамытып, жаңа өнердің өзіндік бір түрлерін дүниеге әкелгені талас тудырмайды. Тұңғыш өнерпаздарымыздың актерлік өнердегі алғашқы қадамын, халық өнерінің шығармаларын орындаушылардың бәрінен байқауға болады. Ал драматургиялық шығармалардың тууы - бұл процесті мүлде жеделдетіп жібергенін дәлелдеп жатудың өзі артық. Пьесаның қолжазба күйінде-ақ немесе поэмалық шығармаларды сахнаға бейімдеу тәсілдерін қолдануын театр мен драматургия зерттеушілері дәлелдеп отыр. Профессор Р.Нұрғалиев "Қазақ драматургиясының барлық жанрларының негізгі қайнар көзі, алтын арқауы, күре тамыры ауыз әдебиеті, фольклордың сан алуан нұсқалары"[1] - дейді.
Театр тарихын зерттеушілердің дәлелдеріне қарағанда халық өнерінің шеберлері өздерінің тұңғыш қойылымдарынан бастап, жүктелген рольдерін шын мағынасында келістіріп орындап, кәсіби актерлік өнердің негізін қалады. Семейдегі "Ес - Аймақ", кейіннен "Жылжымалы губерниялық труппа", Орынбор, Омбы, Ақмола, Ташкент т.б. қалалардағы әуесқойлық театрларда актерлік өнердің сипатын танытатын спектакльдер қойыла басталды. Рольдерді орындаушылар көрермен қауымның алдына шығып, бірте-бірте сахнада әрекет жасауға дағдылана бастайды. Пьесадағы өмірді өзінің ой-түсінігінен өткізіп, жансыз кейіпкерлерге жан бітіретін актерлік өнердің алғашқы қадамы ұлттық топырақта басталғанын театртанушы ғалым Бағыбек Құндақбаев дәлелдеп шыққан. Рас, алғашқы орындаушылар өнерінде көркемдіктен гөрі еліктеушілік, күнделікті тірліктен сол "күйінде" көшіріп алуға, натуралистік суреттеуге көбірек иек артқаны ақиқат. Ұлттық театрдың алғашқы туу, даму, қалыптасу кезеңдеріндегі актер өнері негізінен халық өнерінің орындаушылық сипатына сүйенген. Халықтық кәусәр бұлақтан сусындаған талантты өнерпаздарға өзі көріп, біліп жүрген құбылысты парықтап, оған араласатын кейіпкерлердің бейнелерін суреттеу ешбір қиындыққа түспеген.
Алғашқы сахналық қойылымдарда негізгі салмақ көбінесе сөзге түсіп, ал әрекеттің нақты өзіндік формасы анықталмай тек сөзге ілесіп отырды. Ойналып жатқан сахналық көріністер көбінесе сөздің пластикалық иллюстрациясы тәріздес көрініп келді. Сөз бен әрекет арасындағы органикалық байланыс сахнада ұзақ жылдар аралығында қалыптасып барып бекіді.
Театр және актерлік өнер көпшілік қауыммен атқарылатын мерекелік құбылыс тәрізді туып, дамып келді. Көрермен қауымның орындаушылық өнерге, орындау шеберлігіне деген ілтипаты күннен күнге артып, уақыт өте сол қауымды өнерді түсінуге, қабылдауға, бағалауға тәрбиеледі.
Эпос, ән, ұлттық дәстүр, ақындар айтысы, халық арасынан шыққан әңгімешілер, сөз шеберлері театрдың құрылуы мен дамуына, есеюіне, қанаты қатып көтерілуіне тікелей нақты ықпал етті. Сонымен қатар жаңа туған сахналық жас өнер мәдени ортаны орнықтыратын, тұтас қауымды көркем-эстетикалық әсерге бөлейтін рухани қуаты күшті құбылысқа айналды.
Ал мемлекеттік театр ашылғаннан кейін де сахнадағы құбылысты "өмірдегідей" етіп көрсету, яғни натурализмнен бастау алып келе-келе этнографиялық дәлдікке бет бұру - актерлік өнер дамуының белгілі бір белесі, әуесқойлықтан кәсіпқойлыққа барар ілгерілеудің бастамасы болды. Бұл ілгерілеу, әрине әуесқой сахнадан бастау алғанымен, шынайы өнерлік сипатын Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш ұлттық театрдың әрбір қойылымын саралай отырып айқындауға болады. Мұндағы театрдың труппасына топтасқандар шетінен тума дарын, тамаша әнші-күйші, "сен тоқта, мен сөйлейін" деген халық арасынан шыққан майталмандар күрделі өнерге жылдам бейімделіп кетті.
Театр ашылғанда шағын пьеса немесе бір актысын ғана көрсетіп, артынан концерт беру сол тұстағы ұлттық сахна өнерінің басты ерекшелігі. "Туа актер болғандар" сахнаны жатсынбай орындаушылық өнерді бірден бастап кетті. Театрдың негізін қалағандар - шетінен халық өнерінің майталман орындаушылары.
Халық арасынан шыққан әңгімешіл қазақ пен бүгінгі актер арасында ерекше бір табиғи ұқсастық бар. Олардың көркем мәнерлі орындау өзгешеліктері бүгінгі актерлік өнердің заңымен, табиғатымен астасып-араласып жатыр. Шаршы топ алдында әңгіме айтушы өнерпаз халық алдында дара өнер тудырушы актер іспеттес қабылданып, бағаланып, қастерленіп келген.
Сонымен тұңғыш ашылған ұлттық театрдың алғашқы актерлері әуелі біраз дайындықтар жасап, репетиция үстінде пьесаның мазмұнымен танысады, ой бөлісіп, жеке кейіпкерлерге өздерінің пікірін білдіреді. Әрі қарай өздері талай көрген, естіген адамдардың кейпіне енуге тырысады. Жарқыраған тума дарындар М.Әуезов айтқан "қолайлы топырақта" шынайы актерге тән өнерімен көрінген.
Тұңғыш актерлеріміз өздерінің табиғи дарындарымен бірге, орындаушылық - театрлық элементтерге сипаттарға сүйене отырып, актерлік өнерді дүниеге келтірді.
Қазақ театрының Қызылорда кезеңінде драматургияның жанрлық сипатына қарай жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындайтын шеберлері болған. Актер соған машықтанып, әлгі кейіпкерлердің бейнесін барынша толық жасаған. Мәселен, М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек" қойылымы, оған қатысқандар театрға келмей тұрып-ақ сахнада талай рольдер ойнап, өздерінше тәжірибе жинақтаған, шаршы топтың алдына шығып жүрген халық өнерінің шеберлері.
Міне, енді трагедияның "билер қақтығысы" деп өздері ат қойып алған сахнасы кәсіби театрдың екінші қойылымы. ...Сахнаның құрылымы әдемі көмкерілген киіз үйдің іші. Өздерінің әлеуметтік дәрежелеріне қарай дөңгелене отырған билердің ортасында ерекше көзге түскен Қараменде екі жақтың дауын шешетін төбе би рөлінде. Бәрінің ынтасы ортада, бір-біріне алма-кезек өткір диалогтар тастап өліспей беріспейтін қызу тайталасқа түскен Еспембет пен Көбей бидің әрекеттеріне ауған, кім қалай сөйлейді, кім жеңеді, ел тағдыры қалай шешіледі, жұрт аңсары соған ауған.
Түсі суық, қабағынан қан жауған, қолындағы қамшысын салмақтай тастап, өткір де өктем сөйлеп отырған Еспембеттің ролін Серке Сералы Қожамқұлов ойнаған. Оның сөз саптауы мен қимыл-қозғалыстары ерекше. Оның кейіпкері сонау бала кезінен талай көріп, талай естіген билердің ішіндегі аса бір қатал да алғыры болып бейнеленген. Актер өз рөлінің әлеуметтік сипатын, сыртқы пішінін, психологиялық толғаныстарын барынша мол қарастырған. Оның алшақ басып сахнаға шығуынан кейіпкер бейнесіне лайық актерлік бейнелеу тәсілдері еркін көрініс береді. ...
Жан-жағына бұрылмастан, отырғандармен ерінінің ұшымен амандасып, өзіне тиісті орнына жайғасуынан ызбарлы да жайсыз бидің кескін-келбеті орындаушының өнерімен өріліп суретке түскендей көрініс берген. Белін шешіп, шапанының етегін тізесінің астына басып, тобықтыларға алара қарауынан даудың қантөгіссіз бітпейтінін сездіргендей. Айқастың шаңы көтеріліп қан сасығандай әсер қалдырады. Оның "...шолақ байталдың құйрығындай Тобықты үстемдігің асты деймін" [2] - деп басталатын әйгілі сөзінен ымыраға келмейтін дауды онан сайын ушықтырып жіберетін әрекеттері - актер ойынының драмалық арқауы. Екпіндетіп басталып өктем сөйлейтін Еспембет бидің қимыл-әрекеті еш жерде босаңсымай ширай түседі, "екінің бірі", - деп қарсыласын айтқанына көнбесе бүркітше бүріп алатын жыртқыштық кейіпке енуі - бидің табиғатына лайық суреттеу. Кәсіби актер шеберлігінің өмір шындығынан алынатын және ізденістен туатын нәтижесін өзі де: "сахнадан көрсетер барлық мінез-құлық, түр-түс, айла әрекеттер айналаңда жүрген адамдардың бойында бар емес пе. Ол үшін көңіл зеректігі керек-ақ. Ал енді, образ жасаудағы тағы бір басты мақсат әр рольдің өзіне тән үн табу. Рольдің үнін тапсаң әрі қарай өзінен-өзі келе береді. Тек сол үнді өршітіп, өсіріп, ширықтырып шыңдай білу керек" [3] - деп атап көрсетеді.
Зерттеушілердің айтқандарына қарағанда актер әрбір қойылым сайын өз ролін тың бояулармен толықтырып отырған көрінеді. Шеберлігінің қалыптасуына ерекше ықпал жасаған бұл роль С.Қожамқұловтың атын әйгілейтін сахналық табысы, келешектегі актерлік ізденістеріне жол ашқан шығармашылық адаспас компасы болды. Осы сахналық бейнесімен-ақ С.Қожамқұлов ұлттық актер өнерінің өзіне тән мектебін жасауға мол үлес қосты.
Енді осыған қарама-қарсы Көбей бидің тұңғыш сахналық бейнесіне тоқталып көрейік. Бұл рольді ойнаған Қ.Қуанышбаев табиғатынан актерлік өнерге бейім, сахна үшін жаралған жан екенін танытты. Көбей оның мемлекеттік театрдағы актерлік өнерінің бастамасы. Пьесаның мазмұнына қарай сөзге шешен, "көмей бидің" бейнесін жасауда өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйенді. Ол өзі Арқада жұртты күлдіріп, ән салып, сауық құрып жүрген кезінде небір сойқан билер шайқасын көзімен көрген, кейбір бай-манаптар мен билерді өзі де әжуа-мысқылға алып жүрген тұстары болды.
Енді міне, солардың бірі - Көбейді өз руының айыбын іштей сезінгенімен өз "тентегін" қызғыштай қорғап Тобықты елінің намысын қолдан бермеуге ұмтылған бидің табиғатын нанымды ашқан. Актер ең алдымен би араласатын оқиғаның мән-мағынасына жетік, оған қатысатын билердің сыр-сипатына, мінез-құлқына, қимыл-әрекетіне іштей қанық, ар жағынан табиғи дарыны мен ішкі түйсік арқылы қисынды жолмен-ақ алып кеткен. Ол Көбейдің сөзге жүйрік, аспай-саспай, ойланып айтатын байсалдығына баса көңіл аударған. Оның Еспембеттің қисық, қыңыр, содыр сөздерінен именбей әзілге айналдыра астарлай сөйлеудің өзі көпті көрген көне көз бидің, жақсыны да, жаманды да алыстан болжайтын көреген бидің кескін-келбетін келтірген. Қ.Қуанышбаевтың байсалды да салмақты жүріс-тұрысынан ойлылық, сабырлылық аңғарылған. Ол Еспембет аузымен айтылатын мақал-мәтелге толы шешендік сөздерді емеурінінен-ақ танып, соған орай бұл да өз өнерін асыра көрсетуге ұмтылады. Ол бидің іштей тынымсыз арпалысына көңіл бөлген. Актердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz