М.Балақаев қазақ ғалымы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. М. Балақаев қазақ ғалымы
  2. М. Балақаевтың ғылыми еңбектері
  3. М. Балақаевтың шығармалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мәулен Балақайұлы Балақаев (1907 жылғы қазанның 7-сінде Түркістанның маңындағы Шаға ауылы - 1995жылғы қарашаның 15-і, Түркістан қаласы) - қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1952), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңерген ғылыми қайраткері (1963) .

Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1933) . 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы журналистика институтының кафедра меңгерушісі (1937-41), Шет тілдері институтының директоры (1941-42) . Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде кеңесші-референт (1943-1945), Мемлекеттік терминология комиссиясының ғалым-хатшысы (1946-63), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1952-75), ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ғылым Академиясында (1945-59, 1975-87) бөлім меңгерушісі, ғылым кеңесші (1987-95) болды. Балақайұлытың ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен моногр. зерттеулердің авторы. Балақайұлытың «Жай сөйлем синтаксисі» деген доктор диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы - синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» дегенмонографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» деген монографиясы үшін Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағы берілді.

М. Балақаев қазақ ғалымы

Мәулен Балақаев филология ғылымының докторы, профессор. ҚазССР ҒА-ның корреспондент-мүшесі. ҚазКСР- нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Балақаев Мәулен 1933 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірді. 1934- 37 жылдары Ленинградта аспирантурада оқып жүріп, шығыс тілдері институтының жанындағы редакторлар мен аудармашылар дайындайтын бөлімде қазақ тілінен сабақ берді. 1937-41 жылдары Алматыдағы журналистика институтында кафедра меңгерушісі, шетел тілдері институтының директоры болды. Ұлы Отан соғысынан оралған соң, 1945 жылдан бері Қазақтың С. М. Киров атындағы университетінде “қазақ тілі” кафедрасының меңгерушісі және ҚазКСР ҒА-ның Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі болып істеді. 1946-63 жылдары ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының ғылыми хатшысы. Балақаев мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оку құралдарының, бірнеше монографиялық зерттеулердің авторы. Үлкендер мектебіне лайықтап ана тілі грамматикасын жазушылардың бірі. Бастауыш сыныптарға арнап жазған “Қазақтілі” кітабы 1931 жылдан бері тұрақты оқулыққа айналды. Орта мектептің 6-7 сыныптарына арналған “Қазақ тілі грамматикасы” үшін Балақаевқа ҚазКСР оку министрлігінің сыйлығы берілді. Қазақ тілінің жоғары оқу орнына арналған алғашқы ғылыми грамматикасын жасауда Балақаев негізгі авторлардың бірі болды.

1929 жылы Шымкенттегі педагогтық техникумды бітірді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында аудандық білім беру бөлімінде инспектор, кейін соның жетекшісі болып қызмет атқарды.

1931 жылы Алматыдағы Қазақ педагогтық институтына түсті. Студент кезінде-ақ сол институтта қазақ тілінен сабақ беріп, жаңа термин сөздерді жасап шығаруға, қазақ мектептеріне арналған оқулықтар және оқу құралдарын жазуға атсалысып жүрді.

1934 жылдан бастап алдымен Ленинград мемлекеттік тарих, пәлсапа, әдебиет және тілтану мемлекет институтының, сосын Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқи бастады. Ленинград Шығыс институтының редакторлар мен аудармашылар курстарында қазақ тілінен сонымен қатар сабақ беріп жүрді. Аспирантураны тәмамдаған соң Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарында жұмыс істеді; Коммунистік журналистика институтында кафедра меңгерушісі, Алматы шет тілдері институтының директоры қызметтерін атқарды.

1942 жылы «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1942-1943 жылдары Қызыл Әскердің қатарында қызмет атқарды. ҚазКСР Министрлер кеңесінің аппаратында референт және кеңесші болып жұмыс істеді, С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде сабақ берді.

1945 жылдан бастап ҚазКСР Ғылымдар Академиясында тұрақты еңбек ете бастады, қазіргі қазақ тілі бөлімін, 1959жылдан ҚазКСР Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімін басқарды.

1950 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1951 жылы оған филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді, 1952 жылдан бастап профессор.

1958 жылы Қазақ КСР Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Балақаев зерттеулерінің аясы кең. Ол сөз тіркесін синтаксистің дербес саласы ретінде монографиялық көлемде алғаш рет зерттеген түрколог ғылым, “Қазақ тілі сөз тіркесінің негізгі типтері” атты еңбегі - отандық түркологияда сөз тіркесі туралы арнайы жазылған тұңғыш монография. Балақаев қазақ әдебиетінің тарихы, стилистикалық тіл мәдениетін т. б. бірталай теориялық проблемаларды зерттеу нәтижесінде жоғары оқу орындарына арналған оқулық пен оқу құралдарына басшылық етті, әрі негізгі автор ретінде бірге жазысты. Ол қазақтың ұлттық терминологиясын қалыптастыруда, алфавиті мен орфографиясын ғылыми жүйеге түсіруде сөздіктер құрастыруда, методика мәселесінде белгілі маман. Мәулен Балақаев Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдарымен наградталды.

Ғылыми еңбектері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Көркем шығарма атауларындағы сөздер тіркесімі
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Фразеологиялық тізбек және оған ұқсас бірліктер
Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі
Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz