ATM over ADSL технологиясының дамуы мен қолданылуы




Мазмұны
бет

Нормативті сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартулар мен белгіленулер

Кіріспе

1
Аналитикалық шолу

1.1

Байланыс желілерін талдау
1.1.1 Желі технологиясынын негізі
1.1.2 Желінің құрылуының логикалык үлгісі

1.2

Байланыс желісінің жүйе - техникалық синтезі
1.2.1 DSL технологиясын сындарлы талдау
1.2.2 ATM over ADSL технологиясының артықшылығы мен кемшіліктері

2
Технологиялық бөлім

2.1

Байланыс желілерінің ақпараттық қамтамасыз етуі
2.1.1 Мәселені қоюды негіздеу
2.1.2 Желіні жобалау есебінің қойылымы

2.2

Байланыс желілерінің құрылымын әзірлеу
2.2.1 ATM over ADSL қызметін ұйымдастыру қағидалары
2.2.2 ATM over ADSL технолгиясының деректерді тарату әдістері
2.2.3 DMT- ны CAP-пен салыстыру
2.2.4 ATM over ADSL жабдығына салыстырмалы талдау жасау

2.3

Байланыс жүйелеріндегі монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру
2.3.1 Желіге АТМ анализаторларын қосу әдістері
2.3.2 Жұмыс шешімінің мақсатқа лайықтылығы
2.3.3 Қатынас құру желісіне сұлба жасау

2.4

Байланыс алгоритмдерін есептеу
2.4.1 Қатынас құру желісінің өткізу қабілетінің есептелінуі
2.4.2 ATM over ADSL сызығының мүмкін болатын жылдамдығын есептеу
2.4.3 АТМ - ге арналған өлшеуіш концепциясы

2.5

Жеке тапсырма
2.5.1 Жаңа буының желілері

3
Тіршілік қауіпсіздігі

4
Экономикалық бөлім

5
Бизнес - жоспарлау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Резюме

Кіріспе

Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.
Хабар жалғау. Дерек көлемі және жеткізу уакыты шектелмейді, сондыктан жолданатын дерек әрбір жалғау жүйесінде уакытша сақталады. Жолданатын ха-бардың басында қабылдаушы құрылғының мекенжайы және желімен тарату ба-ғыты көрсетіледі, соңында бұрмаланудан қорғайтын блокпен қамтмасыз етіледі. Қабылданған хабарда қателер кезіксе, қабылдаушы оны қайталап беруді талап етеді. Бұл әдіспен байланыс жолы тиімді пайдаланады.
Десте жалғау. Десте дегеніміз өлшемі бірнеше байттан жүздеген килобайтка дейін болатын деректің пайдаланушыға бөлінбей жеткізілетін бөлігі. Таратылатын хабар жалғау жүйесінде қысқа дестелерге бөлінеді, әрбір дестеде мекен-жайы және реттік саны (нөмірі) керсетіледі, жалғаушы жүйе босаған арнамен бағыттаушы кестесін пайдаланып тиісті торапка бағыттайды, кабылдаушы нүктеде дестелер реттік санымен пайдаланушынын құрылғысына беріледі.
Десте жалғаушы (коммутациялаушы) желілерде дерек дестесін жолдаудың екі түрлі механизмі колданылады - дейтаграммалық және виртуалды арналармен жолдау.
Дейтаграмма жалғыз дестеден түратын дерек. Дейтаграмманың ерекшелігі алдын - ала жалғауды кажет етпейді. Торапқа келіп түскен дейтаграмманы енді кай торапқа жіберу керектігін дестенің басында керсетілген мекен-жайына байланысты әр торап өзіндегі бағыттау кесте бойынша шешеді және бір-біріне байланыссыз таратылып, жеке-жеке өңделеді.
Дейтаграмма әдісі график өндеуде қолайлы болғанымен, көлемді желілерде
дестенін басында корсетілген толық мекенжайы бойынша дестені бір тораптан
екінші торапка жолдауда шешім кабылдау үшін өте үлкен бағыттаушы кестесі
және десте басында ұзын мекен-жай аймағын пайдалануды кажет ететіндіктен
дестенің желідегі жылдамдығы айтарлықтай төмендейеді.
Виртуалды арна механизмі, жолдауға дайын дерек бар болса, онда оны жолдаушы мен кабылдаушыны тікелей косып желіде байланыс жолын құрады. Басқаша айтқанда виртуалды арна дерек тарату кезінде ғана құрылады:
Виртуалды арналар жалғанатын (коммутацияланатын) және тұракты (жалғанбайтын - коммутацияланбайтын) болып екіге бөлінеді.
Жалғанатын виртуалдық арнамен дерек жолдауға сұраныс келгенде желінін
жалғаушы жүйелері өздігінен (автоматты түрде) десте жолдау күйіне келтіреді.
Тұрақты виртуалды арнаны желі әкімшілігі желінін орталықтандырылғаи басқару жүйесін қолданып немесе колмен желінің жалғау жүйелерін алдын - ала күйіне келтіріп үйымдастырады.
Сонымен, дестеленген деректі дейтаграмма, жалғанатын және тұрақты виртуалды арна әдістерімен жолдауға болады.
Дейтаграмма әдісі алдын - ала жалғауды қажет етпейтіндіктен жолданатын дейтаграммалардың кешеулдеуі аз болады. Бұл әдіс кысқа дейтаграммаларды, әсіресе, дейтаграмманың жолдау уакыты мен жалғау уақыты өлшемдес болған жағдайда өте тиімді.
Жалғанатын виртулды арнамен (SVC тәртібі) десте жолдау алдын - ала жалғауды талап ететіндіктен, дестенің виртуалды арнамен таралу уақытына косымша жалғау уақыты қосылып дестенің кешеуілдеу уақытын ұлғайтады. Бұл қосымша кешеуілдеу, әсіресе, қысқа дестелердің жолдау уақыты мен виртуалды арна құру уакыты өлшемдес болған жағдайда тиімсіз.
Дейтаграммалық әдіс желідегі өзгерістерге жылдам бейімделеді. Жалғанатын виртулды арнаның (SVC тәртібі) жалғаушы қүрылғысы немесе виртуалды арна-ның бағытталған бөлігі Бұлінген жағдайда виртуалды арнаны Бұлінген бөлігінен басқа бағытпен қайтадан құруды қажет етеді.
Бұл екі әдісті салыстра келіп түйіндейтініміз, көлемді дестелер ағынын вир-туалды арнамен жылдам таратылатындыктан оны құруға кеткен уақыттың орны толтырылып (SVC тәртібі) айтарлықтай тиімді екенін көрсетеді.
Тұрақты виртуалды арна өдісін (РVС тәртібі) пайдалануды карастырсақ, бұл әдіс дерек дестесін тарату үшін виртуалды арна құруды қажет етпейді, бірак виртуалды арналарды алғаш үйымдастыруда жұмыстың басым көпшілігі қолмен істелетіндіктен желіні кеңейту (масштабируемость) оңайға соқпайды. Аякқы тораптарының саны N болатын желінін топологиясын толық байланысты етіп ұйымдастыру үшін N(N-02) арна қажет. Жалпы, РVС негізінде үлкен желілер құрудағы жүмыстың көлемі квадраттық функция заңдылыгымен өседі. Ал осындай желіні дейтаграммалық протоколдарды қолдансақ, ІР - протоколына ұқсас, желінің құрделілігі N - ге пропорционал болады.
Виртуалды арнамен таратылатын дерек өлшемін (үлесін) желі технологиясына байланысты әртүрлі атау пайдаланады. Х.25 желісінде - десте, Frame Relay желісінде - кадр, АТМ - желісінде ұяшық (ячейка), ал Бұлардың бір-бірінен айтарлықтай ешқандай айырмашылығы жок.
Виртуалды арна әдісін (механизімін) пайдаланып дерек тарататын технологиялары әртүрлі желілер сапалы қызмет керсетудің QoS (Quality of Service) параметрін әртүрлі жолмен шешеді. Мысалы Х.25 желісінде бұл параметр мүлдем ескерілмейді, себебі виртулды арналар тек бағыттаушы кестелерімен сипатталады Frame Relay технологиясында виртуалды арнаның өткізу қасиетіне талап коюға болады, ал АТМ технологиясында виртуалды арнанын вткізу мүмкіншілігіне қойылатын талапқа косымша, QoS талаптарының, дестелердің кешеуілдеуі және жоғалған дестелердін пайызы сыяқтылары ескеріледі.
Виртуадды арналарды пайдаланатын желілер пайдаланушылардың акпаратпен алмасуын камтамасыз ету үшін арнайы дестелер пайдаланады.
Дестелерді желінің бір торабынан екінші торабына жолдау үшін дестенін басында арнайы белгілер оналастырылады. Дестедегі мұндай белгі әр технологияда әртүрлі аталады. Мысалы: Х.25 желісіндс логикалык арна нөмірі, Frame Relay технологиясында дерек арнасын косудын аныктаушысы, АТМ гсхнологиясында виртуалды арнаны аныктаушы (идентификаторы). Бұл белгілердің атаулары әртүрлі болғанымен атқаратын міндеттері бірдей: аралык торап, бұл технологияларда жалғаушы (коммутатор) деп -аталатын құрылғы, келіп түскен дестенің басқы белгісінің мағынасын окыйды сонан кейін өзінін жалғаушы кестесін пайдаланып келген дестені кай шығыс портына жіберу керек екенін анықтайды.
Дейтаграмма әдісі шоғырланған есептеуші желілерде (ШЕЖ) (ЛВС) және ІР желілерінде қолданылады. Виртуалды арналарды Х.25, Frame Relay және АТМ желілері колданады. Жалғанатын виртуалды арналарды құру арнайы әр типті және форматты дестелерді пайдаланатын қызметтік протоколдармен іске асырылады. Мұндай протокол АТМ желісінде - Q.2931, Frame Relay желісінде -Q.931, Х.25 жслісінде виртуалды арна кұру кызмет тәртібін ұйымдастырушы негічгі протоколдарының бірі болып табылады, сондықтан арнайы аталмайды.

1 Аналитикалық шолу

1. Байланыс желілерін талдау

1.1.1 Желі технологиясынын негізі

Акпараттық жүйенін күрделігі және компьютерлер мен саналуан телекоммуникация техникаларын шығаратын өндірістер мен пайдаланушылардың көбейуы акпаратпен алмасу ережелерін, тәртібін және логикалык әрекеттерін бір жүйеге келтіріп стандарттауды талап етті. Бұл бағыттағы ізденістің нәтижесінде 1980 жылдардың бас кезінде Халықаралык стандарттау ұйымы (ISО - international standard orqanization) ашык жүйенін өзара әрекеттесуінің (OSI - Ореn system interconnection) эталондық үлгісін ұсынды, 1.1 сурет.
Бұл үсыныс барлык елден құптау тауып, бүгінгі күні кезкелген телекомму-никациялық жүйелердін концептуалдык, терминологиялык және әлістемелік негізі болып саналады.
Ашык жүйенін өзара әрекеттесуінің үлгісне сәйкес (АЖӨӘҮ) апараттык жүйелердің обьекттерінің өзара әрекеттесуінің барлык мәселесін тиімді ұйым-дастыру үшін желілірдің қызметтері жеті деңгейге бөлінген. Әрбір деңгей өзіне жүктелген белгілі логикалық кызмсттерді шешеді және өзінен жоғары тұрған деңгейді белгілі бір қызмет жыйынтығымен қамтамасыз етеді. Қолданбалы деңгей (Аррlісаtion layer - АL).
Пайдаланушылардын қолданбалы процесстеріне ақпараттык жүйенің қоры мен сервисін пайдалануға мүмкіншілік тудыру. Бұлар файлдарды тарататын және қабылдайтын программалар, желінің жұмысын басқару. Бұл денгейдің басты міндеті пайдаланушыларды қолайлы интерфейспен қамтамасыз ету. Бұл деңгейде дайындалатын хабар. Таратылатын хабар екі бөліктен тұратын стандартты форматқа келтіріледі. Бірінші бөлігі таратылатын хабардың мағыналы бөлігі ал екін-шісі оның такырыбы (кабылдаушы процесінін мекен-жайы, кызметтің аты және т.б.кызметтік акпараттар).
Дерек ұсыну деңгейі (Presentation Lауеr - РL) . Қолданбалы деңгейден келіп түскен хабарды тарататуға дайындау. Деректі акпараттық жүйеде прайдаланатын қалыпқа (форматка) келтіру. Қабылдаған кезде кері түрлендіру (өзі қолданатын қалыпқа (форматына) келтіру). Пайдаланушы құрылғыларының бір - бірімен акпаратпен алмасуын қамтамасыз ету үшін, бұл деңгейде әрбір биттің мағынасы маңызды болады. Деректі қалыпқа келтіру символдардың биттік өлщеуін бит және байт тізбектерін тәртіпке келтіру; символдарды кодалау (қастықпен басқа біреудің пайдаланбауы үшін) файлдын құрылымы мен синтаксисі. Жолданатын деректерді сығу (копрессиялау) және сығылып келген деректерді жазу (декомпрессиялау).
Сеанстык деңгей (Session Lауеr - SL)
Акпаратпен алмасудың басталу мен аяқталу (қалыпты және апаттык жағдайларда) уакытың және алмасу тәртібін айқындайды. Байланысқа шығу үшін пайдаланушының аты мен паролін, жүйенің қандай қорларың пайдалануға күкығын (рұқсатын) барын тексеріп, байланысты активті жағдайда ұстау ережесін аныктайды. Сеанстың дұрыс жүріп жатқанын тексеру үшін синхрондау нүктесі деген үғым пайдаланады. Келісілген белгілі уакыт аралығында әр станция өз күйін хабарлап тұруга міндетті. Егер станциядан белпленген уакыт аралығында ешкандай хабар келмесе бұл станциямен жұмыс токтатылады.

Сурет 1.1. Ашық жүйенің өзара әрекеттесуінің эталондық үлгісі

Тасымалдаушы (транспорттык) деңгей.
Деректі тиімді және сенімді таратуды камтамасыз етеді. Тасымалдаушы деңгейдің кызметін почтаның кызметімен салыстыруға болады. Сіз жіберетін хатынызды почта жәшігіне салғанда, бұл хат калай жетеді деп ойламайсыз, бұл поштаның жүмысы. Дәл осы сыяқты сеанстық деңгей тасымалдаушы деңгейге қайда және кімге деректі жеткізу керек екенін көрсеткеннен кейін, онын көрсетілген мекенжайға жеткен не жетпегенін ғана тексереді. Деректі көрсетілген мекен-жайға жеткізу мәселесін тасымалдаушы деңгейдін өзі шешеді. Соңғы мекен-жайды көбінесе Порт (Роrt) немссе Сокет (Sосket) деп атайды.
Желілік деңгей.
Бір желімен екінші желілі құрылғыларын бір - бірімен байланыстыру. Желілік деңгейге таратылған деректерді желінің бір құрылғысынан екінші құрылғысана бағыттау және ретрансляциялау міндеттері жүктелелі. OSI үлгісі желінің әр жүйесін жіберуші немесе алушы шеткі жүйе, бағыттаушы және ретрансляциялаушы аралық жүйе деп бөледі. Желілік деңгей жабдықтары кадрлы өңдеп жоғарғы деңгейге десте түрінде береді. Шеткі жүйелер OSI үлгісінің барлық жеті деңгейін, ал аралык деңгей тек ретрансляциялау қызметін орындап төменгі екі деңгейді пайдаланады. Күрделі желілердің екі жүйелерінің арасында багыт кез келген уакытта бірнеше дерекетердің байланысымен орындалуы мүмкін.
Арналық деңгей.
Жүйелерді жалғау, жалғауды ажырату және бір жүйе мен екінші жүйе арасында сапалы дерек таратуды қамтамасыз ету. Арналык деңгейге жүктелетін негізгі міндеттер жоғарғы деңгейден келіп түскен дерек ағымын физикалык деңгеймен тарату үшін белгілі бір ережемен топтап кадр құрастыру. Таратылатын кадрды физикалық деңгейде (арнада) мүмкін болатын бұрмаланудан корғау, синхрондау және дерек ағыны мен арнадағы деректердің өзара байланысын баскару.
Физикалык дедгейден келіп түскен кадрлардың бұрмаланғаның мүмкін болғанша түзетіп жоғарғы (желілік) деңгейге ретімен сапалы дерек жеткізу.
Физикалык деңгей .
Физикалық тізбек (кабель, оптикалык талшык, эфир) арқылы бит ағындарын таратуды қамтамасыз етеді. Физикалык деңгейдің негізгі кызметі бит тізбегін (элетрлі, оптикалы немесе радио сигнал) тарату және қабылдау.
Желілер технологиясының стандарттарының көпшілігі ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің (OSI) үлгісіне (моделіне) негізделген және дайындаған протоколдары мен қызмет көрсету құжаттарында ХСҮ (Халықаралық Стандарт-тау Үйымы) (180) қабылдаған терминдерді қолданған.
Интерфейс - физикалық немесе логикалык деңгейде программалардың немесе физикалык құрылғының өзара әрекеттесуін камтамасыз ету үшін қалыптастырылған ережелер жиынтығы. Жалпы айтқанда, жалғаушының физикалық сипаттамасымен, сигналдарының параметрлерімен және олардың мәндерімен анықталатын екі құрылғының немесе ортаның ортак шекарасы. Мысалы, екі программаның немесе физикалык құрылғының бірігіп пайдаланатын шекаралық аймағын интерфейс деп атайды. OSI үлгісі бір жүйенің іргелес деңгейлері интерфейс қызметін аткарады. OSI үлгісінің n - ші деңгейі қызмет ұсынушы, ал (n+1) - ші деңгейі қызмет пайдаланушы немесе қолданушы ретінде қарастырылады. Бұл қызмет жыйынтығы n - ші және (n+1) - ші іргелес деңгейлерден деректің құрылымын және онымен алмасу тәсілдерін (алгоритмін) аныктап деңгейлер арасында абстракты интерфейс құрайды.
Желі құрылымында абстракты интерфейспен қатар маңызды орын алатын нақты интерфейстер қолданылады. Олар физикалык деңгейде, мысалы. Х.25 желі-сінде DТЕ мен DСЕ - ні косып акпаратпен алмасуын қамтамасыз ететін Х.21 және Х.21bis синхронды интерфейстері. Х.21 интерфейсі цифрлы арналы, ал Х.21 bis интерфейсі V сериялы модеммен аналогты арналы бұқаралық желімен қатынауда қолданылады.
Төмендегі, 1.2 суретте OSI технологиясы бойынша дерекпен алмасу тәртібі көрсетілген. Әрбір деңгей өзіне жүктелген кызметін орындау үшін жолдайтын дерегіне бастаушы белгісін орналастырып келесі деңгейге береді. Бұл бастаушы белгіге орналастырылған ақпарат келесі деңгейді басқару үшін қажеі. Қолданбалы деңгейден қалыптастырылған дерек осылайша желілік деңгейге жеткізіледі де дестеге бөлініп арналык деңгейге жеткізіледі. Арналык деңгейде десте кадрға салынады. Кадрдың басына жалау (Ж), бастаушы белгі, ал соңына қателерін түзетуші бит тізбегін және аяқтаушы жалау (Ж) орналастырылып, физикалық деңгейге жеткізіледі. Физикалык деңгейге келген кадр ешкандай өзгеріссіз байланыс арнасымен биттер тізбегі түрінде қабылдаушыға жолданады. Қабылдаушы торапта бит тізбегін әрбір деңгей бастаушы белгісіне сәйкес өндеп, өнделген деректен өзінің бастаушы белгісін алып тастайды.

Сурет 1.2. OSI технологиясы бойынша дерекпен алмасу тәртібі

Желінін ұйымдастырлу логикасы көп жағдайларда протоколдармен аныкталады. Протокол хабардың құрылымы мен типін жөнінде оларды өндеу процедурасын - кірісіне берілген хабарға әсерін (реакциясын) және өз хабарын генерациялауын айкынтайды.
Протокол дегеніміз пайдаланушылардың желіге қатынауын және бір желі мен екінші желінің ақпаратпен алмасуын камтамасыз ететін ереже. Протокол электронды құрылғымен оқылып өнделеді. Кезкелген бай-ланыс белгілі бір ережеге негізделеді. Адамдарға болсын, компьютерге болсын байланыс ережесінің ең ыңғайлы түрі екі жақты алмасу-диалог (сөйлесу). Желімен десте таратқанда диалогты белгілі бір ережемен, ақпарат беру кімнің кезегі, егер ақпарат дұрыс болмаса, бұрмаланса не істеу керек, тағы осы сыяктыларды келісіп, анықтап алуды протокол арқылы шешеді
ҚДБ - қолданбалы деңгейдің бастаушысы; ҮДБ - дерек үсынушы деңгейдің бастаушысы; СДБ - сеанстық деңгейдің бастаушысы; ТДБ - тасымалдаушы деңгейдің бастаушысы; ЖДБ - желілік деңгейдің бастаушысы;
Арналык деңгейдің бастаушысы: Ж - жалау, МЖ - мекенжайы, Б баскарушы аймақ, ҚТ - қателерді түзетуші аймақ.
Протокол - желімен дерек жолдаудың аппаратпен және программамен орындалатын процедуралары мен ережелерінің жиынтығы.
Протокол - дерек жолдау кезінде логикалык өзара байланысты нақты қызмет атқаратын жүйелер мен құрылғылардың (немесе олардын бөліктерінің) жүріс-тұрысын анықтайтын семантикалық және синтаксистік ережелер жиынтығы (хабармен алмасу негізінде өзара әрекеттесетін процесстердің ережесі). Протоколды дәйектегенде оның логикалык және процедуралық сипаттамаларын жекелеп қарастыру қабылданған.
Протоколдың кұрылымы (форматы) мен хабарының мағынасы (семантикасы) логикалык сипаттамасы деп аталады. Протоколдың логикалык сипаттамасында оның (протоколдың) кұрылымындағы хабарының мазмұны мен типі аталып көрсетіледі. Өзара әрекеттесетіруші протоколдың нұсқауымен белгілі бір әрекеттің орындалу ережесін (тәртібін) процедуралық сипаттамасы деп атайды.

1.1.2 Желінің құрылуының логикалык үлгісі
Кезкелген желі технологиясының кұрылымы негізгі және терминалдык желі деп қарастырылады. Негізгі желіге жалғаушы түйіні және желі тораптарының байланыс жолдары, ал терминалдық желіге терминалдар және абоненттердің байланыс жолдары жатады. Телекоммуникация желілерінің осылайша құрылуын тек топологиясының ғана емес ашық жүйенің өзара әректтесушін эталондық моделінің тұрғасынанда қарастыруға болады.

Сурет 1.3. Десте жолдаушы желінің моделі

Терминалдық желідегі абоненттік жүйе (АЖ) қолданбалы процесс (ҚП), терминалдық жабдықтарды (ТЖ) және аякты (ақырғы) транспорттық стансаны (АТС) қамтыйды. Терминалдық жабдыктар (ТЖ) ашық жүйенің өзара әректтесуінің эталондык моделінін үш деңгейін (колданбалы, ұсынушы және сеанстык), ал аяқты транспорттық станса (АТС) төрт денгейін (физикалық, арналық, желілік және транспорттық) қамтыйды.
Негізгі желі арқылы ақпарат таратуды төменгі төрт деңгей орындайды. Олар 1.3 - суретте көрсетілген физикалык деңгейдің модулі (ФДМ), арналык деңгейдің модулі (АДМ), желілік деңгейдің модулі (ЖДМ) және тасымалдаушы деңгейдің модулі (ТДМ). Бұл жерде модуль терминімен деңгейдің активті элементтерімен (объекттермен) қоса шектес ашық жүйедегі сәйкес объектілермен өзара әрекеттескенде өтетін процедураларын атаймыз.
Негізгі желіде, акпараттык бірлік үшінші деңгейден жоғары көтерілмей-тіндіктен, ашык жүйенің өзара әрекеттесуінің эталондық моделінің тек үш деңгейін пайдаланады. Кез келген десте жалғаушы түйінде, оның статусына (аякты, транзиттік) байланыссыз ФДМ, АДМ және ЖДМ үш модуль болады. Егер физикалық және арналық деңгейлердің модульдері абоненттік немесе байланыс жолының құрамында болса, желілік деңгейдің модулін жекшеленген (ЖДМ[Ж]) және топтық (ЖДМ[т]) модульден екі бөлікке бөліп қарастыруға болады. Жекешеленген желілік деңгейдін модулі (ЖДМ[Ж]) физикалык және арналык деңгейлердің модульдеріне сәйкес әрбір абоненттік немесе байланыс жолына қызмет көрсетсе, топтық желілік деңгейдің модулінің (ЖДМ[Т]) бір өзі барлык ЖДМ[Ж]- лерді біріктіреді. ЖДМ[Ж] - де дестелердің форматын тексеру, олардың нөмірленуін, қателерін тексеру, шектес тораптардың сәйкес модельдерімен және аяқты транспорттық стансаның сәйкес желілік деңгейдің модульдерімен (ЖДМ) әрекеттесіп десте ағынын басқару сияқты кызметтер орындалады. ЖДМ[т] - де дестелерді бағыттау, оларды буферлерде сактау, кезек тәртібін сақтау, деректерде архивтеу қызметтері орындалады. Бұдан түйіндейтініміз, әрбір абоненттік немесе байланыс жолы үш деңгейлік бағыттаушымен тораптың ішінде аяқталады, жәнеде олардың бірі-бірімен жоғары (үшінші) деңгейде өзара әрекеттесуі тек кана ЖДМ[т]аркылы өтеді. Екінші көңіл аударатын аяқты тасымалдаушы стансаның (АТС) тасымалдаушы деңгейің модулі (ТДМ). ТДМ тек АТС құрамында ғана бар және басқа АТС - тің өзі сыяқты ТДМ - мен әрекеттеседі. Осылайша әрекеттесу десте жолданылатын бағытты толық қамтыйды (егер альтернативті бағыт болса оны да қамтыйды). Бұл хабардың шеттен - шетке (из конца в конец) дейін өткенін тексеруді камтамасыз етеді.

1.1.3 Сандық абонент линиясы (xDSL) және ATMSDH технология

Сандық абонент линиясы (xDSL) және ATMSDH технология қазіргі кезде ең кеңінен таралған желілік технологияларына жатады. Бірақ кейбір өндірушілер ATMSDH технологиясын қаламайды. Сонымен бірге xDSL технология дамып кележатыр және аппараттық өндірушілер оны өндіріп жатыр.
Бастапқы кезде ( 80 жылдардың соңында) аталған технологиялар әртүрлі еспетерді шығаруға арналған еді, сондықтан олар тәуелді дамыған. Бірақ олар барлық желілік анфрақұрылымдардың ішіне ене бастады және болашақты перспективалары көріне бастады, сондықтан ATMSDH технология мен бірге xDSL технологиясы қосылу деген есеп қойылымы тұрғызылған.
Әртүрлі фирмалар жасаған техникалық материалдарда бұл қосылу біресе қолданады біресе қолданбайды. Талқыланатын нұсқаулардың бірі ол АТМ магистралімен DSL каналдырдың қосылуы және сандық абонент каналдарда асинхронды мен синхронды деректерді таратылуы. Сонда желімен 53 байттық АТМ ұяшықтар соңғы пайдаланушыға жетуі.
Желі ішінде ATM ережеде рұқсатқа келгенде, кәдімгі телефон линиясында тұрғызылған, әртүрлі xDSL технологиялардың ішінде бірінші орын Asymmetric Digital Subscriber Line (ADSL) технологиясына беріледі. Жәлі рұқсатының архитектурасына байланысты ATMSDH over ADSL концепция тұрғызылған.
Бүгінгі күні кеңжолақты қызмет түрлеріне тек қана корпоративті пайдаланушылар ғана қатынас құра алады және де көбінесе өте жоғары бағада. Резиденттік (пәтерлік, үйлік) пайдаланушылар, сондай-ақ шағын бизнес өкілдері кабелдік модемдерді, оның ішінде 56 кбитс модемдерін және xDSL модемдерін қосқанда барлығы, жақын уақыттары шығатын болашақ технологияның өрістеуін күтіп жүр. Жүйе операторларымен және Интернет серверін орнатушылармен (ISP), мыс абоненттік желінің өткізу қабілетін ұлғайту мәселесін, оптикалық талшықты қолданбай-ақ шешуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін, xDSL өнімдерінің бірнешеуі қолданылады.
ATMSDH технология over ADSL технологиясын пайдаланып аумақ ішіндегі байланыс орнатуды қарастырамыз. Cауда орталығы - бұл ерекше комплекс. Ол қаладағы ең ірі сауда комплекстерінің бірі. Ғимарат негізгі үш қабаттан тұрады және көптеген бөлімшелер мен арнайы қызметтік бөлмелерді қамтиды. Ғимарат заманауи стильде тұрғызылған. Бұл ғимарат міндетті түрде Интернет желісіне қосылуы және сапалы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс. Ғимарат Шымкент қаласының орталығында орналасқан.
Аумақ ішіндегі жақын арада тұрғын үйлер орналасқандықтан оған барлық коммуналдық қызмет түрлері жүргізілген. Соның ішінде телефон байланыс жолдары да бар. Осы жолдар арқылы интернетті де ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
ATMSDH технология over ADSL Интернетке жоғары жылдамдықты қатынас құру құралы ретінде өзіне ерекше көңіл аудартты. Ғимаратқа жоғары деңгейлі, сапалы байланысты орнату үшін жақсы шешім болады. Және де айтып кетерлік мәселе, Қонаев даңғылына жақын маңда Қазақтелеком станция орталығы орналасқан. Ол біздің аумақ ішіндегі жақын ара қашықтықта орналасқан. Бұл ATM over ADSL технологиясын пайдалануға бірден-бір себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл технологияны пайдалану станция мен тұтынушы аралығы сегіз км-ден аспауы керек, кері жағдайда байланыс нашарлап немесе тіптен жоқ болуы мүмкін. ATM over ADSL технологиясы байланыс орнатудың арзан, әрі жеңіл комплексті шешімі болып табылады.

1.2 Байланыс желісінің жүйе - техникалық синтезі

1.2.1 DSL технологиясын сындарлы талдау

DSL технологиялары пайдаланушыларды жоғары жылдамдықта деректер тарату жүйесімен қамтамасыздандырады.
Біріншіден, DSL технологиясының түрлері әртүрлі деректер тарату жылдамдығын қамтамасыздандырады, бірақ, кез-келген жағдайда бұл жылдамдық ең шапшаң деген аналогтық модемнің жылдамдығынан неғұрлым жоғары.
Екіншіден, DSL технологиялары өз жұмысында абоненттік телефон желісін қолданатынына қарамастан, сізге қарапайым телефон байланысын қолдануыңызға мүмкіндік береді. Сізге DSL технологиясын қолдана отырып, маңызды ақпараттарды тура уақытында ала алмай қаламын деп мазасызданудың қажеттігі болмайды, немесе қарапайым телефон қоңырауы үшін сізге алдымен Интернет желісінен шығу қажет болмайды.
Үшіншіден, DSL желісі әрқашанда жұмыс істеп тұрады. Байланыс әрқашанда орнатылып тұрады және сізге қашан қосылу керек болған сайын телефон нөмірін теріп, байланыс орнатылуын күтіп тұру қажеттігі болмайды. Сізге желіден өмірлік маңызды ақпарат алып жатқан кезде желіде кездейсоқ үзіліс болып қалу туралы мазасызданбасаңыз да болады. Электронды жәшікті сіз тексергіңіз келген кезде емес, келіп түскен сәтте-ақ аласыз. Жалпы айтқанда, желі әрқашанда да жұмыс істейді, ал сіз әрқашанда да желіде боласыз.
Көп салалы аумақ ішіндегі, әрі өте үлкен ғимарат болғандықтан мұнда міндетті түрде ішкі локалды желі орнатылған. Бұл желі ғимараттың ішіндегі қолданушылар арасында байланыс орнатады. Ал ATM over ADSL-модемі арқылы осы ішкі желіні толығымен Интернетке кіру мүмкіндігімен қамтамасыздандырамыз. Арине бұл ғимаратта сондай басқа да жаңа Интернетке қосылу түрлерін қолданады. Бірақ негізгі әрі арзан жолы ретінде
ATMSDH технология over ADSL технологиясы қолданылады. Оның жоғары жылдамдықты телефон желісін пайдалану мүмкіндігі де үлкен орын алады.
Ішкі желіні интернетке ATMSDH технология over ADSL арқылы қосылу сұлбасы 1.4-суретте көрсетілген.

Cурет 1.4. Локальді желіні қосу сұлбасы

1.4 суретте көрсетілгендей байланысты ұйымдастыруға бізге жиіліктік бөлгіш (POTS Spliter) және маршрутизатор қызметін орындайтын ATM over ADSL модем қажет. Мұндай модемдер 1.5-суретте көрсетілген. Сплитер түрі телефон кабелінің орналасқанына тәуелді. Егер бірінші телефон мен кабелді кіргізу орындары арасында модемді орнату мүмкіндігі бар болса, онда сплиттер керек болады, ал ондай мүмкіндік болмаса микрофильтрлер керек болады. Олар әрбір телефонға бөлек орнатылады. Осылай ғимарат ішінде тек компьютерлік желі емес, сонымен қатар ішкі телефон желісін де орнатуға болады.
ATM over ADSL сплиттер дыбыстық сигнал жиілігін (0,3-3,4 КГц) ATM over ADSL-модемдер қолданатын жиіліктен (26 КГЦ-1,4МГц) бөліп отырады. Осылайша модем мен телефон аппараттарының бір-біріне әсері болмайды және олардың бір уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Cурет 1.5. TD-811, TD -841 ATMSDH over ADSL 2 маршрутизаторлары

Көптеген шектес технологиялар қатары бар, олардың біреуі соңғы пайдаланушыларға арналған, қалғандары жоғары жылдамдықты ағындардың транзиттік таралуына арналған. Олардың жұмыс істеу қағидаттары ATM over ADSL-ға ұқсас. Мұндай технологиялардың жалпы атауы xDSL.
ATM over ADSL технологиясы абоненттік қатынас құру желісіне кеңінен енгізуге бөгет болатын көптеген ұсақ жетіспеушіліктерге ие. ATM over ADSL құрылғысын орнатудағы бұл қиындықтар нақтылы абонент желісін байыпты түрде күйіне келтіруді қажет етеді (ереже бойынша, компанияның техникалық қызметшісінің қатысуымен - желі операторының), салыстырмалы түрде жоғары құнға ие.
Көрсетілген жетіспеушіліктерді ретке келтіретін ATM over ADSL технологиясының жаңа үлгісі шыққаны туралы хабарламаның шыққанына көп болған жоқ. Оны Universal ATM over ADSL (UATM over ADSL), немесе DSL Lite деп атайды. Шыны керек, бұл технологияларды қолданған кезде ATMSDH технология over ADSL - ға қарағанда деректер неғұрлым төмен жылдамдықта таралады (3,5 км ұзындықта абоненттік желінің жылдамдығы абоненке қарай - 1,5 Мбитс, кері қарай - 384 кбитс; 5,5 км ұзындықтағы абоненттік желі абонентке қарай 640 кбитс жылдамдықта қамтамасыздандырылады, және 196 кбитс - кері бағытта). Алайда, бұл құрылғыларды орнату оңай; сонымен қатар, олардың құрамында жиілік бөлгіш болады, сондықтан оны жеке орнатудың қажеті жоқ. UATM over ADSL-модемді қарапайым модем сияқты телефон розеткасына қосу жеткілікті.

Кесте 1.1
Ақпаратты қашықтық бойынша тарату қабылдау жылдамдықтары
Қабылдау арнасы
Тарату арнасы
Қашықтық
8,160 Мбитс
1,216 Мбитс
1,8 км
7,872 Мбитс
1,088 Мбитс
2,7 км
3,648 Мбитс
864 Кбитс
3,7 км
1,984 Мбитс
640 Кбитс
4,3 км
1,408 Мбитс
544 Кбитс
4,6 км
960 Кбитс
416 Кбитс
4,9 км
576 Кбитс
320 Кбитс
5,2 км
320 Кбитс
224 Кбитс
5,5 км
128 Кбитс
128 Кбитс
5,8 км

1.2.2 ATM over ADSL технологиясының артықшылығы мен кемшіліктері

ATM over ADSL- дің тағы артықшылығы ретінде оның модемдері арасындағы қатынастың негізгі үш бөліктен тұратыны болып табылады.

Сурет 1.6. ATMSDH over ADSL технологиясындағы жиіліктік бөлінуі

1.6 - суретте көрсетілгендей жиіліктік модуляция есебінен телефон арнасына 0-4 КГц жиілік қана бөлінеді, ал ақпарат тарату үшін 25-160 КГц және қабылдау үшін 240-1,5 МГц жиілік бөлінеді. Бұл дегеніміз тұтынушының ақпаратты үлкен көлемді жылдам алуына мүмкіндік бар екенін көрсетеді. 160-240 КГц жиілік аралығы көп ауытқуларға бейім келетін болғандықтан қолданыста жоқ.
Қазіргі уақытта келесідей құрылғылар қолданылады:
* Ішкі PCI-модемдері
* USB интерфейсті сыртқы модемдер
* Ethernet интерфейсті сыртқы модемдер
* Ethernet интерфейсті сыртқы маршрутизаторлар (роутерлер)
* Іштей свитч орнатылған және WiFi қосылу нүктелеріне ие сыртқы маршрутизаторлар
* Жұмыс үшін телефон жолдарын пайдаланатын, қорғаныс-өрт қауіпсіздік сигналдауын пайдаланатын Anrex ATM over ADSL маршрутизаторлары
ATM over ADSL модемдерін қосу үшін компьютерде тек USB 2 порты болса жеткілікті. Алайда кей дербес компьютерлер бұл порттарға ие емес, сондықтан арнайы карталарды қолданады. Ол карта 1.7-суретте көрсетілген.

Сурет 1.7. Дербес компьютерге арналған ATM over ADSL карта

Сурет 1.9. ATOMIC 25+ адаптері

Сурет 1.10. AVIDIA концентраторы

Техникалық және эксплуатациалық қиындықтар
Қазіргі ATM over ADSL модемдер жоғары бағадан басқа, көп жерлерді талап етеді және айтарлықтай қуатты шығындайды. Осылай, ATM over ADSL модемдерінің көпшілігі активті күйде 5-тен 8 Вт-қа дейінгі қуат күшін пайдаланады. Стансаларда орнатылған модемдер, әрбір байланысқа бір платадан (карталар) талап етеді. ATM over ADSL технологиясы коммутациялық стансаларға қолданылатындай болуы үшін, қолданылатын қуат күшін төмендету және порттардың тығыздылығын арттыру аса қажет.

Сурет 1.8. EthernetATM құрылымдық желінің ADSL линиясына қосылуы

1.8-суретте көрсетілгендей әрбір абонент пен провайдер арасында жеке-жеке модемдерді талап етеді, олардың әрқайсысын орнату және жұмыс қызметінде ұстау қомақты қаражатты талап етеді. Әрине, бұл шығындар уақыт өте өзі ақталып шығады. Дегенмен де, толық жүйені іске асыруға алдын-ала қаражатты талап етеді.
ATM over ADSL-дің кемшілігі ретінде тағы оның қима сымдардан (яғни, телефон жолында қаншалықты ATM over ADSL абоненті көп болса, соншалықты жылдамдық төмен болып келеді) әлсіз қорғанысын айтуға болады және абоненттен байланыс операторына бағытталған ақпарат тарату жылдамдығының төмен болуы. Барлық мүмкін жақтарын қарастыра отырып ATM over ADSL технологиясын пайдаланған уақытқа сай тиімді және байланыс сапасының жоғарылығы, даму барысында басқа жүйелермен үйлесімділігі қасиеттеріне ие болғандығы үшін таңдалынып алынды.

2 Технологиялық бөлім

2.1 Байланыс желілерінің ақпараттық қамтамасыз етуі

Аналогты жүйеден цифрлық жүйеге өту процесіне көп уақыт кетті. Бірақ ғылым мен техниканың дамуы барысында аналогты жүйені көп қиыншылықсыз цифрлыққа өткізіп, оны дамытып келеміз. ХХІ ғасыр ақпарттық ғасыр болғандықтан бұл саланың дамуы өте қарқынды түрде жүріп отыр. Интернет желісін пайдаланушылар саны уақыт өте көбейіп, байланыстың сапалы түріне көшу қарқынды жүріп жатыр.
Қазіргі уақыттағы ATMSDH технология over ADSL Интернетке қосылу жүйесінің тарифтік бағасын қарастырайық:

Кесте 2.1
ATM over ADSL технологиясы бойынша Интернетке кіру бағасы
Қызмет түрі
Төлем көлемі, тенге

Интернет желісіне қосылу қызметін ұсынғандағы портқа қосылу

Бөлінген жол бойынша
52 976,0

ATMSDH over ADSL бойынша
14 128,8

Қызмет түрі
Төлем көлемі, тенге

Кіретіншығатын ақпарат көлемі
Айлық төлемақы
Келесі 10 Мбайт кіретіншығатын ақпарат көлемі үшін төлем ақы

Айлық төлем бойынша қолданылатын трафик, Гбайт

Трафикті есептеу тариф жоспары

0.5
7 566,7
164,2

1
14 341,6
155,6

2
27 118,6
147,1

3
38 362,2
138,7

4
48 100,6
130,5

6
70 159,0
126,9

8
90 919,4
123,3

12
125 123,0
113,1

16
161 978,9
109,8

90 жылдары ғана шыққан DSL жүйесі қазіргі уақытта кең қолданыс тауып, нарықты баршалықты жаулап алып жатыр. ATM over ADSL технологиясы да даму барысында өз ерекшеліктеріне ие болды. Айтар болсақ, ақпарат таратудың жылдамдығы өсті және бұл үшін төленетін ақы көлемі азайды. ATM over ADSL жүйесінің жаңа модемдерінің пайда болуы мен басқа жүйелермен интеграциялану процесі қарқынды жүріп жатыр.
Қазақтелеком АҚ жалпы кеңжолақты Интернет қолданушыларының саны 2008 жылға 660 мың адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда бұл 124,5%-дық өсімді құрайды. Осы статистикалардың мағынасы кеңжолақты Интернет қолданушыларының күрт өсіп келе жатқанын көрсетеді және бұл тек Қазақтелеком АҚ ғана есептеуі бойынша. Тағы басқа фирмалардың ATMSDH технология over ADSL технологиясы бойынша көрсететін қызметін пайдаланатын тұтынушылар саны бар.
Қазақтелеком АҚ 2009 жылғы DWDM технологиясының ендіруіне қатысты және қолданыстағы ақпарат тарату жүйесінің өткізу қабілеттілігінің артуына қатысты компания этап бойынша өткізу жылдамдығы 2 Мбитсек болатын цифрлық арналардың жалға беру құнын төмендетті. Осыған орай 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Интернет қолданушылардың айлық төлем ақысы көлеміндегі трафиктің өсуі іске асқан. Мұның бәрі Интернет қолданушыларының санын артырумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазіргі уақытта ATM over ADSL, ATM over ADSL2, ATM over ADSL2+, ATM over ADSL2++, UATM over ADSL жүйелері пайда болған. Олардың өткізу жылдамдықтары салыстырмалы түрде 1.3-кестеде келтірілген.

Кесте 2.2
ATM over ADSL стандарттарының ақпаратты қабылдаутарату жылдамдықтары
ATM over ADSL стандарттарының ақпаратты қабылдаутарату жылдамдықтары
ATM over ADSL
ATM over ADSL2
ATM over ADSL2+
ATM over ADSL2++
Абонентке (downstream), Мбитс
8
12
24
48
Абоненттен (upstream), Мбитс
0.832
1
2
3

Осы өзгерістерге қатысты стандарттар қатары да қолданысқа түсті. ATM over ADSL технологиясының кемшіліктерін жою мақсатында оны бұрын қолданылып келген және жаңадан шыққан жүйелермен үйлестіру мүмкіндігі де қарастырылуда. Жаңа стандарттар мен ATM over ADSL технологиясының жаңа моделдері 2.3-кестеде көрсетілген.
Кесте 2.3
ATM over ADSL технологиясының даму барысындағы өзгерістері
Стандарт
Технологияның аталуы
Абонентке
жылдамдық
Абоненттен
жылдамдық
ANSI T1.413-1998 Issue 2
ATM over ADSL
8 Мбитс
1.0 Мбитс
ITU G.992.1
ATM over ADSL (G.DMT)
8 Мбитс
1.0 Мбитс
ITU G.992.2
ATM over ADSL Lite (G.Lite)
1.5 Мбитс
0.5 Мбитс
ITU G.992.34
ATM over ADSL2
12 Мбитс
1.0 Мбитс
ITU G.992.34 Annex J
ATM over ADSL2
12 Мбитс
3.5 Мбитс
ITU G.992.34 Annex L
RE-ATM over ADSL2
5 Мбитс
0.8 Мбитс
ITU G.992.5
ATM over ADSL2+
24 Мбитс
1.0 Мбитс
ITU G.992.5 Annex L
RE-ATM over ADSL2+
24 Мбитс
1.0 Мбитс
ITU G.992.5 Annex M
ATM over ADSL2+
24 Мбитс
3.5 Мбитс

Интернеттің дамуымен қатар оның көрсететін қызметтері де ұлғайып жатыр. Жаңадан шыққан қызмет түрі IPTV (Интернет телекөрсетілімі). Мұндай жүйе әлі қоғамға толыққанды енген жоқ, бірақ даму барысында нарықтағы өз орынын алады. Осыған орай Интернетке қосылу жүйелеріне жаңа талаптар қойылып отыр. Олардың жоғары жылдамдықты болуы телекөрсетілімнің сапасына толық әсерін тигізеді. Бұл мүмкіндік үшін DSL технологиясы арқылы Интернетке кіру мәселесі өз рөлін атқарады. Жоғары жылдамдық, жоғары деңгейдегі сапалы байланыс IPTV үшін бірден бір шешім болуы мүмкін.
Байланыс арнасының параметрлері.
Абоненттік телефондық жолдар ATMSDH технология over ADSL технологиясы үшін қолдануға келесідей сипатамаларға ие болуы керек:
Біріншілік параметрлер:
* Шлейф кедергісі - 1500 Ом артық емес
* Оқшаулағыш кедергісі - 40 мОм кем емес
* Шлейф сыйымдылығы - 300 нФ артық емес
* Сыйымдылықтық асимметрия - 10 нФ артық емес, немес 5 % артық емес
Екіншілік параметрлер.
Сигнал өшуі (Line Attenuation):
* 20 dB дейін - өте жақсы жол
* 20 dB - 40 dB - жұмыс істеу жолы
* 40 dB - 50 dB - бұзылулар болуы мүмкін
* 50 dB - 60 dB - синхрондау периодты түрде жоғалады
* 60 dB-дан жоғары - құрылғы жұмыс істемейді.

Шуыл деңгейі.
* 65 dB - 50 dB - өте жақсы жол
* 51 dB - 35 dB - жақсы жолы
* 36 dB - 20 dB - периодты түрде бұзылулар болуы мүмкін
* 19 dB және одан төмен - құрылғы жұмыс істемейді

SN Margin (AKA Signal или Noise Margin немесе Signal-to-Noise Ratio(SNR)):
* 6 dB дейін - нашар жол, синхрондау қиыншылықтарының болуы
* 7 dB - 10 dB - бұзылулар болуы мүмкін
* 11 dB - 20 dB - жақсы жол, синхрондаумен еш қиыншылықсыз
* 20 dB - 28 dB - өте жақсы жол
* 29 dB және одан жоғары - тамаша жол

ATMSDH технология over ADSL үшін орама сымдар қолданған дұрыс (лапша тәрізді емес), кері жағдайда жылдамдықтың төмендеуі мүмкін.
АТМ және ATMSDH технология over ADSL технологияларының дамуы барысын екі жүйенің үйлестірілуі болып жатыр. Яғни АТМATM over ADSL модемдерінің, маршрутизаторларының шығуы. Олардың басты ерекшеліктері ретінде АТМ адаптері орнатылған дербес компьютерде трафикті қорыту мүмкіндігі болады. АТМATM over ADSL модемі РРР over ATM және IP over ATM инкапсуляциясын орындауға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз Ethernet жүйесімен үйлесімділікті береді.
DSL технологиясының басқа да стандартары бар: HDSL (High Bit-Rate Digital Subscriber Line - жоғары жылдамдықты санды абоненттік желі), IDSL (ISDN Digital Subscriber Line - ISDN нің санды абоненттік желісі), SDSL (Single Line Digital Subscriber Line - бірсызықты сандық абоненттік желі), VDSL (Very High Bit-Rate Digital Subscriber Line - өте жоғары жылдамдықты сандық абоненттік желі), R-ATM over ADSL (Rate-Adaptive Digital Subscriber Line - байланысу жылдамдығына бейімделген санды абоненттік желі).
2.1.2 Мәселені қоюды негіздеу

Қазіргі кезде мемлекеттік инфроқұрылым ретінде байланыс дамуында үлкен прогресс айқын көрінеді. Шетел компанияларының көбі Қазақстанмен байланыс жүйесі сферасында бірігіп қызмет істейді. Жобалау этапында жергілікті бағалық сипаттамаларының жағдайына қарай байланыс каналдарының әртүрлісін тапсырыс берушінің жиіліктер ауданыда жиілік ресурстарының бар болуын қолданудың дұрыстығын бағалау қажетті. Абоненттер үшін сапалы, әрі ыңғайлы байланыс желісімен қамтамасыз етуді қарастыру.
Бұл дипломдық жобамда Шымкент қаласында аумақ ішіндегі ATMSDH технология over ADSL технологиясы арқылы жоғарыжылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етуді қарастырылды. Дәл осы сауда орталықты алған себебім, бұл ғимарат Шымкент қаласы тұрғындарының демалыс орны болып табылады және оларға көрсетілетін қызмет түрлерінің көпшілігін қамтиды. Осыған орай соңғы заман талаптарына сай деңгейге сәйкес келуі үшін бұл комплекс байланыс түрлерінің барлық түрін қамту керек. Ол байланыс сапасына да үлкен көңіл бөлінеді және қазіргі бүкіләлемдік дағдарыс уақытында байланыстың экономикалық жағына да көп көңіл бөлінеді. Телекоммуникация негізі кез-келген заманауи құрылыс жоспарлары үшін маңызды орын алады. Бизнес жүргізу негізі де көбінесе байланыс сапасына тәуелді болып келеді. Осыған орай аумақ ішіндегі орналасқан банк бөлімшелері мен байланыс операторларының бөлімшелері байланыс сапасына тәуелді және жоғары деңгейді талап етеді.
Алдын айтылғандай ATMSDH технология over ADSL технологиясы жай аналогты телефонды жолдар арқылы іске асырылады. Абонентте орнатылған абоненттік ATMSDH технология over ADSL модемі және қосылу мультиплексоры (англ. DSL Access Multiplexer, DSLAM) орнатылған қолданушының телефон жолы қосылған АТС арқылы іске асады. Айтарлықтай мәселеге, DSLAM мультиплексорлары АТС құрылғыларына дейін орнатылады. Нәтижесінде олардың арасында телефондық желілерге тән шектеулерге ие болмайтын жай сым бөлігі қалады. DSLAM көптеген DSL абоненттік жолдарын бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ATM over ADSL технологиясы
DLS және ISDN технологиялары
Цифорлық жүйесіндегі кабельдерді өлшеу
Кабельдік шаруашылық және желілердің ақпараттық қамтылуы
Қызмет деңгейі және қызметтерді басқару
Қолданыстағы желіні талдау
Желіге қатынаудың шектелуі
Байланыс операторлары ұсынған қызметтер
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
PON желілер сәулеті
Пәндер