Кәсіпорынның табысы және өндіріс рентабельділігін талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
МАҢЫЗЫ
1.1 Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні
5
1.2 Кәсіпорын табысының түрлері және оны есептеудің әдістері
8
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІС РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Өндіріс рентабельділігі және оның көрсеткіштері
13
2.2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыру
18
2.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын бақылау
22
3.КӘСІПОРЫН ТАБЫСТЫЛЫҒЫН МОЛАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Кәсіпорындардың табысын молайту жолдары
26
3.2 Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері
29
ҚОРЫТЫНДЫ
32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
34
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның табысты болуының маңызы
орасан зор. Кәсіпорынның табысы және өндіріс рентабельділігін талдау атты
курстық жұмысымның басты мақсаты – кәсіпорын пайдасы маңызды экономикалық
категория екендігін, оның теориялық және әдістемелік аспектілерді жалпылау
негізінде кәсіпорынның пайдасын есептеп, кәсіпорынның өнім
рентабельділігін, жалпы пайда, таза пайда және таза табысты талдап,
тәжірибелік ұсыныcтар жасау.
Кәсіпорын пайдасы бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден –
бір көзі. Ол бюджетте салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен
қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Ұлттық тарихымызда тамырын тереңге жайған нарықтық қатынаста кәсіпкерлік
қызметтің алатын орны ерекше. Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызмет табыс
табудың тетігіне айналды.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
жоспарлау мен табыстылығын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың
тәуелсіздікке ие болуымен, сондай – ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар,
коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің
өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте
болуымен байланысты.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше
іс - әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдар, материал
мен шикізаттың қорларының көгеріп, төт басып жатуына, яғни миллиондаған
теңгенің бекерге ысырап болуына жол бермейді. Кәсіпорын мүлкіне салынған
әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылық жүргізуші субьект ретінде құқықтық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді оз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік – экономикалық
әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға
кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде
тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай,
мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер
атқаруда.
1.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
МАҢЫЗЫ
1.1.Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні
Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар
түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында
ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе
материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Табыс ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда
(жалпы табыс, таза табыс), жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке
табыс) қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына тауарларды сату және қызмет көрсетуден
түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан,
несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және
материалдық түсімдер жатады.Жиі қолданылатын таза табыс ұғымы жалпы табыс
және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып
саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп, тұрақты және нарықтық субъектілердің
қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың
шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын
тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
- жалпы табыс (ЖТ) –бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен
ақшалай сомасы.
- орта табыс(ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу
(К).
- шекті табыс (ШТ)- бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы
табыстың үстелуі.
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез – келген
коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.Әрбір
кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда
дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс
пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша
айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын
білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез
келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бөлігінің ғана
орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек немесе құн жағынан
алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар
өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған
шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың
қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер
белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның
сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып,
өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын
өндіріс тиімділігін арттырады деген сөз.
Пайда жоспары бағалар мен келісім - шарттар, салыстырмалы және қазіргі
қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау
тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей
әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен
есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының
арасындағы айырмасы болып табылады.
Пайда белгілі бір нысандарды орындайды:
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық
тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.Оның мазмұны, ол бір
жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарынының негізгі
элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір
көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға
ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өкізудің көлемін арттыруға, оған кететін
шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет
есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі – кәсіпорынның
жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
• өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
• негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан
түсетін пайда;
• өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны
өндіруге кеткен шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың
өзара іс – қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға
құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің
немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде
теңеседі.
Пайда :
• өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады;
• ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын
сипаттайды;
• инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.
Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі:
• Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
• Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық
шығындары
• Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары
• Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда - өндірістің анық
шығындары
• Таза пайда =жалпы пайда – салықтар,міндетті төлемдер
• Қалыпты пайда = капиталға нормативті қайтарым –кәсіпкерлік табыстың
мөлшері
• Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда
• Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар
1.2.Кәсіпорын табысының түрлері және оны есептеудің әдістері
Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының
объективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтижелері дайын өнім
(орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында
көрінеді.Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық
көрсеткіштермен сипатталады және кәсіпорынның қаржы менеджментінің
нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден
түскен табыс мөлшерінде, кәсіпорыннң шығынында айқындалады.Бөліністің
классикалық сызбасында түсім – ақша – бұл өнім өткізуден, атқарылған жұмыс
пен көрсетілген қызметтен шаруашылық жүргізуші субъектінің шотына түскен
ақша. Ол өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге жұмсалынған қаражаттарды өтеудің
(орнын толтырудың), орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қорларын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады және өзіндік құнды,
табысты, акциздерді, қосылған құнға салынған салықты қамтиды. Оның дер
кезінде түсіп тұруы қаражаттардың ауыспалы айналымының толассыздығын,
өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ал табыстың уақтылы
түспеуі, өндірістегі бос тұрып қалушылыққа, табыстың төмендеуіне, шарттық
міндеттемелердің бұзылуына , қаржы санкцияларына ұрындырады.
Түсім – ақшаны одан әрі болу негізгі капиталдр мен материалдық емес
активтерді ұдайы өндірістің көзі ретіндегі амортизациялық аударымдарды
қалыптастырумен байланысты. Табыстың қалған бөлігі жалпы табыс немесе
жасалынған құн болып саналады, ол жалақыны төлеуге және шаруашылық
жүргізуші субъектінің таза табысын қалыптастыруға бағытталады. Таза
табыстың бір бөлігі өнімнің өзіндік құнында салықтар мен алымдар,
әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар және басқалары түрінде есепке
алынады. Қалған бөлігі кәсіпорынның табысы болып табылады. Түсім – ақшаның
ауқымы кәсіпорынның, фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған
шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.
Кәсіпорын табысының түрлері:
1) өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
2) үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді,
олардың құнын инфлияцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі
құнының өсімінен түскен табыс;
3) сату операцияларынан тыс табыстар, оның ішінде:
• пайыздар бойынша табыстар;
• дивидендтер;
• роялти;
• қарызды жабудан түскен табыстар;
• негізгі құрал-жабдықтарды сатудан түскен табыстар;
Егер Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде
мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше
көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген
тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны
тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс болып табылады.
Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс:
• тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған кезде;
• мәміле шарттары өзгергенде;
• өткізілген тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) үшін бағалар, өтемдер
өзгерген кезінде;
• теңгемен төлеген кезде өткізілген тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету)
құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.
Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы
бойынша жүргізіледі.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға
жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс.Құн
өсімінен түсетін табыс үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін
сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизациялауға жатпайтын басқа да
активтерді өткізу кезінде құрылады.
Амортизациялауға жатпайтын активтерге:
• жер учаскелері;
• құрылысы аяқталмаған обьектілер;
• орнатылмаған жабдық;
• бағалы қағаздар;
• кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға
қатысу үлесі;
Өсім аталған активтерді сату құны мен олардың баланстық құнының
арасындағы айырма ретінде анықталады. Активтер өткізілген айдың бірінші
күнінде бухгалтерлік баланста көрсетілген құны олардың баланстық құны деп
аталады.
Кесте 1
Кәсіпорынның жалпы активтерінің табыстылық деңгейі
№ Көрсеткіштер Өткен жыл Есепті жыл Ауытқуы (+,–)
1 2 3 4 5
1 Таза табыс 5 040 6 538 +1 498
2 Жалпы активтер (салынған 30 512 37 254 +6 742
капитал)
3 Жалпы активтердің табыстылығы, 16,52 17,55 +1,03
%
Кестеден байқағанымыздай, аталған кәсіпорында жалпы активтердің
табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және
17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның
қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық
деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау,
әлдеқайда маңызды болып келеді.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші
факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі.
Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі
көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және
соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал
сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға
(+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы
активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін
есептейміз: (5040:37254·100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды.
Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы
активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып
отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза
табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке
(17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері өткен жылғы мәнімен
салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын
беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үйлерді, ғимараттарды,
құрылыстарды өткізу кезінде құн өсімі, өткізу құны мен салық есебінде
айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі мыналар:
• борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткізу
құны мен иемденіп алу құны арасындағы оң айырма;
• борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт
амортизациясы және сыйлықақы ескертілген, өткізу құны мен иемденіп алу
құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.
Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; заңды
тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін таза
табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ
құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып
қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым
ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін
табыстар.
Сыйақы - кредиттер үшін, депозиттер бойынша, жинақтаушы
сақтандыру шарттары бойынша, борыштық бағалы қағаздар бойынша
төлемдер - дисконт не купондар жатады.
Бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалған операциялар
бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлiк есепте ұлттық
валютамен жасалған операцияны көрсету нәтижесiнде операция жасалған күн мен
осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады.
Роялти – мынадай құқықтар үшiн төленеді:
• біріншіден, пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта
өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
• екіншіден, авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi,
патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа
да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн;
өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе
пайдалану құқығы үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе
өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн
төленетiн төлем.
Қатысу үлесі - жеке және заңды тұлғалардың бірлесіп құрайтын
ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды қоспағанда,
мүлкімен қатысу үлесі. Ортақ үлестік меншіктен табыстарды мүшелердің
арасында тең үлеспен бөлінеді.Борышкер банктің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде, бұрын
шегерімге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерін
азайтудан түсетін табыстар деп аталады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап
сомасына барабар мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі. Сондай-
ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап
құқығын басқаға қайта беру негізінде және Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту
кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп
танылады.

2.1.Өндіріс рентабельділігі және оның көрсеткіштері
Пайда кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділік көрсеткіші
болғанымен, оның тиімділігін толық көрсете алмайды. Кәсіпорын қызметінің
тиімділігін анықтау үшін нәтижені (пайданы) осы нәтижені қамтамасыз ететін
ресурстармен немесе шығындармен салыстыру керек.
Рентабельділік – өндіріс тиімділігінің ең негізгі сапалы
көрсеткіштерінің бірі, жұмасалынған шығындардың қайтарымдылығын және өнім
өндірісі мен өткізу үрдісінде қолданылған қаражаттың пайдалану дәрежесін
сипаттайды.
Рентабельділіктің бірнеше көрсеткіштері бар:
өнім рентабельділігі барлық сатылған өнім немесе өнімнің жеке түрлері
бойынша есептеледі. Өнім рентебельділігі (Рө) пайданың (П) өнімді өндіру
мен өткізуге кеткен шығындар, яғни өнімнің өзіндік құнына (Ө) қатынасы
арқылы анықталады:
Рr= 100%
(2.1)
• сату рентабельділігі өнімді сатудан түскен пайданың түсімге қатынасы
арқылы табылады. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарды өнімді
сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептен
шығарады; баланстық пайда жөнінде – өнімді сатудан алынған түсім; таза
пайда жөнінде – өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы
пайдалылық көрсеткіштері кәсіпрынның ағымдағы шығындарының тиімділігі
және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
Сату (айналым) рентабельділігі
Рс = Пайдасату көлемі*100%
(2.2)
Сату көлемі маңызды көрсеткіш, ол арқылы фирманың көлемін, өндіріс
мүмкіндігін анықтауға болады. Сату көлемін кәсіпорынның актив
айналымдылығын немесе негізгі капитал айналымдылығын анықтау үшін табады:
Каа = Сату көлеміАктивтің жалпы сомасы
(2.3)
Кнк = Сату көлеміНегізгі капитал
(2.4)
, (2.5)
• Өндіріс (өндірістік қорлар) рентабельділігі кәсіпорынның мүлкі қаншалықты
тиімді қолданылатындығын білдіреді.Өндіріс қорларының рентабельділігі
(пайдалылығы) баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлары мен айналым
өндірістік қорлар өосындысына қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткішті
таза пайда арқылы да есептеуге болады.
(2.6)
Мұнда: О – өнім көлемі;
Б – өнім өлшемінің бағасы;
Қ – өзіндік құн;
Нк – негізгі өндірістік қорлардың құны;
Ак – айналым өндірістік қорлар құны;
Рмк =Пайдаменшікті капитал *100%
(2.7)
мұнда:Рмк – Пайдаменшікті капитал*100%,
• Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс
арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейілінше тиімді ету – шаруашылықты
жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр.
Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес,оны өндіруге қанша еңбек
жұмсалғандығының да маңызы зор.Мәселеннің бұлай қойылуы мынаны аңғартады:
шикізат пен материалдарды жұмсай отырып шикізаттың әрбір өлшемінен неғұрлым
көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп,
кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету
керек.
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі
бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге
болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың
пайдалануын жақсартудың, екіншіден айнымалы өндірістік қорларды неғұрлым
тиімді пайдалудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін
жақсартудың есебінен арттырылады.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты –
еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да
біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын
тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне
сонымен қатар, өнімнің немесе шығарылатын тауарлардың сапасы да едәуір
ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен
сата алады.Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолюттік көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті)
өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс;
салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық
салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан
алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын
таза пайда.
Кәсіпорынның пайдалылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты
жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында
табыстылықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде
талдау жасау қажет.
Пайдалылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
• Пайдалылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау.
• Пайданың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
• Пайдаға әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу.
• Пайданы бөлу бағыттарын, қатынастарын және тенденцияларын зерттеу.
• Пайданың өсу резервтерін анықтау.
• Кәсіпорынның даму перспективасын ескерек отырып, пайданы тиімді пайдалану
жөнінде ұсыныстар жасау.
• Пайдалылық (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың
деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Кесте 2
Өнім рентабельділігі
Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Тоқсан
I II III
Өндірілген өнімдана 1700 2100 1500
саны
Бір өнім бағасытеңге 65 65 65
Бір өнімнің теңге 45 47 48
өзіндік құны
АҚ Қаражанбасмұнай компаниясының үш тоқсандағы өнім рентабельділігін
салыстыратын болсам ең алдымен әрбір тоқсандағы өнім шығару көлемін табуым
керек
1. I тоқсанда: 65*1700=110500 теңге
II тоқсанда: 65*2100=136500 теңге
III тоқсанда: 65*1500=97500теңге
2. I тоқсанда: 45*1700=76500теңге
II тоқсанда: 47*2100=98700теңге
III тоқсанда: 48*1500=72000 теңге
3. I тоқсанда: 110500-76500=34000 теңге
II тоқсанда: 136500-98700=37800 теңге
III тоқсанда: 97500-72000=25500 теңге
4. I тоқсанда: (3400076500)*100%=44,4%
II тоқсанда: (3780098700)*100%=38,3%
ІІІ тоқсанда: (2550072000)*100%=35,4%
Бұдан ең жоғары рентабельділік І тоқсанда болғанын көруге болады.
Енді осы АҚ Қаражанбасмұнай компаниясының
Кесте 3
жалпы пайда, таза пайда және таза табысын есептеп көрсетейін. Ол үшін
төмендегідей мәліметтер берілген:
Көрсеткіштер 1 жыл 2 жыл 3 жыл 4 жыл
Өткізілен өнім көлемі, мың теңге 4100 8500 11000 12000
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың3500 6000 6500 6500
теңге
Оның ішінде амортизация, мың теңге 350 450 450 450
Салық және алымдар, мың теңге 250 450 550 550
Шешуі:
1. Жалпы пайда өткізілген өнім көлемінен өнімнің өзіндік құнын шегеру
арқылы табылады. Сонда:
Бірінші жыл: Пж = 4100-3500=600 мың теңге;
Екінші жыл: Пж = 8500-6000=2500 мың теңге;
Үшінші жыл: Пж = 11000-6500=4500 мың теңге;
Төртінші жыл: Пж = 12000-6500=5500 мың теңге.
2. Таза пайда деп салықта шегергеннен қалған жалпы пайданы айтады:
Бірінші жыл: Пт = 600-250=350 мың теңге;
Екінші жыл: Пт = 2500-450=2050 мың теңге;
Үшінші жыл: Пт = 4500-550=3950 мың теңге;
Төртінші жыл: Пт = 5500-550=4950 мың теңге.
3. Таза табыс таза пайда мен амортизация қосындысынан тұрады:
Бірінші жыл:Тт = 350 + 350=700 мың теңге;
Екінші жыл: Тт = 2050 + 450=2500 мын теңге;
Үшінші жыл:Тт = 3950 + 450=4400 мың теңге;
Төртінші жыл:Тт = 4950 + 450=5400 мың теңге.
2. Өндірістің рентабельділігі және оны арттыру.
Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең
маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі
бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін
рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.
Өндірістің рентабельділігі – өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде
мұнай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz