Ашылып қалған мәдени қабатты зерттеу және байқау қазбасы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Ашылып қалған мәдени қабатты зерттеу және байқау қазбасы.
- Суретке түсіру.
- Ескерткішті суреттеп жазу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Археологиялық заттарды суреттеп жазу басты назар аударатын мәселелердің қатарында: өзіндік ерекшеліктеріне қарай заттардың белгілері; классификация таксондары (әр авторда әр түрлі болуы мүмкін) ; бір атауға біріктірілетін заттардық таңдау.
Дәстүрлі археологиялық терминологияға жрғары метафоралық ерекшелік тән болып келеді. Заттардың (әшекейлердің) конструктивті элементтерін суреттеп жазу барысында келесі метафоралық терминдер қалыптасқан канал (моншақты өткізетін жіп), томпақша (әшекейдегі сәл биіктеу жер), ілгек (ілуге арналған жер), құлақша, ұя, бас, бел, аяқ, тіл, мұрт, тарақ, дене, тағы басқа терминдер қолданысқа енген.
Сонымен қатар кез келгенконструктивті элементтің өз дефинициясы бар және белгілі порциялар бойынша суреттеп жазылады, олар: түрі, құрылысы, жалпы нұсқасы (формасы) . Бұл тәсілде қалыптасқан терминдерде метафоралықтан алшақтау, оны сирек қолдануға тырысқан.
Сонымен, конструктивті-морфологиялық әдіс негізінде суреттеп жазу жүйесі пайдаланылады, ол нақты бөлінген подсистемадан тұрады, олар субординаттық, базалық және суперординатты деңгейлерге бөлінеді.
Конструктивті-морфологиялық бағыт логикаға назар аударудың қажеттілігін басшылыққа ала отырып, басқа ғылымдарда қалыптасқан жүйеге көңіл аударуды ұсынада. Белгілі бір заттың түр-сипатын суреттеп жазу кезінде оны биологиялық, геометриялық объектілермен салыстыру керек, бұл ғылымдарда оны әлдеқашан суреттеп, оған классификация жасалып қойған болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда суреттеп отырған үзеңгінің формасы дөңгелек болса, оны суреттеп жазу барысында дөңгелек, дөңгелекше және тағы сондай сөздерді пайдалануға болады.
Археологиялық барлау кезінде ашылған ескерткіштің жобасын түсіргеннен кейін атқарылатын жұмыстың бірі - оның үстінде жатқан қыш ыдыс сынықтары, сүйек, металл және т. б. археологиялық заттарды (артефакттарды) жинау. Бұл жұмысқа зерттеуші алдын-ала даярлық жасап, табылған заттарды салуға, орауға, тасымалдауға қажетті үлкенді-кішілі қалталарды, қорапшаларды, заттардың табылған жерін, реттік санын көрсетіп, оларды суреттеп жазуға арналған тіркеу қағазын даярлайды. Ескерткіштің үстінде жатқан заттарды дұрыс жинап, олардың табылған жерін нақты көрсету үшін ескерткіш орналасқан жерді көлемдері 10х10 м не 15х15 м келетін төртбұрыштарға бөліп, оларға көлденеңінен әріптік, ал тігінен сандық көрсеткіштер қойылады.
Сонымен қатар, ескерткіш орналасқан құрылыс орындарына не ол арқылы өткен жол, ағып жатқан өзен, жылға, бұлақ немесе телефон, электр желісі тартылған бағандар және т. б. белгілеріне қарай бөліктерге (шағын-шағын) бөліп қарастыруға болады. Ол үшін жүргізілген төртбұрыштар не ескерткішті бөліп тұрған басқа да белгілердің барлығы кішірейтілген масштаб бойынша жоба сызылған масштабқа түсіріліп, оларға реттік сандар қойылады.
Ескерткіштің үстінде жатқан археологиялық заттарды жинау алдын-ала бөлінген төртбұрыштар бойынша, не оның белгілеріне қарай бөліктері бойынша бір шетінен бастап, белгілі бір бағытта ескерткіш алып жатқан жерді толық аралап шыққанша жүргізіледі. Заттарды жинау кезінде оларды алдын-ала іріктеуге болмайды. Археолог үшін ескерткіштің үстінде жатқан заттардың барлығы құнды, себебі олардың кез-келгені зерттеліп отырған ескерткішке қатысты мәлімет беретін заттай дерек болып табылады. Ескерткіштің үстінде жатқан заттарды жинау кезінде, әсіресе, олардың жекелеген түрлеріне ғана көңіл аударып, басқа түрлерін назардан тыс қалдырудың нәтижесінде зерттеліп отырған ескерткіштің өмір сүрген уақыты дұрыс анықталмауы мүмкін. Мысалы, ортағасырлық елді мекеннің үстінде жатқан заттарды жинау кезінде зерттеуші тек бояулы ыдыстарға көңіл аударып, бояусыз ыдыстарды есепке алмаса, ескерткіштің өмір сүрген уақытын анықтау кезінде айтарлықтай қателік жіберуі ықтимал.
Ескерткіштің әрбір шаршысынан, бөлігінен табылған заттар жеке есепке алынып, оларға санақнамалық талдау жасалып, оның нәтижесі күнделікке жазылады. Әрбір шаршыдан, бөліктен жиналған заттар сарапталғаннан кейін оның ішінен ыдыстың тұрпатын беретін үлгілері алынады да, ал ыдыстың тұрпатын анықтауға келмейтін ұсақ сынықтары сол шаршының, бөліктің бір жеріне көміп, ыдыс сынықтары көмілген жерді ескерткіштің жобасына белгілеп қояды.
Ескерткіштің үстінде жатқан заттарды жинау кезінде кездескен құрылыс қалдықтарының шегарасы анықталып, жобада оның орналасқан жері көрсетіледі. Құрылыс орындарынан табылған заттар бөлек есепке алынады.
Сонымен қатар, ескерткіштің үстінде жатқан археологиялық заттарды жинау кезінде оның бұзылған, қазылған бөліктерінен шығып жатқан заттарды жинауға ерекше мән берген жөн, себебі онан шығып жатқан заттар зерттеліп отырған ескерткіштің бір не бірнеше тарихи кезеңдеріне қатысты жәдігерлер болуы мүмкін. Сондықтан ескерткіштің бұзылған не қазылған жерінен шығып жатқан заттарды бөлек алып, олардың ескерткіштің басқа бөліктерінен табылған заттарға қосылып кетуіне жол бермеу керек.
Жалпы, ескерткіштің үстінде жатқан заттарды сауатты жинап, оларды дұрыс есепке алудың нәтижесінде ескерткіштің жекелеген бөліктерін мекендеген тұрғындардың кәсібі, шаруашылығы туралы құнды деректер алуға болады.
Ескерткіштің үстінен жинап алынған заттарға тіркеу қағазы толтырылады. Тіркеу қағазында экспедицияның, ескерткіштің аты, заттың аты, табылған жері, реттік саны жазылады.
Ашылып қалған мәдени қабатты зерттеу және байқау қазбасы
Барлау жұмыстары кезінде ашылған ескерткіштің мәдени қабатын зерттеп, оның өмір сүрген уақытын анықтау жауапты жұмыс. Ол үшін барлау кезінде ашылған ескерткішті аралап көру кезінде белгілі болған, оның мәдени қабатының табиғи құбылыстардың әсерінен не әртүрлі шаруашылық жұмыстары кезінде бұзылған жерінде тазарту жұмыстары жүргізіледі. Тазарту жұмыстары мәдени қабаттың жоғарғы қабатынан бастап табиғи жерге дейін жүргізіледі, оның қабырғасы тік, ені кең, суретке түсіруге қолайлы және аса ұқыптылықпен тегістелуі керек.
Тазарту жұмыстары жүргізілген жерден ескерткіштің мәдени қабатының қалыптасу тарихы анық көрінетін болуы керек, әсіресе, мәдени қабаттың құрылыс кезеңдерінің ара-жігі, құрылыстардың қалдықтары, еден сызықтары, қабырға сылақтары, олардың үстінде, арасында жатқан құландылардың қалыңдығы, құрамы, түрі, түсі жақсы ажыратылатын болуы керек.
Тазарту жүргізілген жерден шыққан мәдени қабат қатпарларының қалыңдығын, құрылыс кезеңдерін, олардан табылған заттарды дұрыс есепке алу үшін, оның жақсылап тегістелген беті көлденеңінен арасы 1 м-ден шаршыларға бөлініп, олар солдан оңға қарай реттік сандармен белгіленеді (1; 2; 3 және т. б. ) ал тігінен арасы 50 см ярустарға бөлініп, олар жоғарыдан төмен қарай рим сандары бойынша реттік сандар қойылады (І, ІІ, ІІІ және т. б) .
Ескерткіштің тазартылған жерінің мәдени қабаты жоғарыдан төмен қарай суреттеліп жазылады. Суреттеп жазу кезінде мәдени қабат қатпарларының қалыңдығы, құрамы, құрылыс кезеңдерінің реті, құрылыстардың неден салынғаны, жүргізілген жөндеу жұмыстары, олардың сақталған биіктігі, қалыңдығы және т. б. ерекшеліктері жан жақты суреттеледі. Мәдени қабаттың ашылған барлық қатпарларын суреттеп жазған соң олардың астындағы табиғи жердің қандай тереңдікте жатқаны, оның түсі, құрамына тоқталу керек.
Тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде есте болатын нәрсе, ашылған мәдени қабаттың қатпарларын ылғал кезінде (беті құрғап кетпей тұрғанда) суреттеп жазу керек. Тазартылған жердің мәдени қабатының қалыңдығы бірнеше метр болса, оның қатпарларын суреттеп жазуды әрбір 2 не 3 ярусты (1-1, 5 м) тазартып болғаннан кейін жүргізіп отырған дұрыс.
Байқау қазбасы. Барлау кезінде ашылған ескерткіштің мәдени қабатының бұзылған, ашылып жатқан бөліктері жоқ болса, оның мәдени қабатын зерттеу үшін байқау қазбасы жүргізіледі. Көлемі 1х2 не 2х2 м байқау қазбасы табиғи жерге дейін жүргізіледі, оның қабырғалары дүниенің төрт жағына бағытталған болуы керек. Оның қабырғалары жақсылап тегістеліп, шаршылармен ярустарға бөлінеді, тік кесіндісі сызылады. Ескерткіштің тарихи-топографиялық құрылымы бірнеше бөлікке бөлінген болса, олардың әр бөлігінде байқау қазбасын жүргізген дұрыс.
Байқау қазбасының қабырғалары жоғарыдан төмен қарай табиғи жерге дейін суреттеп жазылады, онан табылған заттарға шифр қойылады. Байқау қазбасы жүргізілген жер суретке түсіріліп, ескерткіштің жобасында белгіленуі керек.
Суретке түсіру.
Археологиялық барлау кезінде ашылған ескерткіштің жобасын түсіріп, үстінде жатқан заттарды жинағаннан кейін оны суретке түсіру керек. Суреттің құнды дерек екенін ескере отырып, оны түсіруге үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Ол үшін алдын-ала ескерткішті аралап көріп, оның түсірілетін бөліктерін анықтап және оны түсіру уақытын белгілейді. Негізінде суретті күн ашық кезде таңертең не кешке, немесе көлеңке біркелкі түсіп тұрған кезде түсірген дұрыс. Мүмкіндік болса, ескерткіштің жалпы көрінісін, оның жекелеген бөліктерінің көріністерін бірнеше жағынан түсіру керек. Сонымен қатар, ескерткіштің орналасқан жерін, оның мәдени қабаты бұзылған бөліктерін, егер болса қорғаныс, суландыру жүйелерінің қалдықтарын, тегістелген (тазартылған) тік кесіндісін және тарихи-географиялық құрылысының ерекше белгілерін түсіреді. Ескерткішті және оның кез келген бөліктерін суретке түсіру кезінде, олардың биіктігі мен өлшемдерін көрсететін метрлік белгісі бар рейка, ал ескерткіштің реттік саны мен бағытын көрсететін белгі қойылуы міндетті.
Суретке обалар қорымының жалпы көрінісі, оның жекелеген бөліктері, егер мүмкіндік болса, әр оба жеке түсіріледі.
Күнделікке түсірілген суреттердің реттік саны және олардың қай бағыттан түсірілгені жазылады.
Ескерткішті суреттеп жазу.
Барлау кезінде ашылған ескерткішті суреттеп жазуды, оның географиялық координаттарын анықтап, аралап көріп, тарихи-топографиялық ерекшеліктерін анықтап, жобасын түсіріп, оның бетінде жатқан заттарды жинап, ашылып жатқан бөлігінде тазарту жұмыстарын жүргізіп, оның барлық бөліктерін суретке түсіргеннен кейін жүргізген дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz