Б.Римованың сахнада алған орны


ЖОСПАР
І. Кіріспе
1. Б. Римованың шығармашылық және өмір жолы.
ІІ. Негізгі бөлім
- Б. Римованың қазақ сахнадағы орны
- Б. Римованың драматургиялық қырлары.
ІІІ. Қорытынды бөлім
- Өнердегі шыққан белестері.
Бикен Римованың сахнада алған орны
Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қырғыз Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, актриса Бикен Ырымқызы Римованың да осы қасиетті топыраққа кіндік қаны тамып, ел тарихының аумалы-төкпелі кезеңі болған 1923 жылдың 1 қаңтарында (1923-2000) Талдықорған облысының Қаратал ауданы Қанабек ауылында (бұрынғы Тоғызыншы ауылда) орта шаруаның отбасында дүниеге келеді. Театр училищесінде оқып жүргенде шешесі Ығыш ауырып, қайтыс болады. Әкесінен жеті жасында, шешесінен он жеті жасында жетім қалған Бикен Римова өмір ауыртпалығын көп көргендіктен, ерте есейеді. Балалық шағы қиындықтар мен жоқшылыққа толы болды. Жұт пен ашаршылықтан құтылу үшін анасы екеуі Қырғыз еліне көшіп кеткен.
. . . Өзіне ғана тән майда қоңыр үні, жер қозғалса да қозғала қоймайтын сабырлы да салмақты мінезі Бикен апайды өзгелерден әрдайым даралап тұратын. Жастайынан қиындықты көп көрген актрисаның өмірге көзқарасы, адамдармен, айналасымен қарым-қатынасы бөлекше-тұғын. Жеті жасында әкесі қайтыс болып, араға он жыл салып анасынан айырылған жасөспірім қызды өмір ерте есейтеді. Алғашқы рөлі Еңліктен бастап ол қазақ театрының тарихында қалған көптеген жарқын бейнені сомдайды. Шахмет Хұсайыновтай драматург жазушыға адал жар болып, өнегелі ұрпақ өрбітеді. Өмірлік серігімен табысқан бір сәтін суреттей отырып, актриса ол жайлы өз естелігінде: « . . . Сол күні мен Шақаңның сұрауымен Еңліктің қоштасу әнін айттым. Ата-анамды сағынып айттым. Тағдырымды бір өзіне тапсырғанымды айттым. Орнымнан тұрып, кетуге ыңғайлана бергенімде маңдайымнан сипап, көзіме тура қарап тұрып: «Бикенжан, сен кетпе, қал біздікінде!», - деді. Және бойжеткенге айтылатын сөздердей емес, соншалықты бір мейірбандылықпен, таза сеніммен айтты. Бикенжан деп мені тек қана анам айтушы еді. Әке-шешем өлгелі бір адам менің маңдайымнан сипап, Бикенжан деп көрмеген-ді. Жылап жатып, Шақаңның үйіндегі кабинетінде ұйықтап қалған екем. Таң ата ояна кетсем, Шақаң қарсы алдымда, креслода маған қарап отыр. «Таң атқанша отырдың ба?» дедім. «Иә, таң атқанша отырдым!» деді күлімдеп. «Неге?» деппін ұялғанымнан. «Күнтай, мен сенің ұйқыңды күзетіп отырдым ғой», - деді. Сол сәттегі «Күнтай» деген жылы сөзінен, жүзіндегі күндей күлімдеп тұрған мейірбандылықтан айналып қана кетсем болмас па?! Міне, сол күннен бастап, Шақаң екеуміз өмір жолын да, өнер жолын да бір кештік . . . » - деп жазғаны бар. Ал актрисаның ұлы, тілші-ғалым Көбей Құсайынов анасының адами артықшылықтарын тілге тиек ете отырып: «Қиындықты көп көргенінен болар, баланы көп еркелете бермейтін. Перзенттеріне деген терең махаббаты жүрегінің төрінде сақтаулы екенін мейірімді жанарынан-ақ сезетінбіз», - дейді. Ол кісінің үй шаруасын, жолдасы мен бала-шағасының күтімін, өзінің театр мен кинодағы жұмысын бір-бірімен шебер үйлестіріп, бәріне үлгеретін қасиеті маңайындағыларды еріксіз тәнті ететін. Бикен апайдың ісмерлігі де керемет болатын. Қол қусырып отырғанды ұнатпайтын ол өзіне көйлек тігіп, болмаса балаларына киім тоқып, әп-сәтте үлкен шаруа бітіріп тастайтын. Домбыра тартып, ән де айтатын, отырыстарда әріптестеріне пародия жасап, маңайын күлкіге көміп тастайтын да кездері бар-тын.
Актрисаның өнерге қол жеткізуіне сеп болған Шашубайдың әні болса керек. Шашубайдың әні актрисаны өнерге ынтық қылса, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклі сахна сырын ашуға ұмтылдырды. Алғаш бұл спектакльді Қаратал аудандық театрында көрді. Өкінішке қарай, актрисаны тағдыр бірден сахнаға алып келе қойған жоқ. 1939 жылы Бикен апа Алматыдағы есеп-кредит техникумының экономика факультетіне оқуға түседі. Алматыда жүргенінде театрға жиі баратын еді. Оның алғаш көрген спектаклі Ш. Хұсайыновтың «Марабай» спектаклі болды. Бұл спектакль актрисаның бүкіл өмір жолын өнер арнасына біржолата бет бұруға себепкер болды. Өзі оқып жүрген техникумын тастап, театр-көркемсурет училищесіне оқуға түседі.
1943 жылы ұстазы Асқар Тоқпанов «Еңлік-Кебек» пьесасын қоюды қолға алады. Режиссер Еңліктің роліне бірінші құрамға Жамал Жалмұханбетованы, екінші құрамға Бикен Римованы таңдайды. Ұстазы сеніп тапсырған ролді сәтті алып шыққан Бикен апаның сахнадағы алғашқы қадамы осылай басталады. Көп ұзамай, оқуды бітіріп, бір топ жастармен бірге театрға қабылданады. Бұл кездері театрда қазақ өнерінің қара нарлары, есімдері аңызға айналған - Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Р. Қойшыбаева, С. Майқанова сияқты талантты жандар қызмет атқаратын. Нағыз хас тарландардың ортасына түскен Бикен апаның осал болуы мүмкін емес еді. Театрда бірге өнер көрсеткен актрисаға өнердегі аға, апалары көп үйретті. Аға-апаларының қасында жүріп, актерлік шеберлікке үйренеді. Ал Ш. Айтматовтың «Құс жолы» повесінің желісімен сахналанған «Ана -Жер-Ана» спектакліндегі Жер-Ана ролі оны өнер биігіне бірақ көтерді. Ә. Мәмбетовтің бұл қойылымы кезінде бүкіл Одақ көлемінде зор бағаға ие болған-ды.
1943 жылы Алматы көркем-театр училищесін бітіреді. 1941 жылы Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрына жұмысқа қабылданып, ғұмырының соңына дейін әкем театрда қызмет атқарды. 1943 жылы Отан соғысы қызу жүріп жатқанда 3-курста оқып жүрген Бикенге драма театры сахнасына басты рольді орындауға ұсыныс түсіп, жас актрисаның тұсаукесер жұмысы сәтті шығып, қазақтың сұлу, ақылды, батыр қызының толымды келбетін сомдады. Әлі ешкім біле бермейтін жас студент Б. Римоваға актер шеберлігінен сабақ беретін қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, ұстаз А. Тоқпанов өзі сахнаға қоятын М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасынан Еңліктің ролін ұсынады. Арнайы дайындап, сахнаға алғаш шыққан салмақты ролі Еңлікке актриса өзінің өнердегі елеулі шығармашылық жұмысы ретінде ерекше мән берген. Мұндай тұжырымды қазақ театрының тарихын жазған Н. Львов, Қ. Қуандықов, Б. Құндақбайұлы секілді зерттеуші мамандар, замандас жазушы драматургтер, актерлер мен режиссерлер де толық қуаттайды. Сол алғашқы сүбелі ролімен ол үлкен академиялық театр сахнасына қадам басты, өзіне де, өзгеге де сахнадан айтар өзіндік үні бар талантты актриса келгендігін дәлелдеді. Қайталанбас қолтаңбасымен көрінген Бикен актриса сахна төріне қазақтың нар тұлғалы батыр қыздарымен бірге, нәзік жанды аруларын, ардақ тұтқан аналарын, шетел авторларының, классикалық туындыларынан әр алуан тағдыры бар қыз-келіншектер образын сомдады. Өмірінің дәм-тұзы таусылған соңғы сәтіне дейін сахнада сомдаған ұлттық репертуар мен әлем драматургиясынан рольдерінің кейбіреуін санамалап өтсек, өзінің сахнадағы тырнақалды сүбелі ролі М. Әуезовтың «Еңлік - Кебегіндегі» Еңліктен кейін «Қаракөзіндегі» - Мөржан, «Абайындағы» - Зейнеп, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» - Жер-ана, «Жәмиләсындағы» - Жаңыл, «Ақ кемесіндегі» - Әжей, Әбділда Тәжібаевтың - «Жалғыз ағаш - орман емесіндегі» - Фарида, «Майрасындағы» - Майра, Ғабиден Мұстафиннің «Миллионеріндегі» - Жанат, Әбіш Кекілбаевтың «Абылай ханындағы» - Әулие-ана, Мольердің «Сараңындағы» - Элиза, Н. Гогольдің «Ревизорындағы» - Пошлепкина, Н. Островскийдің «Шындық жақсы, бақыт одан да артығындағы» Мавра Дурасова, Шахмет Хұсайыновтың «Алдар көсесіндегі» - Меңсұлу, «Сырымбет саласындағы» - Зылиха, Тахауи Ахтановтың «Кездесейсоқ кездесуіндегі» - Ғайни, Сәкен Жүнісовтың «Ажар мен Ажалындағы» - Сары жорға тағы басқа жетпістен аса бірі екіншісіне ұқсамайтын әйел қыздар мен аналардың галереясы. Өзінің шығармашылық жолын Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» қойылымындағы басты кейіпкер Еңлік рөлін сомдаудан бастаған. Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға, оның болмысын көрсетуге бағытталады. М. Әуезовтың «Еңлік-Кебегінде» Еңлік, «Қаракөзде» Маржан, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Жер-Ана, Н. Гогольдің «Ревизорында» Пошлепкина т. с. с. рөлдері ерекше атап өту қажет. Бикен Римованың сахнадағы даусының өзі - ешкімге ұқсамайтын қоңыр, нағыз сахналық үн еді. Сөз саптауы нық, естілмей қалатын бірде-бір дыбыс жоқ. Қазақ сөзін мәнерлеп сөйлеуде басқа актрисалардан ерекше еді. Бізде актерлер интеллект жағынан ақсап жатады. Интеллект дегеніміз - білім. Ал Бикен Римова мәдениетті, тарихты, өнерді және күнделікті шығармашылығына қажетті басқа да дүниелерді көміліп отырып оқитын, соны бойына сіңіретін.
Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» қойылымындағы Жер-Ана образында Бикен Римова қайғыдан қара жамылған ана бейнесімен қатар, ертеңгі күніне сенімді әрі батыл әйелдің образын көрсете білді.
Оның айрықша рөлдерінің бірі - Қорлан бейнесі. Осы рөлді сомдау барысында Қорлан аруға ес-түссіз ғашық болған Естайдың әнін орындаған еді. Жетпіске қараған шағында Бикен Римова театр сахнасымен қоштасқан кезде осы әнді шырқаған.
Ол «Тақиялы періште» фильмінде қатал коменданттың рөлі өте шынайы, табиғи шыққан. Қазақ киносының алтын ғасырында өмір сүріп, оның өркендеуіне бірден-бір себепші болған Бикен Римова бейнесі әлі де толық зерттелмеген, жұмбағы шешілмеген.
«Менің атым Қожа» фильмінде Қожаның анасы болып әрбір қазақ анасына тән сабырлылық пен ұстамдылықтың, парасаттылық пен қажырлылықтың белгісін дөп басып көрсетеді. Бұл бейне әрбір балаға өз анасын елестетеді, өз анасының қабағын, қуанышын, ренішін айнымай таниды. Ешқашан өзгермейтін, ғасырлар бойы өн бойына сіңген қазақы мінез. Міне, бұл бейненің шынайылығы, рөлдің табиғилығы, сәтті сомдалған, мәңгі өлмейтін керемет тұлғалық рөл. Аз сөзбен үлкен қазақы педагогиканың мәні ашылады, қазақ баласы үшін өмірінің соңына дейін құрметтеліп өтетін ана бейнесі, баласы үшін өзінің жеке өмірін елемейтін ана бейнесі.
«Шабандоз қыз», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» сынды бірқатар киноларда төбе көрсетті. Өмірінің соңғы жылдары отандық «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясына түсті. Б. Римованың театрдағы рөлдерінің арасында: М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» - Еңлік, М. Әуезовтің «Қаракөзіндегі» Маржан, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» - Жер-ана, Ғ. Мұстафиннің «Миллионеріндегі» - Жанат, Мольердің «Сараңындағы» - Элиза, Н. В. Гогольдің «Ревизорындағы» Пошлепкиннің рөлдері бар. Бикен Римованың қазақ кино өнерін дамытудағы еңбегі зор. Қазақ киносындағы «Шабандоз қыз»,
«Менің атым - Қожа», «Ана туралы аңыз», «Тақиялы періште», «Ақ аруана», «Махаббат туралы дастан», «Абай», «Ұлдың оралуы», «Ай астындағы үй»,
«Адамдар арасында бөлтірік» тәрізді 20-дан астам фильмі арқылы есте қаларлық драма, комедия бейнелерін сомдады. Қазақтың ең алғашқы көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильмінде Нұрбибі бейнесі арқылы ол көпшілік көрерменнің көзайымына айналды.
М. Әуезов театрында «Естайдың Қорланы» атты пьеса қойылды. Меніңше, осы пьесаны жазғанда Бикен Римованың авторға тікелей ықпалы болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында өзінің сүйікті кейіпкері Қорланды ойнағысы келді. Шәмшагүл Меңдиярова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі былай деп еске алады: «Бір күні осы спектакль енді сахнаға шыққалы жатқанда: «Қыз, бері келші!» - деп оңаша шақырып алды. Екеуміз екінші қатарға барып жайғастық. Қолымды сипалап отырды да: «Әй, қыз, енді мен қанша жүреді дейсің . . . » - деп бастай бергенінде: «Қойыңызшы, қайдағыны айтпай, ол Құдайдың еркі ғой», - дедім. Ал ол кісі болса жайбарақат қана: «Сонда да мен саған көп ұзамай кететінімді айтқым кеп тұр», - деді . . . Естайдың Қорланында» өзінің бір киер сәукелесі бар еді. Емханада жатқанда «маған соны кигізіндер» деген екен, ақыры соны киіп кетті. «Естайдың Қорланы» Бикен Римованың жолдасы Шахмет Құсайыновқа деген сүйіспеншілігі, сезімі ғой, сондықтан сәулет салтанатын сезініп өткенді қалаған шығар». Ол біз жақсы танитын Қожаның ғана емес, өнердің, театр өнерінің, театр өнерпаздарының анасына айналды. Кино мен дубляж саласына да аз еңбек сіңірген жоқ.
Актриса Бикен Римованың драматургтік қырлары
Саналы ғұмырын театр сахнасында өткізген танымал актрисаның кинодағы рольдері, дубляждағы жұмысы, жазушылық қырларымен бірге арқалар жүгі ауыр драматургияға келуінің өзі бөлек әңгіме тақырыбы. Себебі, театр актрисасының пьеса жазуы және ол шығармалардың сахнада табыспен қойылуы қазақ театр тарихында жоқ деп айтпағанның өзінде, сирек кездесетін бірегей құбылыс. Талантты актрисаның драматургияға араласуының өзіндік бірнеше себептері болатын.
М. О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасына 58 жыл ғұмырын арнаған танымал актриса осы уақыт аралығында ұлттық және шетел драматургиясының 70-тен астам ролін кескіндеді.
Театрдың толыққанды шығармашылық ізденіспен тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін әдебиеттің қиын да күрделі саласы - драматургия жанрын өркендетудің маңызы зор. Театр бар жерде заманауи драматургияға деген сұраныстың толас таппасы белгілі жайт болса керек. Соның ішінде біздің жыл санауымыздан бұрынғы бірнеше жүзжылдықтарда пайда болып, талай ғасырлар сүзгісінен өтіп, тоқтаусыз жинақталған әлемдік драматургияны кең арналы дария дейтін болсақ, сол дарияға бір сала болып құятын қазақ драматургиясы, жергілікті материал негізінде жазылатын ұлттық пьесалардың орны бір төбе. Міне, осы күрделі жанрдың көшін бастаған драматургтеріміз: Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов секілді т. б. көптеген суреткерлеріміз қазақ сахнасы үшін талай сүйекті туындыларын жазып, сахнаның көркін келтірді. Осы сүрлеу жолды өзіндік ізбен жүріп өткен кеңестік дәуірде «қазақтың Островскийі» атанған (Нұртас Оңдасыновтың анықтамасы) қаламы қарымды драматург Шахмет Хұсайыновтың алар орны ерекше. Театрдағы шығармашылығын режиссурамен бастап, қалған ғұмырын драматургияға тұтастай арнаған Шахметтің: «Алдар көсе», «Кеше мен бүгін», «Ертіс жағасында», «Сырымбет саласында», «Шаншарлар», «Нұрлы тас», «Көктем желі», «Біздің Ғани», «Күншуақта», «Есірткен ерке», «Өтелген парыз», «Рәбиға», «Әл-Фараби» т. б. қырықтан аса туындылары республиканың түгелге жуық театрының репертуарын көркейтіп, оның тарихынан өзіндік орын алған бір белесі болды. Міне осындай суреткердің өмірлік жары болған Бикен Римова қолына қалам ұстамай қалмауы мүмкін емес еді. Үш баланың әкесі, сүйікті жары, белгілі драматургтің шығармашылық лабораториясының қыр-сырын ішінен біліп, әрбір жаңа шығармасының бірінші тыңдаушысы, оқушысы, сарапшысы бола алды. Бұл жайлы белгілі театр зерттеушісі Б. Құндақбайұлы өзінің естелігінде «Ол кісінің театрға қойған талай пьесаларының талқылауларына қатыстым. Бір қызығы, бұл талқылауларды театрдан бұрын үйде Бикен дауыстап оқып отырып, өзінің пікірін жол-жөнекей айтып отырады. Оның кейбіреулеріне Шахаң келіспей, жатып-тұрып айтысатын . . . Қалай десек те, Шахаң көбіне Бикеннің ескертпелерін іштей ескеріп, пьесасын қайта қараған тұстары есімде. Өйткені, Ш. Хұсайыновтың пьесасы М. Әуезов атындағы немесе Жастар театрында қойылатын болса да оны актер труппасының алдында міндетті түрде Бикен Римова оқып беретін-ді. Ол кісі оқығанда пьесаға жан кіріп, алпыс екі тамыры қатар соғатын. Диалог пен монологтардың драматургиялық астарлары ашылып, кейіпкерлердің сөзі мен үні ерекше өрнектеліп шығатын Бикеннің аузынан» дейді. Шынында да өзі сахнада талай-талай авторлардың пьесаларына жан бітірген театрдың белді актрисасы бола тұрып сол пьесаны жазуға драматург Ш. Хұсайыновтың көзі тірісінде жарыса кіріспегенімен, кейін ала, өзімен-өзі оңаша қалып ой қуғанда, өзінің жеткен жасындағы жандардың алдына заман тартқан өткір мәселелері төңірегінде ой толғайды.
Пьеса жазылып, сахнаға шыққанға дейінгі жолда шығарманы мазмұндық жағынан тереңдетіп, көркемдік деңгейін көтеруге драматург тарапынан тынымсыз көп жұмыс жасауды керек етеді. Осындай кезде кейіпкерлер іс-әрекеті мен оқиға желісінің қағаз бетіндегі жүйелі дамуы, орындаушының сахнаға шығып әрекетпен қабыстырып ойнауы барысында қалай боларын дөп басып көре білген актриса - Бикеннің драматург - Бикенге көмегі зор болды. Бұл шығармашылық тандемнің бірі - екіншісімен жарыса, бірі - екіншісіне көмектесе отырып жасаған жұмыстарының нәтижесі алдымен Шахмет - драматургтің Қазақстанның барлық театрлары сахнасында сәтті қойылған пьесалары. Бикен драматургияның теориялық негіздерін, кейіпкерлер қақтығысының қай жерде қалай көрініс беру керектігі жайлы драма теориясын арнайы курстарда оқымаса да, сахнаның практигі ретінде жақсы сезінген. Осындай белгілі драматургтің жары, ақылшысы бола білген оның пьеса жазбай үнсіз қалуы мүмкін емес еді. Оның драматургия саласына қалам тартып, қазақ сахнасы үшін өзіндік жолы бар «Абай - Әйгерім», «Қос мұңлық» пьесаларының орны бөлек болатын. Бикен Римованың «Қос мұңлық» атты пьесасы 2009 жылы қойылды. Бұл ана тағдырын көтерген, ұлт тағдырын, бала тағдырын көтерген күрделі спектакль. Бикен апа бұл тақырыпқа жай барған жоқ. Актриса өзі көрген, өзі куә болған отбасылық тағдырлардың жиынтық образын жасап отыр. Ана мен баланың тағдырын көргеннен кейін жазып отыр деп ойлаймыз. Бұл мәңгілік өлмейтін тақырып. Бұл спектакльді режиссер Мұрат Ахманов қойды. Сонымен бірге ол М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің инсцинировкасының да авторы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz