Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Атмосфералық негізгі қасиеттері және оның экологиялық мәні.
  2. Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде

Атмосфералық негізгі қасиеттері және оның экологиялық мәні.

Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосфера физико-химиялық және биологиялық процестерді жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің факторы. Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынаеы оның радиацияға, жылу және режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфораның газдық құрамы, су буы және түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды тап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қос; болмаса, онда Жер бетіндегі орташа жылдық градус +15°С емес, -18°С болар еді.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның адам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен ланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесі мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді мен оксидін (СО2), күкіртті газ және басқа қос тарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың бай бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың пырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға айналдыру фактор болып табылады. Адам атмосфераның әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химия, құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, активтілік, электромагниттік фон және т. б. әсер етеді.
Ерте кездерден-ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алына бастаған. XVIII ғасырда Англияда қалаларда, Лондонда, көмірді отын ретінде қолдануға шектеу қойылды. Осы кездерден бастап жер суларының ластануына қарсы, мысалы тұрмыс-қалдықтармен, шаралар қолданыла бастады.

Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элеметтер - азот пен оттегінің концентрациясына елеулі әсер етиейді. Бұл газдардың концентрациясыныңі өзгермеуі олардың концентрацнясының жоғары 78, 09%, оттегі - 20, 95%) болуына байланыты. Бірақ мұны біз көмірқышқыл газына қатысты деп айта алмаймыз. Оның концентрациясы біртіндеп артып келеді, бұл көмірқышқыл газының атмосфералық (0, 03%) болуы жағдайында келіп түскен мөлшерінің анағұрлым жоғары болуына байланысты. Сонымен қатар атмосфераның міндетті емес заттарының концентрациясы елеулі өзгерістерге ұшырауда. Бұларға ең алдымен көптеген ластаушылар, соның ішінде тіршілік үшін бөгде (ксенобиотиктер) заттар жатады. Адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға атмосфера үшін бөтен немесе атмосфераға тән заттардың концентрациясының өзгеруіне байланысты ластаушы зат болып табылатын жүздеген заттар келіп түседі. Мысалы, СО2.

Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, онынң биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын және т. б. салу нәтижесінде басталды.

Атмосфераны ластаушы заттар. Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен біріші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жинаруға қабілетті.

Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде

ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т. б- осының бәрі жеке елдің емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, “кіші” проблемаларды оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.

Адамзаттың барлық ғаламдық проблемаларын бір ғана жағынан, адам қоғамы мен табиғат арасындағы байланыс жағынан қарастыруға әбден болады. Адамзаттың іс-әрекеті табиғат заңдарына тәуелді. Табиғат адамды қажетті зат пен энергиямен қамтамасыз етеді. Адам табиғатты үнемі өзгертіп отырады белгілі бір шетке барғанда табиғат қарымта қайтара бастайды, өйткені қазіргі кезенднгі табиғат ресурстарын алудын, өндурудін жалпы өсуімен қатар, адам ала бастаған ресурстардың түрлері де көбейіп отыр. Сондықтан да табиғатқа түскен қысым өте күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық проблемалар туындап отыр. Маңғыстау облысының табиғатына адамның тигереуінің күшеюі біздің алдымызға бірнеше мәселені қойғаны сөзсіз. Бүкіл адамзаттың алдындағы сияқты бізге де денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жерді сақтау жөніндегі қиыншылықтар таңсық емес. Табиғатты тиімді пайдалану мәселесі біз үшін әлі шешілмеген іс болып саналады.

Бұл қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе болып отыр, өйткені құрғақшылық пен тұщы су көздерінің болмауы жағдайында суға деген сұраныс ерекше маңызға ие болады. Әзірге Маңғыстауды сумен қамтамасыз етудің жүзеге асырылып отырған үш жолы бар. Олар-жер асты суларын алу, теңіз суын тұщыландыру және су құбыры арқылы Еділ мен Амудариядан тасымалдау. Осы әдістермен суды ала беру, оны ұлғайту салдарын болжау өте қиын. Сырттан тасымалдау өте қынбатқа түсе, жер асты суларының қоры өте аз, жексіз емес, ал теңіз суын тұщыландыру арқылы судың өзіне жер асты суын қосу қажет. Содықтан жаңа су табу жолдары мен су өнемдеу әдістерін іздеу керек. Ол жол-атмосфералық жауын-шашынды пайдалану. Сондай-ақ мұнай, газ өңдіру, қиыршық тас пен ұлу тас алу облыстағы оңсыз да әлсіз экологиялық балансты бұзады, ауаның, жердің ластануы, шаңтозаң, т. б осының бәрі өңдіру өнеркәсібінің алдында “не адамнын денсаулығы мен табиғат, не ғылымды іс” деген талап қойып отыр.

Маңғыстаудың екі жағында орналасқан екі теңіздің бірінің тайыздануы екіншісінің көтеріле басталу да өлкеге қосымша проблемалар туғызып отыр. Каспий теңізінің көтерілуі бұрын теңіз асты болған 4 млн га жерінің ғана емес, одан да көп аймақтың теңіз астында қалу қауіпін туғызып отыр. Бұл- сор басқан бос жер емес, бірнеше ондаған мұнай кәсіп-шіліктері, малшыауылдары мен қыстаулары, темір жол, автомобиль жолдары, құбырлар, электр және байланыс линиялары және мал жайылымдары бар территориялар. Сонымен қатар Каспийдің деңгейінің өсуінің жер асты суларының тұздылығының артуына ықпал етуі ықтимал. Арал теңізі 2010 жылға таман өмір сүруін тоқтатады деп болжануда, ал оның Маңғыстау облысының шығыс шекарасынан алыс орналаспағаның білеміз. Қысқы мерзімде өлкеде оңтүстік-шығыс және шығыс желдердің үстем болуы Арал теңізінің құрғаған орнынан көтерілген 80 млн т тұзының біраз бөлігін Маңғыстау облысына, оның ішінде Бейнеу ауданының территориясында тасмалдап әкелетіні белгілі. Қазірдің өзінде Сам құны орналасқан аймақта Арал әсері айқын сезілуде, топырақтың тұзды тозаңмен қанығуы, жер асты суларының тұздануы Маңғыстау үшін тарихи-биологиялық құбылыс болса, енді Арал есебінен бұл процесс үдей түспек. Бұл соның біраз бөлігін құбыр арқылы Өзенге жеберіп отырған Сам үшін су табу мәселесін ушықтырса, 2-ден жайылымдарды істен шығарады деген сөз. Арал проблемассын- Қзақстанның, тіпті Орта Азияның ғана емес, дүние жүзінің проблемассы, өйткені тұтас бір теңіз жоғалғанда, ғаламдық климатты қандай өзгерістер болатының әлі ешкім анықтаған жоқ.

Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.

Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.

Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.

Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.

Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.

Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.

Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.

Атмосфераның ластауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық қондырғы бар.

Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік үлгілерге сай ұйымдастырмайынша жаңа қазіргі заманға технологиялық әдістерді еңгізбейінше, ең ақыры адамның табиғатқа деген көзқарасы өзгермейінше, ауаның ластануын тоқтату мүмкін емес.

Су - биосфераның аса маңызды элементі

Гидросфера - жердің су қабаты. Гидросфера - планетамыздың су ресурстары. Жоғары қозғалғыштықтан сулар барлық әртүрлі табиғи құбылстарға өтеді, тіпті таза атмосфералық суларда 10-наан 50 мгр/л ерітінді заттар болады. Ғидросферада өмірдің өту шекарасы 11 км құрастырады.

Гидросфера химиялық құрамының басымды элементтері: Na+, Mg2+, Ca 2+Cl‾, S, С.

Судағы әртүрлі элементтердің мөлшері, оның ондағы мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар үшін маңыздылығы туралы толық ештеңе айтпайды. Осы қатынаста, тірі жануарлармен игерілетін алғашқы ролі -ға тәуелді. Мұхитты сулардың алғашқы ерекшеліктері, оның негізі иондары барлық әлемдік мұхит көлемінде тұрақты байланыспен сипатталады.

Гидросфера - біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидро­сфера Жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырып, біртұтас жабық жүйе : мұхит - атмосфера - құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді. Су кез келген жануарлар мен өсімідктердің ткандері мен клеткаларының құрамына кіреді. Жануарлар мен өсімдікетр организмдеріндегі өте күрделі реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.

Мұхиттардағы судың беткі бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы та- зарып отырады. Теңіз суындағы еріген тұздардың концентра­циясы 3, 5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99, 9% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т. б. иондардың үлесіне тиеді.

Биосферадағы үш сфераның - ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі заты көмірқышқыл газы болып табылатын карбонаттық тепе-теңдік арқылы жақсы түсінуге болады. Мұхитта атмосфераға қарағанда көмірқышқыл газы 60 есе көп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су — биосфераның аса маңызды элементi туралы ақпарат
Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
Гидросфера биосфера элементі және табиғи ресурс. Әлемдік мұхиттардың экологиялық мәселелері. Ірі су қоймаларын жасаудағы зардаптары
Гидросфераның ластануы
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Су экожүйесі
Су - биосфераның аса маңызды элементi
Ағынды суды ластанудан тазарту
Биосфераның құрамдас бөлігі
Биосфера құрылысы, биосфераның пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz