Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға үйрету жолдары

Қабатай Б.Т. - п.ғ.к., доцент
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бастауыш сатыдағы Ана тілі пәнінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру (дауыстап оқу мен іштей оқу; дұрыс оқу, саналы оқу, мәнерлеп оқу) екендігі аталып өтілген (1,49). Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі - мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсініп оқу керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Ендеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі - мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Профессор С.Рахметованың анықтамасына сүйенсек, мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл күйін сезіне оқи білу (2, 67). Біз зерттеу жұмысымызда осы анықтаманы басшылыққа ала отырып, мәнерлеп оқудың қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тыңдаушысына әсерлі етіп жеткізу деген тұжырымға тоқтадық.
Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жөн. Оқудың, сөйлеудің мәнерлі болуы дұрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесіне ауаны керегінше жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті түрде дем алып, орынды пайдалана білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ.
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде даустың ажыратылуы дауыс шымылдығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдығына пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады.
Зерттеуші С.Желдербаеваның Мәнерлеп оқу деген кітабында балаларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру жұмыстарының түрлері келтіріледі. Атап айтсақ:
- мұғалім әңгімелесу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады;
- сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру. Ол үшін мұғалім әрине, сөйлеу техникасына нелер жататынын білуі тиіс. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.
Дыбыстау мүшелері негізі үш бөліктен тұрады:
1. Өкпе
2. Тамақ
3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы) (3).
Өкпенің атқаратын қызметі өте зор. Өкпе кеуде кеңістігіне орналасқан тыныс мүшесі. Ауаны ішке таратқанда өкпе үлкейіп, кеудені керіп тұрады да, ауаны сыртқа шығарғанда семіп қалады. Оқудың, сөйлеудің әсерлі де мәнерлі, құлаққа жағымды естілуі тек қана дұрыс, еркін дем алуға тікелей байланысты. Еркін дем алмаған жағдайда сөз анық естілмей, сөйлем мағынасы сақталмай, бір сөйлемнің аяғы екінші сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден басталғанын ажырату қиынға түседі. Сондықтан дем алу ерікті дем алу, еріксіз дем алу болып бөлінеді.
Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаның жоғарғы жағы көтеріліп, қабырғаның төменгі жағындағы бүлкілдек еттері (диафрагма) қозғалысқа түседі.
Еріксіз дем алу көбіне сөйлеу тілінде асығыстықтан, жүріп келе жатып сөйлегенде жиі кездеседі.
Сөйлеу мүшелерінің физиологиялық құрлысында кемшіліктер болмаса, дауыс таза, күшті шығады. Ал сөйлеу мүшелерін күтпей, суыққа шалдырса, дауыс қырылдап, өз дауысы немесе міңгірлеп, түсініксіз болуы мүмкін (4).
Әр адамның өз дауысы болады, өткені әр адамның өзінше анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар.
Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр.
Сөйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр.
Құмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола береді деген сөйлемдерде көтеріңкі дауыстап оқылатын сөздер - бір сыныпта, күн сайын, екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер - құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі.
Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны (темпі) орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды.
Ал дауыстың тембрі (құбылуы) тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Құбылта оқу шығарманың мазмұнына дұрыс түсінгенде ғана іске аспақ.
Дауыстың құбылуын, әсіресе мысал жанрында берілген көркем шығармаларды оқығанда анық байқауға болады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция сөйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің, дикция ашық, таза болуы керек, сөйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысында оны дұрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, түрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жөн. Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы-интонацияның орны бөлек. Көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кеціпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жан-дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.
Олар дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері сөйлеу (мелодия) нормативтік дауыс ырғағы.
Дауыстың күші, темпі (қарқын), тембрі туралы жоғарыда түсінік беріліп кетті. Енді қалған элементтеріне қысқаша түсінік берелік. Интонацияны сақтауда кідірістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер (пауза) логикалық, психологиялық, грамматикалық болып үшке бөлінеді. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болатын жеке сөз, не сөз тіркестері болады. Бұл сөздер сөйлемдегі басқа сөздер мен сөз тіркстерінен көтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Мұндай сөйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сөздерге логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерлі оқылуы керек. Мысалы, Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:
- Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. (Қазақтың халық ертегісінен).
Бұл сөйлемде логикалық кідіріс Сүлеймен деген патша, сен, қарға, бір күнде деген сөз тіркестерінен соң жасалады. Өйткені, ой екпіні осы тіркестерге түсіп тұр.
Логикалық кідіріс жасап, ой екпінін дұрыс білу үшін сөйлем мағынасына, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білу керек.
Психологиялық кідіріс текстің мазмұн-мағынасына, ондағы кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-кійінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда психологиялық кідіріс дұрыс жасалса, тыңдауы әрі қарай не болатынын тағатсыздана күтеді.
- Біраз сайрасам қайтеді?..., - деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті (Мақтаншақ жолбарыс).
- Бұл мысалда психологиялық кідірістер сайрасам қайтеді, жолбарыс, сайрағанды көрсетейін деген тіркестерден кейін қойылады.
Грамматикалық кідірістер - тыныс белгілеріне байланысты қойылатын кідірістер. Жазуда белгілі бір нормативті басшылыққа ала отырып сөйлемге тыныс белгілерін қоямыз. Тиісті тыныс белгілерін сөйлемнің мән-мағынасына байланысты қою - сауаттылықтың негізі. Ал осы сөздерді оқуда тыныс белгі қойылған жерге грамматикалық немесе нормативтік кідіріс жасау мәнерлеп оқудың негізгі шарты. Әрбір тыныс белгіге кідіріс өзіндік ерекшелігі бар. Хабарлы сөйлемнің соңында қойылатын нүкте кілт тоқтамай, сөз соңындағы сөз не тіркес баяу созылыңқырай оқытылады. Сол сияқты бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға арнайы тоқталып, кідіріс жасамаса, бастауыштың синтаксистік қызметінің өзгеріп кетуі мүмкін. Ол - инженер Асыл. Ол инженер - Асыл. Бірінші сөйлемде ол сөзі бастауыш болса, екінші сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшаңдығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі - оқушылардың бір минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі.
Мысалы: 1-сыныпта-15-20сөз, 2-сыныпта-25-30 сөз, 3-сыныпта-60-75 сөз, 4-сыныпта-80-90 сөз (5).
Бастауыш сыныптарға арналған Ана тілі оқулықтарында(6) көркем мәтіндер қара сөзбен және өлең түрінде берілген. Бұл екі шығарманың ұқсастығы - екеінің де белгілі бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой - сезіміне көркем сурет арқылы әсер, т.б. Өлең мен көркем қарасөздің өзара жақындығы мен қатар, айырмасы да үлкен. Мысалы, С.Бегалиннің Қырдың жас түлегі әңгімесінде келтірілген Сібір өлкесіне көңілді көктем келді. Бұл кезде қала халқының назары Ертіс бойында болады. Өзенін қыста өркеш-өркеш болып жатқан мұздары еріп, сел жүре бастайды.
Міне, бүгін Шоқан да жұрпен бірге Ертіс жағасына келді... Осы кезде оны алыстағы еліне деген сағыныш билеп кетті. Көз алдында жас туған төлдерге қуанысып, жапатармағай жүгірген балалар, қарбалас өмір елестеді. Құлағына құстың қуанышты қиқуы келгендей болды деген үзіндідегі көркем ой ақын өлеңдерінде қалай берілгеніне зер салайық.
С.Сейфуллиннің Наурыз өлеңінде:
Жүгіріп су асығып,
Қар еріп жатыр сылқылдап.
Жазбен келген құстар жүр,
Шаттанып жырлап сұңқылдап
Сумаңдап су сай - сайдан
Ағып жатыр сылдырап
Жас баладай алғашқы
Сөйлеген күліп былдырлап
І.Жансүгіровтың Май өлеңінде:
Апрель өтіп май жетсе,
Табиғатқа жан кірер.
Мұз бұзылып қар еріп,
Қара жерге әр кірер
Жыл құстары шулап, жер кепсе,
Жайраңдасар әркімдер.
Жылы суға билетсе,
Жайма шуақ әр күндер
Көктемде өлеңінде:
Тоғайда, көлде той қылып,
Қаптайды құстар жер-көкті.
Ауылдың малы малалап,
Айран шықты аз-көпті.
Манаурап мал, жан жадырап,
Жан-жануар мәз бопты.
Міне, көркем ой бір болғанымен, келтірілген өлеңдерді қара сөз оқығандай ырғақпен оқи алмаймыз. Ол біріншіден, өлеңнің құрылысының өзіне тән белгілі заңдылығына (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, бунақтардан тұратындығы) байланысты болса, екіншіден, өлеңнің лирикалық шығармаға жататындығы мен түсіндіріледі. Өлең сөздің қара сөзден құрылыс жағынан айырмасы - онда өлең сөзге тән өлшемділіктен туатын мөлшерлі ырғақ болады.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп Абай қойған талаптарға жауап беретін өлеңді дауыстап емес, іштей оқығанның өзінде оның үні, әуезділігі адам жанына әсер етпей қоймайды (7, 194). Жоғарыда аталған ақындар өлеңі - тербеліс сезімге толы табиғат лирикасы.
Лирика ақынның тек жеке өзінің көңіл-күйін, қуаныш-сүйінішін ғана емес жалпы адамзатқа ортақ сезімді білдіреді.
Лириканың өзіндік қасиеттерін түсіндергіннен кейін баланың оған деген көзқарасында, қарым-қатынасында белгілі бір сезім байқалады. Лирикалық шағармаларда ақын өз ойын, өз сезімін, өз күін тікелей кейіптеу сөздері арқылы жазады. Мұғалім баланың жүрегіне нәзік сезім мен ұшқыр ойды тұтата білгенде ғана баланың қызығушылығы артады.
Қорыта келгенде, стандартта атаап көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру - осы сатыдағы білім мазмұнына құрамдас бөлігі(1). Оқу сапасы, атап айтқанда, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдірудің негізгі жолы - жаттықтыру әдісі. Әрбір сабақта мәтінді оқуға жаттықтыру арқылы баланы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткізу мұғалімге үлкен жауапкершілік жүтейді
Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершілікке бастайды. Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту - оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ пәндік құзыреттілікке қол жеткізгеніміз.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі көрсетілген [1.].
Бастауыш сыныптарда ана тілі пәні - балалардың негізгі құралы. Оқыту арқылы тіл дамытуда өз бетінше жұмыстың маңызы зор. Оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әрбір дыбыстың ерекшеліктерімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз құрап, оны дауыстап дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлемдерді саналы түрде дұрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.
Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін дайын білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет.
Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап - дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі. Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін оқушыларды оқулықпен, оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқытудағы үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанрларына қарай, яғни көркем шығармалар, ғылыми көпшілік мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер ойластырған жөн.
Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.
Кейбір түсінікті, жеңіл мәтінді сыныпта да, үйде де өз бетінше оқи беру балаларды жалықтырады. Сондықтан сыныптағы озық және үлгерімі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz