Асептика, антисептика, зарарсыздандыру және залалсыздандырудың микробиологиялық негіздері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ақырыбы: Асептика, антисептика, зарарсыздандыру және залалсыздандырудың микробиологиялық негіздері
Мақсаты: Асептика, антисептика, залалсыздандыру және зарарсыздандыру әдістері туралы, қазіргі заманауи антисептикалық заттар, антисептиктерді микробиологиялық негіздерге қолдану туралы студенттерге мәлімет беру.

Дәріс жоспары

1. Кіріспе.
2. Асептика, антисептика, залалсыздандыру және зарарсыздандыру түсінігіне анықтама.
3. Залалсыздандыру (стерилизация) әдістері: физикалық, механикалық, химиялық.
4. Зарарсыздандыру (дезинфекция) әдістері: физикалық, химиялық.
5. Антисептика әдістері.
6. Қазіргі заманғы антисептикалық заттардың жіктелуі.

Кіріспе
Әлемнің барлық мемлекеттерінде, оның ішінде экономикасы дамушы елдерде денсаулықты сақтаудың түйінді мәселелерінің бірі болып АІИ-мен (аурухана ішілік инфекциямен) күрес болып табылады. АІИ эпидемиологиялық таралуы мен асқыну қасиеттерімен сипатталады. Аурухана ішілік инфекция әлемнің барлық елдеріндегі емдеу мекемелерінде кеңінен таралған және денсаулық сақтау орнына өте күрделі мәселе болып отыр. Мұның барлығы (яғни осындай инфекциялар) негізгі аурулар ағымын тездетіп, науқас өміріне қауіп тудырып, ауруханадағы науқастардың емделу уақытын ұзартады және үлкен қосымша экономикалық дағдарысқа әкеліп соғады. Ресейде ауруханаішілік инфекциядан 2 млн. адам зардап шегеді, олардан жазылу 15%-ы қөрайды. Әртүрлі Европа елдерінде аурухана инфекция жиілігі 6%-дан 27%-ға дейін құрайды, АҚШ-та 7-8%, жыл сайын экономика тигізетін зияны бірнеше млрд. долларға әкеліп соғады.
Этиология. АІИ қоздырғышы болып әртүрлі бактерия, вирустар саңырауқұлақтар және қарапайымдылар өкілдері болып табылады. Алайда жетекші болып патогенді және шартты патогенді есебінде бактериялар табылады. Олардың тізімі өте ауқымды. Олардың ішіне стафилакокктардың бірнеше түрі: Staphylococcus aureus және S.epidermitidis, crtpemoKQKm -А, В, С, Д, F, G серотоптары, пептострептококктар, Neisseriaceae төқымдастығының өкілдері (нейссери, мараксела, кингелла) Enterobacterioceae төқымдастығы (ішек таяқшасы, клебсиелла, сальмонелла, шигелла т.б) микоплазмалар, бактероидтар, фузобактерия, клостридиялар және т.б. Саңырауқөлақтардың ішінде ең жиі кездесетін АІИ қоздырғышы Candida туыстасының өкілі сонымен бірге пневмацистер. Ал вирустардың ішінде: ортомиксовирустар, аденовирустар, В, С, Д гепатит вирустары, энтеровирустар, сонымен қоса АИВ.
Әртүрлі микроорганизмдердің нақты әсер ету ролі әртүрлі себептерге байланысты, ол: бөлме ішіндегі науқас санына, аурухананың орналасу орнына, санитарлық-гигиеналық тәртіпке байланысты. Алайда әртүрлі елдерде көптеген зерттеулер көрсеткіштері бойынша соңғы жылдары АІИ этиологиясында грамм коккпен қоса грамм теріс бактериялар да маңызды рөл атқарады. Аурухана инфекция қоздырғыштарының ішінде несеп шығару жолдарын зақымдаушы ішек таяқшалар 38%-ға дейін, протей-17,5%, көкіріңді таяқша-11,6%, клебсиелла-8,5% және энтеробактерия-6,4% кездеседі. Аурухана инфекциясы кезінде төменгі тыныс алу жолдарын зақымдаушы-көкіріңді таяқша және пневмакокк (17,1%), стафилакокк-12,4%, ал 31% науқастарда әртүрлі грамм теріс бактериялар кездесті. Бүйрек инфекциясы кезінде 41% науқаста алтын стафилакокк кездеседі, 7,2%- стрептококк, 31%-грам теріс таяқшалар.
АІИ шартты-патогенді кейде патогенді емес те түрі болады. Ал энтерококктар жарақат инфекцияларының қоздырғышы болып табылады, ол әртүрлі іріңді хирургиялық аурулар, босанушылар және гинекологиялық науқастарда іріңді асқынуларды тыдырады және энтерококктар сепсис, эндокардит тудырады, бүйрек және несеп жолдарын зақымдайды, жаңа туған нәрестелер ауруларының этиологиясында маңызды роль атқаратын - Streptococcus agalactiae, нәрестелерде олар туғызатын аурудың жиілігі 1:500 -1:900 құрайды.
S.аgalactiae-ң ең жиі тудыратын аурулары: тыныс алу жолдарының ауруларын, септицемияны, менингитті. Жұғу жолының көзі аналары болып табылады, шырышты босану жолында жие табылады, сонымен қатар перзентхананың қызметкері, тұрмыстық-қатынас жолы арқылы жұғуы мүмкін.
АІИ пайда болуы айтарлықтай экономикалық зиян әкеледі, орта есеппен күніне кереуетті 2-3 есе көбейтеді. Ауруханаішілік инфекция түрлерінің ішіндегі жие кездесетіндері: зәр шығару жолдарындағы инфекциясы (40 %), жарақат ( 25%), тыныс алу жүйесінің (16%), септицемия ( 35%).
АІИ-мен табысты күресу үшін эпидемияға қарсы шаралардың кешенін уақытылы және дұрыс ұйымдастыру қажет. Дезертінділердің әр түрлі микроорганизм түрлерінің контаминациясы 18,5% жағдайда ғана тіркеледі. Бұл зертханалық бақылауды жүзеге асыруда және дезинфекциялық шараларды жүргізуге және ұйымдастыру процесітеріне белгілі бір толықтырулар енгізеді.
Ауруханалық инфекциямен күресу шаралары аурудың қоршаған ортасынан басталады: айқасқан контактыны ескертеді. Антибиотиктерді тағайындау олар ағзадағы қалыпты микрофлора балансын бұзады, жоғарғы резистенті микробтардың тууына әкеліп соғады, суперинфекцияға жағдай тудырады. Бұл тұрақты және вирулентті микрофлораның даму процессі, ол патогенді организмдердің антибиотикке деген сезімталдылық қасиетің тежеу нәтижесінде пайда болады. Шаралар ауруларға бағытталған болу қажет; бір рет қолданатын төсек-орындарды, сүлгілерді, қолғаптарды енгізу, іріңді және таза палаталарды, бөлімдерді, операция жасау бөлмелерін бөлу және медициналық құрал-жабдықтарды бөлмелерін залалсыздандыру, науқастармен тікелей байланыс кезінде және одан кейін қызметкерлер мен дәрігерлердің қолын залалсыздандыру; төсек матрастарын, жастықтарды, көрпелерді және т.б. залалсыздандыру.

Асептика, антисептика, залалсыздандыру және зарарсыздандырудың түсінігіне анықтама.
Асептика- бұл манипуляциялық диагностикада, адам ағзасының емделу барысында немесе қоршаған ортадан микроорганизмдердің енуін ескертеді, сонымен бірге зерттеу материалдарды, микроорганизм культурасы мен қоректік ортасына лабороториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі. Асептика құралдар мен материалдарды залалсыздандыруды қарастырады, медицина қызметкерлерінің қолдарына арнайы өңдеу және санитарлы-гигиеналық ережелерді жұмыс барысында сақтауын талап етеді. Асептика дәрі жасау және профилактикалық препараттарды жасауда, сонвмен қатар микробиологиялық лобороториялық жұмыстарда қатаң ережелерді сақтау керек.
Антисептика- бұл микроорганизмдерді жоюға бағытталған емдеу-профилактикалық ұйымдастыру кешені. Жарақаттанған жерге, шырышты қабыққа және зақымданған теріге инфекция туғызу мүмкін. Антисептика түрінде әртүрлі химиялық байланыстар қолданылады. Олар микробтарға қарсы әсер етеді׃ 70% этил спирті, 5% спиртті йод ерітіндісі, 0,5%-2% хлорамин ерітіндісі, 0,1% KMnO4, 0,5%-1% формалин ерітіндісі, 1-2% метилен көк спиртінің ерітіндісі немесе бриллиант жасыл, әртүрлі детергенттер. Антимикробты заттарға әртүрлі материалдар қосылады, байламдарды жасау үшін және т.б. бактериоциттік қасиет беру мақсатында қолданылады.
Зарарсыздандыру - сыртқы қошаған орта объектілерін зарарсыздандыру׃ адамға патогенді және жануарлардың микроорганизмін химиялық зат көмегімен микробқа қарсы жою қасиеті. Дезинфекциялық заттарға жататыдар׃ хлорлы әк( 0,5-5% ерітіндісі), фенол (3-5% ерітіндісі), лизол (3-5%ерітіндісі), 2-3 негізді тұз гипохлорид кальций ( 0,1-10% ерітіндісі). Дезинфекциялық заттарды таңдауда немесе концентрациясын материалдың түріне байланысты таңдап алынады.
Залалсыздандыру - микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.
Антисептика әдістері
Антисептика - бұл микробтардың жарадағы санының азайуына және тіршілік әрекетін, қоршаған тіндерге және ағзаның басқа бөлігіне ену қаупін төмендетуге, сонымен қатар улануды жоюға, науқас ағзаның иммунобиологиялық белсенділігін, оның реактивтілігін жоғарлатуға бағытталған біріңғай емдеу профилактикалық шаралар жиынтығы. Оның әсер ету принципіне қарай механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас антисептика түрлерін ажыратады. Механикалық антисептика жарадан бөлінген тіндерді, бөгде заттарды, жараны микробтардан тазарту және оларға қоректік орта болып табылатын механикалық тәсілдерді қолданып жоюды қарастырады. Осы мақсатта келесі тәсілдер қолданылады:
а) жарадан бөлінген немесе еркін жатқан бөгде заттарды хирургиялық аспатар арқылы жою немесе оларды физиологиялық концентрациядағы залалсыздандыратын антисептикалық ерітінділермен шаю тәсілі арқылы орындалатын жараны жуу. Заманауи аппараттар және сандық бактериология әдісін залалсыздандыратын сұйықтықтардың көп мөлшерін тазартуға қолдануға мүмкіндік берді. Кейінгі жылдары осы мақсатта жараны өңдеуге сөйықтықтың (антисептик немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі) пульс тәрізді ағынына арнайы аппарат көмегімен жүзеге асырады. Сұйықтықты жіберу оттегі қысымымен қамтамасыз етіледі ( 3 атм. дейін). Жараны пульсациясы минутына 60 - 100 жиіліктегі сұйықтық ағынына, 700 мл жүмсалатын ерітіндіде өңдейді. КСРО кезінде пульсациясы минутына 100 - 1000 жиіліктегі, 4-тен 8 литрге дейінгі сөйықтық жұмсалатын жетілдірілген аппарат құрастырылды және қолданылды.
б) Жараланғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақытта жасалуға тиісті біріншілік жараны хирургиялық өңдеу. Заманауи көзқарасқа сәйкес жараны біріншілік хирургиялық өңдеу пышақпен залалсыздандыруға дейін емес, микрофлораға қолайлы қоректік орта болып табылатын жарадағы тіршілікке қабілетсіз тіндерді төмендетуге дейін ғана жүргізіледі. Операцияның техникасы жараны, оның қалтасы мен жиегін кесуден, қабырғасы мен жараның түбін сау тіндерге дейін кесуден төрады, барлық зақымдалған, ластанған, қанға сіңген тіндерді жояды. Алынатын тін қабатының қалыңдығы 0,5- тен 2см дейін. Сонымен қатар ірі тамырлар мен жүйкені (нервты) зақымдамай бөгде заттар мен ұйыған қанды жояды. Кескеннен кейін хирургиялық аспаптарды, қолғапты ауыстырады және тін мен теріге тігіс салғаннан кейін ұсақ тамырларды таңып байлайды.
в) Жараны екіншілік хирургиялық өңдеу тек жаралық үрдіс инфекциялық қабынумен асқынған жағдайда ғана жасалады. Оның мәні ірің мен некротикалық детрит жиналған қалталары мен ұйыған жерін кесу болып табылады.
Физикалық антисептика жарадағы бактериялардың дамуына қолайсыз жағдай жасауға, токсиндерді және тіндердің ыдырау өнімдерін сіңіруге физикалық әдістерді қолдануды қарастырады. Физикалық антисептиканың негізгі принципі сырттан бөлінген бөліндіні, жұқтырылған жараны дренаждауды қамтамасыз ету болып табылады. Дренаждау үшін әр түрлі заттарды қолданады: гигроскопиялық дәке, пластмассалық және резинкалық түтік, қолғаптық резинадан жолақ, сонымен қоса фитил түріндегі синтетикалық материал. Онымен қоса тілінген аймақтан бөліндіні қамтамасыз ететін әр түрлі жабдықтарды қолданады. Дренажды жарамен қуыстан бөлінді алудан басқа, қуысты шаюға арналған антисептикалық әсері бар антибиотиктер мен басқа да препараттарды енгізу үшін де қолданады. Дренажды қуысқа (іштік, плевральдік және т.б), ішкі мүшелердің саңылауына (өт қуығы, ішек, несеп қуығы және т.б) енгізуге болады. Дренаждау тәсілдері белсенді және белсенсіз болуы мүмкін.
I. Белсенді дренаждау тәсілі
Белсенді дренаждау (аспирация) тәсілі қуысқа енгізілген шприц немесе түтікшені жалғау арқылы бір мезеттік сорып алу жолымен жүргізіледі. Зарядталмаған аймақты препараттар: Жанэ шприцімен немесе резеңке грушаны қысу арқылы ауасын сорып алатын Бобров аппараты, сусүзгіш насос немесе Субботина-Пертес әдісімен үшбанкалы сорып алу. Алғашқы банка қуыстың немесе жарақаттаың құрамындағы сұйықтықты сорып алуға арналған. Екінші ыдыс антисептикалық сұйықтықпен толтырылады және жарақат дәрежесінен жоғары орнатылады. Үшінші ыдыс бос және ашық күйінде төмендеу дәрежеде орнатылады. Сұйықтықты екінші ыдыстан үшінші ыдысқа алмастырғанда,екінші ыдыста зарядсыз орта қалыптасады,ол өз кезегінде бірінші ыдысқа сорғыштық қасиет береді. Белсенді дренаждау іріңді ошақтың механикалық тазартылуын қамтамасыз етіп және жарақат микрофлорасына тікелей антибактериальды әсер көрсетеді. Ұзақ мерзімді антибактериальды дренаждау кезінде ашық және жабық жүйелер қолданылуы мүмкін. Жабық дренаждау герметикалық тұйықталған іріңді қуыстарға арналған және ағымды қасиет сақтай отырып түрлі сорып алғаш жүйелермен байланысады. Тәжірибеде Редон бойынша вакууымды дренаждау әдісі жиі қолданылады. Әдіс келесі тәсілдерден тұрады:100 С-қа дейін суда жылытылған ыдысты герметикалық резеңке тығынмен жабады. Салқындау дәрежесіне байланысты ыдыста 75-100 мм сын.бағ.көлеміндегі зарядсыздану туындайды. Мұндай жүйені дренаждауға қосу ондағы экссудаттың 180 мл көлемінде шығарылуын қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта Л.Л.Лавриновичтің конструкциясы бойынша дозаланған ОП-1 вакуум-аспирация қолданылады. Бұл аппарат шектелмеген уақыт арлығында берілген зарядтсыздануды сутектік түтік бойынша 10-нан 120-ға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Аппарат портативтелген. Жарақатты екіжақты сәулелік дренаждаудың Н.Н.Каншин бойынша ісері әлдеқайда жоғары. Дренаж диаметрі қабырға бойынша 0,6-0,8 см түтіктен тұрады,онда жарақатқа тамып тұратын микроирригатор орналасқан.
Аспирация виброаспиратор көмегімен жүзеге асырылады,ол аквариумды виброкомпрееор ВК-1 негізінде жасалған.
II. Енжар дренаждау
Бұл аталған дренаждау тәсіліне марляның гигроскопикалық қасиеттерін пайдаланамыз, себебі ол өз көлемінің 23 бөлігіндей сұйықтықты сіңіре алады.
Марлядан түзілген тізбектер жасалғанда кесілген жері ішке қарай бүктелу қажет. Ескеру керек 8 сағаттан соң қан мен ірің сіңген марляның әсері жоғалып, жарақатты бітеп қойған тығынға айналуы мүмкін.Енжар дренаждау әдісі үшін гидравликалық қысымы сыртқы қысымнан жоғары жара немесе қуыстан іріңнің өздігінен шығуын қамтамасыз ететін заттар қолданылады. Қуыстың тесігіне немесе жараның шеттеріне тиіп кетуден алдын алу үшін резина немесе пластмассалық түтікшелер, резина қолғаптан жасалынған жолақтар (полоски из перчаточной резины) қолданылады
Енжер дренаждау үшін, сонымен қатар сифон принципі бойынша жұмыс істейтін құралды пайдаланады. Бұл кезде дренаждаушы түтік жара, қуыс және мүшенің ағысы деңгейінен төмен орналасады. (А.В.Вишневскийдің жалпы өт өзегінің дренажы) Плевра қуысын дренаждау үшін Боюлау ұсынған құрал кеңінен пайдаланылады. Мұнда плевра қуысынан сұйықтық қозғалысы үшін плевра қуысының және тыныс алғандағы өкпе сыйымдылығын өзгерту механизмі қолданылады. Плевра қуысына енгізілген түтіктің сыртқы ұшына резинді қолғаптың саусағын кіргізеді және үстінен байлайды. Резинді саусақтың ұшына кесу арқылы клапан (қақпақша) жасайды да саусағы бар түтікті антисептикалық сұйықтыққа салады. Мұндай қақпақша тыныс шығарғанда іріңнің плевра қуысынан шығуын қамтамасыз етеді, және тыныс алғанда оған сырттан ауа енуіне кедергі жасайды.
III Осмодренаждау
Дәкемен дренаждаудың тиімділігін арттыру үшін дәкені (марля) осмоактивті заттармен: 10% қайнатылған тұз ерітіндісімен, 20% сульфат ерітіндісімен т.б.сулайды. Олардың әсері 4-6 сағатқа созылатынын ескерген жөн. Сол себепті күніне бір рет таңу жеткіліксіз. Соңғы кездерде қолданылатын полиэтиленгликольдің гидрофильдігі жоғары. Ол әртүрлі гидролфильді майлардың (мазь) негізі болып табылады. Мұндай мақсатта құрамында левомицетин және әсер ету уақыты әртүрлі сульфаниламидты препараттар, анальгетиктер-тримекаин және полиэтленгликольдің суда ерігіш негізді левосин, диоксиколь препараттары тиімді. Бұл май жоғары дегидратацияны, антимикробтық әсерді және жергілікті ауырсынуды басуды қамтамасыз етеді. 1 тәулік ішінде әсер көрсетеді. Бұл жағдайларда сонымен қатар суда ерігіш негізді Леафонид кремі қолданылады. Қазіргі кезде құрамында антибиотиктер: легразоль, левомизоль, теграмизоль, оксициклолизоль және т.б. бар суда ерігіш негізді дәрілік майлар қатары ұсынылған және қолданылады.
Аэро- және сәулелік әсер ететін заттар
Физикалық антисептика әдісіне жараға ашық енгізу жатады. Жара кебеді, ол бактериялардың көбеюіне кедергі келтіреді.
Ең тиімді антисептиктік қасиетті ультракүлгін сәулелері көрсетеді, ол бактерицидтік және жергілікті иммунитетті ынталандыратын қасиет көрсетеді.Соңғы жылдары лазермен іріңді жараларды сәулелендіру қолданылуда, ол айқын антисептикалық және жергілікті жара иммунитетін ынталандыратын әсер көрсетеді. Хирургияға лазермен сәулелендірудің әртүрлі әдістері енгізілгеннен бері, оны іріңді жараларды емдеу әдісі ретінде қолдануға алып келді. Зерттеулер нәтижесінде лазермен сәулелендіру микроб ассоциациясын азайтып бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын жоғарылататыны анықталды. Көбіне гелий - неонды лазер,сонымен қатар СO2 лазер қолданылады. Шектелген аймақты үлкен концентрацияда лазермен сәулелендіру тіндік құрылымдардың булануына алып келеді, бұл тез әрі бір мезгілде іріңді-некрозды тіндерді алып тастауға және жара бетін стерилизациялауға алып келеді.
Бактерицидтік әсер көрсететін ультрадыбыс қолданылады.Ультрадыбыс әсерінен сұйықтықта дыбыстық эффект, радиациялық қысым, акустикалық толқын және басқа да әсерлер пайда болады, бұл жара бетін тазалап, артынан жара бөліндісін эмульгирлеуге алып келеді; микробпен зақымдалған аймаққа тері мен бұлшықетке 3 см, сүйекке 2 см тереңдікке антибиотиктерді және басқа да заттарды енгізу микробтардың көбеюіне және физиологиялық процестердің жылдамдауына тежеуші әсер көрсетеді.
Соңғы жылдары криоапликация жараны тазалауда жақсы мүмкіндікті туғызатыны жайлы мәліметтер келтірілген. Дегенмен, оның бактерицидтік қаситеі жайлы нақты дәлелдер жоқ.
Физикалық антисептика мақсатында жарақаттарды вакуумды түрде өңдеу қолданылады.Вакуумдау уақытында ауқымды кері әсердің пайда болуы бүлінген тіндерді детриттер мен микробты денешіктерден тазалануын шақырады. Соңғы он жылдықта қоршаған ортаның әсерінен қарқынды түрде организмнің реактивтілігі, жарақаттың құрамы мен биологиялық микрофлорасының құрылысы өзгерді, антибиотиктердің эффективтілігі төмендеді және ауруханаішілік инфекцияның қауіптілігі жоғарылады. Жараны емдеудің әр түрлі антисептиктерді қолдану арқылы таңу әдісі бірнеше кемшіліктерге ие : тез құрғап кетеді, ішек микрофлорасын басу үшін қажет заттың концентрациясын сирек құрады, жарақаттың микробтармен қайта ластану мүмкіндігі бар.
Қазіргі күні бұл кешіліктерді жою үшін таза және өте таза ауасы бар құралдар мен мекемелер құрастырылған. Науқас жалпы изоляция кезінде қоршаған ортадан шектелген.
Науқаспен қарым - қатынас арнайы шлюздер арқылы жасалады. Персонал стерильді киім мен аяқ-киім киеді. Қоректену- стерильді түрде болады. Изоляторда микроклиматтың оптимальды жағдайы ұйымдастырылады. Жергілікті анестезия мақсатында пластикалық қапшықтағы қолғаптар қолданылады,соның көмегімен жарақатқа манипуляция жасалады. Құрал-саймандар мен материалдарды алдын-ала немесе арнайы шлюздер арқылы орналастырады. Изоляторда жарақат таңылмаған болады. Соңғы жылдары анаэробты инфекциялар, оның клостридиальды және клостридиальды емес түрлерімен күресу үшін арнайы барокамераларда жергілікті және жалпы гипербариялыық оксигенация әдісі қолданылады, онда оттегінің 1,5-тен 3атм.-ға дейін жоғарылаған парциальды қысымы жасалады. Спецификалық еммен қатар жалпы және жергілікті оксигенация микрофлора өмірінің қысқа уақытта тоқтауына себепкер болады, сонымен қатар тіндердің прогрессиялы некробиозының алдын алады. Отандық клиникалық тәжірибеде УФ-сәулелендірілген қанның аутотрансфузиясы (АУФОК), сондай-ақ тамырішілік лазерлік сәулелендіру әдістері үлкен қолданысқа ие. Антисептикалық әрекеттің қанға негізгі әсері болып- биомолекулалардың сәулені (фотондарды) жұтуынан кейін пайда болатын фотофизикалық және фотохимиялық реакцияларға негізделген әр түрлі фотобиологиялық процесстер саналады. Қанның формалық элементтерінің мембранатәуелді құрамының функциялық өзгерістері жүреді, әр түрлі тіндер мен мүшелердің жалпы жағдайына әсер ететін биологиялық активті заттарды секрециялауы өзгереді. Қанның бактерицидті әсері, оның фагоцитарлы құрамы жоғарылайды.

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ (СТЕРИЛИЗАЦИЯ) ӘДІСТЕРІ: ХИМИЯЛЫҚ, МЕХАНИКАЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ
Залалсыздандырудың ең қолайлы әдістері болып термиялық, сәулелік залалсыздандыру және этилен тотығымен заласыздандыру жатады. Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С - 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С - 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі:
* қыздыру уақыты (жұмыс камерасында бастапқы қыздыру уақытынан бастап белгіленген температураға дейін);
* тепе-теңдік уақыты (жұмыс камерасында стерилденіп жатқан материалдың барлығына белгіленген температураның таралуы);
* жою уақыты (нұсқауда көрсетілгендей, микробтарды жоюға арналған уақыт).
Залалсыздандырудың сенімділігі 50% жою уақытының ұзақтығына байланысты.
Нақты залалсыздандырудың уақыты тепе-теңдік уақыты, қосымша жою уақыты және қосымша қауіпсіздік уақыты болып табылады. Залалсыздандыру дұрыс жүргізілмесе немесе температура параметрлері жеткіліксіз болса, стерелизацияны қайталап жүргізген жөн (Денсаулық Сақтау Министрлегінің № 720, 31.07.78 ж. бұйрығымен стерилизация тәртібі белгіленген).
Ыстық бу қысымымен залалсыздандыру - жылу өткізуші. Ол объектілерге ыстық ауаға қарағанда интенсивті әсер етеді. Таңу материалдарын, медициналық аспатарды, төсек-орындарды Залалсыздандыру кезінде ауаның қатысуынсыз өзіндік стерилдеуді жүргізеді. Ал жабық толған ыдысқа стерилизация кезінде жылу өткізгіштік қызметін атқарады. 1884 жылы Л.Л. Гейндейрех ең алғаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Залалсыздандырудың химиялық әдістері
Стоматологиялық құралдарды зарарсыздандыру алды өңдеу
Медициналық әртүрлі құралдар
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Асептика және Антисептика
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері
Аурухана мен емханалардағы бөлімшелерде жүргізілетін санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Пәндер