Қазақтың ауыз әдебиеті



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың қолы тәуелсіздікке жеткелі дәстүрлі тарихпен әуестенушілер көкмайса көктемде көкті көмкерген бәйшешектей кең өріс жайды. Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында аузынан ауыздығы алынбай, тежеулі өмір кешкен қазақ тарихшылары ойланып-толғанып, өздеріне-өздері келіп, өзіндік мүмкіндіктерін танытқанша әдебиет пен өнерге жақын қазақ зиялылары дәстүрлі тарихымыздың кейбір маңызды бағыттарында айтарлықтай аршынды қадамдар жасап үлгерді. Солардың арасында кескін-келбеті, өзіндік дара болмысы қазақ сал-серілерінің еңселі тұлғасын еріксіз еске түсіретін Ақселеу Сейдімбек қазақтың этникалық болмысының білгірі ретінде тұлғалана түсті.
Бұрындары да өзінің әртүрлі прозалық шығармаларында, Күмбір-күмбір күмбездер тәрізді тарихи танымдық очерктер шоғырында, тамыры терең тылсым тарихтан бастау алатын қазақ дәстүр-салтының сан қырлы қатпарларын нәзік сезімталдықпен қозғап, толғана жазған ғылыми мақалаларында, ата-бабаның бесаспап өнерінен бастау алған ғажайып күй саздарының таңғажайып сырларын тербете зерттеген монографияларында және тағы да басқа әртүрлі мәдени тағылымның аса маңызды мәселелерін қозғап, оларға тың деректер мен тұжырымдар қосып, сонымен бірге өзінің осы бағыттардағы қызықты да, тың да, жаңашыл пікірлері мен тұжырымдарын әрқашан оқырманға ұсынып дағдыланған жазушы тәуелсіздік тұсында біржолата этнографиялық зерттеулерге бет бұрып, осы бағытта елге жақсы танымал, дарынды білгір ғалымның деңгейіне көтеріліп үлгерді. Бұрындары Ақаңның жазғандарын қалың қазақ ортасында өзіндік тәлім-тәрбие алған, ұлттың қанықты рухына мейлінше суарылған, тарихи танымды қызыға насихаттаушы талантты журналшының өзіндік әуесқойлығы ретінде қабылдап, жаратушының өзі ғылыми-зерттеуге бейім етіп жаратқан оның ерекше қасиеттерін аңғара қоймаған тарихшы-этнографтардың өздері де Ақаңның осы бағыттағы іргелі зерттеулерінен кейін оны өзіндік ғылыми кескін-келбеті, өзіндік бедерлі ғылыми соқпағы бар этнолог-тарихшы ретінде қабылдай бастады. Осы айтылғандардың нақты көрінісінің және жарқын үлгісінің бірі - қазір қолымызға ұстап отырған Қазақтың ауызша тарихы атты зерттеу еңбек. Бұл кітап өзінің ішкі құрылымы, жазылу стилі және көтерген мәселелері, сондай-ақ ғылыми бағыттары жөнінен өзінен бұрынғы этнографиялық мазмұнда жарық көрген зерттеулердің ешбіріне ұқсамайды. Кітап қазақ этнографиясына және этнологиясына байланысты, тікелей қатысты, кең ауқымды, өзекті мәселелерді қозғаған. Сондықтан да болар, о баста, зерттеуді қолға алғанда ондағы кейбір тақырыптардың зерттеудің атына сай келетініне күмәнмен қарайсыз. Өйткені олар кейбір тұстарда қазақтың ауызша тарихының арнасынан асып кетеді. Ия, бұл зерттеудегі таза этникалық тарих мәселелерін қозғайтын кейбір тараушалар қазақтың ауызша тарихының аясына сыймай, қазақ этнографиясының және этнологиясының кең тынысты мәселелерін еркін қамтиды. Сонымен қатар бұл еңбектің ауызша тарихқа байланысты этнографиялық және этникалық пікірлерді молынан қарастырғанын да айтпасқа болмас.
Зерттеу іргелі-іргелі бес тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауы Шежіре және тарих өзіндік тың да, жаңа көзқарастарға толы. Онда елтану мектебі, тарихнама, этнология және ру-тайпа жүйесі, түркі ру-тайпалары және тарихи кезеңдер, қазақ шежіресіндегі уақыт табы және тағы басқа маңызды мәселелер нақтылана зерттелген. Егер Ақселеу Сейдімбекке дейінгі этнографтар, мысалы, дәлірек айтар болсақ, В.П.Юдин далалық ауызша тарихнама деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А.Сейдімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын осы ДАТ-тың (далалық ауызша тарихнаманың) аясына сыйдырған болса, енді біз пікір айтып отырған еңбекте автор жаңа тұжырымдарға барып қазақ шежірешілдігін (шежіресін), шын мәнінде, Қазақтың ауызша тарихы (ҚАТ) деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы мүлде тың, жаңа пікірді ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес. Шындығында да, қазақ шежіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты енгізетіндіктен және бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ жалғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша тарих айту жолымен жүзеге асырылатындықтан, мұндай жаңа ұсынысқа, негізінен, келісуге болады. Әрине, ауызша тарихқа тек қана қазақ шежірешілдігі ғана жатады десек, тар өрісті пікір айтар едік.
Тамыры тереңнен бастау алатын, ежелгі тарихи тұлғаны бүгінгі күнге көркемдеп те, айшықтап жеткізген әртүрлі аңыз-әңгімелер мен қиссалар, жыршыларымыз таңды таңға ұрып жырлайтын тарихи дастандарымыз бен тарихи жырларымыз, мысалы, Мұрын жырау жырлаған Қырымның қырық батыры ауызша тарихтың адам таңданарлықтай ғажайып үлгісі емес пе?! Белгілі тарихшы-археолог Егоровтың Историческая география Золотой Орды деп аталатын іргелі зерттеу еңбегінде Қырымдағы Қырық ер қаласына байланысты қазба жұмысының қорытындыларын нақтылап айтқаны бізге белгілі. Қырық ер қаласын Шайбанның әскерінің қандай қиыншылықпен басып алғанын әйгілі ортағасырлық Шайбани-нама атты деректен де айқын аңғарған болатынбыз. Осыларды бір ауыз сөзбен қорытар болсақ, Мұрын жырау ауызша жырлаған тарихи ахуалдың шынайы тарихқа сәйкестігі назар аудартады. Ондағы айтылатын Шора Нәрікұлының өзінің ерліктері және бабаларының өмір тарихы орыс деректеріндегі жылнамалық мәліметтерге толық сәйкес келеді. Мұның бәрін айтып отырғанымыз, А.Сейдімбек әңгімелеп отырған қазақтың ауызша тарихы (ҚАТ) бүгінде қағазға түскен жазба тарихымызды жаңа деректермен толықтыратын және тарихтағы адам тұлғасының айшықты орнын айқындай және нақтылай түсетін, әсіресе, ежелгі және ортағасырлық тарихымыз үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда зерттеушінің қазақтың шежірешілдік зердесінде адам - тарихтың ең басты тұлғасы, ал адам сапасы - тарихтың қозғаушы күші деген қорытындысы, шынында да, бүгінгі тарихымыз үшін аса өзекті және маңызды. Мұны қазіргі кезеңде бізден гөрі ресейлік ғалымдар айқынырақ түсінгендей. Өйткені олар коммунистік жүйенің омақаса құлағанын жедел ескеріп, бұрын тарих ғылымында қалыптасқан тарих - таптар күресі деген принциптің орнына тарих - адам қызметі деген жаңа ұстанымды орнықтырып үлгерді. Мұндай жаңа методологиялық ұстанымның маңыздылығын жақсы түсінген А.Сейдімбек бұл мәселеде де өзінің хабардар екенін зерттеу еңбегінде айта кетуді ұмытпаған. Алдын ала айтарымыз, ғалымның қазақтың шежірешілдігін ауызша тарихтың аса маңызды көрінісі ретінде сипаттаған көптеген ұнамды пікірлерімен келісуге тура келеді. Өйткені шын мәнінде, автор қазақ шежірешілдігінің қыры мен сырын жақсы меңгерген, өзі де - осы салада нақты зерттеулерді көптеп өмірге келтірген дарынды зерттеуші. Ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмысында шежірелік деректерді жан-жақты талдап, жүйелеп, жинақтап, осы саланың ыстығы мен суығына төзіп, әбден академиялық дәстүр аясында іздене жүріп қалыптасқан шежіретанушы ғалым осы - А.Сейдімбек.
Осыған байланысты оның шежіре мәселесінде қазақ халқының дәстүрлі тарихы туралы өзіндік пікірлер білдіруге толық құқы бар. Әрине, қазақ шежіресінің де тарихымыз үшін аса бағалы, адам айтқысыз құнды тұстары көп-ақ. Жасыратын не бар, жазба тарихымыздың жүйелі қалыптаспауы қазақ тарихының кейбір маңызды тұстарын құнды деректерден құралақан қалдырды. Осындайда қазақ тарихшысы қаласа да, қаламаса да ауызша тарих деректеріне жүгінуге мәжбүр. Кезінде тоталитарлық жүйе қасақана назардан тыс қалдырған оларды зерттеуші осы еңбегінде оқырмандар есіне қайта сала кетуді жөн көрген екен. Сондықтан да А.Сейдімбек біз пікір білдіріп отырған еңбегінде қазақ шежіресін қастерлей көтермелеуге баса көңіл бөлген. Бұл - әрине, барынша құптарлық маңызды нәрсе. Дегенмен де ауызша тарихымызда кенже қалған осы шежіретану екендігін де мойындауға тура келеді. Әрине, мұны А.Сейдімбек тәрізді тәжірибелі шежіретанушының байқамауы мүмкін емес деп ойлаймыз. Олардың ішінде қазақ шежіресінің бастауларының түркі дәуіріндегі халық жадында сақталған ежелгі этнонимдерден таратылуы, осы аралықта бірнеше ондаған аталардың назардан тыс қалуы, тіптен Қазақ хандығы тұсында біршама жүйеленген қазақ шежіресінің кейбір тұстарында бірнеше аталардың аталмай кетуі және шежіре баяндаудағы балама пікірлер қайшылығы, шежірелік деректерде қожалардың рөлін асыра дәріптеу - қазақ шежіресіне тән олқылықтар, міне, осылайша жалғаса береді. Ең соңында айтарымыз - қазақ шежіресінің бастауларында қожалар әулетінің тұруы тәрізді көптеген субъективті кемшіліктер бар екенін айтпауға болмас. Бұлар туралы шежіренің бүге-шігесін жақсы меңгерген Ақаңның өзінің нақтырақ тоқталғаны дұрыс болатын еді деп ойлаймыз. Сонда оқырман қазақ шежіресі туралы марапаттауға негізделген біржақты тұжырымдарға ғана емес, терең және тарихи салыстырмалы зерттеу қорытындыларына да назар аударып, тарихымызды объективті де шынайы жазудағы қазақ шежіресінің орны мен маңызын айқынырақ топшылар еді.
Ақаң рушылдық пен жүзшілдік көзқарасты қазақ протекцияшылдығының жағымсыз көрінісі ретінде қисынды түрде айыптай келе, рулық-тайпалық жүйенің ғана емес, қазақ тарихындағы жүздік бөліктердің де маңызын дұрыс айқындай білген. Оның жүздік бөліктің өзі этникалық бөлік емес екендігіне, ең алдымен әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-саяси бөлік екеніне, қазақтың тілі мен діліндегі біртұтастық олардың рушылдық бөлектігінің емес, ұлттық бүтіндігінің нәтижесі екендігіне көзі жетер еді деген пікірі ғылыми тұрғыдан мәселені жан-жақты талдаған басалқалы зерттеушінің салмақты тұжырымы деп ойлаймыз. Бұлардан шығатын қорытынды - қазақтың рулық-тайпалық құрылымы және жүздік бөлінісі кеңестік жүйе тұсындағыдай біржақты айыпталып, орынсыз қараланбауы тиіс. Қалай десек те, бұл біздің тарихымыз және басқаларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар ұнамды тарихымыз екенін ұмытпағанымыз жөн. Біздің ойымызша, қазақты амалсыздан үш жүзге бөліп басқару реформасы Есімханның ескі жолын жүзеге асыру барысында біржолата қалыптасты. Амалсыздан дейтініміз, Есімханды осындай маңызды шараға баруға мәжбүрлеген сол тұстағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы объективтік ахуалдар еді. Іштегі төре тұқымдарының таққа таласы, сырттағы қалмақтардың қазаққа қарсы үздіксіз жорықтары қазақты жүздік, әкімшілік-аумақтық жүйемен басқаруға алып келді. Замана талабына сай жүзеге асырылған бұл шара кезінде өзін-өзі толық ақтады. Сондықтан да жүздік басқару жүйесі атауынан ат-тонымызды ала қашатын бөтен ниеттен арылуымыз керек.
!--pagebreak--
Ақселеу Сейдімбектің Қазақтың ауызша тарихының, оның ішінде шежірелік дәстүрдің тарихнамасының мәселелерін жан-жақты талдауымен де негізінен алғанда, толық келісуге болады. Оның әйгілі тұлғаларымыздың өмірлік дерегі туралы шежірелік баяндарды әлем халықтарының тарихында кездесе бермейтін бірегей рухани феномен ретінде бағалауы шежірелік түзілім тарихын терең білетін маманның көзқарасы түрінде қарастырылуы қажет. Еңбектері Алтын Орда тұсынан бері қарай шежірелік сипатта жазылған ортағасырлық авторлардың, соның ішінде мұсылмандық тарихи әдебиет өкілдерінің, шынында да, Қазақ тарихы үшін аса құнды деректік мәліметтер беретінін қазіргі тарихымыз айқын аңғарып отыр.
Ақаңның Этнология және ру-тайпалық жүйе тақырыбы бойынша теориялық және методологиялық мәселелерді тереңдете қозғағанын да осы еңбектен байқап отырмыз. Мұнда зерттеушінің негізгі ғалымдардың, оның ішінде өзіміздегілер ғана емес, ресейлік және шетелдік авторлар да бар, еңбектерін шолып шығуының өзі осы мәселеден дерек іздестірген зерттеушілерге айтарлықтай көп көмек көрсететінін айта кеткен жөн.
Осы біз әңгімелеп отырған қазақ этногенезінің күрделі мәселелерін көшпелі дәстүрлі өмір салтымен байланыстыра қарастырған кітаптағы тартымды да қызықты пікірлердің этникалық тарихқа тың да жаңа көзқарастарды алып келетінін осы бағыттағы зерттеулермен айналысып жүрген кез келген ізденуші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Cәкен Сейфуллин және фольклор
Қазақтың халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесінде алатын орны
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Фольклорлық практика есебі
Пәндер