Ана тілі - ақыл-ой дамуының негізгі және барлық білімдердің қазынасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Халық тілі - оның өте әріден басталған тарихынан бері келе жатқан рухани өмірінің ешуақытта солмайтын, қайта мәңгі шешек жарып тұратын гүлі. Тіл арқылы халық және оның бүкіл Отаны рухтанып отырады; Отанның әсем аспаны, табиғи құбылыстары, оның климаты, даласы, тауы мен алқаптары, оның орманы мен өзені, дауылы мен найзағайы - міне осылардың барлығы да, терең ойлы көркем суретті сөз арқылы, тіл арқылы көрінеді, адамның өзінің кейде қатал Отанына деген сүйіспеншілігі, өздерінің әндерінен жыр-әуендерінен айқын көрінетін даусы, халықтың рухани шығармашылық күші, ойы осы тіл арқылы суреттеліп отырады. Кіршіксіз таза, терең мағыналы халық тілі туған елдің табиғатын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихын да көрсетеді. Халықтың ұрпақтары бірінен соң бірі ауысып отырса да олардың әрқайсысының өмір нәтижелері тіл арқылы, кейінгі ұрпақтарға мұра болып қалып отырады. Әр ұрпақ бірінен соң бірі ана тілінің асыл қазынасына өзекші қозғалыстардың жемістерін, тарихи уақиғалардың, сенімдердің, көзқарастардың жемістерін, қайғылы не қуанышты өткен өмірдің ізін, бір сөзбен айтқанда - өзінің рухани өмірінің барлық белгілерін халық тілінің көмегімен ғана жинап сақтап отырады. Тіл дегеніміз - уақыты өткен, өмір сүріп тұрған және келешекте өмір сүретін халық ұрпақтарын ұштастырып, байланыстырып тұратын ең жанды, ең мол және ең берік байланыс. Ол - халықтың өмір сүргіштігінің ғана бейнесі емес, сонымен бірге нағыз өмірдің нағыз шын бейнесі. Халықтың тілі жойылса - халықтың да жоқ болғаны. Мысалы, біздің батыстағы бауырластарымыз шет тайпалардан неше түрлі зорлық-зомбылық көруді бастан кешірді, ал бұл зорлық-зомбылық, ақырында, тілге қатысты болған кезде, олар істің мәні енді халықтың өмірі, өнімі жайында болып отырғанын түсінді. Халық аузында халықтық тіл өмір сүріп тұрғанда, халық та өмір сүрмекші: халықтың ата-бабаларының сан-алуан ұрпақтары жасаған мұраны халықтан тартып алуға ниеттенушіліктен басым зорлық та жоқ. Халықтан бәрін де тартып алып қойсаңыз, ол бәрін де қайтып ала алады; ал тілін тартып ала қойса, ол ешуақытта оны жасай алмайды; халық, тіпті Отанын жаңадан құра алады, ал тілді ешуақытта жаңарта алмайды; халықтық тіл құрыса, халық та құриды.
. . . Сөйтіп, тіл халықтың көп ғасырлық бүкіл рухани өмірінің ең толық және ең сенімді шежіресі болуымен қатар, кітап та, мектеп те болмаған кезде, халықтың ұлы ұстазы болды және халық тарихының ақырына дейін үйретіп келе жатқан тәрбиешісі болып табылады. Әрбір жаңа ұрпақ ана тілін игере отырып туған жерінде, әлдеқашан шіріп біткен одан бұрын тіршілік еткен мыңдаған ұрпақтардың ойы мен сезімінің жемістерін де оп-оңай игереді . . .
Ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдарға көргенін, бастан кешіргенін, не сезіп, не ойлаған барлық әрекетін жарық дүниеге келіп, жаңа ғана көзін ашқан бала оп-оңай және қиындықсыз қабылдайды, ана тілін үйренген жас бала өмірге енді ғана аса зор күш-жігермен кіреді. Бала ана тілінде үйренген шартты дыбыстарды ғана есіне сақтамайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілікпен күш алады. Ол оған табиғатты түсіндіреді, ал мұны бірде-бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді; ана тілі баланы төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүріп отырған қоғамымен, оның тарихы және алға ұмтылушылық қабілетімен таныстырады, ал мұнымен бірде-бір тарихшы таныстыра алмаған болар еді, ол оны халықтың сенімдері мен халық поэзиясына жетелейді, ал мұны бірде-бір эстетик істей алмас еді, ақырында, ол бірде-бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен философиялық көзқарастарды бере алады.
Өсіп дамуы зорлықпен бұзылмаған бала, көбінесе бес, алты жаста-ақ ана тілінде батыл және дұрыс сөйлейді. Ойлап көріңіздерші, алты жастағы, жеті жастағы есі дұрыс баланың өз тілінде сөйлейтініндей, басқа бір тілде сөйлеу үшін қаншалықты білім, сезім, ой, тіпті қаншалықты философия керек болар еді. Баланың ана тілін осылай үйренуіне ес қана себепші болады дейтіндер мүлде қателеседі: бір тілдің барлық сөздері түгіл ол сөздердің сан алуан үйлесімін және түрлерін есте түгел сақтау үшін жаттап алудың қандайы болса да жеткіліксіз, жоқ, егер тілді жаттап қана үйренсеңіз, онда бір тілді де толық үйрене алмаған болар едіңіз. Бала өзінің ойын білдіру үшін алғаш рет бір сөз қолданса, екінші рет басқа бір сөзді қолданатынын байқайсыз және оның өте ұқсас екі сөздің болмашы айырмашылығын аңғарған нәзік сезіміне еріксіз таң қаласыз. Сіз, сонымен бірге баланың жаңа сөзді естіп, көбірек септей, жіктей және басқа сөздермен өте дұрыс байланыстырып сөйлей бастайтынын байқайсыз; егер бала ана тілін үйрене отырып, халыққа тілді жасауына мүмкіншілік берген шығармашылық күштің кішкентай бір бөлігін меңгермесе, мұның болуы мүмкін бе?
…Бұл тамаша педагог - ана тілі көп нәрсені үйретумен бірге, соны аса жеңіл әлдеқандай әдіс арқылы оп-оңай үйретеді. Балаға бес-алты түсінікті атауларды 7-8 шетел тілі сөзін, 2-3 жаңа түсінік, бірнеше күрделі уақиғаларды үйрету үшін біздің едәуір еңбек етуімізді керек етер еді, ал баланың бұдан әлдеқайда көп еңбек сіңіруін керек етеді. Ол бірде жаттап алса, бірде қайтадан ұмытып қалады және егер оған түсіндіретін сөздер нақтылы болмай, логикалық немесе грамматикалық әлдеқандай нәзік мағына туғызса, бала ол сөздерді, тіпті үйрене алмайды, ал практикада, ана тілінде, біздің оған түсіндірмекші болып әуреленген нәзік мағыналы сөздерді оп-оңай және еркін қолданып отырады. Біз мұндай жағдайда бала ана тілінде өзінше санасыз сөйлейді деп жайшылықтағы әдетпен өзімізді өзіміз жұбатамыз. Егер бала грамматикалық бір-екі әдісті қолданып сөйлеген сөзінде грамматика түрінің болмашы айырмашылығын пайдаланса, бұл баланың осы айырмашылықты түсінетінін, бірақ біз ойлаған түрде айтпағанын көрсетеді. Бұл ана тілін үйренгенде тек қана сөздерді, олардың түр ерекшеліктері мен байланысын ғана жадына сақтап қоймайды, сонымен қатар тілдің көптеген түсініктерін, затқа көзқарастарын, көптеген пікірлерін, сезімдерін, көркем образдарын, логикасын және философиясын да оңай және тез арада 2-3 жылдың ішінде үйренеді, ал 20 жыл ішінде осыны методикалық әдіспен оқығанда мұның жартысын да меңгеруге болмас еді.
Ана тілі - ақыл-ой дамуының негізгі және барлық білімдердің қазынасы: одан барлық түсінік басталып, сол арқылы өтіп, және соған оралып отырады.
Ана тілі - идеялар мен білімдерді ұғынудың және оны таратушымыздың бірден-бір құралы. Егер оқушы бұл құралды нашар ұғынса, онда оның оқуына да үлкен қиыншылық туатыны сөзсіз.
. . . Ана тілін үйренудің негізі мынада: бала айқын және өз бетімен үйренген ойын ғана айқын, және өз бетімен білдіре алады. Көрнекілік баланың бір ойды өз бетімен түсінуінің қажетті жағдайы болғандықтан, көрнекілік пен ана тілін үйретудің тығыз байланыстылығы осыдан келіп туады. Міне, сондықтан да барлық таңдаулы «Оқу кітаптарының» алғашқы мақалалары баланың төңірегіндегі заттарды суреттейді.
Бір заттың түсінігін бала ұғынып алады. Бұл зат сөз түрінде белгіленеді. Сөздің мағынасын жете түсініп үйренбеген болса, онда осындай негізгі кемшіліктің салдарынан қандай болмасын басқа бір пәнді зерттегенде елеулі кемшілікке кездесіп отырады.
. . . Бала сөйлем байланысын жете ұғынуға әдеттенген жоқ . . . себебі мен салдарының, кездейсоқ нәрсесі мен қажеттісінің не екенін айыра алмайды, тіпті бұл арада кім туралы немесе не туралы айтылып отыр деген сөздің өзіне сұрау беруге әдеттенген емес т. с. тәрбиешінің барлық сөзін бала байланыссыз ұғып, шатыстырып алады. Кітап бойынша берілген сабағын оқыған кезде бала

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Кітап жайлы
Тіл-халық қазынасы
1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Жазбаша тіл дамыту жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Қазақ халықтық педагогикасының мәні
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
Қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесінде қолдану әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz