БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ КҮТІМІ


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті
Асқамбай К., Кемелбеков Қ. С., Хатамов Ф. Д.
БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ ЖӘНЕ
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ КҮТІМІ
Шымкент 2013
ББК 57. 333. 73
УДК 378 (075. 8) : 616 - 053. 2
А 11
Рецензенттері:
Асқамбай К., Кемелбеков Қ. С., Хатамов Ф. Д
А 11.
"Балалар аурулары пропедевтикасы және балалардың жалпы күтімі"
Шымкент: 2013 ж. 356 бет иллюстрациясымен. ISBN 9968-616-02-7
Оқулық педиатрия ілімінің қазіргі деңгейінде жазылған, мұнда сау балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, тексеру әдістері, аурудың симптомдары, синдромдары және семиотикалық ерекшеліктері көрсетілген. Зат алмасу, иммунитет ерекшеліктері, сау балаларды тамақтандыру жеке тараулармен берілген. Сонымен қатар жүйе бойынша ауруы бар балалардың жалпы күтімі толығымен қамтылған
Жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне, ғылыми қызметкерлерге арналған.
ББК 57. 339. 73
© Асқамбай К.
Кіріспе.
Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымының 1948 жылғы Жарлығында "Денсаулық - бұл аурудың немесе ақаудың болмауы ғана емес, ол толық физикалық, рухани және әлеуметтік амандық-саулық" делінген.
Педиатрия (грекше раіs (раidos) -бала, іаtria-емдеу) балалардың өсіп-даму заңдылығын, олардың ауруларының себептерін, пайда болу және емдеу жолдарын қарастырады. Педиатрия ілімі негізінен екі "негізгі бөліктен тұрады. Ең бірінші бөлігінің маңыздылығы-баланың өсіп-даму кезеңін қорғау. Сондықтан кейбір зерттеушілер бұл пәнді "өсіп-даму педиатриясы" деп атайды. Педиатрияның екінші бөлігі - ол «емдеу педиатриясы». Педиатрия - зор еңбектену, өз-өзінің мейірбандығыңды өмір-бақи тексеру, сыннан өткізу. Бүгінгі және ертеңгі таңдағы жас түлектердің өмір талабына сай-физикалық, моральдық өсіп-жетілуі жергілікті педиатрларға да тән екенін ұмытпау! . . . Сондықтан көп медиктердің ішінде, педиатрлардың Отан алдында, өз халқының алдында міндеті жоғары екенін ұмытпау! . . .
Балалар ауруларының пропедевтикасын меңгеру үшін, баланың жасына анатомиялық, физиологиялық ерекшіліктерін кеңінен түсінген жөн, сонда ғана балаға қажет жағдайларды ұйымдастыруға болады.
Балалар ауруларының пропедевтикасы балалар ауруларының семиотикасын тексерумен қатар оқытылады. Балалар ауруларына сипаттама беру, балаларды күтіп-тәрбиелеу туралы мәліметтер көне заманнан белгілі. Оған ІV ғасырда жарық көрген медицина ілімінің атасы атанған Гиппократ еңбектері дәлел. Педиатрияның өз алдына пән болуы, балаларға арнайы аурухана салынып, балалар дәрігерін дайындау бәрі кейінгі дәуірде болған жетістіктер. Ресейдің өзінде педиатрия кафедрасы 1865 жылы ғана ашылған. Ресейде педиатрия ілімі Мәскеу мен Петербургта қатар дамыды. Мәскеу мектебінің бірінші ірге тасын қалаушы болып көрнекті педиатр Н. Ф. Филатов саналса, Петербургте педиатрларды өз қасына жинай білген және педиатрия ілімін бұл мектепте жолға қойған Н. П. Гундобин. Н. Ф. Филатовтың ісін алға қойып біздің ғасырға жеткізген шәкірті, академик Г. Н. Сперанский, ал Н. П. Гундобиннің мектебін біздің уақытқа дейін алып келген шәкірті деп атақты білімгер М. С. Масловты атауға болар еді. Ресей мектебін баса айтып отырғанымыз қазіргі күнде Қазақстан елінде педиатрия өкілдері бірқатар өсіп-жетілген деңгейде. Оған осы аталған Ресей мектебінің екеуінің де ықпалы жоғары. Мәскеудегі педиатрия мектебі Педиатрия институтында шоғырланған. Қазақстанда Педиатрия институтының көп мамандары бар, олардың ішіндегі Республика мақтанышы саналатын академик К. С. Ормантаев, профессорлар медицина ғылымдарының докторлары Б. Х. Хабижанов, А. Б. Қанатбаева, Р. Б. Базарбекова, К. О. Омарова,
Б. Ж. Тастанбеков, М. Б. Дауранов, З. Х. Мажитова, Е. Г. Дадамбаев. Б. Б. Қожанов және т. б. Ресейдің педиатрия мектебінің түлектері академик К. С. Ормантаевтың алдыңғы шәкірттері-медицина ғылымының докторы, профессорлар Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаттары К. Қ. Қожанов, А. К. Қарабеков, Т. А. Жумабеков, А. Е. Ерекешов және т. б. К. С. Ормантаевтың шәкірті ғалым Қ. А Мажибаев қазақтың педиатрия және хирургия ғылыми-зерттеу орталығын басқарып отыр. Көп профессорлар Ресейдің мектебінде оқып-жетілген. Олар С. Ешмұхамбеттегі, Ж. Б. Испаева, Ш. Н. Хұсайнова және осы кітаптың авторларының екеуі де Петербург мектебінде оқып-жетілген.
Қазақстан Педиатрия мектебін қалаушыларының қатарына қазақтың өте қадірменді қыздарының бірі А. Б. Бисенова десек артық болмас. Себебі, еңбек етіп жүрген қазақ медицина кадрларын тәрбиелеуде ол кісінің еңбегі орасан! Қазақ елінде педиатр кадрларын дайындауда профессорлар Г. Н. Никонова, Л. Я. Давидовский, В. А. Лебедева, Н. П. Ярочкина өте жоғары орын алады.
Оқулық алғашқылар қатарындағы қазақ тілінде жазылған еңбектерге жатады. Жөн айтылған пікірлердің бәріне алдын-ала ризашылық білдіреміз.
Авторлар
1 тарау
ПЕДИАТРИЯДАҒЫ ДЕОНТОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ
Медициналық деонтология (гректің deon, deontos - керек, қажет +lоgos - ілім) - медицина қызметкерлерінің өздерінің кәсіби міндеттерін орындауда, сол сияқты өзінің мінез-құлық принциптерінің ауру немесе сау адамдарды кәсіби көру кезіндегі психологиялық қарым-қатынастарының, этикалық нормалар жиынтығы.
Медициналық этика (гректің etһаs -әдет, мінез) денсаулық саласындағы қызметкерлердің күнделікті жұмысындағы қоғамның және әрбір адамның қажетін қанағаттандыруға, денсаулығын сақтап, қатайтып, ол ауырғаңда қалпына келтіруге, бағытталған философиялық ұғымның, мораль, адамгершілік сияқты идеологиялық түрі.
Дәрігер мен аурулар арасындағы деонтологиялық, этикалық нормалардың ережелерінің желісі әріректе тереңгі дінімізге, мұсылман-гершілігімізге негізделес болып келеді.
Деонтология - бір ғана дәрігерге немесе бір медбикеге қатысты емес, ол бүкіл ұжымды, бөлімді, емхананы немесе ақ халатты абзал жандардың барлығына байланысты. Ауруды көріп емдегенде медицинада "майда", "керек емес"-деген сөз болмайды. Деонтология, дәрігерді, адамға тек ауру деп қана қарамай, оған тән барлық мораль, намыс, ұят, ар, қуаныш, қорқыныш, қобалжу сияқты қасиеттері бар объект ретінде қарауды керек етеді. Нағыз дәрігердің өткір көзін, емдік сөзімен жүрегін ауыстыратын жер жүзіңде ешқандай аппарат жоқ және болмақ та емес. Қазіргі ауруды тексеретін көптеген аппараттар дәрігерді аурудан алыстатпау керек. Осы сияқты жағдайлар текке ғана педиятрияға байланысты емес, дәрігер атты барлық қауымға тән.
Балалар өз ауруларының қаншалықты қауіпті екенін білмейді. Ауру бала ем-домды алдағы тұрған аса бір қорқынышты сезім деп түсінеді, әсіресе егу, дері ішу, қасындағы ата-анасының туғандарының болмауы. Сондықтан педиатрлар балаға ауруын түсіндірмес бұрын алдымен ата-анаға, одан кейін барып балаға ұғымды түрде айту керек. Балаға ауыратын процедураны "ауырмайды "деп алдау өте қате, оған қалай шыдау керек екенін түсіндірсе, бұл процедураны бала жеңілірек, ауырсынбай көтереді. Әрине, бұл жағдайда бала өскен жанұяның, тәрбиенің мәні өте зор. Кейбір жанұяда бала айтқанды тыңдамаса оны дәрігермен, ақ халатпен, уколмен, операциямен қорқытады. Бұл өте теріс тәрбие, өйткені алдымызда бізге, әсіресе балаға тағдырдың не дайындап тұрғанын ешкім болжап білмейді. Ал, күні бұрын дәрігерді құбыжық етіп елестетіп өскен бала, ақ халатты көргендегі қорқынышының өзі, тәнінің ауырғанында да қатты батады. Ауру бала түгілі, үлкеннің өзі ауырған кезде қомқорлықты, аяушылықты, жаны ашығандықты қажет етеді. Бірақта кейде балалар медиктар жағынан қаталдық, шыдамсыздық, дөрекілік мінездерге де тап болады. Мысалы 7 жасар қыздыңжұлынынан сарысу алыну керек, манипуляция алдында дәрігер мен медбике басқа сөздер айтып, әзілдеп, күліп аурудағы қаталдық, немқұрайлылық сезімді оятып, емге сенімсіздік тудырады. Әсіресе мұндай жағдайлар тіс емдеу бөлмелерінде жиі кездеседі. Балалар өз табиғатында өте сезімтал және сенгіш, бірақта ол сезім ақталмаса балалардың алдында дәрігер өмір бойы өтірікші болып қалуы мүмкін.
Педиатрия деонтологиясын айтқанда, елімізде 16 жасқа дейінгі баланы қорғайтын заңның жоқтың қасында екенін есте ұстау керек, әдетте диагностикалық, емдік сонымен бірге ауыратын процедуралар ата-анасының келісімінсіз өтеді. Бұл дұрыс емес. Егер дәрігерде балаға, ауруға деген аяушылық, жанашырлық сияқты сезімдер болмаса, қанша бір білікті маман болғанымен, ол нашар дәрігер. Ал келешек педиатрлар үшін басты талап балаға деген махаббат. "Жақсы сөз-жарым ырыс", ''Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады"-дейді халқымыз.
Адамзаттың эволюциялық дамуға дейінгілердің бір-біріне деген аяушылық, жанашырлық сезімдері осыдан 60 000 жыл бұрын белгілі болған.
Медиктер мен ауру балалар және оның әке-шеше, туғандары арасындағы қарым-қатынасында басқа дәрігер мамандармен салыстырғанда педиатрлардың орны ерекше. Мұндай қарым-қатынас бала дүниеге келгеннен бастап, балалық шақтың барлық кезендерінде кездесіп отырады. Дәрігер балалардың аналарына, туғандарына ауруға диагноз қою үшін осыған қажетті мәлімдемелерді жинап, оларға емдік, профилактикалық кеңестер береді. Ауырған балалардыңәке-шешелері де баласы ауырғанда қатты қиналады. Сондықтан дәрігерлер балалардың туғандарына аса бір инабаттылықпен қараулары қажет. Ауру бала ауруханаға түскенде әке-шешесі дәрігерге, сол бөлімдегі барлық медиктерге өз өміріндегі ең асылын, ардақтысын, өмірінің жалғасын, жаны мен жүрегін әкеліп тапсырып тұрғанынын медиктер қауымы дұрыс тусінгені жөн. Мұндай жан сезімдері әсіресе анаға кебірек тән. Сондықтан осындай әке-шешелер үшін дәрігерлердің шындық, аяушылық жылы мәдениетті сөзімен жан баласының ауруханада жатқандағы жақсы қылықтарын әдептілікпен, адамгершілікпен жеткізетін медбикелердің сөздері бірде бір ем. Әке-шешелердің дәрігермен сөйлескендегі "көмектесіңізші", ''қолыңыздан келгеннің бәрін істеп, құлынымды құтқарыңызшы", "не айтсаңыз, соны істейміз", және тағы сол сияқты сүйекті жарып, жүректі қанатып, көз жасымен жуылып шыққан сөздері нағыз дәрігер-педиатрлардың ары мен адамгершілігін шымырлатып, қобалжыту керек. Осындай жағдайлар әсіресе кейбір себептерге байланысты жанұяда басқа бала болмай тек жалғыз бала болғанда аса қаттырақ байқалады.
Ата-аналар үшін аса бір сынды сағаттар болып табылатын кезеңдер, егер де баласы созылмалы дерттерге душар болып өмір бойы ауру және кемтар болса. Өйткені әке-шешелерінің ғұмыры дәрігерге жиі қаралып, тексеріліп, толып жатқан емдерді қолданумен өтедінемесе қуаныш пен жұбаныш әкелуге туылған жан бала осындай бейнет әкеледі. Бұл кездерде тіптен ерлі-зайыптылардың ажырасуына, шешелерінің жұмысты тастауына, сол үйдің табысы тарылып, кейде кедейшілікке дейін соқтыруы мүмкін. Дәрігер баланы тексергенде және медбике процедуралар жүргізгенде әрбір әке-шеше медиктердің қимылын, іс-әрекетін, білімдерін мұқият қадағалап, бағалап отырады. Сол жөніндегі өз көз қарастарын, сенімсіздік сезімдерін балаға және айналадағы басқа ортаға таратады, сөйтіп теріс әрекеттере медицинаға деген сенімсіздік туады да, көптеген аурулар медициналық емес ем-домдармен емделеді. Ал ауру айналып келіп бәрібір медицинаны табады, бірақ бұл жолы бала асқынған ауыр түрде келеді.
Тағы бір келелі мәселелердің бірі, дәрі-дәрмектерді сатып алу. Қазіргі қаржының құлдырап, инфлянияның өрлеу заманыңда шырқыраған аурулардың өмірі үшін, ата-ана қандай дәрі болса да бағасына қарамай табуға тырысады және осыншама қиыншылық, кымбатшылықпен табылған дәрінің зардапқа неге әсер етпей жатқанын олар әсте түсінбей іштей де сырттай да наразылық білдіреді. Сондықтан дәрігерлер аталған дәрілер табылмаса немесе қымбат болса да одан да басқа, бірақ сол сияқты әсер ететін дәрілерді де айтып-жазып, оның қаншалықты ауруға ем болып құтқаратынын немесе көмектесетіні сияқты мәселелерді ата-анасының алдын-ала білгені жөн және оны оларға түсінікті тілмен дәлелдеп айтқаны абзал.
Егер де Қазақстан 2030 стратегиядағы "Өз денсаулығыңды өзің сақта"-деген ұранды, сөзді түсінсек, аурулардың алдын-алу мәселелерін әсіресе деннің саулығын бала жасынан сақтау керек екендігі әрбір адамға, ата-анаға, балаға, медиктерге түсінікті болуы шарт.
Біз бұл тақырыпты "дәрігер, ауру және медбике" арасындағы деонтология мәселелеріне қарлығаштың қанатымен өртке су сепкеніндей ғана жобаларын көрсетуге тырыстық. Негізінде дәрігерлер қауымы мен ауру балалар арасындағы этика деонтология сияқты басты мәселелер өте күрделі жыл сайынғы ең өзекті мәселелер болып қала бермек.
Осындай жағдай болмас үшін педиатрлар мен медбикелер өте мәдениетті, білімді, парасатты, шыдамды болуы керек және деонтология мен этиканы өте қатаң сақтауы тиіс.
2 тарау
БАЛАЛАР ЕМДЕУ-АЛДЫН АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Балаларға емдік алдын алу көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты үш негізгі қызметтік звенодан тұрады: балалар емханасы-балалар ауруханасы-балалар санаториі (шипажайы) . Бұдан басқа балаларға медициналық көмек ауруханалардың арнайы бөлімшелерінде және ересектер емханасында, босану үйлерінде, кеңес беру, диагностика орталықтарында және т. б. орындарда көрсетіледі.
Балалар ауруханасы - дәрігерлік бақылауды қажет ететін 14 жасқа дейінгі балаларға интенсивті немесе арнайы көмек көрсететін емдеу, алдын-алу мекемесі. Балалар ауруханасының бірнеше түрлерін ажыратады: профилі бойынша- көп профилді және арнайы; ұйымдастырылу жүйесі бойынша -емханамен біріккен және бірікпеген; қызмет көрсету көлемі бойынша сол немесе басқа категориялы аурухана. Одан басқа әкімшілік бөлінуі бойынша: аудандық, қалалық, клиникалық, облыстық, республикалық балалар ауруханасы болып бөлінеді.
Қазіргі заманға сай балалар ауруханасының негізгі мақсаты - науқас баланың денсаулығын қалпына келтіру. Бұл мақсаттарға жету үшін әрбір науқасқа кезеңдік көмектің 4 тапсырмасын шешу керек:
- ауруды диагностикалау;
- шұғыл көмек;
- негізгі емдеу курсы;
- реабилитация.
Балалар стационарының негізгі міндеттері:
- балаларға жоғары арнайы көмек көрсету;
- тәжірибе диагностика, емдеу, алдын-алу әдістерін қолдану;
- кеңес беру жұмысы;
- әдістемелік жұмыс.
Әрбір балалар ауруханасында болады:
- қабылдау бөлімі;
- емдеу бөлімі;
- емдеу-диагностикалық бөлімі;
- зертхана;
- патологоанотомиялық бөлімі;
- көмекші бөлімдер (дәріхана, тамақ блогы, медициналық статист кабинеті, архив, әкімшілік - шаруашылық бөлімі) .
Балалар ауруханасының штаттық кестесі:
- бас дәрігер;
- шаруашылық бөлімі бойынша бас дәрігер орынбасары;
- бөлімше меңгерушілері;
- дәрігерлер;
- аға мейірбике;
- мейірбике;
- кіші мейірбике.
Олардың міндеттері жоғары мамандандырылған көмекті науқас балалрға көрсету.
Ірі балалар ауруханасында балалармен тәрбие жұмысын жүргізетін педагог болады.
Қабылдау бөлімінің жұмысы
Науқас келіп түскенде болжамды белгілеме қойып, сырқауды бағалап, жедел медициналық көмек көрсету.
Қабылдау бөлімі:
• вестибюлден;
• қабылдап қарап тексеру бокстарынан;
• 1 орындық изоляциялық бокстардан;
• санпропусник;
• дәрігер бөлмесі;
• егу-таңу бөлмесі;
• тездетілген анализ жасау лабораториясы;
• қызметкерлерге арналған бөлмелер;
• әжетхана.
Қабылдау бөлімінің қызметкерлері аурулардың түсіп-шығуын қадағалап отырады (түскен науқастарды, шыққан науқастарды, басқа ауруханаға ауысқандарды, қайтыс болғандарды тіркеу), науқасқа емдік тексеру жүргізу, жедел медициналық көмек көрсету, тиісті бөлімшеге жолдама беру, санитарлық өңдеу, жұқпалы науқастарды изоляциялау, емізулі балалармен нәрестелерді есептеу.
Жансақтау бөлімі қабылдау бөлімінің жанында орналасады, сондықтан да ауыр жағдайда келіп түскен науқастарды жансақтау бөліміне жатқызады. Барлық қажетті құжаттар жеке ем-дом көрсетілген уақытта толтырылады.
Балалар ауруханаға жедел медициналық жәрдем машинасымен жеткізіледі немесе балалар емханасының дәрігерінің жолдамасымен ата-аналарымен бірге немесе жолдамасыз (өз бетінше) келуі мүмкін.
Жолдамамен келген балаларды ауруханаға жатқызу үшін басқа да құжаттар керек: бала сырқауының даму тарихының көшірмесі, лабораториялық және құралдармен тексеру көрсеткіштері, жұқпалы науқастармен қарым-қатынаста болмағандығы жөнінде анықтама.
Ірі балалар ауруханаларында науқас балаларды қабылдауды арнайы маман, кіші ауруханаларда - кезекші дәрігер жүргізеді. Науқас баланы қабылдау қатаң тәртіппен жүргізіледі: тіркеу, дәрігерлік қарап-тексеру, қажетті емдік көмек, санитарлық өңдеу, бөлімшеге орналастыру.
Мейірбике науқастардың түскенін журналға тіркеп, стационарлық науқастардың медициналық картасының Ф №003/у (ауру тарихы) паспорттық бөлімін толтырады. Дене температурасын өлшеп, толық мәліметті дәрігерге хабарлайды.
Дәрігер қарап болған соң, мейірбике дәрігердің санитарлық өңдеу жөнінде тағайындауларын орындайды. Санитарлық өңдеуі, гигиеналық ванна және душ қабылдау, педикулез анықталған жағдайда бастың шаш бөлігін өңдейді. Санитарлық өңдеу жүргізген соң жұқпалы ауруға күдікті балаларды бокс-изоляторға жатқызады. Инфекциялық ауру туралы «жедел мәлімет» толтырылады, тамақтан, жедел улану, егуге реакция берген жағдайда (Ф№058/у) мәлімет тез арада санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығына жіберіледі.
3 жасқа дейінгі балаларды ата-анасының біреуімен жатқызады. Бүкіл аурухана орын санының 20%-ы аналарға арналуы тиіс. Балаларды қабылдау бөлімінен, аурухананың емдеу бөлімшесіне тасымалдау бірнеше жолмен жүргізіледі. Тасымалдау түрін дәрігер тағайындайды. Көңіл-күйі жақсы, өзі жүре алатын балалар бөлімшеге өздері медициналық қызметкерлермен бірге барады, кішкентай және емізулі балаларды қолмен көтеріп апарады. Ауыр науқастарды зембілмен тасымалдайды. Барлық қоларба-зембілмен таза жаймамен, ал жылдың суық мезгілінде жамылғымен жабылуы тиіс. Жаймалаларды әр науқастан соң ауыстырып тұрады, ал жайманы желдетеді, буындарына қан кетіп гемофиялиямен ауыратын кей балаларды орынтақ-қоларбада тасымалдайды.
Ауыр жағдайдағы науқастарды палатада қоларба-зембілден мейірбике төсекке ауыстырып жатқызады: бір қолын жауырын астынан, ал екінші қолын жамбас астынан ұстайды, осы кезде бала екі қолымен мейірбикенің мойнынан қысып ұстайды. Егер науқасты екі адам ауыстыратын болса, біріншісі жауырын асты мен белінен, ал екінші адам жамбас пен тізесінен ұстайды.
Аурухана - ауруханада қойылған емдік-тәртіп науқас балалардың дұрыс ем алуына арналып жасалған деп түсінуге болады.
Аурухана тәртібі баланың толық ем алуына, жаңа талаптарға сәйкес психологиялық бейімделуіне арналып жасалған.
Барлық емдік бөлімшелерде, науқас балалар күн тәртібін қатаң сақтайды; ол мына элементтерді қамтиды:
• таңертең тұру;
• дене қызуын өлшеу;
• емдік-диагностикалық процедуралар қабылдау;
• тамақтану;
• дем алу және серуендеу;
• ата-аналарымен кездесу;
• бөлмені тазалау және желдету;
• ұйықтау.
Стационардағы емдік бөлімше палаталардан тұрады. 1 жасқа дейінгі балалар бөлімшесінде 30 орын (койка), ал 1 жастан асқан балалар бөлімінде 24 орыннан болады. Палаталық секциялар ашық болмауы керек, қабырғалары айнамен жабылуы керек. 1 жасқа дейінгі балаларда ажырықталған және жартылай ажырықталған палаталар болуы тиіс. Әрбір айырма бөлмеде 1-4 орынға дейін, 1 жастан жоғары балаларға 1 палатада 4-6 орыннан көп болмауы керек.
Ажырық бөлме жүйесі және бөлімшелер кездейсоқ жағдайда жұқпалы аурулардың (инфекция) таралуының алдын алуға қолайлы. Егер де балалар аурудың инкубациялық кезеңінде жатқызылса, онда ауру белгілері болмауы мүмкін.
Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
Жартылай ажырықта (бокста) 1 орында палата, шлюзсіз //-// 1 орынға, шлюзбен 2, 3, 4 орынға палата
Дәрігер кабинеті (ординаторская)
Егу бөлмесі
1 жасқа дейінгі балалар бөлімшесіндегі мейірбике кезекшілік орыны (пост) 1 жастан жоғары балаларға ас тарқату орыны (буфет), ыдыс жууға және залалсыздандыруға арналған жуу жабдығымен
Асхана (3 жастан жоғары балалар) ойнауға арналған бөлме жылжыма мен кресло тұратын орын
Жылытылған дәліз (50% орын саны)
Санитарлық заттар: жуынба (умывальник) (қыздарға бөлек, балаларға бөлек) аяқ жуатын шара (6 орынға бір жуынба)
Әжетхана (қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек) 1 жастан жоғары балаларға арналған шомылғы (жеңіл душтық торымен 2 шомылғы 1 жасқа дейінгі балаларға палатада орналастырылады) .
Түбекке ажыратылған бөлме
Қыздарға арналған тазалық орыны
Бөлім меңгерушісі кабинеті
Аға мейірбике бөлмесі
//-//-шаруа бикесі
//-//-қызмет көрсетуші
Физиотерапиялық кабинет
Қызметкерлерге арналған әжетхана Аналарға арналған әжетхана
Орын:
Балаларды киіндіру және жылы заттарды сақтау, түбектерді жуу және зарарсыздандыру, жаялықтарды жуып кептіруге арналған жай
Кіршең киімдерді уақытша сақтайтын және іріктейтін жай
Бөлімшені тазалайтын құралдарды сақтайтын жай
//-//-//- таза киімдер
//-//-//-емшек сүтін зарарсыздандыру
Тасымалданылатын физиотерапевтік аппаратураларды сақтайтын жай
Аналарға арналған бөлме
22
9
12
6 бір орынға
10
18
10
4
25
18
25
4
2, 5-бір орынға
4+4
6+6
12
8
5
12
10
10
8
15
1, 5
1, 5
8
8
8
4
4
15
6
6-бір орынға
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz