Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы
Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы. Балбөбек бағдарламасының мазмұны, мәні
1995 жылы республика мектепке дейінгі ұйымдарына арналған төл туынды Балбөбек бағдарламасы дайындалып, 1996 жылдан бастап жаппай тәжірбиеге енгізілді. Бағдарлама темендегідей ұстанымдарға негізделеді:
-адам түлғасы дамуының маңызды кезеңі ретіндегі мектепке дейінгі балалыктың өзіндік кұндылығын сактау;
-бала тұлғасын калыптастыру мен дамытуда олардың жетекші әрекеттерін негізге алу;
-тәрбиелеу, окыту және дамытудың өзара байланыстылығын сактау балалардың дене, ақыл -ой, сезім, тілдік, көркемдік, адамгершілік, еңбек тәрбиесіне жағдай туғызып, дамытуды камтамасыз ету;
-педагогикалық ыкпалдың тиімділігін арттыру, бала мен тәрбиешінің уақытын үнемдеу мақсатында балалардың алуан түрлі іс-әрекетін кіріктіру. Бұл балаларда заттар мен кұбылыстар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділік туралы тусінік, коршаған әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға ыкпал етеді, жетекші әрекет -- ойынға және өз бетімен шығармашылыкка уақыт береді.
-оқыту мен тәрбиенің үзіліссіздігін, бір топ пен екінші топ арасындағы сабақтастықты сақтау үшін, балаларға игерту көзделетін карапайым білім негіздерінің біртіндеп кеңейтілуі;
Бағдарламаның басты ерекшелігі:
- әр жас кезеңіне сәйкес бала игеруге тиісті білім, іскерлік пен дағдылардың бағдарламалық мазмұны. Тіл - халық казынасы, Ойна да ойлан, Әуенді қимыл-қозғалыс, Өнер көзі -- халықта, Имандылық-инабаттылық деген атаулармен блоктарға топтастырылып беріледі;
-бағдарламалық мазмұнды іске асыру үшін Отбасы, бала-бакша, ойыншықтар, Жыл мезгілдері, Қазақстан - республикам менің, Жануарлар дүниесі деген ірі тақырыптар ұсынып, олардың міндетттері көрсетіледі;
-осы міндеттерді жүзеге асыру үшін балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін бір - бірімен кіріктіре отырып, кешенді формада ұйымдастыру ұсынылды;
-жоғарьда көрсетілген тақырыптарға орай, аптаның бір күні тәрбиелеу мен білім берудің арнайы бір блогына баса көңіл бөлініп, қалған тәрбие түрлері алғашқымен сабақтас, кіріктіріле жүргізіледі, білім - білік дағдыларды меңгерту, іс - әрекеттің алуан түрлерімен алмастырылып үзіліссіз , біртұтас процесс түрінде жүзеге асады. Мысалы, дүйсенбіде өткізілетін Тіл - халық қазынасы блогында негізгі көңіл баланың тілін дамытуға, сөздік корын байытуға, байланыстырып сөйлеуге үйретуге аударылып басқа іс-әрекет түрлерінің (сурет салу, қимыл-козғалыс жасау, математика жэне т.б) элементтері оны толтырып, бекітуге кызмет етеді;
-серуенге шыққанға дейін жеке және шағын топпен арнайы жұмыстар жүргізіліп, қайталап, жаттықтыру арқылы тәрбиелеу мен білім беру мазмұны тиянақталады;
-мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін адамгершілік тәрбиесінің мазмұны халықтық педагогикаға негізінде, ұлттық құндылықтармен байытылып, Имандылық, инабаттылық деген атаумен өз алдына блок ретінде беріледі онда балаларды ұлттық рухани құндылықтар және материалдық мұралармен қауыштыру негізінде әлеуметтендіру мәселесі, маңызды өмірлік дағдыларды калыптастыру көзделеді.
Бала тәрбиесі негізгі отбасында қаланатындықтан, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпактан ұрпаққа мирас болып келе жатқан отбасылық бала тәрбиесі дәстүрлерін фольклорлық мұраларын бала - бақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Халық даналығынан туындаған нақыл, әңгіме, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар баланың ой өрісін тілін дамытып, дүниетанымын жетілдіруге ықпал етуі сөзсіз. Балаға бұл рухани мұраларды игерту белгілі бір жүйеде, олардың жас ерекшелігіне сай, түсінігіне лайықты, баска тәрбие жұмыстарымен сабақтас берілуі тиіс. Соған орай, бұл блокта Адамдық -- асыл мұрат, Жер байлығы - ел байлығы, Еңбек түбі - зейнет, Ақ боз үй, Ақ дастархан, Балалар өмірі ұрпақтарға өнеге тақырыптары ұсынылды. Мұнда көзделген мәселе - баланың сәбилік шағынан бастап имандылық, инабаттылыққа жататын жағымды мінез -- күлык ережелерінің қарапайым, негіздері - тазалык, әдептілік, ізеттілік, кішіпейілділік, жомарттық, мейірімдік, еңбек сүйгіштік қасиеттеріне баулып, бойларына сіңіру. Туған еліне, жеріне сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, ұлттық құндылықтарды, мұраларды мақтаныш тұту сезіміне, басқа халықтарға бауырластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Бағдарламада жоғарыда аталған тақырыптар бойынша балалардың жас ерекшелігіне орай көркем шығармалар шамамен іріктеліп, ұсыньлды. Балалардың жасына лайықты көркем шығармаларды окып беру, оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетіп айтқызу, мақал - мәтел оқу, жұмбақ жасыру сияқты нәрселер өте маңызды.
Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде бұл шығармаларды балаларға оқып береді, әңгімелеп беріп, мазмұнын өздеріне айтқызады. Жаттауға ұсынылған шығармаларды оқып түсіндіріп, жаттау арқылы қабылдау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көркем шығармалармен таныстыру арнайы сабақтармен қоса тіл дамытуға берілген сағаттар есебінен де іске асырылады, ал жұмбақ шешуге мақал-мәтел, жаңылтпаш оқу жұмыстары әр сабақтың мазмұнына, мақсатына қарай таңдап алынып сабақ жоспарларында көрсетіледі. Түрлі заттармен іс-әрекетке байланысты тәрбиеші балаларға өздігінен жұмбақ құратып айтқызады. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, тәрбиеші балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін ширатып көркем сөз өнерін сүйе білуге баулиды, адамгершілікке тәрбиелейді.
Балаларға жеке шығармаларды оқып, тыңдата отырып, оларды кітаптарды өз бетімен танып, таңдап, сүйіп оқуға үйренуін іске асыру керек. Ол үшін балаларға арналған суретті кітапшаларды Жыл он екі ай , Біздің кітап, Сен білесің бе?, Балақай жинақтарды
Балдырған, Айгөлек, Мөлдір бұлақ, т.б журналдарын пайдаланған тиімді. Кітапты сүю, күтіп таза ұстау, оны топтағы, үйдегі кітап бұрышында сақтау ретімен жинастыра, түптей білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Бағдарламада мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекеті-ойын түрлерін арнайы ұйымдастырылған сабақтар барысында кеңінен қолдану, сондай-ақ күні бойы басқа уакыттарда алуан түрлі ойындар ұйымдастыруға, өз бетімен ойнауына жағдай туғызу қажеттігі баса көрсетілді. Себебі, ойын барысында баланың дене және рухани жан дүниесі, акыл-есі, ой-қиялы дамиды, тұлғалық бейнесі калыптасады. Ойын баланың қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілі, яғни, ол өзгелердің пікірімен санасуға, ортак тіл табысуға, шешім қабылдауға т.б. көптеген әлеуметтік, өмірлік дағдыларға осы ойын арқылы қол жеткізеді.
Бағдарламада бала құқығын қорғау мәселесі бойынша баланың еркімен санасу, онын талап тілегіне, жеке дара ерекшелігіне назар аударып, бағыт беріп отыру, дербес әрекетін дамыту, жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері көзделген білім мазмұнының астарына салынды.
Бағдарлама республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағытын айқындайтын мемлекеттік құжат болып табылатындықтан, әрбір тәрбиеші бағдарламаның мазмұнын жан-жақты терең түсініп онымен жұмыс істеуге даяр болуы тиіс. Сәбилердің бірінші және екінші топтарында жүргізілетін бағдарламалар:
Тіл дамыту, айналамен таныстыру. Тақырып жайында ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын байыту. Үй ішіндегі адамдардың атын атап айтуға үйрету: әке, шеше, ата, апа сөздерін тиянақтай, толықтыра меңгерту. Кім не істейді? Қайда? Қандай? сұрақтарына жауап беруді үйрету. Диалог түрінде сөйлесе білуін жетілдіру. Өзі отбасы мүшелері туралы Біздің үй ішіміз, Бұл мен, Менің әкем, Әжеме көмектесемін, Менің атам, Отбасындағы мереке т.б. тақырыптарына суреттер көрсетіп, әңгімелесу, 3-4 сөйлемдік әңгіме құрастыру. Тәрбиешінің сұрақ, тапсырмаларын тыңдап, дұрыс орындауға сөйлем түрінде толық жауап беруге жаттықтыру.
Үй ішіне киетін, күзгі киімдер, оларды кім әпергені туралы әңгімелесу (көйлек, бешпет, камзол, тақия т.б). Апасы, атасы не киетінін (ұзын көйлек, камзол, мәсі, кебіс, атасы-шапан, тақия, тымак, етік т.б) олардан сұрап, әңгімелесе отырып түсіндіру. Дидактикалық ойын жаттығулар орындату
Әдеби шығармалар.
Оқып түсіндіру: Әке мен бала және ескі құмыра ертегісі, Ж.Қуанышбекова Сыйлық,, Ә.Қонарбаев Балақан, Ә.Табылдиев Дәу әже, Ә.Дүйсенбиев Менің әжем, К.Чилашвили Қайырымды бала, Л.Оразақынқызы Ұялып тұрмын, Ә.Шыныбатыров Бала мен мұз .
Жаттату: Ж.Смақов Ақ мамам, Ш.Смақанұлы Нәйім-нәйім бауырсақ, Досым менің, С.Мәуленов Ата ақылы, Т.Бейсенбеков Әжем, Ж.Смақов Сылдырмақ.
Әдеби шығармалар. Оқып тусіндіру - К.Ушинский Кежек пен кірпі, О.Бегалин Қаз бен балапандары, Қазым, қазым, қанқылда, Б.Данабеков Бұзау, С.Сауытбеков Лақтың кеңесі, К.Оразбекұлы Кім ойнайды? Тышқан балапандары, мысық балалары, күшік, тай, қүлын. Торғай
мен түлкі
Жаттату. Ұ.Есдәулетов "Құлын", ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz