Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері.
2. Ақыл-ойы кем балалардың ерекшелігі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына Жолдауында Дені сау ұлт үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар - белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді.
Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.

Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның ерекшеліктері.
Балалар дамуындағы аномальды балаларды арнаулы мектептерге жібереді. Аномальды балалар - физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:
Тұқым қуалаушылық;
Жаңа дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы ортадан химиялық, механикалық, температуралық әсерлердің ықпал етуі;
Тамақтанудың нашарлығы;
Организмге суық тиюдің әсері.
Жүре пайда болған кемістік - бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы аурулармен науқастануы. Мысалы: эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша, скарлатина, т.б. аурулар.
Аномальды балалар - термині бұл арнаулы мектептерде оқытылатын балаларға арналған. Аномальды балалардың негізгі топтары:
есту мүшелері нашар дамыған балалар(кереңдер, нашар еститіндер).
көру мүшелері нашар дамыған балалар (соқырлар, нашар көретіндер).
күрделі құрылымды кемістігі бар балалар.
ақыл-есі нашар дамыған балалар.
сөйлеу қабілеті нашар дамыған балалар (алалия, тұтықпа, дислалия, дизартрия).
Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:
Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер;
Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер;
Қосалқы мектептер (ақыл-есі нашар дамыған балаларға арналған);
Логопед пунктері (тіл кемістіктері бар балаларға арналған);
Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістіктері бар балаларға арналған);
Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар;
Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.
Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс болып есептелінеді.
Ақыл-ойы кем балалардың ерекшелігі
Ақыл-ой кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды, грек сөзі, қазақша аудармасы ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға Э.Кренлин енгізген.
Олигофрения негізінен баланың орталық жүйке жүйесінің, әсіресе бас миының зақымдалуынан болатын кемістік. Бас миының зақымдалуына әр түрлі сыртқы және ішкі жағдайлар себеп болады. Сыртқы факторларға - ананың жүкті кезіндегі гриппке, сүзекке, қызылшаға, сары ауруға және басқа да әр түрлі жұқпалы дерттерге шалдығыуы, ананың организміне жайылған уытты заттардан құрсақтағы нәрестенің улануы және босану кезіндегі болатын әр түрлі зақымдар жатады.
Ішкі факторлардың зардаптарынан олигофрения іштей туа пайда болады.
Тұқым қуалайтын кеселдер. Оған ата-ананың мерез ауруларымен ауруы, сонымен қатар ата-анасының бірінің ақыл-ой кемістігінің балаға ауысуы.
Ақыл-ой кемістігінің іштен туа пайда болуына хромосомды аурулар да ықпалын тигізеді, яғни ата-ананың организміндегі тұқым қуалайтын қасиеттерінің бұзылуынан болады.
Кейбір жағдайларда ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен резус-фактор бойынша сәйкес келмеуінің салдарынан баланың ақыл-ойының кеміс болып туылуы.
Қан құрамында резус-фактордың бар немесе жоқ болуына қарай адамдардың қанын оң-резусты және теріс-резусты деп бөледі. Адамдардың 85%-нің қаны оң резусты, ал 15%-нің қаны теріс-резусты деп есептеледі. Егер екіқабат әйелдің қаны теріс резусты болса, онда құрсақтағы нәресте жұбайының оң резусты қанын мұраланады.
Демек, резус фактор бойынша ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен сәйкес келмеуінен оның физикалық және психикалық дамуының ауытқуы бұзылатындығы байқалады. Даму процесінің бұл сияқты бұзылуы олигофренияның пайда болуына мүмкіндік туғызады.
4. Баланың ақыл-ойының жетілмеуіне ата-ананың маскүнемдікке, нашақорлыққа және есірткіге салынуы да себеп болады.
Олигофрен балалардың бас миының үлкен жарты шарының қыртысы түгелімен жайылып зақымданатындығы арнайы клиникалық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Сонымен бірге олигофренияда бас миының үлкен шарының барлық қыртысының жайылып зақымдануымен қатар оның қыртысындағы жүйке жүйелерінің даму барысының сапалық жағы да бұзылатындығы байқалады.
Ақыл-ой кемістігінің даму барысындағы деңгейіне және сапалық дәрежесінің өзіне тән өзгешелігіне қарай олигофрения: идиотия, имбецильдік және дебильдік болып үш топқа бөлінеді.
Идиотия - гректің сөзі, қазақ тілінде нақұрыс деген мағына береді. Демек идиотия туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түрі.
Идиот балалардың физикалық дамуы өте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрылысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып-қисайып бүлінген және соның салдарынан қимыл-қозғалыстары толық жетілмей қалған.
Физикалық кемістіктің мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері тіпті өздігінен емін-еркін отырып тұрып, түзу жүре де алмайды. Сондай-ақ идиот балалардың көпшілігінің алақандарын шапаттайтын, бастарын шайқайтын немесе изейтін, қолдарының немесе аяқтарының саусақтарын немесе бармақтарын ауыздарына салып үздіксіз шолпылдататын, сорып отыратын ритмикалық жасанды қылықтарын да жиі байқауға болады.
Идиот балалардың сөйлеу тілдері жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан әрі бармайды. Тек кейбір жағдайларда ғана бір-екі буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді.
Бас миының үлкен жарты шары қыртысының жұмыс істеу қызметінің соншалықты өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен идиот балалардың тіпті қарапайым деген шартты рефлекстерінің өздері де өте қиыншылықпен орындалады.
Идиот балалардың мінез-құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Олардың кейбіреулері өлі денеге ұқсап айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақ қимылсыз құлап жатып алады немесе қозғалмастан бір орында мелшиіп отырады да қояды; ал басқа біреулері керісінше, тынымсыз жүгіреді, секіреді немесе тоңқалаң асып құлайды да аунақшып дөңбекшіп домалай бастайды.
Қорыта келгенде, жоғары жүйке қызметі іс-әрекетінің мұндай ерекшеліктері идиот кемістігіне шалдыққан балалардың психикалық дамуының қатты күйзеліп, бұзылғандығын көрсетеді.
Дебильділік - латынның сөзі, қазақ тіліндегі аудармасы деліқұл деген ұғымға тура келеді.
Баланың іштей жетілмей туатын физикалық және психикалық дамуындағы патологиялық кемістігін дебильділік - деп атайды. Дебиль балалардың ақыл-ой қабілеттерінің таяздығы идиот пен имбецильге қарағанда әлде қайда жеңіл болады. Сондықтан да олар өздеріне арналған арнайы мектептің жеңілдетілген оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгереді және сонымен қатар қарапайым қол жұмыстарымен атқарылатын еңбектің түрлерімен шұғылдануға бейімделеді.
Алайда бұл кемістік патологиялық процестің негізінде пайда болғандықтан дебиль балалардың физикалық дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып тұрады. Бірақ бұл ауытқулар жайшылықта көп біліне бермейді. Тек кейбір иіліп-бүгілуі, қайырылып-бұрылуы қиын күрделі қимыл қозғалыстарды орындағанда ғана байқалады. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, ұзындық пен биіктіктен жүгіре секіру сияқты және басқа да спорт ойындары. Дегенмен де, педагогикалық тәсілдердің қағидасымен жүргізілетін түзету, тәрбие жұмыстарының нәтижесінде дебиль балалардың физикалық дамуындағы патологиялық кемістіктерінің тіпті де білінбей кететіндері соншалықты, олардың кез келген қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуына мүлде кедергісі болмайды.
Дебиль балалар күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын дағдылы қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде еркін меңгеріп, оңай түсінеді. Ал, мазмұны күрделі, мағынасы астарлы болып айтылатын сөздерді байыптап түсінуге ақыл-ойларының зерделілігі жетпейді.
Олигофренияның дебиль тобына жататындардың өздері ауыр және жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді. Өйткені олардың ақыл-ойларының даму процестері мен сөйлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі болмайды. Сөйлеу тілі ақыл-ойдың ең негізгі құралы ретінде оның даму процесіне байланысты бірыңғай жетіледі.
Ақыл-ойларының патологиялы кемістері жаңадан нышан көрсетіп, енді-енді байқала бастаған мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың сөйлеу тілдеріндегі мүкістердің түрлері мен олардың айтылуындағы ерекшеліктері әр алуан болып келеді. Мұндай балалардың сөйлеу тілдердегі мүкістері, әсіресе олардың мектептің бірінші және екінші сыныбында жүрген кездерінде анық байқалады.
Ақыл-ойы кем балалардың арасында оқығанын түсінбейтін кемістіктері бар балалар да кездеседі. Олар берілген мәтінді қатесіз оқығанымен оның мағынасын түсінбейді. Себебі, мәтінді оқыған кезде не бастапқы, не соңғы сөз тіркесін ұмытып қалады. Соның салдарынан мәтіннің мазмұнына сәйкес қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Егер сол мәтінді басқа біреу дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып берсе оны жақсы түсінеді. Демек, дебильдің жеңіл дәрежесіндегі балалар мәтіннің немесе сөйлемнің құрамындағы тіркескен сөздердің бір-бірімен грамматикалық синтаксистік жолымен байланысып, белгілі бір мазмұнды тудырып тұрғандарын ұқпайды және өздерінің оқығандарын түсініп, естерінде сақтай алмайды.
Имбециль - латын сөзі, қазақша аудармасы әлсіз, дәрменсіз деген мағынаны білдіреді. Имбециль идиотқа қарағанда ақыл-ой кемістігінің жеңілдеу тобына жатады. Олардың патологиялық кемістіктеріне зерттеу жүргізген кезде жүйке жүйелерінің, әсіресе оң жағының құрылысы мен оның қызметіне залалын тигізетін әр түрлі аурулар жиынтығының бытыраңқы қалдықтарының болатындығы анықталды.
Имбециль балалардың ақыл-ой кемістіктері идиоттарға қарағанда біршама жеңілдеу болғанымен, бірақ олардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай толық білініп тұрады. Демек мұндай балалардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын білініп тұрады. Мұндай балалардың қимыл-қозғалыстары жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан дене бітімдерінің құрылыстары да қисайып майысып бұзылған. Олар өздерінің дене мүшелерін кез келген нысаналы бағытқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Тіл мүкістіктері бар балалардың сөйлеуі
Дамуында ауытқуы бар балалар
Оңтүстік қазқстан облысындағы аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Аномальды балалар
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Арнайы педагогика туралы
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Пәндер