БАҚ-ның СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ РӨЛІ
СОЦИОЛОГИЯ
Қарабек Нұргүл Файзуллақызы
(Түркістан, Қазақстан)
БАҚ-ның СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ РӨЛІ
Кез келген демократиялық қоғамның даму деңгейі оның бұқаралық ақпарат құралдарына деген көзқарасымен де, мемлекет пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынас жүйесімен де анықталатыны белгілі. Жариялылықты өмірде жүзеге асыруға, оны тереңдетіп дамытуға БАҚ-тың рөлі зор. Ол үшін нағыз шындық халыққа дер кезінде дəл сол болмысымен жетіп тұруға тиіс. Сонда ғана қалың бұқара белгілі билік орындарының, лауазымды тұлғалардың қызметін бақылай алады. Дəл осындай бақылау күшейсе, оны БАҚ қамтамасыз ете алса, онда елде сыбайлас жемқорлыққа айтарлықтай тосқауыл қойылады. Журналистің міндеті - халықаралық қатынас барысында жəне ақпарат саласында демократияландыруға ықпал ету. Əсіресе мелекеттер мен халықтар арасындағы бейбіт жəне достық қарым-қатынастардың нығаюына көмектесу болмақ [1, б.17].
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі БАҚ-ның негізгі рөлі - журналистік зерттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың пайда болып дамуына негіз қалайтын құпия тетіктер пен фактілерді жұртшылыққа жариялау, сол арқылы оның түбі ашылмай қалмайтындығына қоғамды сендіру. Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүгізу үшін БАҚ тәуелсіз болуы және шын мәнінде төртінші билік тармағына айналуы қажет.
БАҚ-ның ерекше міндеті - әрбір адамның өз ой пікірін еркін білдіру құқығы мен толық және шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету.
Журналистер әр түрлі ой пікірлерге қарамастан адамдардың әлеуметтік маңызы зор толық және шынайы ақпарат алу құқығын жүзеге асыруына ат салысуы қажет.
БАҚ қызметкерлері атқаратын кәсіби қызметтерінің нәтижесі тек елдің заңнамасына ғана емес, сонымен қатар адамдардың адамгершілігі, ақыл-ойы мен денсаулығына залал келтіретін ақпараттар таратуға шек қоятын журналистік этика ережелеріне де тәуелді. Журналистер сөз бостандығы мен тәуелсіз ой-пікірді жариялауға міндетті.
Баспасөз бостандығы бүкіл халықтікі, сондықтанда қоғамдық маңызы бар қандай да бір ақпараттарды жариялау әлдебір саяси, коммерциялық т.б жекелеген топтардың ықпалына түспеуі қажет. БАҚ олардың ішкі редакциялық іс-әрекеттері ықпал етілмейтіндей қалыпта жариялауға кепілдік берілуі керек. Журналистер өз жұмысында тек өзі қызмет ететін БАҚ аудиториясының ғана мүддесін білдіруі тиіс. Жалған ақпарат тарату ақпаратты әдейі бүркемелеу арқылы ақша табу кәсіби қылмыс ретінде қаралуы тиіс. Журналистік қызмет жасырын, жалған ақпаратпен сыйыспайды.
БАҚ жұмысы тиімділігінің өлшемі - өзінің экономикалық іс-қимыл қорытындылары мен танымалдылығы және сол БАҚ-ына қатысты оқырмандардың сенімі.
Еліміздің егемендіктен кейін қол жеткізілген елеулі жетістігі - жариялылық. Алайда бұрынғы идеологиялық тәуелділіктің орнын экономикалық тәуелділік басты. Кімдер ақша төлесе - БАҚ беттері мен эфирде солар музыкалатты. Бұл құралды қалталылар тиімді пайдаланып келеді.
Десек те, заң бойынша бәрі басқаша болуы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңында тап осылай бапталған. БАҚ құрылтайшылары қаржыландыру көздерін ашық көрсетуі тиіс. Жариялылық болуы керек немесе ұлттық қауіпсіздікке зиян шектірердігі анық. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық мәселелері көбіне көп шетелдік БАҚ-ның хабарламаларында көп жазылып, айтылып келеді. Жергілікті БАҚ жоғарыдан тапсырма болмаса, бұл тақырыпты қозғалай бермейді. Өйткені, ондай материалдарды ішкі цензура (редакциялық билік) жариялауға қарсы тұрады. Тек интернет жүйесінде ғана ондай өткір - сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар сиректе болса бой көрсетіп тұрады [1, б.16].
Мемлекеттік мекемелердегі шенеуніктер БАҚ-пен байланыс жасаудан қашқақтайды.
БАҚ-ның өз басына жетерлік проблемалары бар. Журналистер де азаматтық коғамның мүшелері. Күнделікті өмірде қоғамның өзге мүшелері секілді оларда сыбайлас жемқорлықтың түрлі жолдарымен кездесіп отырады. Өзге адамдар сияқты оларда өзінің жеке проблемасын шешу үшін біреуге пара беруге, не болмаса пара алуға мәжбүр болатын жайттарда кездеседі.
Батыстық түсінік бойынша БАҚ тек оқырманға ғана тәуелді. Ерекше жайттар мен жақсы жаңалықтарды БАҚ-ның өзі сатып алуға дайын жүреді. Сондықтан жақсы жаңалықтар табу үшін журналистердің өзі сізге қызығушылық білдіруі мен сіз туралы жазуы - батыстық пиардың негізін құраушы ерекшеліктер болып табылады.
Ресей медиа-нарықтарын зерттеушілердің пікірінше БАҚ ақшаны өзі алмайды, жанында клиенттермен келіссөз жүргізіп алатын тәуілсіз пиарлық агенттіктер ұстайды. Қалғандары мүмкіндігінше жұмыс істей береді, бірақ барлығына ортақ ереже бір: көшедегі адамнан ешкім ақша алмайды. Егер сіздің өз байланыстарыныңыз жоқ болса, онда үстінен қосымша табыс түсіретін қосымша делдал іздеуге тура келеді. Қазақстандағы жағдай көп ретте Ресейдегі жағдаймен ұқсас және саяси процестердің дамуымен бірге оның жолдары да жетілдіріле түсуде.
БАҚ өкілдері арасында жемқорлық іс-әрекеттердің пайда болуына себеп болған жайттардың бірі - журналистің қарапайым күнкөріс көзін қанағаттандыра алмайтын төменгі табысы. Жұмыс істеуге жағдай жасалмауы, төменгі жалақы БАҚ-дағы жемқорлықтың басты себептері болып табылады.
Журналистік этика тек моральдық-адамгершілік мәселелеріне ғана емес кәсіби қызметке де тікелей қатысты. Барлық журналистік этика кодекстеріне ортақ проблемалардың бірі - кодекстің заңдық күші болмайтындығында, сондықтанда көптеген журналистер кодекс қағидаларын орындауды міндетті деп есептемейді.
Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте - жариялылықтың маңызы зор. Мұны әрине тек қана бұқаралық ақпарат құралдары ғана істейді. Ендеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы БАҚ-на артылар жүкте осал емес. Алайда, жемқорлық тақырыбына қалам тартатын журналистің тіршілігі де адам қызығарлық емес. Алдымен еш жерден толымды ақпарат ала алмай бір шаршайды. Екіншіден, тілшіге тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Ол билік өкілі емес. Сондықтан мазаны алып тықақтай беретін журналистен мың сылтау тауып құтыла салады. Ал, тіпті қаламына бірдеңе ілініп, сын мақала жазған күнде де оған назар аударып, құлақ қойып жатқан да жан табыла қоймайды. Мүмкін газет материалдарына жүрдім-бардым қарауына өзімізде кінәлі шығармыз. Керек уақытында табандылық пен талап етушілік жағынан кемшін тұстары тағы бар [1, б.18].
Сыбайлас жемқорлықты жоюға септігін тигізетін тағы бір жол - қолында билігі бар жандардың барлығында өз табысын жария етуге мәжбүрлеу. Олар өздерінің табысын халықтан жасырмау. Бұл бағытта да БАҚ-ның рөлі зор. Тек оны анықтап, жариялату қиынның қиыны. Басқаша айтқанда, жергілікті БАҚ жергілікті билікке тәуелді.
Десек те, БАҚ шамашарқы жеткенше дабыл қағып қалуда. Мысалы, Қазақстанда базарлардың жаппай өртенуі БАҚ-да тарқатыла жазылды. Сондықтан, қайсы бір облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі биліктегілер тарапынан сыбайлас жемқорлық торын құрып, мемлекет қаржысын талан-таражға салынғандылығы әшкереленді.
Парламент сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиевтің Егемен Қазақстан газетінде Тоғышар санаға сілкініс керек атты мақаласы жарияланған болатын. Мақалада БАҚ-ның, жұртшылықтың және Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен күресінің негізгі бағыттары нені айқындауы керектігі туралы өте тартымды айтылған. Нұр Отан партияның 2015-2025 жылдар аралығында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz