Ортағасырлық арабтардың өмірі



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Араб халқының киімі
VI ғасыр соңында Араб түбегінде көшпелі және тұрақты халықтар арасында рулық қауым ыдырап, феодалдық қатынас орналаса бастады. VII ғасырдың басыңда қауымдастықтар бірігіп мемлекет құрды. Орталығы Мекке қаласы болды. Бірнеше он-жылдықтар ағымында арабтар өздерінің үлкен аймағын: Индия жазығымен Атлант мұхитына дейін, Сырдариядан Ніл жағалауына дейінгі жерлерді жаулап алған. Арабтардың қол астында: Сирия, Палестина, Египет, Судан, Тунис, Марокко, Испания, Рис, Турция қалды. Міне, осылай IX -- X ғасырға дейін өмір сүрген араб халифаты құрылған. Мемлекеттің астанасы Сириядағы Дамаск қаласы болды.
Араб халифаты өмір сүрген кезде оның мәдениетінің өсіп дамығанымен, мемлекет құрамына енген елдердің ежелгі мәдениетімен қатар дамыды. Ал өнердің ішінен ерекше дамығандары архитектура мен көркемөнер: шұқымалау, филигрань, көзешілік, әрлеу, мата тоқу, кілем тоқу т.б.
Өте ертеде арабтарды бейнелеу ассириялық және египеттік рельеф суреттерінен көруге болады. Мұсылман дінін қабылдауға байланысты ислам адам суретін бейнелеуге, өнерде қолдануға тыйым салынады. Сондықтан да адамдардың шын бейнесін емес өздері идеал тұтқан бейнесін суреттерде, кітап жазу, мұра қалдыру кезінде бейнелеп отырған. Арабтар мұсылман дінін өте қадірлеп, қастерлеп, дінді өте қатты сақтаған. Тек ейелдері ғана емес, ер кісілері де содан аса инабатты, сыпайы көрінеді.
Сұлулыққа құштарлығы
Ортағасырлық арабтардың өмірі өте бір тамаша ескерткіш-ертегілер жинағы Мың бір түн кітабы адамзатқа қалдырылған тамаша мәдени мұра. Бұл кітап арабтардың нағыз эстетикалық сұлулық идеалының жинағы немесе басқаша айтқанда, өмірінің энциклопедиясы деп атаса да болады. Икемді, әсем бұрым, аппақ тегіс бет он төртінші түндегі ай секілді; ұзын қара және қалың қастың астында қарақат көз, бетінде қалы бар өте бір әдемі образды, ертегі бейнесін Шаһаризада біздің көзімізге елестетіп көрсетеді.
К.Маркс маврлар туралы өте бір қызық суреттемені (яғни Испанияда тұрақталып қалған арабтар) Алжирден қызы Женниге жазған хатында береді:
Олар орташа француздан бойлары ұзын, беттері сопақтау келген, мұрыны құстұмсықты, көздері үлкен жене жайнап тұрады, шашы мен сақалдары қара, ал өндері әр түрлі. Ақшылтым түстен қап-қара түске дейін табылады. Ал олардың киімі, тігггі ең кедей дегеніңнің өзі әдемі және сұлу көрінеді. Қысқа шалбар, жамылғы (мантия немесе тога секілді - өте жұқа ақ жүн матадан тігілген) немесе сулық (капюшонымен), басты бүркеу үшін (қолайсыз ауа райында, өте қатты ыстықта т.б.) тюрбан қолданады немесе ақ муслиннің кішкене бөлігін беліне буып белдік етіп байлайды. Әдетте, олар жалаң аяқ жүреді. Тек суық кездері сары немесе қызыл сафьяннан тігілген туфлилер киеді. Ең кедей мавр киімді шаршаулау өнерінде кез келген еуропалық актерден басып озады. Сонымен қатар ол өзін өзі өте әдемі, сыпайы, жомарт, жаратылысынан хақ екенін көрсетуімен ерекшеленеді. Мұнан біз арабтардың ислам дінін мақұлдап осы дінге сай киім кию, өзін өзі ортада ұстап, құдайға құлшылық жасауда да олардың сұлулыққа, әсемдікке деген эстетикалық талпынысын байқаймыз.
Мата түсі мен өрнектері
Ертеде араб елді мекенінің өсімдікке тапшы болуынан киім тігіп, қолдануына мал шикізатын - тері, жүн, түйе және қойдың үлпек немесе түбітін пайдалануына тура келді. Тек кейбір оңтүстік өңірлерінде ғана мақта өсетін жерлерде өсімдік талшығынан мата дайындады. Ортағасырлық дәуір өзінің өте жоғары мәдениетінің дамуымен ерекшеленеді. Оған мата тоқып өндіру, талшықтардың түрлілігін, түс үйлесімділігін және өрнектелуін айтуға болады. Кең көлемде жібек, жоғары сапалы жүн, кенеп, мақта маталарын пайдаланды. Салт-дәстүрі негізінде ежелгі көркемөнер мәдениетін сақтай отырып, әлемдік деңгейге көтерілді. Өте ерте кезде маталарды қиялдан шыққан өрнектермен безеңціріп, құс, аңдардың бейнелерімен әшекейлеп бояған. Бірақ діннің сол кездегі тыйымына байланысты, атап айтқанда, тірі жан-жануар, адамдарды бейнелеуге болмайтындықтан, ою-өрнектер түріне өзгерді. Жаңадан жұқа геометриялық немесе өсімдік тектес өте жіңішке сымға тартылғандай жолақ тектес, араб жазулары жазылған халифатты насихаттап мадақтайтын сөйлемдерді мата бетіне түсіретін өрнектер шықты. Оны матаға түсіру өте күрделі гобельеңдік техниканы немесе тігіс жапсыруды керек етті. Ал тегістеліп боялған маталар өздерінің түс үйлесімділігімен көздің жауын адды. Олар түстерді тартымды көрсету үшін әр түрлі реңкте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб халифаты, араб халифатының құрылуы
Араб мемлекеті туралы
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Ортағасыр мәдениетіне түсінік
Араб халқының киімі
Ислам өркениеті және мұсылман философиясы
Сарай поэзиясының ерекшелігі
Араб мемлекетінің құрылуы
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Пәндер