Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік қызметін талдау



Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
5
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері
5
1.2 Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі
8
2. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
12
2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
12
2.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау
15
2.3 ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру 20
ҚОРЫТЫНДЫ
29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
30

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау,
өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл
жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға
сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг
біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік
қызметін талдау.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – маркетингтің теориялық және
әдістемелік мәселелерін зерттей отырып оның отандық мұнайгаз саласындағы
кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау, кәсіпорындағы маркетинг қызметін
басқаруды жетілдіру этаптарының негізгі методологиялық принциптерін құру.

Қойылған мақсаттар келесі міндеттерді анықтайды:
▪ Кәсіпорынның маркетингтік ортасын және маркетингтік
стратегияны қолданудың дайындық деңгейін талдау;
▪ Маркетингтік қызметті жетілдірудегі шараларды құру;
Зерттеудің объектісі болып мұнайгаз өндіретін АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”
мұнайгаз өндіру басқармасы болып табылады. Зерттеу заты осы кәсіпорындағы
маркетинг қызметін ұйымдастыру аспектілері болып табылады.
Кәсіпорынды зерттеу әдістері болып келесілер болып табылады:
▪ Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштерін
талдау;
▪ Кәсіпорынның артықшылық және әлсіз жақтарын зерттеудегі
аналитико-синтетикалық әдіс – SWOT-талдау;
Зерттеу мәліметтік базасы ретінде: Қазақстан Республикасы статистика
агенттігінің материалдары; Мұнайгаз саласындағы кәсіпорынның мәліметтері,
балансы қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі – қазақстандық
және
шетелдік ғалым-экономистердің маркетинг пен менеджмент саласындағы,
мұнайгаз өндірісінің экономикасы жөніндегі еңбектері, салалық әдістемелік
материалдар, ҚР үкіметінің заңнамалық – құқықтық актілері мен қаулылары,
“Қазақстан 2030” даму стратегиясы және басқа да құжаттар болып табылады.
Бірінші бөлімде – жалпы өндірістік саладағы марктинг және маркетинг
қызметін басқару түсінігі, басқару жүйесіндегі оның орны, зерттеу жүйесі
көрсетілсе, екінші бөлімде АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” мұнайгаз басқармасының
маркетинг қызметі мен технико-экономикалық көрсеткіштер талданды, ал үшінші
бөлімде жалпы шетелдік тәжірибенің мұнай саласында қолданылуы және
“ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін жетілдіру бойынша
ұсыныстар қаралған.

1. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері

Маркетингтің біздің бәріміздің өмірімізге қатысы бар. Маркетинг процесс
кезінде адамның қарауына тауар және қызметтер беріліп, оларды пайдалану
нәтижесінде бірқатар өмір деңгейі қанағаттандырылады. Маркетингтің құрамына
аса көп мағыналы жұмыс түрлері кіреді, оның ішінде: маркетингілік
зерттеулер, тауарды дайындау, оны таратуды ұйымдастыру, баға тағайындау,
жарнама және жеке сату. Маркетинг – мұқтаждық және тұтыныс қажеттерін
алмастыру арқылы орындауға арналған адамзат әрекеттерінің түрі, яғни
маркетинг негізіне алынатын бастапқы ұғым – адамдардық мұқтаждық идеясы.
Маркетинг (ағылшын сөзінен market – нарық) – мекемелер алдында тұрған
мақсаттарды шешуге қажетті тұтыныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, қызмет
атқаруға және табуға қажетті бірнеше жұмыс түрлерін үйлестіреді.
Маркетингтің мақсаты – тауар және қызмет көрсетудің сапасын арттыру, оларды
сатып алу жағдайларын жақсатру.
Маркетинг қызметіне келесілер жатады:
• әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын
анықтау;
• тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару;
• тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы
жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
• өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді
анықтау;
• нарыққа, сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді
әсер ету жолдарын табу.
Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсысының бағыттары, олардың құндылығы
және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырып қолданса ғана өседі. Маркетинг
қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні тығыз байланыстыру,
бір-бірін табуға көмектесу болып табылады.
Маркетинг – тұтынушылар сұраныстарына жауап беретін өнімнің жоғары
сапасын қамтамасыз етуде негізгі рөлді атқарады.

Кәсіпорынның маркетинг жүйесін құрайтын элементтер

Қазіргі маркетинг жүйесінің негізгі элементтері көрсетілген.
Жоғарыда аталған маркетинг элементтері күнделікті жағдайда бір-бірімен
қарым-қатынаста болып, өндірістегі маркетингтің негізі болып табылады.
Стандарттық жағдайда маркетинг бәсеке кезінде тұтынушы нарығына қызмет
көрсетуді білдіреді. Бұл жүйенің барлық қатысушыларына сыртқы орта
факторлары бірдей әсер етеді (демографиялық, экономикалық, экологиялық,
ғылыми-техникалық, саяси-құқықтық, мәдени-әлеуметтік). Тұтынушы
құндылықтарын құру үшін маркетингтік жүйенің әрбір элементі өз еңбегін
сіңіреді. Сондықтан, компанияның сәттілігі тек компанияның өз қызметіне
ғана тәуелді емес, ол маркетингтік жүйенің элементтері тұтынушы
қажеттілігін қаншалықты жақсы қанағаттандыруына да тәуелді.
Маркетингтік бөлімдерінің қызметі кәсіпорынның негізгі мақсаттарын
жүзеге
асыруға және бәсекелес жағдайда оның тиімді қызмет етуіне әсер етеді.

1-кесте
Маркетинг түрлерінің жіктелуі және оларды қолдану аумағы

1.2 Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі

Бүгінгі кәсіпорындағы маркетинегтің орны

Бұл суреттен маркетингтің атқаратын қызметтері нарықта қалыптасқан
қажетіліктерді олардың ұқсастығына қарай біріне бірін жақындатып, оларды
қанағаттаныру жалпы идеясына бағыттағанын көруге болады. Жалпы маркетингтің
ең маңызды бөлімі ретінде маркетингтік зерттеуді атап көрсетуге болады.
Өйткені нарықты, тұтынушыларды зерттеусіз кәсіпорын белгілі бір табысқа
жете алмайды:
Кәсіпорынды маркетингтік зерттеу жүйесі:
1. Тұтынушыларды зерттеу – тұтынушыларды зертеу олардың қажеттіліктерін
зерттеуден басталады. Кең тарағаны Маслоудың қажеттілік иерархиясы. Бұл
жүйе физиологиялық қажеттіліктен бастап (аштық, суық, шөл), өзін өзі сақтау
қажеттілігі (қауіпсіздік, қорғаныштылық), әлеуметтік тұтыныстар
(сүйіспеншілік), құрметтеу қажеттілігі (өзін өзі сыйлау, статус), өзін өзі
таныту қажеттілігі (өздігінен даму). Қазіргі кезде кәсіпорын тек қана
тұтынушының сұранысын ескерген жағдайд ғана сәттілікке жете алады.
Маркетинг тұтынушылар мінез-құлқын зерттеумен айналысады, ал бұған оның
қажеттіліктері де кіреді. Қажеттілікті анықтау – бұл маркетингтің ең
негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Тұтынушыларды зерттеу кезінде ең
негізгі рөльді өнімді сатып алудың мативациялық факторлары алады. Бұл
факторларға: пайда алу мотиві (адамның баюға деген құштарлығы), тәуекелді
төмендету мотиві (қауіпсіздікке деген қажеттілік), таныту (статусқа
қажеттілік), еркіндік мотиві және дамуға деген қажеттілік.
2. Бәсекелестерді зерттеу – бәсекелестерді зерттеудің бірінші
деңгейі – таңдалған нарықта бәсекелестік деңгейді бағалау (монополия, тағы
басқа). Келесі кезекте мынаны анықтау қажет: бәсекелес қай нарық бөлігін
бақылайды, қаншалықты тез дамып отыр, бәсекелестер өнімінің сапасы, оның
бағасы, жарнама және өткізу түрі, техникалық жабдықтау.
3. Тауарлық нарықты зерттеу – нарықты зерттеу деген ол – белгілі бір
тауарды немесе тауарлар тобын зерттеу. Нарықты зерттеудің мақсаты –
белгілі бір тауарға сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасын зерттеу, нарық
сиымдылығын, нарықтағы бәсекелестердің бөлігін, нарық сегментациясын және
нарық конъюнктурасын анықтау болып табылады.
Маркетингті тауарлы ұйымдастыру – мұнда өндіріс пен өткізудің арнайы
шарттарын талап ететін өнім ассортименті мен өткізу көлемі үлкен
кәсіпорындар үшін тиімді. Тауарлақ ұйымдастыруда маретинг бөлімі немесе
топтар бойынша құрылады. Бұл форма үлкен шығындарды талап етеді.
Оның артықшылықтары;
▪ Тауар бойынша маркетинг кешенін оңтайландыру мүмкіншілігі;
▪ Сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделу.
Кемшіліктері:
Тауарлар бойынша сарапшы бола тұрып, менеджерлер міндетті қызмет аясын
ескермейді. Маркетинг қызметін ұйымдастырудың нарықтық үлгісі – бұл формада
маркетинг қызметі тұтынушылар типі немесе нарық сегментіне байланысты.
Нарықпен жұмыс жасайтын менеджерлер өткізу мен басқа да іс-әрекеттер
бойынша жылдық немесе келешектегі жоспарды дайындауға жауап береді. Негізгі
ерекшелігі: фирманың маркетингтік әрекеті нарық сегменттерінің
ерекшеліктеріне байланысты құрылады.
Оның артықшылықтары:
▪ Өз тұтынушыларының талғамы мен қажеттіліктерін жақсы білу;
▪ Нарық ерекшеліктерін ескері отырып сенімді болжау жасау.
Кемшіліктері:
▪ Міндетті іс-әрекеттерінің қайталануы;
▪ Күрделі ұйымдастырушылық құрылым;
▪ Тауар ассортиментін нашар білу.
Сонымен, маркетинг – бұл тауарларды итермелеу емес, тұтынушының
талаптарын, нарықтың нақты сегменттерінің талаптарын талдап ескеретін, жаңа
тауардың анықталған талаптарына сәйкес өңделген, ғылыми зерттелген
тұжырымдама. Кәсіпорын зерттеуге шығын жұмсаса да, келешекте ол табыс
әкеледі. Бүгінгі таңда маркетингтің дамуында келесі сипатты тенденцияларды
бөліп көрсетуге болады:
1. Маркетинг ғылыми-техникалық прогрестің айтарлықтай әсерінде
болғандықтан, жекелей айтқанда ақпараттардың көптігіне қарай ақпараттық
технологиялар ерекше орынға ие;
2. Тұрғын топтарының әлеуметтік белсенділігінің өсуі маркетинг сипатын
анықтайтын айтарлықтай фактор ретінде қарастырылуда;
3. Қазіргі уақытта маркетинг ашық инновациялық сипатта болып,
үнемі жаңартуға негізделген;
Келесі кестеде жалпы кәсіпорынды басқару процесінің қарапайым схемасы
көрсетілген:
2-кесте
Кәсіпорынды басқару процесі

Кіріс (ресурстар) Шығыс (қорытынды)
Кірістің өзгеруі

Барлық кәсіпорындар басқару жағынан қарағанда ашық жүйе болып табылады,
яғни 2-кестеде көріп отырғанымыздай сыртқы және ішкі факторлармен қарым-
қатынаста болады. Егер кәсіпорынның басқару жүйесі тиімді болса, процесс
кезінде кірістің (материал, капитал, ақпарат) қосылған құны пайда болып,
қорытындыда көптеген мүмкін болатын қосымша шығыстар (табыс, сатудың өсуі,
нарық бөлігінің ұлғйуы) әкелуі мүмкін. Ал басқару обьектісі ретінде
маркетинг, өндіріс, қаржы, персонал бола алады. Кәсіпорын маркетинг арқылы
алдыңғы кезең зерттеулері мен нәтижелері негізінде жасалған стратегияны
жүзеге асырады. Сонымен қатар, стратегиялық жаңа шешімдерді іздеу
мақсатындағы зерттеулер бір мезгілде жүргізіледі.
Маркетингті енгізу кезінде кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымын дамытуды талдау негізінде келесі қорытындыларға келуге болады:
1. Нарықтық экономика кезінде кәсіпорын – өткізу нарығын,
кәсіпорынның өніміне сұранысты анықтау үшін, бәсеке
қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, жарнаманы, өткізуді,
сервистік қызметті ұйымдастыру мақсататтарында маркетинг
қызметтерін құру керек.
2. Маркетинг қызметі кәсіпорынның басқа да бөлімшелерімен тұрақты
және тығыз, тікелей және қарсы байланыста болуы керек, және
тұтынушылардың сапаға деген сұранысын, өнімнің нарыққа қажетті
көлемде және ассортиментте шығуын қаматмасыз ету үшін; сапалы
қызмет көрсету үшін; жоспарланған көлемде табыс алу үшін осы
бөлімшелерге үнемі әсер етуі керек.
3. Маркетинг тек қана өнімді өткізу ғана емес, ол сонымен қатар
кәсіпорынның басқару жүйесін өзгерту және әрбір жұмысшыны, әрбір
қызметті кәсіпорынның соңғы мақсатына бағыттайды.Сонымен,
кәсіпорынның маркетингтік қызметін басқару – бұл әрдайым жаңарып
отыратын процесті білдіреді. Бұл жерде зерттеулер негізінде
қабылданған стратегияны іске асыру, нарықтар зерттеліп,одан шығу
жолдары анықталады.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы

Мұнай және газ өндіру Қазақстан өндірістік бағытының бірден бір жоғарғы
табыс әкелетін және ең маңызды сала болып келеді. Қазақстан Республикасында
60-қа жуығы құрылып жатырған 180-нен астам мұнай кен орындары бар.
Қазақстанның мұнайгаз саласындағы әлеуетті мүмкіндіктер өте жоғарғы
деңгейде. Қазіргі кезде республикада 2,2 млрд.тоннаны құрайтын
күкіртсутегі, 0,7 млрд.тонна газ конденсаты, 2,7 млр.куб метр газ және 12
млрд.тонна мұнай қорларын иемденеді. Бюджет кірісінің үлкен бөлігін
құрайтын мұнайгаз саласы экономиканың көптеген саласын дамытуға өз үлесен
қосады. Қазіргі кездегі экономика жағдайында мұнайды өнідіру, өңдеу және
оны тасымалдау ұлттық энергетикалық, транспорттық машина жасау, мұнайхимия,
жеңіл өнеркәсіп, тасымалдау транспорттарын және де басқа салалардың
дамуына алғы шарттар жасайды. Ал бұл өз кезегінде сол салалардағы ғылымның
және жоғарғы технологияның дамуына әсерін тигізеді .Ішкі және әлемдік
нарықтың жаңа тауарларын біз өндіруші өнеркәсіптің мұнай, газ және басқа
салаларда терең өңдеуді дамыту есебінен игеруіміз керек.
Мұнайдың арқасында біз экономикалық жүйені өзгерту процесін
жеделдете алдық.
Қазақстан Республикасы мұнайгаз саласының алдына келесі мақсаттар мен
міндеттерді қояды:
1. Энергетикалық тәуелсіз мемлекетті қамтамасыз ету;
2. Ұлттық экономиканы реструктуризациялау үшін шетел инвестицияның
келуін қамтамасық ету;
3. Қазақстанның экспорттық әлеуетін жоғарылату және экономикаға нақты
валюта түсуін жоғарылату;
4. Мұнайгаз саласы бойынша ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
5. Күкірттісутек өңдеудің жоғарғы деңгейіне жету және оның сыртқы нарыққа
тасымалдаудың тиімді жолдарын құру.
Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының тиімді қызмет істеуі
негізгі үш бағытта жатыр:
1. Мұнай кен орындарын әрі қарай барлау (әсіресі Каспий шельфінде);
2. Мұнайгаз құбырларын салу;
3. Мұнай өндіру, мұнай және газды тасымалдаудың инфрақұрылымын
дамыту.
Қазақстан республикасының аумағында жұмыс істейтін ірі мұнайгаз
компаниялары өз қызметін жүзеге асыру үшін маркетинг қызметін қолданады.
Мұнай саласындағы маркетинг жалпы тамақ, жеңіл өнеркәсіп маркетингтен
өзгеше болып келеді. Төменде мұнай саласындағы маркетингті құрайтын
компоненттер көрсетілген:
1. Шикі мұнайды өндіру;
2. Шикі мұнайды экспорттау немесе тасымалдау;
3. Мұнай өнімдерін алу;
4. Мұнай өнімдерін экспорттау;
5. Мұнайхимия өндірісіне шикізаттар алу (полистирол, полипропилен
т.б);
6. Соңғы мұнайхимия өнімдерін алу (синтетикалық шыбық, пластмасса,
бояғыш заттар, жууғыш заттар және т.б);
7. Дайын өнімді экспорттау.
Қазіргі кезде қазақстандық мұнайдың тұтынушыларға тасымалдануы үш
тәуелсіз мұнай құбырлары жүйесі арқылы жүзеге асады:
1. Батыс Қазақстан мұнай құбырлары жүйесі. “Маңғыстаумұнайгаз”,
“Өзенмұнайгаз”, “Қаражанбасмұнай” мұнайлары Атырау мұнай өңдеу
зауытына, содан соң экспортқа жіберіледі.
2. АҚ “Ақтөбемұнайгаз”, мұнайын Орск мұнай өңдеу зауытына
тасымалдайтын мұнай жүйесі.
3. Шығыс Қазақстан және Орта Азия мұнай құбырлары жүйесі арқылы
батыс сібір мұнайы Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына
жіберіледі, сонымен қатар бұл құбырмен Құмкөл мұнайы Шымкент зауытына
бағытталады.
Егер де тауар және оның ассортименттеріне келетін болсақ, жалпы мұнай
ассортиментін, яғни мұнай өнімдерін мұнайды өңдеу арқылы аламыз. Қазіргі
кезде Қазақстанда мұнай өңдейтін үш зауытты атап өтуге болады: Атырау,
Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары:
3-кесте
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарымен негізгі мұнай
өнімдерінің түрлерін өндіру
Зауыт, өнім 2014 2015 2016 2017
мұнай өңдеу көлемі, барлығы5712 8433,3 9253,6 11127,1
Павлодар 640,3 2078,2 1669,7 2932,3
Шымкент 3187,4 3654,2 3475,3 3743,9
Атырау 1884,3 2700,9 4108,6 4450,9
Автобензин, барлығы 1297,7 1665,5 1857,7 2274,6
Павлодар 240,2 504,7 483,7 928
Шымкент 796,7 836,7 872,3 956,3
Атырау 260,8 324,1 501,7 490,3
Авиакеросин,барлығы 71,1 2387,9 256,8 268,6
Павлодар 41 62,2 57,8 119,6
Шымкент 13,6 146,4 147,6 128,8
Атырау 16,7 29,3 51,4 20,2
Дизель, барлығы 1829,3 2488,5 2783,2 3319,6
Павлодар 216,2 640,9 470,1 817,3
Шымкент 961,4 1013,1 988,2 1096,1
Атырау 651,7 834,5 1324,6 1406,2
Мазут, барлығы 2129,5 2821,2 3147 3750,2
Павлодар 142,9 364,9 405,9 581
Шымкент 1334,2 1398,2 1194,6 1478,9
Атырау 652,4 1058,1 1545,5 1690,3

Ескерту – Статистика Агентігінің деректері бойынша
3-ші кестеде көріп отырғанымыздай жыл сайын мұнай өнімдерін өндіру
ұлғайғанын көріп отырмыз. Бұл талдау бойынша Павлодар мұнай
өңдеу зауытың қуатты пайдалану коэффициенті басқаларға қарағанда төмен
болып келеді, өйткені ол 100 пайыз Ресейден келетін мұнайға тәуелді болып
келеді. “Шымкентнефтеоргсинтез” батыс сібір мұнайына тәуелді екінші зауыт.
Ол құмкөл мұнай кен орнына құбырмен жалғасады және темір жол жүйесіне шыға
алады. Сондықтан, тұрақты түрде шикізатпен қамтамасыз ете алады. Бірақ та
құмкөл мұнайын тасымалдау кезіндегі техникалық шектеулер өндірушілерді
мұнай игеруді тоқтатуға мәжбүр етеді. Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнайды
терең емес өндіреді. Бұған ескі құрылғылар, технологиялық процесті
басқарудың автоматтандырылмаған жүйесі себеп бола алады. Қазіргі күнде үш
мұнай өңдеу зауттары өнім сапасын көтеру үшін реконструкцияға, техникалық
қайта қарулануға әр түрлі деңгейде инвестицияны қажет етеді.

2.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған кезден бастап, мұнайгаз
саласында мемлекеттік басқару жүйесі қалыптаса бастады. 1991 жылы шілдеде
“Қазақстан нефтегаз” корпорациясы құрылды, ал 1992 жылы қаңтарда аты
өзгеріліп “Қазақстанмұнайгаз” ұлттық компаниясы болып жарияланды. Сол
жылдың соңында мемлекеттік холдинктік компания “Мұнайгаз” болып өзгертілді.
1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мұнайгаз саласына
инвестиция тартуды бастады. Осы уақыт аралығында шетелдіктердің қатысуымен
көптеген кәсіпорындар ашылды. Ең ірілердің ішінде: Теңізшевройл,
Қарашығанақ Интегрейтед Оперейтинг, Қазақстанкаспийшельф, Аджип ККО және
тағы басқа.
“ҚұлсарыМұнайГаз” акционерлік қоғамы “ҚазМұнайГаз” акционерлік қоғамының
еншілес компаниясы болып табылады. Қазіргі кезде “ҚазМұнайГаз” –
Қазақстанның ең ірі, тез өсу деңгейіндегі ең жас компаниялардың ішіндегі
ұлттық компания. “ҚазМұнайГаз” жабық акционерлік қоғам ретінде “Қазақойл”
АҚ мен “Мұнай және Газ тасымалы” АҚ бірігуі барысында 2009 жылы 20
ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің №811 жарлығымен құрылды.
2011 жылдың 16 наурызында компания АҚ “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы”
ретінде қайта тіркеуден өтті. Құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының
Үкіметі.
АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” – Қазақстан аумағында жұмыс істейтін және
геологиялық барлаумен, өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған
ортаны қорғаудың ең жоғарғы стандарттарға сай жүзеге асыратын кәсіпорын.
Компания – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның
әлемдік экономикаға сәтті көшуді қостайтын энергетикалық ресурстарды
рационалды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін Қазақстанның мұнайгаз
саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды. 2004 жылы “ҚұлсарыМұнайГаз”
өндіру басқармасымен сегіз мұнай кен орындары құрыла бастады: Құлсары.
Қосшағыл, Тұлұс, Ақінген, Терең-Өзек, Қаратон ,Қошқымбет, Қисымбай,
Аққұдық. Осы жерлерде мұнай өндіруге байланысты 3 цех құрылған:
▪ Қосшағыл (Қосшағыл, Құлсары, Ақінген, Тұлұс)
▪ Терең-Өзек (Терең-Өзек, Қаратон ,Қошқымбет)
▪ Қисымбай (Қисымбай, Аққұдық)
“ҚұлсарыМұнайГаз” жеткізу сапасын көтеру программасы сатып алуды және
қызметті жақсартады, өйткені ол сапаны үнемі көтеруге және сатып алынған
өнімдердің жалпы құнын төмендетуге бағытталған. Осы программаны орындау
үшін тұтынушылардан, жабдықтаушылардан, материалдық-техникалық жабдықтау
мамандарынан тұратын арнайы топтар құрылған.
Программаның негізгі этаптары: материалдарды таңдау, товармен жұмыс
істейтін топтарды құру, сатып алынған өнімнің жалпы құнын талдау.
Жабдықтаушыларды таңдау және бағалау.
Бағдарлама деңгейлері:
А. Товарды таңдау
1. Бұл жағдайда келесілерді ескерген жөн: қызметтің және товардың жалпы
сапасы; қабылданған мақсат; қызметкерлердің қызығушылық деңгейі;
тұтынушыларға, қызметкерлерге және қоршаған ортаға әсері.
В. Өнімді сатып алу бөлімін құру: Топты құру барысында келесі
талаптарды ескеру керек: ұқсас құрылым; көп бағыттылық; қиын қарым-қатынас;
эксплуатация; объектіні жобалау; мат. техникалық жабдықтаумен басқару;
сапаны бақылау; ізденіс және жобалау; қаржыландыру.
С. Сатып алынған өнімнің жалпы құнына талдау жасау:
Сатып алыңған өнімнің жалпы құны әдетте кейбір жағдайларда анықауға қиын
бірнеше тіке және жанама шығындардан құрылады. Бірақ бұған қарамастан
анализді дұрыс жасағанда шығатын бөлек алынғандағы сома, алынған өнім және
қызмет пен таурды пайдалану кезінде тура дәлдікпен шығуы мүмкін.
Д. Жабдықтаушыны таңдау және бағалау.
1.Жабдықтаушыны таңдау және бағалау келесі этаптарды қамтуы қажет:
▪ Жабдықтаушының “ҚұлсарыМұнайГаз”-ға қосатын салымдарды ескеру
▪ Ең жақсы жабдықтаушыны анықтау;
1. Жабдықтаушыны бағалау кезінде қойылатын критерилер келесідей:
▪ Тауар сапасы;
▪ Жабдықтаушымен жұмыс істеу тәжірибесі;
▪ Қаржылық тұрақтылық;
2. Қарым қатынасты сапасын жақсарту тобы келесі факторларды қамтиды:
▪ Жабдықтаушымен үнемі қарым қатынас жасау, үнемі кездесу;
▪ Компанияға жақсартулар енгізу және бағалау;
▪ Жабдықтаушы сертификациясына талпыну;
▪ Сапаның үнемі өсуін және бақылауды қамтамасыз ету;
▪ Отырыстың протоколын басып шығару және тарату.
“ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының өндірісті басқару құрылымы өте күрделі
емес. Басқарудың үлкен бөлігі әртүрлі мұнай кенорындарын басқарумен
сипатталады. Жалпы басқарудың барлық құрылымы “ҚұлсарыМұнайгаз”
басқармасының басшысына бағынады.2012 жыл Компанияның ішкі ресурстарының
дамуына, мүмкіндіктердің кеңеюіне және жұмыс тиімділігінің максималды
жоғарлауына мүмкіндік беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы маркетингтің мәні
Кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру туралы
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ
Кәсіпорындағы маркетингті басқарудың теориялық аспектілері
Маркетингтік орта
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпорындағы маркетинг
Кәсіпорындағы маркетингті басқару
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Пәндер