5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
І ТАРАУ. 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Балабақшада балаларды ұлттық тәрбиеге баулудың теориялық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2. Ұлттық тәрбиені ұйымдастырудың қағидалары мен мүмкіндіктері ... ... ... .28
1.3. Заманауи балабақшаларда дамытушы заттық ортаны қалыптастырудың мазмұны мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 6
ІІ ТАРАУ. 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТА АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Дамытушы заттық орта бағыттарын баланың жас ерекшелігіне сай жоспарлау тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
2.2. Елімізде және шет елдерде ұлттық тәрбиелеудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... . 73
2.3. Ересек топтарда балаларды ұлттық тәрбиеге баулуды дамытушы орта арқылы ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .95
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .97
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде, қазіргі қоғамда экономикалық, саяси-әлеуметтік жағынан өзін таныта отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу жағдайында. Білім, ғылым жүйесін, мәдениетін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Себебі, кез-келген тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үдерісінде өзіндік ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктер сол елдің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, сол елде мекен еткен халықтың тұрмыс-тіршілігімен сипатталады. Сол халықтың тәжірибесі жоғалмайды, халықтық сана мен идеяда, қоғамдық жүйелерде, мәдени даму барысында жүйелілікпен дамып жетіледі.
Білім беру мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін реформалау мәселелері тәуелсіз еліміздегі саяси-әлеуметтік даму талаптарынан туындайтынды. Сондықтан, үздіксіз тәрбиелеу мен білім берудің жүйесін жетілдіру жұмысы адамзаттық құндылықтарға негізделуде, жаңа бағыт алуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясында[1], Тілдер туралы[ 2], Білім туралы Заңдарында [3], Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы [4], Мәдени мұра бағдарламасы [5], Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы [6] жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жүйесін түбегейлі өзгертуге, дамытуға, балалардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында: Енді Қазақстан халықтарына өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемінде ие болуға тура келеді, ал бұл арада қазақ мәдениетіне, мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуге тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды, - деп атап көрсетілген. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл [7] атты еңбегінде: ...қазақ тарихы адамзат шежіресінің құрамдас бөлігі екені ғылыми тұрғыда дәлелденуі керек, - деп ерекше тоқталған, тәрбиенің тарихпен сабақтастығының ашылу қажеттігі мектепке дейінгі мекемелердің қалыптасу, даму зандылықтарын, қазіргі қоғам дамуының талаптарымен салыстыра зерттеудің, ғылыми негізде зерделеудің көкейкестілігін көрсетеді. Себебі, оқыту мен тәрбие - әлеуметтік үрдіс, сондықтан, ол әлеуметпен бірге дамып, бірге өзгеріске түсіп отырады.
Қазақстан Республикасына адал патриот азамат даярлау, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін, халықтар достығының негізінде тәрбиеленген, халық, Отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген, Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да ұлттардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек делінген.
Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конституциясында, Тіл туралы Заңында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңдарында, мектепке дейінгі білім беру бағдарламалырнда атап көрсетілген.
Мектепке дейінгі тәрбиені дамыту, балабақшаларды көптеп ашу мәселесі қашанда мемлекеттің қаулы-қарарларында, мемлекеттік құжаттарда басты назарда болды. Сонымен бірге бұл мәселеге Н.К.Крупская[8], Л.А.Давиденко[9], Л.С.Выготский[10], А.С.Макаренко[11], Э.К.Суслова[12], В.А.Сухомлинский[13] еңбектерін арнаған.
Біздің елімізде мектепке дейінгі тәрбие, баланы балабақшада тәрбиелеу жөніндегі ең алғаш Нәзипа Құлжанова ғылыми еңбек (1887-1939) жазған. Ол еңбек Мектептен бұрынғы тәрбие деп аталып, алғы сөзін жазған А.Байтұрсынов [14]. Ана мен бала тәрбиесі деп аталатын педагогикалық еңбектері бүгінгі күнде де өз өзектілігін жойған жоқ [15].
Бүгінгі танда педагог ғалымдар: А.В. Андросова, Б.Б. Баймұратова, С.Г. Бәтібаева, Г.Х. Дүкенбаева, А.К. Меңжанова, Н. Баримбеков, Т.А. Макеева, Қ.М. Меңдаяқова, Г. Метербаева, А.А. Нурахунова, Т.А. Левченко, А.Е. Манкеш, Ж.А. Исмайлова, Ә.С. Әмірова, Т. Иманбеков, З.Д. Еденбаева, Ф.Н. Жұмабекова, С.Н. Жиенбаева, О. Жүмадил-лаева, М.С. Сәтімбекова, Б. Арзанбаева, М.Т. Тұрыскелдина, А.Ж. Салиева, Ш. Сапарбаева, Н. Сайлауова, Ғ.З. Таубаева, Х.Т. Шерязданова, Г.Ж. Меңлібекова, т.б. мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салалары бойынша педагогикалық зерттеулер жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін талдаған. Аталған ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады [16].
Бұл күнде осы ғалымдардың еңбектері толық мәнді ғылыми теория дәрежесіне көтеріліп, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие тәжірибесінде қолданылып келеді.
Ұлттық тәрбиелеу үрдісіне бағытталған міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек тәрбиешілер қауымы - педагогикалық колледждер мен жоғарғы оқу орындарында оқып, білім алып жатқан студент-жастар.
Ал білімгерлерге ұлттық тәрбиенің қыры мен сырын, ғылыми негіздері мен тәлімдік мәнін, ғылыми-педагогикалық тұрғыда игерудің теориясы мен әдіс-тәсілдерін меңгерту мәселесімен этнопедагогика пәні айналысады.
Этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі - халық педагогикасы. Халық педагогикасы - халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы болып саналады.
Ал, халықтық педагогика - ұлттық тәрбиенің ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық өнерді, салт-дәстүрді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, патриот азамат тәрбиелеу[17].
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін мектепке дейінгі балалардың бойына сіңіріп қалыптастыру, білім, білік, дағдыларын дамыту, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Яғни, жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізіп, балалардың қайрат жігерін, ақыл-ойын, сана-сезімін халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Халықтық тәрбиенің негіздерін балаларға танытып, білімдер жүйесін меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық танымдық негіздерін үйретуге тура келеді. Ал ол ұлт туралы ұғымды, ұлттардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, басқа елдердің педагогикасына ену жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.
Сондықтан этнопедагогика пәнін ұлттардың мәдениетін зерттеу жолы ретінде қабылдап, ғылыми-методологиялық, теориялық негіздерін оқытып білуден бастау жөн.
Халықтық педагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII -- XVIII ғасырлардан бастап қолға алынып, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын анықтап, педагогика саласына ене бастады. Ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші -- XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері, халықтың сана-сезімі жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (А.Левшин, Э.С. Вульфсон, А.Вамбери, В. Радлов, Н.Г. Потанин, Н.Л. Зеланд, П.С. Паллас, А. Янушкевич, т.б.) жолжазбалары, екінші -- XX ғасырдың алғашқы 20 -- 30-жылдарында халықтық тәлім-тәрбиені ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М. Дулатов, Ә. Диваев, Н. Құлжанова, М.Әуезов, Ж. Аймауытов т. б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасып, даму кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең - 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970-2000 ж. ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз[18].
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне қазіргі таңда да ерекше маңызға ие.
Қазақ халқына тән осындай тәрбиенің озық тәжірибелерін жаңа ұрпақ тәрбиесінде қолдану маңызды міндетке айналуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде Дәстүрлі мәдениетті жаңарту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну - бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс деп атап көрсеткен [19].
Ұлттық тәрбие халық педагогикасы арқылы жүзеге асады. Халықтың ежелден қалыптасқан дәстүрлерін, шығармашылығын, мәдениетін балаларға таныстыру жұмыстары халықтық педагогика арқылы жүргізіледі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2050 стратегиясында білім беру және тәрбиелеу жұмысының алдына ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын жүргізу керектігін мақсат етіп қойып отыр. "Ұлттық" деген сөздің өзі өз ұлтына, тіліне, тарихына, дініне, мәдениетіне деген құрметті білдіреді. Мағжан Жұмабаев ұлттық тәрбие сөзін өз еңбегінде қолданған алғашқы педагог. Ол өзінің әдеби-педагогикалық еңбегінде ұлттық тәрбие мәселесіне көп көңіл бөліп, тәрбиенің бастауы ұлттық тәрбие екендігін айтқан. М. Жұмабаев Педагогика еңбегінде ұлттық тәрбие жайлы былай деген: Ұлт тәрбиесі баяғыдан сыналып келеді, оны көп буын қолданып келе жатқан жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті. Сондықтан біз ғылыми диссертациялық жұмысымызда мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тұрғыдан тәрбиелеу мәселесін зерттедік.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі, ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген өзіндің көзқарасын, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Осы ретте ұлттық тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлді. Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін дарыта отырып, жан-дүниесін қалыптастыру күрделі мәселе. М.Әуезов Ел боламын десең, бесігіңді түзе, деп айтқандай, келешек ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен бастап қолға алып, балаларды ұлтын, тілін құрметтейтін, Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы биік азамат етіп тәрбиелеу үшін ұлттық тәрбие беру керек екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдауында қазіргі қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек. Қазақстаннның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық достығы мен жетілуін қамтамасыз етіп, қазақ халқының сан ғасырлық мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрлерін сақтаймыз және дамыта түсеміз деген сөздерінен ұлттық тәрбиеге деген қажеттіліктің жоғары дәрежесін байқаймыз [20]. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында мынадай жетекші міндетті байқауға болады Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу [3,12б].
Жоғарыда көрсетілгендей, халықтық педагогиканың туындыларының баланың дамуындағы құдіреті туралы еңбектер бола тұра, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде этнопедагогика материалын пайдалануды ғылыми негізде жүйелеген зерттеулер жеткілікті емес. Осының нәтижесінде мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде халық педагогикасының материалдарын пайдаланудың қажеттілігі мен оны ғылыми тұрғыда негіздеудің арасындағы қарама-қайшылық туып отыр.
Осы қайшылықтардың шешімі ғылыми-зерттеу жұмысының көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан да халықтық педагогиканың мұраларын мектепке дейінгі мекемеде ұлттық тәрбиенің құралы ретінде пайдалана отырып, оның мазмұнын, мүмкіндіктерін қарастыру, тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістері мен жолдарын іздестіру, балаларға ұлттық тәрбие беру барысында қосымша құралдар ретінде заттық-дамытушы ортаның мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында біз диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын 5-6 жасар балаларды дамытушы заттық орта арқылы ұлттық тәрбиеге баулуды жетілдірудің педагогикалық шарттары деп таңдауды ұйғардық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ұлттық тәрбие - ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін асыл қазына болып табылады. Ұлттық тәрбие - еліміздің келешігі. Себебі, жас ұрпақ ұлттық тәрбие ала отырып, дені сау, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы болып өседі. Қазіргі таңда кездесетін ана тілін, тарихын, өз халқының дәстүрлерін білмейтін жастардың көбеюі, халқымызға жат болған аталар мен әжелердің қарттар үйінде болуы секілді көптеген келеңсіз жағдайларды бірте-бірте жою, олардың алдын алу, болдырмау жолы - бұл жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Мектепке дейінгі мекемеде ұлттық тәрбие беру жұмысын дамытушы заттық орта ұйымдастыра отырып жүргізу кез-келген тәрбиешінің жұмысын жеңілдетеді, әрі балалардың зейін аударып, қабылдауына да орасан зор көмек көрсетеді.
Зерттеу мақсаты: Рухани-мәдени мұралар, ұлттық құндылықтар, адамзаттық игіліктер сабақтастығын сақтаған күйде 5-6 жасар балаларды дамытушы заттық орта арқылы ұлттық тәрбиеге баулудың тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
oo Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу үдерісін даралауға мүмкіндік беретін баланың ортасын дұрыс ұйымдастыру.
oo Балаларға ұлттық тәрбие берудің шарттарын анықтау.
oo Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушы заттық ортаны ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілеу;
oo Дамытушы заттық ортаның құрамдас бөліктерін, заттық аймақтың тақырыптамаларын белгілеу;
Зерттеудің теориялық маңызы: Мектеп жасына дейінгі баланың жеке ерекшеліктерін, танымдық үрдістерін дамыту, ұлттық рухта тәрбиелеу, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Осыған орай диссертацияның теориялық негізі ретінде баланы ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу тұрғысынан қарастыратын теорияларды таңдадық.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Балабақшаларда топтық заттық ортаны безендірудің талаптары айқындалды, заманауи заттық - дамытушылық ортаны құру бойынша отандық және шетелдік озат тәжірибелер талданды, дамытушы заттық орта арқылы балаға ұлттық тәрбие беру әдістемесі жасалып, тәжірибеде тексеруден өтті.
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу нәтижелерін жинақтай келе, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне, жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап балаларға ұлттық тәрбие беруде заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Бұл нұсқаулықты жоғары оқу орындарында болашақ тәрбиешілерді даярлауда, балабақша тәрбиешілерінің білімін жетілдіру мекемелері қызметінде пайдалану тиімді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу міндеттеріне сәйкес психологиялық - педагогикалық деректерді теориялық тұрғыдан талдау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, балабақшалардың озат тәжірибелерін зерделеу, тәжірибелік жұмыс жасау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етіледі.
Магистрлік диссертацияның құрылымы: Диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Ғылыми мақала: Магистрлік диссертациялық ғылыми жұмыс бойынша Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткізілген Қазақстандағы және әлемдегі мектепке дейінгі білім беру; тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы (профессор А.К.Меңжанованың 80 жылдығына арналған) атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның материалдар жинағында Мектепке даярлық топтағы балаларды дамытушы орта арқылы мектепке даярлау, Мектепке даярлық топтағы балаларды дамытушы орта арқылы ұлттық тәрбиеге баулуды жетілдіру, Қазақстанның ғылымы мен өмірі Халықаралық ғылыми - көпшілік журналында Мектепалды даярлықта балаларды ұлттық тәрбиеге баулуды дамытушы орта арқылы қалыптастыру, Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Мектепке дейінгі мекемедегі білім берудің жаңа үрдістегі заттық дамытушылық ойын орталықтарын ұйымдастыру жолдары тақырыптарында ғылыми мақалалар баспаға шығарылды.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998, 48 б.
Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңы. 11 шілде, 1997.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Астана, 2007, 27 шілде.
Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы. Алматы, 1992, 28 б.
Назарбаев Н.Ә. Мәдени мұра бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама. Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2003.
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2001.
Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл. -Алматы: ЮРИСТ. 2003-1806.

АНЫҚТАМАЛАР
Ұлттық сезім - өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу.
Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.
Халық педагогикасы - халықтық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы.
Тәрбие - халықтың көптеген ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған, озық тәжірибесі мен ізгі істерін жас ұрпақ бойына дарыту, баланың сыртқы қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, дүниетанымын, көзқарасын, өмірге деген құлшынысы мен қызығушылығын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру.
Ұлттық тәрбие - барлық халықтың ой-арманымен, тілегімен, тұрмыс-тіршілік тынысымен, ұлттық салт-дәстүрімен тығыз байланыста туып, қалыптасқан тарихи қазына, мәдени мұра
Адамгершілік тәрбиесі - бұл тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін дамытатын, құндылық бағдарын айқындайтын құрал
Әдет-ғұрып дегеніміз- белгілі бір қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі.
Салт - адам өмірінің күнделікті тіршілгінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек іс әрекет, адамгершілік, құқы, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-айма, ру тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған , топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда әдебиетте, мектепте, халытық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатыраста ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселе, үлкенді сыйлау, қонақжайлық-дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсімдерден тұрады.
Ұлттық сезім дегеніміз- адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы.
Ұлттық мінез - адам мінезінен іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі.
Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым.
Ойын - тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімдеудің құралы, дене шынықтыру мен сергудің тәсілі.
Орта - бұл әлеуметтік және шығармашылық әрекеттің алаңы, өмір сүру формасы, қоғамдық тәжірибені беру және сақтау түрі, мәдениет дамуы, қабілеттерінің дамуы.
Дамытушы заттық орта - педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға қажетті уақыт пен кеңістік жағынан жүйелі ұйымдастырылған, қажетті заттармен, ойын құралдарымен жабдықталған эстетикалық, психологиялық - педагогикалық шарттардың жиынтығы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЖОО - жоғары оқу орны
МЖДБ - мектеп жасына дейінгі балалар

І ТАРАУ. 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі - халық педагогикасы және оның өзіне тән ерекшеліктері
Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесін жаңартуға жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі дамыған, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінен хабары бар, ертеңгі азаматты тәрбиелеу - отбасы, балабақша және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян.
Бұл жөнінде Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасын және Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасы дайындалған. Аталған құжаттардағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері туралы қаулысындағы ережесінде қазақ балаларын қоғамдық мекемелерде, отбасында және мектепте өз ана тілінде тәрбиелеу мен білім беруге ерекше көңіл бөліну қажеттілігі атап көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжатта: Білім берудің деңгейлері мен мазмұны белгіленіп, сонда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі деп көрсетілген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында Елдік мұрат жолында ұлы ерліктер әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді келешек ұрпақтың лайықты жалғастыратынына сенемін, - деген.
Сондықтан жас ұрпақты туған жерін сүюге, Отаны үшін қызмет етуге, елжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу біздің міндетіміз. Ұлттық тәрбие атауына ұлы педагог ғалымдардың еңбектерінде түрлі анықтамалар берілген. Ұлттық тәрбие - ұлттық сана сезімі жоғары тұлға тәрбиелеуге бағытталған білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Ұлттық тәрбиенің мақсаты - ұлттық мүдденің өркендеуіне өз үлесін қосатын, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды байланыстыра алатын ұлтжанда азамат тәрбиелеу. Балаларды ұлттық сипаттағы кез-келген пайдалы іс-әрекетке бейімдей алу, ана тілін, тарихын, дінін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету әрбір тәрбиешінің міндеті. Елдік сананы қалыптастыру ұлттық тәрбиенің нысаны екендегін түсіндіру. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын, өткен ғасырлардан бері мұра болып келген үлгі-насихаттарын балалардың бойына сіңіру жауапкершілігі мол жұмыс.
Ұлттық тәрбиені жүзеге асырушы халықтық педагогикада халықтың қағидалары, шығармашылық тәжірибесі, орнықты мүдделері, ұрпақ тәрбиесі туралы көзқарастары, мінез-құлық ережелері бейнеленеді. Халықтың педагогикалық мәдениетінің аса маңызды құндылықтарының қатарына халық ауыз әдебиетінің жанрларын, сәндік қолөнер туындыларын, музыкалық шығармаларын, әдет-ғұрыптарын, атадан балаға мирас болып келе жатқан көркем туындыларды жатқызамыз.
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы бірнеше жылдардың ішінде педагогикалық ғылыми зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, балабақша тәрбиеленушілеріне, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық мәні жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз зерттеулерін арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң пайда болып, қалыптасуы мен дамуы ғылыми-әдістемелік тұрғыда сарапталып, өз ретiнде білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылды.
Ұлттық тәрбие беру, баланы ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесі барлық халықтың педагогикалық зерттеулерінде ерекше зерттелген. Кезінде орыстың ұлы педагог ғалымы К.Д.Ушинский өз еңбектерінде былай деген: Алғашқы тәрбиеші - халық, ал халық ертегілері - халық педагогикасын жасаудағы алғашқы, тамаша талпыныс. Халықтың тәрбие туралы даналығы идеялық мазмұндылығымен, байқампаздық пәрмендерімен, ойының, іс-әрекетінің дәлдігімен, тіпті, шындап келгенде халық педагогикасы данышпандығыменешбірі бәсекеге түсе алмайды [21].
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі болған халық педагогикасына қайта оралу заманның қазіргі ағымы ғана емес, бұл - қоғамдық өмір талабынан туындап отырған қажеттілік, себебі бала өз халқының мәдениетін салт-дәстүрлерін танып білгеннен соң, ұлтының ерекшелігін түсінеді, елін жұртын аялауға үйренеді, ана тілін меңгеруге деген ықыласы арта түседі.
Мектепке дейінгі мекемеде балаларға ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыру түрлі оқыту және тәрбиелеу формалары арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық рухта тәрбиелеуді дамытушы заттық орта арқылы жүргізу тиімді тәсілдердің бірі. Топта заттық орта құру, оны ұлттық нақышта безендіріп ұйымдастыру тәрбиешіден үлкен еңбекті талап етеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын дамыту мәселесі өте күрделі және оны дамытудың негізгі формаларының бірі - орта. Орта арқылы бала жаңа білім көзімен әлеуметтік тәжірибемен қаруланады. Мектепке дейінгі мекемедегі заттық-дамытушы орта баланың белсенділігін арттырумен қатар, өздігінен білім алуына, қарым-қатынас жасауға үйренуіне мүмкіндік тудырады. Балабақшадағы білім беру, тәрбиелеу үрдісіндегі заттық-дамытушы ортаның рөлінің маңыздылығын көптеген педагог ғалымдар зерттеген. Солардың қатарында Комарова Т.С., Новоселова С.Л., Параманова Л.А., Поддьяков Н.Н өздерінің ғылыми еңбектерінде дамытушы ортаның маңыздылығын қарастырған.
Ұлттық тәрбие беру ежелден пайда болып, көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. Мыңдаған жылдар бойы дамыған тәрбиенің бұл саласы ғылым ақиқатты дүниенің мәнін, оның даму заңдылықтарын білуге бағытталған адамзаттың ерекше әрекеті ретінде пайда болмағанға дейін, нақтырақ айтқанда пайда болардың алдында және ол пайда болып қарқынды дамығанда да, педагогика оны ғылыми білімнен арнайы бір сала ретінде бөліп қарамаса да өркендеді. Себебі кез-келген халықтың тәрбиесі отбасыдан басталып, отбасында ұлттық тәрбие беру қолға алынған болатын. Қазіргі кездің өзінде ұлттық тәрбие беру педагогика ғылымының басты проблемаларының бірі болып табылады. Ұлттық идеяларды, құндылықтар мен тәжірибені талай ұрпақ пайдаланды, әлі де пайдалануда. Оны түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген алыс, жақын шет ел ойшылдары мен педагогтарының халық даналығы өнегесінде жазған ғылыми шығармалары, оны тәрбиелеу үрдісінде пайдаланулары дәлелдей алады. Мысалы, Я.А.Коменский табиғилық қағидасын негіздеуде, чех халқының бала тәрбиесіндегі тәжірибелерін ескерген, кейбір дидактикалық ережелерді халық афоризмі ретінде ұсынған, педагогикалық ағартушылық жұмысында халық ауыз адебиетінің шығармаларын көп пайдаланған, барлық адамзаттың жинақтаған тәжірибесін Адамзат баласы бірлесіп иеленетін жалпыға бірдей даналық қазынасы деп есептеген. [22]
Ж.Ж.Руссло мен И.Г.Песталоции Я.А.Коменскийдің көзқарасын қолдаған. Ж.Ж.Руссо өзіне тән көрегендікпен тәрбие үрдісінде ұлттың рухани қайнары мен өмірінен қол үзіп қалғандығын ашып көрсеткен. И.Г.Песталоции өз тәжірибесінде ұлттың педагогикалық қағидаларына, тәрбиелеуге деген көзқарастарына сүйенген. Ата-ана тәрбиесіне көп көңіл бөліп, әдет-ғұрып мектебі ретінде қабылдаған. Балаларға ұлттық тәрбие беруде ана тілін меңгеруге аса мән беріп, Ежелгі өмірдің ұлы күәгері - тілді үйрене отырып меңгереді деген. [23]
Ана тілін оқып үйренуге арналған бірқатар талаптарды негіздеген және оның мәдени-педагогикалық, әлеуметтік маңызын ашып көрсеткен.
Ұлттық тәрбиенің кез-келген халық үшін маңыздылылығына Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский кәміл сенген. Олардың бұл сенімі ұлтына деген ыстық сүйіспеншілігіне негізделеді. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі халықтық педагогика екендігін айтқан ғалымдар К.Д.Ушинский, Н.В.Чехов, Л.Н.Толстой, В.И.Лениннің еңбектерінде кездеседі. [24]
В.Г.Белинский балаларды баурап алатын поэтикалық бейнелерді, жан жылыуы мен патриоттық сезімдерге бай, балалар қиялы мен сезіміне жақын да түсінікті мысалдарды, поэмалардан үзінділерді, ертегілерді, өлеңдерді тәрбие үдерісінде көбірек пайдаланады. Оның пікірінше халықтың ауызекі туындылары балаларды арман асуына, әсемдікті сезінегу жетелейді, қоршаған ортаны түсінуге көмектеседі.
А.И.Герцен де ауызекі шығармашылықты, өнерді, әдебиетті Адамгерлішік пен эстетикалық мектеп деп қабылдаған. Өз заманында ол ұлттық тәрбие беру мәселесін адамгершілікпен байланыстыра отырып зерттеген. Н.Г.Чернышевский халық шығармашылығы баланы өмір сүруге үйретеді, өмірдің оқулығы секілді, сондықтан баланы тәрбиеле уде ұлттық тәрбиені молырақ пайдалану керек деп есептеген. Себрбиялық эпикалық әндер мен орыстың батырлар жырына талдау бере отырып, бұл ұлттық әндердің астарындағы ізгілік қасиеттерге аса мән берген, әсемдік нақышына тоқталған. Тәрбиелеуде аңыз-әңгімелердің, ертегілердің, жыр-дастандардың мүмкіндігін жоғары бағалайды. Н.А.Добролюбов та балалар әдебиетінің мазмұнында ұлттық тұрмыс-тіршілік негізі, сана-сезімі, дүниетанымы, арманы, әдет-ғұрпы көрініс алғанына аса көп мән берген.
Ұлттық тәрбие беру орыстың халықтың педагогикасында ерекше орынға ие болған және оны жоғарыда мысал келтірген орыс педагогикасының керекмет өкілдерінің көзқарастарымен дәлелдей аламыз. Алғаш рет Халық педагогикасы терминін К.Д.Ушинский өз еңбектерінде пайдаланып, ұлттық тәрбие беру принципі педагогиканың негізгі деңгейі деп есептеген. [25]
К.Д.Ушинский Халықтық деп белгілі бір халықтың ұлттық Менін сақтауға, әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық салаларында қалыптастыруға деген ұмтылысымен сипатталатынын түсіндірді. Ол ұлттық тәрбие ең алдымен сол уақытқа дейін педагогика ғылымының мазмұны жағынан жинақталған тәжірибелермен қатар шдамуы тиістігін басты қағида етіп алған. Ол Біздің тәрбиені ойлап тапқымыз келетіні бос әурешілік, тәрбие сол халықты, халық қанша өмір сүрсе тәрбие де сонша өмір сүреді, халық пайда болған кезден бастап тәрбие пайда болды, ол сол ұлттың тәжірибесін, тарихын, жақсы жаман қасиеттерін қамтиды. Бұл бірі екіншісін ауысмтыра отырып дамиды, - деген. [25, 482б]
К.Д.Ушинскийдің бұл пікірі әлемнің барлық елдеріндегі ұлттық тәрбие беру қағидасымен ұштасады.
Оның педагогикалық ойлары ХІХ ғасырда Қазақстандағы педагогикалық көзқарастың дамуына елеулі үлес қосып, шсол кездегі басқа елдердің педагогтары тарапынан үлкен сыйластыққа ие болды.
Н.В.Чехов та оның педагогикалық идеялары тек орыстарға ғана емес, барлық халыққа арналғандығын айтып өткен.
Халықтық қағиданы ұстанып ұлттық тәрбие мәселесіне көңіл бөлген ғалымдар қатарына Л.Н.Толстойды да жатқызамыз. Ол өзі ашқан Ясная поляна мектебінде оқыту және тәрбиелеу үдерісіне ұлттық шығармаларды, құралдарды еңгізген. Оларды пайдалану жолдарын Ясная поляна баспаларында жариялаған.
Л.Н.Толстойдың ұлттық тәрбиеге жоғары баға беріп, халықтың шығармашылығын пайдалануы халық арасынан шыққан қайталанбас туындыларды балалардың жақсы меңгеруіне сетһптігін тигізген. Сол кезде балалар орыс ұлтының жұмбақтарына, мақал мәтелдеріне, ертегілеріне, әндері мен жырларына, ежелгі әдебиет ескерткіштеріне ерекше қызығушылық танытқан. Л.Н.Толстой Балалар ол шығармаларды жатқа білген, күнделікті қарым-қатынас барысында, ойын барысында балалар бірін-бірі кітаптардағы кейіпкерлердің атымен шақырған,- деген. Осылайша Л.Н.Толстой балалар өз халықының шығармаларымен, тәжірибесімен, дәстүрлерімен таныса отырып, өз ұлтын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарын көзінің қарашығындай сақтауына кәміл сенген, балаларида ұлттық мінез-құлық дағдылар қалыптасатындығын айтқан.
Халық шығармашылығының тәрбиелік мәнін, бала дамуына ықпалын қарастырғанда Ф.Энгельс, К.Маркс және В.И.Лениннің көзқарасы жайлы тоқталамыз. Себебі, олардың идеялары бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтпаған. Ф.Энгельс ұлттық тәрбиенің көркемдік, эстетикалық, қоғамдық-экономикалық, саяси мәніне Неміс халықтық кітаптары еңбегінде тоқталған. Бұл еңбекте ғалым ұлттық тәрбие беруде халықтық кітаптардың маңызын айқындаған. Ол кітаптардың міндеттері: ауыр жұмыстан кешке қажып оралған шаруаның көңілін көтеру, оны көңілдендіріп, желпіндіру, оны өзінің тауқыметі мол жұмысын ұмытуға мәжбүр ету, оның тастақ алқабын хош иісті бауға айналдыру емес, оның адамгершілік сезімін айқындау, оны өз күшін, өз құқығын, өз бостандығын сезінуге мәжбүр ету, оның батылдығын, оның Отанға деген сүйіспеншілігін ояту болып табылады деп тұжырымдаған. [26]
Осыған орай ол әрбір адамды оқыған щығармаларына сын көзбен қарауға шақырады, өйткені халық арасына тараған шығармалардың бәрі таза халықтық емес. Ұлттық кітаптар әдеттен тыс бай поэтикалық мазмұнмен, бояуы қанық, өткір тілмен, адамгершілік тазалықпен... ерекшеленуі, яғни өз уақытына сай келуге тиіс, әйтпесе ол ұлттық болудан қалады деп ескертеді. [26,12б]
Барлық халықтардың, соның ішінде қазақ халқының өз тарихи даму кезеңдері бар. Осы даму сол халықтың болмыс-бітімінен де көрініс табады. Мұның астарында адамзаттың озық тәжірибесі, халықтың ой-пікірлері, арман-тілегі жатады. Ирланд халық әндерін зерттей отырып, Ф.Энгельс Бардылар... Фин Мак-Кулдің жеңістері туралы... Тораның ежелгі король сарайының әсем салтанаты туралы, король Бриан Боруаның қаһармандық ерліктері туралы ежелгі әндерді, ирланд көсемдерінің ағылшындармен шайқастары туралы кейінгі әндерді зердеде мықтап сақтап қалған; олар өз әндерінде сондай-ақ тәуелсіздік жолында күрес жүргізген қазіргі ирланд көсемдерінің ерліктерін де дәріптейді... олардың аттары ұмыт болған, олардың өлеңдерінен бар болғаны үзінділер ғана сақталып қалған; олардың өз халқына қалдырған ең жақсы мұрасы - олардың әндері - деп жазған. [27]
Бардылар барлық халықта болып, орыстарда - сказитель, қазақтарда - жыршы, термеші, өзбектерде - мұқамчи, қырғыздарда - манасчи және басқаша аталған.
Халықтың ауызекі шығармашылығының туындылары қазіргі күнде де ұлттық көңіл-күйдің көрінісі болып табылады. Олардың кейбір түрлері, мысалы, эпос әлемдік тарихта дәуірді құрайтын өзінің классикалық формасында... бізге көркемдік ләззат беріп келеді және белгілі бір дәрежедегі норма мен қол жетпейтін үлгі болып қалып отыр. [26, 736б]В.И.Ленин әрбір ұлттық мәдени мұрадан болашаққа тиесіліні, яғни тек оның демократиялық элементтерін ғана алуды ұсынды. Бұл өте әділ әдіс болып саналады. Себебі, осы айтылғанның бәрі шын мәнісінде қазіргі және болашақ педагогикалық мәдениетке тікелей байланысты.
Педагогика ғылымының қазіргі кезеңінде бұл проблеманы ойдағыда жүзеге асыру үшін өткеннің рухани мұрасын егжей-тегжейлі зерттеп, көздің қарашығындай сақтау қажет, мұның өзі негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге сол белгілі құбылыс өзінің дамуында қандай басты-басты дәуірлерді өтті деген тұрғыдан қарау болады. [28]
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі халықтық педагогика мәселесін зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне тоқталар болсақ А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский де өте жоғары бағалап, өзқызметтерінде кеңінен пайдаланған. Мысалы, А.В.Луначарский өмір сүрген заман өнері тұтасымен халық еншісінде болуы тиіс, өйткені онда өзінің жетістіктері дәрежесіне қарай, көне өнердің, оның көптеген бөліктерінің бізге зияны жоқ, әлемнің ұлы классиктерінің шығармаларының өзіндік нышаны бар. Осы іргетасқа, ескінің негізінде өсіп жетілетін жаңа өнерді тұрғызамыз. Ол біздің ой-пікірімізді жинақтап, алға қарай бағыттайтын ғылым секілді біздің сезімімізді бақылап, дамытады, шыңдайды, жетілдіреді, сонымен қатар ... өткенді, болашақты түсінуге, сүйіспеншілікпен сезінуге итермелейді, сондықтан егер бұл үшін өзімізге жарамды элементтерді көне өнерден таңдап алып, орнымен пайдаланар болсақ, онда біздің идеяларымыз, қағидаларымызбен көзқарасымыз көрініс табатын үлкен тәрбиелік мәні бар өз өнерімізді дамытуға тиіспіз. Әрине, осы тұрғыда балаға өткеннің өнері арқылы өзінің көзқарасы мен сезімін түсінуіне , тиянақты ойлауына, терең сезінуіне көмектесу қажет және осы ұлттың бұкіл тұрмыс-тіршілігі мен өзіндік ерекшеліктерін, бұкіл жақсы жақтарын сипаттайтын мәдениет, әдебиет, өнер саласында оқулықтар шығару қажет. Олар, сөз жоқ, балалардың ұлттық нышанды, ұлттық игілікті терең бағалауына және оларды өз қажетіне пайдалануына жәрдемдеседі деген әділ пікір айтқан. [29]
Осы орайда А.С.Макаренконың балалармен атқарған жұмыс тәжірибесіне де тоқтала кеткен орынды секілді. А.М.Горький атындағы колонияда және Ф.Дзержинский атындағы коммунада А.С.Макаренко тәрбие үдерісінде халық ертегілері мен ұлттық ойындарды көп пайдаланған. Сол себепті, ертегі тәрбиеленушілердің құрметіне бөленді. Мұны осы мекемелердегі ертегілер үйірмесінің тәжірибесі айғақтайды. Колонистердің ертегіге құлай беленуіне ертегілерді қатты құрметтейтін өз жетекшілерінің ықпалы ерекше болды. Мысалы, А.С.Макаренко бұл жөнінде жақсы айтылған ертегі - мәдени тәрбиенің басы, егер әрбір отбасының кітап сөресінде ертегілер жинағы тұрса, қандай жақсы болар еді, - деп ой тұжырымдаған. Балалардың ертегімен бұлай әуестенуі олардың тәрбиесіне оң әсер етті, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренді, қиялын қанаттандырды, мінез-құлық мәдениетін, адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін қалыптастырады.
А.С.Макаренко ұлттық ойындарды бала өмірінің қуанышы, негізгі іс-әрекеті, болашақ қызметке даярлау құралы деп қабылдады. Ойын арқылы баланың өмірге деген сүйіспеншілігі артады, құштарлығын арттырады, туған халқының мәдениетіне сыйластық көзқарасын қалыптастырады, көркемдік-эстетикалық талғамын дамытады. [30]
Қазақстанда мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу, ана тілінде сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, балабақшалардағы балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үрдісінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары 1958-64 жылдардан бастап жүргізілді.
В.А. Сухомлинскийдің пікірінше, реханилық тамырын қалыптастырудың қайнар көздерінсіз, халық педагогикасының пәрменді құралдарынсыз жас ұрпақ тәрбиесін толыққанды ұйымдастыру мүмкін емес. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде тарихи білімдерді пайдалануды халықтан үйрену қажет. Халықтың ауызекі шығармашылығының қай жанрында болмасын әрдайым белгілі бір дәуір адамы мен қоғамының өзіндік мәнді белгілері ерекшеленіп тұрады. Халық әрқашан нақты деректерді, өмірде болған оқиғаларды, шығарма кейіпкерлерінің рухани өмірінің сипатын өз тарихының қайсыбір кезеңіне сәйкестендіріп отырған. Мұндай материалды қабылдау мен ой елегінен өткізу процесінде балаларда тарихи, ұлттық ойлау ойдағыдай қалыптасады. Халық педагогикасы құралдарының арқасында олар халық мәдениетінің тарихи тәжірибесінің тамырын дұрыс түсінеді. [31]
Жоғарыдағы айтылғанның бәрі педагог ғалымдардың ұлттық тәрбиені жеке проблема ретінде зерттемегенін, дегенмен, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда оның қағидалары мен идеяларын педагогикалық тәжірибелерінде пайдаланғанын, ұлттық тәрбенің баланың дамып, жетілуіндегі мүмкіндіктерін терең ммеңгергенін айғақтайды.
Ұлттық тәрбиенің халық педагогикасындағы маңызын қазақ ойшылдары мен ақын жыраулары да, ғалымдары мен ғұлама ағартушылары да жоғары бағалаған. Солардың ішіндегі аты әлемщге әйгілі әл-Фарабидің зерттеулері ерекше биік. Ол өзінің ғылыми-педагогикалық шығармаларында имандылық, адамгершілік, этикалық, музыкалық, эстетикалық тәрбие бағыттарына ерекше көңіл бөлді. Ақын-жырау поэзияларынан да ұлттың көзқарасын, идеяларын, салт-дәстүрлерін, арман-тілегін, әдет-ғұрыптарын байқаймыз. Өйткені ұлттың сол асыл мұралары, үміт-арманы, қайғы-қуанышы жыларлар толғауларында негізгі өзек болып есептелді. Мұны Асанқайғы (XV) шығармаларынан байқауға болады. Аңыздағы Асан өз алдына бір міндет - өз халқына жерұйық табу міндетін қояды. Әйткенмен, Асан тек аңыздағы адам еместігі барлығымызға мәлім. Оның осы уақытқа дейін жеткен аздаған әдеби мұрасы өзінің ауқымдылығымен, жан-жақтылылығымен, ондағы демократиялық идеялардың басымдығымен сипатталады. Ол үлы гуманист ретінде жер бетінде, адамдарға арнап жұмақ жасауды армандады. Сондай-ақ ақын-жыраулардың қай туындыларын алмайық, барлығында халықтың ұлттық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлық ерекшеліктері, дүниеге деген көзқарасы, адамгершілік қасиеттері, имандылық-этикалық ой-пікірлері, болашақ ұрпаққа қалдырған өсиеті, мұралары шынайы бейнеленген. Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин да өз шығармаларында халық шығармашылығын басшылыққа алып ұлттық тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген.
Ы.Алтынсарин орыстың ұлы педагогтарының бірі К.Д.Ушинскийдің өзінің педагогикалық қызметі мен көзқарастарын ұлттық қағидаларға негіздейді. Ұлттық дегенді ол, еңбекші халықтың өз елінің мәдениетіне, әлеуметтік саясаты мен экономикасына ынта-ықыласы ретінде түсіндіреді. Тәрбиедегі ұлттық принцип аясында сол кезең үшін аса озық деген анықтама берді. Ы.Алтынсарин үшін бұл мазмұнның маңызды элементтері болып ана тілі, ерікті еңбек, халық мәдениеті мен мағыналы патриотизм болып табылады.
Қазақстанда 70- жылдарға дейін Б.Адамбаев, Е.Рахмадие, Қ.Бержанов, Қ.Сейталиев, М.Әлімбаев, Ж. Нұрмаханов және т.б. ғалымдардың ұлттық тәрбиеге баулуда халық шығармашылығын пайдалану туралы мақалалары жарияланды.
70-жылдардың басында халықтық тәрбие саласында И.Оршыбеков, А.Мұхамбаеваның ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Ертегі мазмұны бойынша балаларды сурет салуға үйрету
Пәндер