Араб халифаты мемлекеті
Араб халифаты
Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1. Ислам халифаты
2. Араб халифатының құрылуы
3. Алғашқы төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер:Кіріспе Араб халифаты мемлекеті және оның құқығының тарихын оқып, қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде шариғатты айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайлардың бірі-мешіт ұзақ уақыт, Арабтар жаулап алу кезіндегі шариғат шарттары құқық ретінде ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен діни үкімет бір. Бұл жағдай сапасы жағынан алғанда шариғат қолданыстағы бірден осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары,көбіне ислам дінінің прогрессивті түрде болатынын ескеру Негізгі бөлімИслам халифаты (араб.: خلافة إسلامية) -- халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы.Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды.
Хилафа, 622 - 750 Мұхаммед пайғамбар дәуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 622 - 632Рашидун дәуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 632 - 661Умайяд халифаты, 661 - 750.
632 -- 56 жылдардағы халифаттың астанасы -- Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Ирантүгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегініңкөп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 -- 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 -- 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемл-тер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған моңғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. Ретінде жойылды.
Халифат - халифтар басқарған, құқықтық жүйесі исламның сүнниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632 - 56 жылы Мұхаммед Пайғамбардың басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар (Фараб, Испиджаб, Яссы, -- халифалар басқарған ортағасырлық араб мемлекеттері. Мұсылман теократиясына негізделді. Халифаттың түпкі негізі 7 ғасырларда Батыс Арабияда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) құрған мұсылман қауымы -- умма болды. Арабтардың жаулап алулары нәтижесінде халифат Арабия түбегін, Иран, Иракты, Орталық Азия мен Кавказдың көпшілік бөлігін, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің басым бөлігін, Синдті қамтыған орасан зор мемлекетке айналды (қ. Араб халифаты Арабтардың Орталық Азияға жорықтары). Омейя әулеті (661 -- 750) мен Аббас әулеті (750 -- 1258) кезінде халифат құл иеленушілік және патриархалдық тәртіптер сақталған, феодалдық қатынастар басым дамыған мемлекет болды. 7 -- 10 ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты (қ.Араб мәдениеті). 9 ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. 10 ғасырдың 1-жартысынан бастап Фатима әулетінің (909 -- 1171), Испанияда Омейялар (929 -- 1031) мен Аббастардың Халифаттары өмір сүрді. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни, зайырлы биліктерді қатар шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945 жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055 жылы Бағдадтағы Буилер билігін салжұқтар алмастырды. Салжұқтардың біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін (1118) Аббас әулеті Тигр мен Евфрат алабында жаңа Халифат құрды. 1258 жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Египетті 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Египетті жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Түрік Халифатын 1924 жылы наурызда республика Түркия жойды.
Араб халифатының құрылуы
632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір (632-634) жарияланды. Ол "Халиф" (орынбасары) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең еді. Жан-жақты Мединаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған пайғамбарлар шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін араб жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде "Ар-Рида", яғни, "дінінен безу", "дінінен бөліну", деген атаққа ие болады. Ал шын мәнінде ол "діннен безгендер" деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы Мұхаммед пайғамбар өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, мединалық қауымның саяси билігін мойындады. Енді біреулерінің арасында ислам дінін қабылдап, Мединаның ықпалына бағынуды жақтайтын топтары болды. Сондай-ақ ислам туралы хабары жоқ, мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды. Л. Кэтани Аравия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан төрт категорияға бөледі: 1 - категориясына ислам дінін қабылдаған Мекке-Мединалық қауым басшылығының қол астындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен Мекке мен Мединада, сол қалалардың жақын маңында тұратын джухейн, мувейн, бали, асджа, аслале, хузейя, хуза т.б. ұсақ тайпалар болды. 2 - категорияның құрамына Орталық Аравияның хавазин, Амир ибн-сасааб, тайб, сулейм тайпалары кірді. Бұл тайпаларға Ислам дінін қабылдағандардың ықпалы зор болды. Бірақ олардың арасында кішігірім топтары Медина ықпалына қарсы-күресте өте зор белсенділік танытты. 3 - категориядағы ислам дінін ұстанушылар ықпалы енді-енді тарап келе жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы мұсылмандар өте аз болды. Бұл асад, гатафан, тамим тайпалары. 4 - категорияға өздерінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал - Исламдағы Ханифа, абд ал - Кайс, азад тайпалары, Иемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай ықпал еткен жоқ. Бұл келб, кудао, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух, таглиб тайпалары еді. Сондай-ақ Махарадағы, Иемен мен Хадрамауттағы кейбір политейстік бағыттағы тайпалар да ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ, бұл соңғыларына Иудейлік діннің ықпалы күшті болды. Жекелеген тайпалардың саяси және идеологиялық тәуелсіздігін жақтаушылар жергілікті әулие пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің тірі кезінде - ақ жүргізді. Ислам дініне қарсы күресті әскери ал- Иемамадағы Мусейлима деген әулие белсенді жүргізді. Мединалық ислам діндегілердің үстемдігіне қарсы Орталық Аравиядағы асад тайпасының күресін Тулейха басқарды. Ол исламға қарсы күресін Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ бастаған болатын. Мұхаммед өлген соң фазада, тайм тайпаларының қолдаушылығына ие болды. Халид ибн ал- Валидтің әскері Тулейха жасағының тас-талқанын шығарды. Тулейха қашып құтылды. Кейін ол ислам дінін қабылдап, араб жаулап алушылықтарын белсене қатысты. Сөйтіп, "ар-рида" діннен безу емес, тек көпшілік тайпалардың жаңа ислам дінін бірден мойындамауы, оған алғаш қарсылық көрсетуі болды. "Ар-рида" екінші жағынан барлық араб тайпаларын медина-меккелік қауымының билігіне бағындырып, оларды жаулап алушылық соғыстарына тарату болды. Барлық араб тайпаларын біріктіру екінші тақуа халиф Омар ибн ал-Хаттабтың (634-644 жж.) тұсында аяқталды. Ортағасырлық араб тарихнамасында араб халифатының құрылуы, яғни жаулап алынған жерлерде бір орталыққа бағындырылған үкіметтің құрылуы осы тақуа халифтың білікті де шебер, данышпан басшылығының нәтижесі деп көрсетілді. Ол өте ақылды, әділетті, қарапайым, белсенді, әскер басшы болған. Ислам діні мен мұсылмандар мүдесіне жан-тәнімен беріліп, адал қызмет еткен. Ол нағыз демократ болған. Омар мұсылманша жыл санау Хиджраны енгізген. Омардың тұсында диван құрастырылған. Ол парсы сөзі, "тізімі" дегенді білдіреді. Ол тізімге жаулап алынған жерлерден салық жинауға құқысы бар жеке адамдар мен тайпа аттары енген. Жаулап алынған жерлер сол тізімге енгендер арасында бөлініп, ол жерде отырған елден "харадж" деген адам басына жер салығы жиналатын. Ол салықтан түскен табыс мұсылмандар арасына тең бөлініп таратылған. Дивандағы ең бірінші тұрған Мединалық қазынаға және аймақтардағы бейт, ал-малдарға барлық жиналған алым - салықтардың бестен бірі түсіп тұрғды. Әскердегі қызметін арабтар өздерінің құрметті борышы деп санады. Ислам әскері араб тайпаларының жасақшыларынан тұрды. Араб жауынгерлері соғыста түскен олжадан басқа жергілікті халықтан жиналатын азық-түлік есебінен және бейт ал - малдан бөлінетін жалақы есебінен күн көретін. Жаулап алынған елдерге қоныстанған арабтардың көпшілігі бағындырылған жергілікті халықтардың есебіне күн көріп, өнімді еңбекпен айналыспады. Егіншілікпен арабтар айналысқылары келмеді. Арабтардың ру-тайпалық ұйымдары жаулап алушыларды бағындырылған халықпен араласып кетуден қорғады. Арабтар көбінесе өздерінің әскери лагерлерінің қасына жергілікті халықтар да қоныстана бастады. Олар арабтарға қызмет етіп, тауып жатқан олжаларынан үлес алып, күн көретін. Араб әскери лагерлерінің маңына қолөнершілер мен малайлар, ұсақ-түйекпен сауда-саттық жасайтындар қоныстанатын. Олардың арасында әртүрлі алаяқтар мен жезөкшелер жеткілікті болатын. Басып алынған ескі қалаларда арабтар жеке кварталдарға орналасатын. Кейде ол кварталдардың тұрғындарын көшіріп жіберетін, сүйтіп оны толығымен өздеріне босатып алатын. Арабтар өз әскерінің қатарына жаулап алынған халықтардың өкілдерін алмады. (тіпті олар ислам дінін қабылдаса да). Ал бұрын Аравиядан көшіп келіп, бірақ көршілерінің ықпалымен христиан дінін қабылдаған арабтар дереу жаулап алушылар қатарына барып қосылып жатты. Әсіресе Сирия мен Иорданиядағы христиандық арабтар елеулі әскери-саяси рөл атқарды. Мұсылман-жаулап алушылар тек христиан, иудей діндегілерге ғана емес, сондай-ақ зороастризм діндегілерге де, манихейлер мен сабиялықтарға да ешқандай зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ, ислам дініне кіру-кірмеу еріктерін өздеріне қалдырды. Ислам дінін қабылдаған жат елдіктер жан басына салынатын жер салығынан босатылатын. Бұл қазынаға байлықтың аз түсуіне себеп болатын. Сүйтіп, арабтар жаулап алған деген тұжырым шындыққа ұласпайды. Шын мәнінде жаулап алынған жерлердегі исламдандыру өте ұзақ прцесс болды. Ол процесс кейбір арабтардың шығыс елдерінде осы күнге дейін аяқталған жоқ. Мысалы, ІХ ғасырда Египет халқының басым көпшілігі христиан діндегілер (копттер) болды. Арабтардың өркениетті елдерді жаулап алып, оларда өз биліктерін орнатулары араб қоғамындағы экономикалық және әлеуметтік дамуды тездетіп, күрделендіре түсті. Қолында билік бар мұсылман қауымының мүшелері баий түсті, ал қолынан ешнәрсе келмейтіндердің жағдайы онан сайын қиындай берді. Бұл халифтар алдымен байуды дегенді білмеді. Алғашқы халифттер өте қарапайым өмір сүрген. 644 жылы ирандық құлдың қолынан Омар қаза тапқан соң Осман ибн Ал-Аффан халиф болды. Ол да омейя руынан болатын. Ислам дінін қабылдағанға дейін ол өсімқорлықпен айналысатын байлардың бірі болған. Ол сонымен қатар иіс сулар жасап сататын, асыл тұқымды сәйгүлік ат өсіретін. Мұхаммедтің Үркия деген қызына үйленген. Ол қайтыс болған соң тағы бір қызы Үмму Гүлсімді алған. Содан ол құрметті "Зу - н - Нұрайын" - қос сәлеге бөленген деген атақ алған. Ол 644 - 645-шы жылдар аралығында Халифтық құрды. Оның ең үлкен және аса маңызды жұмысы - Құранның толық жинағын әзірлеу, кітап қалпына жеткізу болды. Осман өлген кездегі оның байлығы 150 мың динар мне 1 млн. Дирхем құрған. Сонымен қатар 100-ге жуық жылқысы, 1000 түйесі, 10 000 қойы болған дейді Е. Беляев. Ақыры бұл байлығы оның түбіне жетті. 656 жылы наразы болған арабтардың өздері көтеріліс жасап, Османды өлтірді.
Алғашқы төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
Аравияны толық жаулап алғанға дейін Мекке-Медина қауымының қарулы күштері мен оларға қосылған бедуин тайпалары көрші өркениетті елдерге басып кіре бастады. Нәтижесінде ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Азияның, Африканың және Еуропаның ұлан-байтақ территорияларында араб үстемдігін орнатқан араб жаулап алу соғыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең алғашқы үш "әділ халифтардың- Абу Бәкр (632-634 жж.) және Осман (644-656жж.) билігі тұсында өтті. 633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден тұратын үш араб әскері, Сирияға басып кірді. Медина халифатына аравиялық тайпаларды бағындыру арқылы бұл әскердің күші толықты. Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс өлі теңізден оңтүстіктегі Вади - л - Арабта және Газды ауданында өтті. Бірнеше бекеттер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz