Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1) Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі.
2) Баланың белсенді қозғалыс жүйесі.
3) Баланың қимыл-қозғалыстарының дамуы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Балалар мен жасөспірімдердің дамуында қозғалыстың маңызы зор. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпты ұстау,теңдікті ұстау қабілеттері адамның сүйек - ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық етттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек - ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйе зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды.
Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.
Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл қозғалысқа ет пен сүйектен басқа тірек - қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Адам қаңқасының негізі - сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдардың айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын ала орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады, мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі - диафизінде. Кемік сүйекте остеондар айқыш - ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады. Жілік сүйектерінің майы және қуыстары болады. Жілік майының каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер өніп дамиды. Ересек адамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар көбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.
Сүйек қабығының қан тамырлары мен нервтер бар. Сү йектің 13 бөлігі органикалық және 23 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдргенде оссеин жанады да, бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі жатады.
Омыртқа жотасы-бүкіл дененің тірегі. Ол бір - бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек, немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының каналын құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 артқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
Бірінші мойын омыртқасы - атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады.
Екінші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағындағы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағындағы буын беті арқылы үшінші мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы төртінші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек омыртқаларының ерекшелігі - денесінің алдыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. Бірінші көкірек омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында- жартылай буын ойысы бар. Ал оныншы омыртқаның үстііңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. 11-12 омыртқалары бір-бірден ғана буын ойыстары бар.
Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы бесінші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында құлақша тәрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның төртінші бесінші құйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мұны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек 1-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған көлденең өсінділері бар.
Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздердің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы, лордозы, кифозы т.б. өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12мсек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.
Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның (14) бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.
1-ші құйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан арасында аздаған кеңістік болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді болады.
Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды. Ең ұзын сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек және бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздң жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір байламдары көршілес ек омыртқа доғаларын, арқа және көлденең өсінділері сегіз көзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар мен омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында денені серпімді етіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл қозғалыстарын тудырады.
Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қабырға және төс сүйектері жатады. Адам денесінде 12 қос қабырға бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның басы, мойыны, денесі болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы 7 қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, 8-9-10- қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғылармен жалғасады, ал 9-10 жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы 1-7 - жұп қабырғаларды шын, олардан кейінгі 7-10-жұп қабырғаларды жалған, ал соңғы 9-12-жұп қабырғаларды бос қабырғалар деп атайды.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2 айлығында 6-7 қабырғалары басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады. 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.
Төс сүйегі - жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.
Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында мойындырық, екі жағында бұғана, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.
1-ші қабырға ойындысы төс тұтқасы мен денесінің қосылған жерінде басталып, 7-қабырға ойындысы төс денесі мен семсершесінің қосылатын жерінде болады.
Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Омыртқа сүйектері мен 12 қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін.
1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектердің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға мүмкіншілік алады.
Ауыр жұмыстың әсерінен дене шынықиыруға байланысты көкірек қуысының көлемі кішірейеді.
Партада отыру ережесін дұры орындамай, үстелдің шетіне ұзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.
Иық және жамбас безеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері. Жауырын -- жалпақ қос сүйек, омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғанған. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құ тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.
Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.
Қол жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады.
Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды.
Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.
Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бой жеткендерде сәл ерте қатады.
Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. Ең алдымен 3-ші, ең соңында 1-ші және 5-ші сүйектері қатады.
Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған. Жамбас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Тірек - қимыл жүйесінің дамуы
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Жоғары жүйке жүйесінің маңызы
Жүйке жүйесінің құрылысы
Көкірек қуысының сүйектері
Қаңқа мен сүйек
Пәндер