Антикалық грек философиясы: Сократқа дейінгі мектептер, софистер және классикалық философтар


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Антика дәуірінің философиясы.

  1. Ежелгі грек өркениетінің өзіндік санасының ерекшеліктері және алғышарттары.
  2. Софистика-философия және мәдениет құбылысы ретінде.
  3. Сократ, Платон, Аристотель философиясы.

1-сұрақ. Антика заманының философиясы б. д. д VІІ-VІ ғасырларда кіші Азияның батыс жағалауында гректер салған қалаларда өмірге келді. Б. д. д. VІІ-V ғасырларда антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан ғылыми философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі ал б. д. д. V-ІІІ ғасырларда ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түп негізін, жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, философиялық ойлаудың биік деңгейге көтерілуіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.

Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы филосо-фиялық мектеп кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішіндегі ең сыйлысы Фалес болды. Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы» деген еңбектер жазған. Фалестің ілімінше барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы үлкен - Анаксимандр (б. д. д. 611-545ж. ) жалғастырды. Негізгі еңбектері - «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түп негізі сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түп негізі апейронмен теңестіреді. Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б. д. д. VІ ғасыр ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (б. д. д. 544-483 ж. ) болды. Гераклит заттардың түп негізін генетикалық бастамасын от деп есептеген. Пифагор (б. д. д. 580-500 ж. ) . Оның пікірінше, сандар барлық заттардың, ғарыштың негізі. Олар ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсетеді. Элеаттар мектебінің негізгі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Элеаттарда түп негіз - болмыс. Атомистер ілімі . Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр т. б. жатады. Атомистік бағыттың, қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ, бөлшектерден «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікке алақұйын қозғалыста болады. . Демокриттің ( б. д. д. 460-371ж) ілімінше дүниеніц бастамасы - атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс) .

2-сұрақ. Софистер. Б. д. д. V ғасырда Ежелгі грецияда құл иеленушілік демократия, логика, риторика, философияның жедел дамуына жол ашты. Соттарда халық жиналыстарында әдемі сөйлеп халықты мүмкін болса, өз қарсыластарында айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білуі өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері ) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар, софистер пайда болды. Олардың басты қағидасы - «әркімнің өз ақиқаты бар». Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий т. б. ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшелігімен көзге түскен ойшыл - Протагор ( б. д. д. V ғ. ) болды . Негізгі еңбектері - «Ғылымдар туралы», «Мемлекет туралы» т. б. Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейді. Протагордың пікірінше, «Адам барлық заттардың мөлшері» деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағидада да былай делінді: «Маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып қалады, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор: «Өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады, - деген пікір төңірегінде дәлелдейді. Алайда, софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократқа дейінгі және классикалық ежелгі грек философиясы
Антикалық грек философиясы: классикалық кезең және негізгі мектептер
Антикалық грек философиясы: басты мектептер мен ілімдер
Антикалық философия: натурфилософиядан классикалық дәуірге дейінгі ілімдер мен мектептер
Антикалық грек философиясының дамуы: мектептер мен басты ойшылдар
Антикалық философия: Сократқа дейінгі дәуірден неоплатонизмге дейін
Сана және бейсаналық: антикалық грек философиясы мен Милет мектебінің концепциялары
Антикалық грек философиясы: полис, космос және Сократ-Платон дәстүрі
Софистер: ілімдері мен антикалық философиядағы рөлі
Ежелгі Грециядағы Сократқа дейінгі философиялық мектептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz