Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Андронов мәдениеті

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларга тікелей ықпал жасап отырды.Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылык өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі -- қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроновтық тұртындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялык белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялык өрнеті бар балшық қьщыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады.Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол- аяқты бүктеліп, тас тақталардан жасалтан жәшікке немесе қазылтан төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді.Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді.Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің таратан шегінен аспатан ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырталар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын көзілдірік тәрізді және табан із тәрізді сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды.Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшык ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.
Ескерткіштері және оның зерттеушілері
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -- б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды.Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезендерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ак Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінін хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді.Кейін К.В. Сальников Орал сыртының Андронов мәдениетіне хронологиялык топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларга шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII -- XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі -- б. з. б. XV -- XII гасырлар, замараев кезеңі -- б. з. б. XII -- VIII ғасырлар. Андронов мәдениетін К.В. Сальниковтың кезендерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды.Қазақстанның Андронов мәдениетің кезендерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезендерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен баска да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуір- леріндегі Қазақстан даласының солтүстік айматының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жатынан, әрі, шыққан тегі жатынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деи есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кең кәсібінің бастамасы мәлім болатын.Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді.
Орталық Қазақстан
Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -- жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі -- Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Кейінгі кезеңі -- Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі -- мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.
Солтүстік және Батыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы)қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
Ескерткіштері -- Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды.
Шаруашылығы
Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған.Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қола дәуірінің тарихнамасы
Дәуірдің ерекшеліктері
Атасу кезеңі
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Орталық Қазақстанда Нұра кезеңі
Пәндер