Бастауыш мектептің оқу процесінде ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І Ауыз әдебиеті туралы
1.1Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-11
1.2Халық ауыз әдебиетінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12- 16
ІІӘдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
2.1 Көркем шығармалар арқылы бала бойындағы тәрбиені қалыптастыру ... .7-27
2.2 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспары (3-сынып) ... ... ... ... ... ... .. ... .28-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастық. Қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б. әдістер жатады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;
- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;
- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема - ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми - теориялық білімі болу керектігін және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи - физиологиялық, педагогикалық проблемеларына аса зор мән берген жөн.
Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара - қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.
Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық Энциклопедиясының" адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: "Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.". "Кісілік", "Ізгілік", "Имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез- құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік бейнелерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық т.б.
Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстан толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өміршілік поэзициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істең бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын - жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдардың жүзеге асуы. [2]
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің оқу процесінде ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері: 1) Педагогикалық, психологиялық және әдебиет
тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық
тұрғыдан талдаулар жасау.
2) Әдебиетті оқыту сабақтарында халық ертегілерін
оқытуарқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Оқу - тәрбие процесіндегі халық ертегілерінің орны.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектептегі әдебиетті оқыту пәні. (2 - 4 сынып).
Зерттеу әдісі: Ғылыми тұрғыда жазылған мақалалар мен еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, озат педагогикалық тәжірибелерді іріктеу, бастауыш мектеп оқушыларымен әңгімелесу, сұрақ-жауап, байқау т.б.
I тарау. Ауыз әдебиеті туралы
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сапа қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, соның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.
Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалыпікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В.Е.Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған біз халық ауыз әдебиеті деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.[1]
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатынша халық ауыз әдебиеті деген атаудан гөрі халық поэзиясы деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, Халық ауыз әдебиеті деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поәзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді әпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты үсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поэзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғылым саласын фольклористика деп атайды. Неміс ғалымы Н.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге - білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.
Халық поэзиясы төңірегінде айтылған Н.Г. Чернышевский, В. Г.Белинский, Н.А.Добролюбов пікірлері де қызықты. Мысалы Н.Г.Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поэзиясы жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В. Г. Белинский оған қарама-қарсы фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әркез халық деген тұжырым жасайды.
Фольклор оның мәні туралы Н.П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф.И. Буслаев, Л.Н. Веселовский, В.Ф. Миллер, Е.Г. Кагаров, Ю.М. Соколов, В.Е. Гусев, В.Я. Пропп, В.П. Аникин, Ю.Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген орыс және совет фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П. Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н. Путилов та фольклорды халықтың (коллективтік) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е. В. Аничков фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, В.Ф. Миллер этнографиямен жақындығын сөз еткен.
Осы сияқты көптеген пікірлерді ескере келгенде, фольклор шығармаларына бір ғана тұрғыдан сыңаржақ баға берудің ұтымсыздығы көзге түседі. Фольклор туындыларына біржақты баға берудің нәтижесі оның эстетикалық табиғатына қайшы келетінін В.Е. Гусев те атайды.
Фольклор шығармаларының табиғаты туралы М.К. Азадовский, Ю.М. Соколов сияқты көрнекті ғалымдар да ғылыми тұжырымдар айтқан. Өзінің Фольклор как коллективное творчество народа (М., 1969) деген еңбегінде В.П. Аникин бүгінгі фольклористика ғылымындағы екі түрлі ғылыми концепцияны анықтай отырып, Ю.М. Соколов - М. К. Азадовский бағыттығына қарсы уәж айтыпты. Ол қандай бағыттар? Алғашқысы - фольклорды әдебиеттен бөлмей, қатар қойып зерттейтін (Азадовский, Соколов), соңғысы - фольклор шығармалары мен әдебиет туындыларының арасына меже қоятын (Белииский, Буслаев, Миллер) бағыттар.
Орыс, совет фольклористикасында туған түрлі ғылыми пікірлерді бұлайша топтастырудың өз орнында жүйелілік сипаты болуға тиіс. Алайда бұл тұста кейбір ғалымдардың фольклор шығармаларының мәні туралы айтылған бір ғана пікіріне сүйеніп, олардың дәл осы мәселе төңірегіндегі басқа да тұжырымдарын елемей, ескермей кетушілік де бой көрсетіп отырады. Мысалы, В. П. Аникин сын семсеріне алатын Ю. М. Соколов әдебиетті фольклормен, фольклористиканы әдебиеттану ғылымымен байланыстыра отырып, олардың табиғаты бөлек екенін де теріске шығармайды. Атап көрсетер болсақ, өзінің Значение фольклора и фольклористики (в реконструктивный период) - деген еңбегінде ол халық поэзиясының маңызды, бір буыны ретінде фольклор туындыларын атай отырып, оған әдебиеттану және өнертану ғылымдарының методологиясын қолданудың қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл тұста ғалымның мұндай тұжырымы оның фольклор мен әдебиеттің бірлігі жайындағы пікірінен көп бұрын айтылғандығын да ескеру қажет сияқты. В. П. Аникиннің осы бір пікірін қазақ зерттеушісі Б.Абылқасымов та дамытып, Ю.М. Соколовтың фольклор әдебиеттің бір бөлігі болса, фольклористика - әдебиеттанудың бір бөлімі деген тұжырымын келтіріпті. Автордың бұл бағытқа Н.П. Андреевті жатқызуы да сыңаржақ пікір. Өйткені ол 1934 жылы жариялаған Проблемы истории фольклора деген мақаласында фольклорды халық тұрмысымен тығыз байланыстыра сөз еткенді. Оны жоғарыда айтып өттік.[5,9]
Фольклор жанрлары туралы В.Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар: а) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу; ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне (формасына) жете көңіл бөлу.
Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар - фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағұрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-сапасы мен Түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық мақамының болатындығы. Ақын-жыраулардың импровизақиялық дәстүрі поәзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған. Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мәзқожаев бір ғана Алпамыс немесе Көрұғлы жырын он төрт түрлі мақаммен жырлаған. Демек, фольклор шығармалары белгілі дәрежеде театр қызметін де атқарған. Оның артистері -орындаушылар, ән мен поәзияны қатар меңгерген шебер импровизаторлар.
Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Әрбір айтушы-импропизатор да тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең-жыр мен ән-күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольклорының көтерген мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады. Ұсақ салт жырлары мен ертегі жанрының көтеретін мәселесі көбіне отбасының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса, халық патриотизмі мен ерлікті дәріптейтін эпостық жырлар ол қорғау сарындарына негізделген. Мысалы, олжа-құмар Қараман, баққұмар Ақшахан, өзімшіл Қодар, сараң Қарабай, өз еліне озбырлық жасайтын Ұлтанқұлдар қаншама тұлғалы болып көрінсе де, ел бірлігін ойлаған Алпамыс, Қобыланды, Баян, Құртқа образдары мен ел тілегінің қасында олардың бейнелері қораш, нәрсіз. Өйткені алғашқылары біреуді кемітсем, жәбірлесем дейтін дарашылдық рухта көрінеді. Сол себепті халық эпосы оларға сын қолданған.
Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік рухта жасалған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік - бәрі де солардың бойына жинақталған. Ақылды Аязби жаман атанса да, хан жарандарынан озып шығады. Алдар көсе, Тазша бала бейнелері - халық тапқырлығының жарқын көрінісі. Эпостық жырларға келер болсақ, ондағы образдар ұлғайтылып, ұлы қаһармандар дәрежесіне жеткізілген. Баян, Қозы, Қобыланды, Құртқа, Алпамыстар - жалпы халықтық образдар болып шыққан. Олардың іс-әрекеті, ой-ұжданы мен арман-мүдделері халық санасымен әркез бірге. Осы жайларды ескере отырып, М. Горький миф пен эпоста бір адамның ғана ой-санасы емес, бүкіл ел, халықтың бірлескен творчестволық қызметі болатындығын айтқанды. Қазақ фольклорының озық үлгілеріне тәк осы коллективтік сипатты оның халықтық арқауының бірі дейміз.
Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы - халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дұшпанға берік бол, жас та болсаң, елге ағалық керсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге үмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет болған. Ертегі мен эпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез-құлықтары, психологиясы бір-біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздық, достық пен жаулық сарындары шендескен. Мұны біз халық гуманизмінің фольклордағы көрінісі дейміз. Тұлғасы сом, жан-дүниесі таза, рухы күшті ірі образдар жасаудағы халық поэзиясының сүйенген арқауы - осылар. Шоқан мұның бәрін қазақ фольклорының халықтық сипатына жатқызып, қазақ эпосының образдары Европаның жазба әдебиетінен ешбір кем соқпайтындығын айтқан.
Фольклор шығармалары қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінен еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.
Қазақэпосының құндылығы мен халықтығының бір белгісі - оның бай да көркем тілінде. Мұндай жырлардың тілі, халықтық сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба әдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шығармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің де негізін қалаған. Осы себептерден, қазақ фольклорын зерттеудің ғылыми, өмір-танытушылық, эстетикалық, тәрбиелік және тарихи мәні аса зор.
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Мысалы, бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар-жар,1 сыңсу, қоштасу, беташар, жұбату болып жіктеле жөнеледі. Еңбек пен түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: төрт түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары, наурыз, жарапазан, т.б. Қазақ ертегілерін қиял-ғажайып (мифологиялық), хайуанаттар жайындағы және шыншыл-реалистік ертегілер деп бөлер болсақ, соның әрбір жанрында жүздеген сюжеттер бар. Эпос туындыларын батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да әр саласында келелі жырлар аз емес. Айтыс поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен бір арнасы. [8]
Қазақ фольклорының алғашқы үлгілері сонау бақташылық, бәлки одан да бұрынғы замандарда қалыптаса бастап, елдің әкономикасы, салт-санасы, халық тілі біршама дамып, семья мен рулық құрылыс күрделенген кезде өзінің кемеліне жеткен.
Көптеген Түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған десек, оның фольклордағы тірлігі мен ұғымы, барлық әдет-ғұрыптары бақташылық-көшпелі өмір табиғатына сай туған.
Ерте кезеңдерде Орта Азия, Алтай және Қазақстан жерін мекендеген Түркі тайпалары күнге, отқа, табиғаттың Түрлі құбылыстарына табынғандықтан, қазақ фольклорында анимистік, магиялық және тотемдік белгілердің болуы да заңды. Сонымен қатар шамандық наным-сенімдер де айқын көрініс тапқан. Оның арғы тегі, Шоқанның айтуынша, көшпелілердің тұрмысымен тікелей байланысты туған. Монғолдар алғашқы мергендерді шаман деп атаған. Шаманизм көшпелі Түркі тайпаларының арасынан елеулі орын алған. Қазақтың ертегі, эпосында шаманизм сарындары бірде өлі әруақ, бірде тірі әруаққа сиыну, енді бірде құт саналатын заттарды қастерлеу (ақты төкпеу, жеті қазына, т. б.) түрінде кездесіп отырады.
Қазақ аңыздарында құт басы -- еңбек. Осы ретпен ертеде қазақтар әр түлік малдың өз иесі болады деп, Шопан ата, Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба жайында аңыздар тудырған. Қазақ ертегілері мен эпостық жырларына ертеден енген бұл нанымдар халық санасының сәби кезеңдерінен хабар береді. Өмір, қоғам, ой-сана ылғи даму үстінде болады десек, сол нанымдар арқылы халық өзінің тіршілігі мен іс-әрекеттерін жақтаған. Ел әрекеті табиғаттың алуан түрлі күштеріне, азулы аңдарға, одан бергі жерде адамды қанаушылыққа қарсы күресте нығайып отырған. Осындай құбылыстарға халық поэзия қуатын қарсы қойған. Халық үшін оның қуаты айрықша күшті, әсерлі болған. Жылан арбау, күн жайлату, оң және теріс бата, алғыс, қарғыс бір ғана ауруға емес, жер-көкке ықпал етудің де шарасы болмақ.
Академик Ә. Марғұлан өзінің Халық жырларын туғызудағы мотивтер деген мақаласында қазақ эпосы мен ертегілерінен көрінетін түрлі ұғымдарға түсінік берген-ді. Мысалы, ерте кездерде халық өзіне жау күштермен күресу үшін жылан, қасқыр культін тудырған, Бөріқұс, көкпар ұғым-ойындары содан туған. Жезтырнақ, қасқыр, жылан, жалмауыздардың қай-қайсысы болса да қазақ фольклорында адамға жау күштердің жиынтығы, ұнамсыз бейнелер. Солардың бәрін образдап ойлаудың өз кезеңіне тән көрінісі, дәрежесі деп түсінген жөн.
Ислам әсері қазақ эпосынан соншалық үлкен орын алмаған. Ол көбіне үстем тап ортасында туған жыр үлгілерінен кездеседі. Алайда құдай, пайғамбар, әулиеге ат қойып, Қорасанға қой айтып дейтін сарындар анық діни ұғыммен байланысты. Оны біз эпосқа тән қоспалар, әр түрлі қоғам сатыларының айтушылары тарапынан енгізілген діни көзқарас дейміз. Ондай қоспалар қазақ фольклорында елеулі. Бір ғажабы, шығыстан келген дәу, пері, шайтан, одан қалды, қожа-молдалар образдарының бәрі дерлік қазақ фольклорында бір ғана ұнамсыз адамдар бейнесінде берілген.
Кейінгі замандарда туған ертегі, эпостық жырлардың тақырыбы өмірге терең еніп, елдік, халықтық мәселелерді қозғайды. Оның басты тақырыбы -- әлеумет теңсіздігі, әдет-ғұрып қайшылығы, ел қорғау, махаббат еркіндігін жырлау, тарихи оқиғаларға үн қосу, қоғам, ел жағдайын жақсарту сарындары болып отырады.
Грек эпосына қатысты бір сөзінде Карл Маркс Илиада, Одиссея сияқты жырлардың баспасөз станогі шыққан кезде тууы екіталай десе, қазақтың батырлық дастандары, көлемі 400 мың жолға жуық қырғыздардың, Манас сияқты эпопеялық жырларының дәл осы стильде тууы, әрине, шарт емес. Өйткені Түркі тілдес қазақ-қырғыз халықтарының эпостық жырлары қобыз (қияқ) немесе домбыра сүйемелдеуімен айтылатын импровизақиялық өнер ізінде дамып, қалыптасқан. Сол дәстүр совет дәуірінде қайта түлеп, жаңа мазмұнда дамып отыр. Оған бүгінгі халық ақындарының жырлары, Жамбыл, Нүрпейіс, Кенен поэзиясы, жаңа серпіліске ие болып отырған айтыс поэзиясы айғақ бола алады.
Совет фольклоры Орта Азияны мекендеген көшпелі халықтарда ғана емес, көптегсн басқа да одақтас республикалардың тәжірибелерінде бар. Өйткені бүгінде халық творчествосы мен интеллектуалдық қабілетінің дамуына ерекше жағдай жасалған. Сол себепті бізде жазба әдебиет пен ауыз әдебиеті қосқанаттасқан.
Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. Дария басы -- бұлақ демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі -- фольклор. Ауыз әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де бар. Мысалы, М. Әуезовтің Қара қыпшақ Қобыланды, Қалқаман -- Мамыр, Айман -- Шолпан, Еңлік -- Кебек, Ғ.Мүсіреповтің Қозы Көрпеш -- Баян сүлу сияқты пьесаларыныңсюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклормен әдебиет арасындағы табиғи-органикалық байланыс дейміз.
Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығыныңсәулесі бар. Фольклор -- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдаутәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы, танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мұра.
Фольклористика тарихы туралы. Фольклор -- халық даналығы тудырған сөз өнері болса, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылымды фольклористика дейміз. Оның зерттейтін объектісі -- фольклор шығармалары қашан және қалай туды, сюжеті нақты өмірмен қабысып жата ма, әлде адам санасындағы Түрлі ұғымдардан алына ма? Фольклор өмір шындығын қалайша көрсеткен, оның тарихилығы жасалу жолдары мен көркемдік ерекшеліктері қай дәрежеде? Фольклор мен әдебиет арасындагы сабақтастық пен айырмашылық, яки жалғастық неде? Фольклорды жаратушылар кімдер? -- дейтін мәселелер.
Қазақтың көшпелі өмірден туған мифтік образдары сол елдің өз ұғымына жақын. Алысты көретін айна, үшқыш кілем, шөл жүйрігі -- Желаяқ образдарында болашақты болжаудың нышаны бар.[10]
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері
Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлендері т. б
Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар. Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:
oo тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
oo дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
oo үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
oo мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),өтірік өлеңдер, т.б.
Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, "Қамбар ата", "Шопан ата", "Зеңгі баба", "Ойсыл қара", "Шекшек ата", т.б.
Жұмбақ - адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель "Жұмбақ - жақсы жымдасқан метафора" деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда "фольклорлық жанр", "халықтық поэзияның шағын түрі" деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. Қазақ Жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі "Кодекс Куманикусте" көптеген Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті). Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің "Түрік тілінің сөздігінде" де қазіргі қазақ Жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, "Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау" (жұмыртқа), "Отқа жанбас, суға батпас" (мұз). Заттың сапасына ("Бауыздасаң, қан орнына су ағар" - қауын), қызмет-қимылына ("Жанды сағат айқай салад" - есек) қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де ("Ағат деген немене? Сағат деген немене?"), мақал-мәтелдермен де ("Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық") жанасымды.
Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті - сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегілер жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
мақалдар-мәтелдер Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын.
Аңыз - әңгімелер Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы - аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.
Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.
Шешендік сөздер - ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz