Ауданның өлшем бірліктерін қайталау


Тақырыбы: Ауданның өлшем бірліктерін қайталау
Мақсаты: - ауданды өлшеу бірліктері туралы алған білімдерін пысықтау, ауданды,
периметрді табуға жаттықтыру, қозғалысқа байланысты есептер шығару;
- шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
- ізденушілікке, белсенділікке, зейінділікке тәрбиелеу;
Сабақ көрнекілігі: слайд, карточкалар, сызбалар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мынау менің жүрегім-
Бәрі осыдан басталған.
Мынау ақылды басым-
Бәрін-бәрін ойлаған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым-
Барлық істі ақтарған.
Қолымыздан ұстайық,
Жылуымызды сыйлайық.
Бір-бірімізге жылуымызды сыйлап, сабағымызды бастайық.
2. Ауызша есептеу
- Балалар, барлық қазақстандықтар Азиадаға дайындық үстінде. Мен сендерге Азиада туралы мәліметтер жинаңдар деп едім.
- Азиада деген не?
- Бірінші қысқы Азия ойындары қай елде, қай жылы және неше спорт түрінен
өткізілген?
1-ші Жапония 1986ж. 7
2-ші Жапония 1990ж. 6
3-ші Қытай 1996ж. 7
4-ші Корея 1999ж. 7
5-ші Жапония 2003ж. 11
6-шы Қытай 2007ж. 10
7-ші Қазақстан 2011ж. 11
Математикалық диктант:
- 1 жылды екі есе кеміт
- 2 жылды екі есе арттыр
- 3 жыл мен спорт түрінің айырмасы
- 4 жыл мен спорт түрінің қосындысы
- 5 жылды төрт есе арттыр
- 6 жыл мен спорт түрінің айырмасы
- 7 жылды бес есе арттыр
-
Көбейту, бөлу кестесі (жұптасып)
«Ойлан, тап» ойыны
1м2=*дм2 7дм2=*см2
1м2=*см2 *дм2=800см2
1а=*м2 9м2=*дм2
1га=*м2 *м2=600дм2
1дм2=*см2 5га=*м2
3. Оқулықпен жұмыс:
Азиадада болатын спорт түрлерін атаңдар.
- Спорт түрінің бірі - мәнерлеп сырғанау. Осы спорт түрінің алаңын жасаймыз. Алаң тік төртбұрыш тәріздес, қабырғалары 80 м және 100м делік.
Ауданын және периметрін табыңдар.
S= 80м* 100м=8000м2=80а
Р=(80м+100м) *2=360м
Шайбалы хоккей алаңы шаршы тәріздес. Қабырғасы 500м делік. Ауданын және периметрін табыңдар.
S=500м*500м=25м2=25га
Р=(500м+500м) *2=2000м
Суретте көрсетілгендей төрт бөлмеден тұратын үйде спортшылар дем алады. Оның әр бөлмесінің еденінің ауданын табыңдар.
4. Біз де дем алайық. Сергіту сәті.
5. Азиадаға алаңдарды, демалатын бөлмелерді дайындадық.
- Сендер жанкүйерлерсіңдер. Әрі қарай жақсы жұмыс істесеңдер, біздің спортшылар қоржынымызға медальдарды көп жинайды деп жорамалдайық.
Тапсырмалар:
- Оқушылардың өз беттерінше жұмыстары(карточка)
- Теңдеулерді шығару
- Есеп: Екі поезд бір мезгілде бір-біріне қарсы шықты. Бірінші поезд 65км/сағ
жылдамдықпен жүрді. Ал екінші поезд 70 км/сағ жылдамдықпен кездескенге дейін 280км жол жүрді. Кездескенге дейін бірінші поезд қанша км жол жүрген?
6. Үй жұмысы: №3, 8 - 99 бет
7. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Ана тілі 2 сынып
Тақырыбы : Байлық пен ақыл ертегісі
Мақсаты: - мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға үйреніп, негізгі ойын анықтайды;
- оқушылар ой-қиялын, сөйлеу мәдениетін дамытады, сөздік қорын молайтады;
- мейірімділікке, адамгершілікке, ақылды болуға тәрбиелеу
-
Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақ әдісі: СТО - ЖигСо-1
Көрнекілігі: парақ қағаздар, маркер, суреттер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру
- «Аңқау арыстан» ертегісін мазмұндау;
- Сызба арқылы жұмыстары:
Кейіпкерлердің сөздері.
- Суреттер арқылы жұмыс;
- «Кім шапшаң?» ойыны
Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу.
- Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? - дейді. (Күншіл үйрек)
- Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады. (Шалқан)
- Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт)
- Көлге қасқырдың құйрығы мұз болып қатып қалыпты. (Түлкі мен қасқыр)
3. Қызығушылықтарын ояту
Оқушыларды төрт-төрттен 4 топқа бөлу
Ой шақыру стратегиясы : 1 топ, 2 топ - ақыл туралы ойларыңды ортаға салыңдар;
3топ, 4 топ - байлық дегенде ойларыңа не келді?
Спикерлер ортаға шығып, жазған ойларын сыныпқа жеткізеді.
4. Мағынаны тану
- Үй тобында нөмірлетеміз;
- Нөмірлері бойынша жұмыс тобына жібереміз;
- Өз бөліктерін жеке оқиды: «Байлық пен ақыл» ертегісі
1 топ -Шалдың қойған сұрағы;
2 топ - Үлкен және екінші ұлдарының жауаптары;
3 топ - Үшінші және кенже ұлдарының жауаптары;
4 топ - Шалдың шешімі.
- Жұппен бөліседі;
- Топпен пікір алмасады;
- Мұғалім тексереді;
- Үй топтарына оралу - үй тобында кезекпен бір-біріне өз бөліктерін түсіндіреді.
- Сендерге кімнің жауабы ұнады?
- Неліктен?
5. Дәптерде жұмыс:
- Суреттегі заттар кімге қатысты екенін анықтау;
- Кенже ұлдың жауабын жазып, суреттеу;
6. Топтық жұмыс: Берілген пікірге өз көзқарастарын білдіру:
1, 2 топ - Ақылды болсаң бай боласың;
3, 4 топ - Бай болсаң, ақылдың қажеті жоқ;
7. Жеке жұмыс:
- Адал еңбек етіп, көп ақша жинадыңдар делік.
Ол ақшаны қайда жұмсар едіңдер?
8. Үй жұмысы: 36-38 бет - мазмұндау
9. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
1. «Көкшетау» лагеріне 120 ұлдар мен 180 қыздар келді. Оларды бір бөлмеге 6 баладан орналастырды. Барлық балаларды орналастыруға неше бөлме кетті.
A) 50
B) 40
C) 100
D) 30
2. Килограммен жазыңыз: а) 2 ц 50 кг б) 1 т. В) 3ц 2кг
А) 25кг, 10кг, 32кг
В) 205кг, 100кг, 320кг
С) 250кг, 1000кг, 302кг
D) 2050кг, 100кг, 3020кг
3. Есептеңіз: 783-252•2-279
А) 100
В) 36
С) 50
D) 0
4. Еңбек сабағында екінші сынып оқушылары 24 балға, ал үшінші сынып оқушылары 72 баға жасады. Үшінші сынып оқушылары 2 сыныпқа қарағанда неше балға артық жасады?
А) 99
В) 48
С) 84
D) 46
5. Есептеңіз: 783 - 252 • 2 - 279
А) 15
В) 10
С) 0
D) 20
6. Құлынның салмағы 35 кг, бұл үйректің салмағынан 7 есе үлкен. Үйректің салмағы неше?
А) 5
В) 7
С) 10
D) 6
7. Есептеңіз: 138: 3+111
А) 157
В) 769
С) 154
D) 149
8. Есептеңіз: 35 • 4 + 29 • 3
А) 237
В) 347
С) 227
D) 440
9. 54м матадан 9 костюм тігілді, тура соншама көйлекті 27м матаға тікті. 1 костюмге көйлекпен салыстырғанда канша метр мата артық жұмсалды?
А) 4
В) 6
С) 5
D) 3
10. Есептеңіз: (23000+51000) +14000
А) 8
В) 98000
С) 84000
D) 88000
11. Теңдеуді шешініз: 76000 - Х = 6000
А) 7
В) 7
С) 7000
D) 700
12. Есептеңіз: 497+ С=5300
А) 5497
В) 4973
С) 3953
D) 4803
13. Есептеңіз: 14307:3
А) 7102
В) 5609
С) 4769
D) 8779
14. Есептеңіз: 40070кг • 6
А) 320400кг
В) 224200кг
С) 404200кг
D) 240420кг
15. Ауылдан екі велосипедші бірдей уақытта қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 12км/сағ, ал екіншінікі 10 км/сағ. 2 сағаттан соң олардың бір-бірінен арақашықтығы қандай болады?
А) 43 км
В) 44 км
С) 28 км
D) 34 км
16. Төртбұрышты бөлменің ұзындығы 6 см, ал ені Х см екені белгілі болса оның ауданын есептеніз.
А) 5Х
В) 12Х
С) 3Х
D) 6Х
17. Мәнін табыныз: 64203 : 3 - 72018 : 9
А) 13499
В) 14939
С) 13399
D) 14993
18. Дүкенде 3 күн бойы 42000 теңгеге тауар сатылды. Бірінші күні - 22000 теңгеге, ал екінші күні одан 2 есе аз суммаға. Үшінші күні қалған тауар сатылды. Үшінші күні сатылған тауардын суммасын табыныз.
А) 9000
В) 900
С) 90
D) 9
19. Теңдеуді шешініз: Х - 560 : 7 = 2
А) 20180
В) 20080
С) 23180
D) 23080
20. Ыңғайлы жолмен есептеңіз: 150х(2х9)
А) 2700
В) 2200
С) 1570
D) 2730
2 вар:
Математика 4029
1. Асханаға 300кг күріш және одан 3 есе аз қант алып келді. Асханаға канша килограмм қант алып келді?
А) 200
В) 150
С) 100
D) 300
2. Центнермен жазыңыз: I-) 3т100кг= II-) 5т = III-) 1000кг=
А) 310ц, 50ц, 100ц
В) 310ц, 50ц, 10ц
С) 31ц, 5ц, 11ц
D) 3100ц, 5ц, 1000ц.
3. Есептеңіз: 884 : 4 + 696 - 400
А) 517
В) 688
С) 157
D) 167
4. Мектепте 30 мұғалім және 450 оқушы. Мұғалімдердің саны оқушылардан нешеге аз?
А) 350
В) 420
С) 300
D) 480
5. Құлынның салмағы 28 кг, бұл үйректің салмағынан 7 есе үлкен. Үйректің салмағы неше?
А) 3кг
В) 7кг
С) 4кг
D) 5кг
6. Есептеңіз: (747+156) :3+346
А) 674
В) 747
С) 647
D) 947
7. Есептеуді орындаңыз: (138:3+111) +6х7
А) 619
В) 791
С) 199
D) 339
8. Есептеңіз: 189:9-75:25
А) 18
В) 15
С) 17
D) 19
9. Шеберханада 7 қоянбөрік және 7 тымақ тікті. Әр қоянбөрікке 2 теріден, ал тымаққа 4еуден жұмсалды. Жалпы қанша тері жұмсалды?
А) 72
В) 42
С) 13
D) 31
10. Есептеңіз: (23 + 51) + 14
А) 67000
В) 89
С) 79
D) 88
11. Теңдеуді шешініз: Х + 2 = 8
А) 6
В) 600
С) 60
D) 6000
12. Теңдеуді шешініз: С- 98 =1300
А) 1813
В) 1287
С) 1319
D) 1398
13. Есептеңіз: 4769х3
А) 17698
В) 13703
С) 14307
D) 16138
14. Есептеңіз: 15450 км : 5
А) 2090км
В) 3090км
С) 4905км
D) 3950км
15. Арақашықтығы 81км болатын екі ауылдан, бірдей уақытта бір-біріне қарай 2 көлік шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншінікі 15км/сағ. Қанша сағаттан соң олар кездеседі?
А) 3сағ
В) 4 сағ
С) 5 сағ
D) 6 сағ
16. Алмас екі костюм үшін 7200 тенге төледі. Егерде пальто костюмнан 2 есе артық турса, Алмас екі пальто үшін қанша теңге төйлеу керек?
А) 1444
В) 3600
С) 7206
D) 14400
17. Төртбұрышты бөлменің ұзындығы 5 см, ал оның ауданы 30м2 екені белгілі болса, Бөлменің енін есептеніз.
А) 5м
В) 4м
С) 6м
D) 3м
18. Өрнектің мәнін табыныз: 17619 • 5 + 6120 • 3
А) 11645
В) 106455
С) 17654
D) 176455
19. Теңдеуді шешініз: 3090:10-Х=209
А) 100
В) 110
С) 120
D) 130
20. Ыңғайлы жолмен есептеңіз: 560: (10х7)
А) 5
В) 7
С) 6
D) 8
ДЕҢГЕЙЛІК ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ. 4-СЫНЫП
03-06-2013 14:05
Деңгейлік тапсырмалар
І нұсқа
Деңгейлік тапсырмалар
ІІ нұсқа
Жүктеу
5-7 сынып оқушылары үшін сабақтан тыс
шығаруға арналған математикадан есептер
ЛОГИКА ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛЫҚ
1. Зейінді байқау
1. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
4. Сағат 12-де Алматыдан Талғарға қарай 80 км/сағ жылдламдықпен жеңіл машина жолға шықты. Олар тоқтамастан жүріп отырды. Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған?
Қанша?
5. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
6. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
7. Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек?
8. Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?
Ақша мәселесі?
9. Екі адам бжазарға алма сатуға барды. Әрқайсысының 30 алмасы бар еді. Біреуі 1 алманы 1 теңгеден, екіншісі 3 алманы 1 таңгеден сатпақшы болды. Бірақ саудажасар алдында біреуін үйіне шақыртып алды, сондықтан ол екінші сатушыға өзінің алмасын сатуға тапсырып кетті. Ол адам 5 алманы 2 теңгеден сатты. Егер олар жеке-жеке сатса, табыстары 10 теңге 15 теңге, яғни 25 теңге болар еді, 5 алманы 2 теңгеден сатқандықтан, олар 24 теңге алды. 1 теңге қайда кетті?
10. Кітаптың құны 1 теңге және кітап құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады?
11. Екі дәптер және бір қарындаш 94 тиын тұрады. Екі қарындаш және бір дәптер 80 тиын тұрады. Дәптер мен қарындаштың қайсысы қымбат және қанша қымбат?
Күнтізбе
12. Бір айда бес жексенбі бола ала ма?
13. қандайда бір айдэың үш жексенбісі жұп күнднрге тура келді. Осы айдың 20-жұлдызы аптаның қай күні еді?
2. Салыстыруға берілген есептер
1. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр - алмұрт па әлде шаптал ма?
2. Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат - қарындаш па әлде дәптер ме?
3. Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстатады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдей. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтар-
дың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.
4. 7 қарындаш 8 дәптерден қымбат тұрады. Қайсысы қымбат-8 қарындаш па
әлде 9 дәптер ме?
5. 6 табан 10 траннан ауыр, бірақ 5 алабұғадан жеңіл; 10 табан 8 алабұғадан ауыр. Қайсысы ауыр- 2 табан балық па әлде 3 тран балық па?
6. Әділ мен Арман А-дан В-ға қарай бір мезгілде жолға шықты. Әділ велосипедпен, ал Арман одан жылдамдығы бес есе артық жеңіл машинамен шыққан еді. Орта жолда жеңіл машина сынып, қалған жолды Арман жаяу жүрді, оның жыылдамдығы велосипедтің жылдамдығынан екі есе кем. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетті?
7. Бөлменің төбесінен тік төмен қарай қабырғаны бойлай екі шыбын жорғалап төмен түсті. Еденге түскен соң олар қайтадан жоғары қарай жорғалады. Бірінші шыбын екі жағдайда тұрақты жылдамдықпен жорғалады, ал екіншісі жоғары қарай біріншіге қарағанда екі есе баяу көтерілгенмен, төмен түскенде екі есе жылдам жорғалады. Олардың қайсысы төбеге бұрын жетеді?
8. Үйден мектепке дейін Буратино жаяу барды, қайтқанда сол жолмен жүрді, бірақ жолдың бірінші жартысын ол итке, екінші жартысын тасбақаға мініп келді. Буратиноның мектепке жаяу барғандағы жылдамдығынан иттің жылдамдығы одан төрт есе артық, ал тасбақаның жылдамдығы одан екі есе кем. Буратино қай жолы уақыттың көп жұмсады-үйден мектепке дейін бе әлде мектептен үйге дейін бе?
9. Екі жолаушы бір мезгілде А-дан В-ге қарай жолға шықты. Бірінші жолаушы жолға жұмсалған уақыттың алғашқы жартысын 5км/сағ, содан кейін 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ал екіншісі жолдың бірінші жартысын 4 км/сағ, қалғанын 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетеді?
10. 4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан 4 күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді-қара ма әлде сары ма?
11. Ініне жету үшін тышқан түзу жолмен 20 адым жасауы, ал мысық сол жолмен тышқанға дейін 5 рет секіруі керек. Мысық бір секіргенше тышқан 3 адым жасап үлгереді, мысықтың 1 секіргендегі ұзындығы тышқанның 10 адымына тең. Егер тышқан түзу бойымен мысық пен іннің арасында тұрса, мысық тышқанды қуып жете ала ма?
3. Таразымен өлшеу
1. Бірдей үш сақинаның біреу басқаларынан біршама жеңілдеу. Табақшалы таразымен бір рет қана өлшеу арқылы ол жеңіл сақинаны қалай табуға болады?
2. 27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?
3. Бірдей 75 сақинаның біреуі салмағы жағынан қалғандарынан сәл өзгешелеу көрінеді. Ол сақинаның басқаларынан жеңіл немесе ауыр екенін табақшалы таразымен екі рет тарту арқылы қалай анықтауға болады?
4. Комбинаторика
1. Қанша тәсілімен 50 санын он екі бүтін санның қосындысы түріне келтіріп жазуға болады?
2. 10 санын төрт тақ цифрдің қосындысы түріне келтіруді неше тәсілмен орындауға болады?
3. 6 санын тақ сан қосылғыштардың қосындысы түріне неше тәсілмен келтіріпжазуға болады?(1, 2, 3 есептерде ғана өзгешеленетін келтіруді беттескен, яғни бірдей деп есептейік)
4. Жеті теңгеден артық кез келген бүтін ақшаны 3 және 5 теңгемен төлеуге бола ма?
5. Ұзындығы 102 см сымды 15 см және 12 см болатындай бөліктерге бөлу керек, сонда қиындылар қалмайтын болсын. Осыны калай орындауға болады?Есептің неше шешімі бар?
6. Үш таңбалы сан ойланған. Оның 543, 142 және 562 сандарының кез келгенімен разрядтарының бірі дәл келеді, ал қалған екеуі дәл келмейді. Қандай сан алынған?
7. а) 133; ә) 343; б) 13132 сандарының цифрларының орындарын алмастыру арқылы қанша әртүрлі сан алуға болады?
8. Шахмат турниріне қатысқан үш шахматшы барлығы алты партия ойнаған. Әрқайсысы бірдей сан партия ойнаған. Қанша?
9. Шахмат турниріне 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір бірімен бір партиядан ойнаған. Неше партия ойналған?
10. Футбол жарысына 17 команда қатысқан. Әр команда қалғандарымен екі рет ойнауы керек: өз алаңында және қарсыласның алаңында. Турнирде қанша матч жүргізіледі?
11. Сабақ кестесін құрғанда үш мұғалімнің сабақтары бойынша өтініштері мынадай болды: математика 1 немесе 2 сабақ, тарих 1 немесе 3 сабақ, әдебиет 2 немесе 3 сабақ болсын. Сабақ кестесін құрғанда қанша тәсілмен және қалай барлық мұғалімдердің өтініштерін орындауға болады?
5. Сюжетті логикалық есептер
1. Көшеде төрт қыз Әйгерім, Динара, Гүлсім және Назерке әңгімелесіп тұр. Жасыл көйлектегі қыз (Әйгерім мен Динара емес) көк көйлектегі қыз бен Назеркенің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызыл көйлекті қыз бен Динараның арасында тұр. Қыздардың әрқайсысы қандай көйлек киген?
2. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . кім кімнен кейін тұр?
3. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі - трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» - деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?
4. Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарынэдасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.
5. Бөтелкеде, сақанда, құмырада және банкіде сүт, лимонад, квас және су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес екендігі белгілі, лимонад құйылған ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың арасында тұр, банкідегі лимонад та, су да емес. Сұйықтардың әрқайсысы қандай ыдысқа құйылған?
6. Саябақта әртүрлі жастағы бес бала бар, олар: Ахмет, Бақыт, Құсайын, Ғалымжан, Дидар. Біреуі - 1 жаста, екіншісі - 2 жаста, қалғандары - 3, 4 және 5 жаста. Ең кішісі - Құсайын. Ахмет пен Ғалымжанның жастарын қосқанда қанша болса, Дидар сонша жаста. Бақыт қанша жаста? Балалардың тағы қайсысының жасын анықтауға болады?
7. Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5, 8, 13 және 15. Балалардың есімдері : Анар, Болат, Дана және Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысы қанша жаста?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz