Балдың емдік қасиеті жайында



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Балдың емдік қасиеті

Емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген бал суық тигенде, жүрек, өкпе, бауыр, асқазан, бүйрек, ішек, жүйке ауруларына, аптап ыстықта қан қысымының көтерілуі сияқты дерттерге аса шипалы. Балды созылып, асқынып кеткен жарақатқа, терідегі сызат-жараларға жағуға болады. Соған орай, балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатынын білген артық емес.
Суық тиіп, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке немесе лимон шырынына қосып аурудан айыққанша ішкен дұрыс. Бір стакан ыстық сүтке қосып, бір шәй қасық бал ішу керек. Бір лимон шырынына 100 грамм бал қосып, араластырып, сұйылған кезде пайдаланған жөн. Егер де жаз мезгілінде ауырып қалсаңыз, қайнаған жылы суға бір шәй қасық бал қосып, ішіңіз. Жөтелді басу үшін ыстық шәй-сумен қатар, күніне 3-4 шәй қасық балды жеу керек. Тамақ қызарып, тыныс жолдары бітелген кезде қайнаған суға 1 ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булаңыз.
Жүрек ауруына шалдыққан жандар балды жеміс-жидектердің шырынына қосып ішсе, оның жағдайы жақсарып, жүрек соғысы түзеледі. Өт пен бауыр жолдары ауыратын жандар балды ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына, қызылшаға қосып пайдаланса, ауруынан айығады. Сондай-ақ, бал өт жолы мен бүйректе тас пен құмның жиналуынан сақтайды.Өкпе ауруына шалдыққан жандардың күнделікті 100-150 грамм бал пайдаланғаны жөн.

Асқазан, ішек ауруына шалдыққан не қышқылы қалыпты нормада болмаған жандар балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі жақсарады. Асқазанында жарасы бар жандар тамақтың алдында 1,5-2 сағат бұрын және тамақтан кейін 3 сағат үзбей 1 шәй қасық бал жеп отырса, ауруы бәсеңдеп, жүрек айнуы және асқазанның қыжылдауы басылады. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне ықпал етеді. Ал кері жағдайда, яғни қышқылы көбірек болса, тамақ алдында балды тұрақты түрде пайдаланып отырса, асқазан қышқылын азайтады.
Балық майымен араластырылған бал асқынған жарақатты тез жазады. Күйік шалған жерге күніне екі мәрте бал жағатын болса, тері тартылып, жазылады. Балды косметикалық мақсатта да пайдалануға болады. Сәбізді үккіштен өткізіп, оны балмен араластырып, бет-мойынға жағуға болады. 15-20 минуттан кейін жылы сумен шайып жіберсеңіз, теріңіздің нәрленіп, жұмсарғанын аңғарасыз.
Жылдың кез келген мезгілінде күнделікті таңертең аш қарынға бір шәй қасық бал қосылған бір стакан қайнаған не минералды суды ішсе, адам ағзасы тазарып, қан айналым жүйесі жақсарады. Бал қан құрамындағы гемоглобинді көбейтіп, ағзадағы қанның азаюына жол бермейді.
Егер де балдың тәтті дәмін аса ұната бермесеңіз, оны дәрумендерге бай жеміс-жидектермен, жаңғақ-дәндермен араластырып, пайдалануыңызға болатынын естен шығармаңыз.
Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде бал атаулы сонау ерте кездерден-ақ орын алған. Оны тағам ретінде тұтынумен қатар, халықтық емдеу дәстүрінде де ел ішіндегі емшілер түрлі дерттерге жиі қолданған.
Алғашқы аралар Қазақстанға осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне әкелініп, қолға үйретіле бастапты. Сол себепті де Шығыс Қазақстан облысы күні бүгінге дейін еліміздегі омарта шаруашылығының отаны саналады. Бүгінгі таңда Қазақстанда өндірілетін бал өнімдерінің 90 %-ы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Міне, осындай шипалы, дәмді, құнды өнім бола тұрса да, неге дәрігерлер оны адам ағзасында аллерген тудырушы басты фактор деп санайды? Бал өнімдерін дұрыс таңдау мен оның түрлерін ажырата білу мұндай келеңсіздіктің алдын алуға түрткі бола ала ма? Бұл сауалдарға жауапты мамандардың өз ауыздарынан естиік.
Бал қасиетін білесіз бе?
Маржан Сусарқызы, биолог:
-- Негізінен, бал арасының үш тобы бар. Олар: ара, еркек ара, жұмысшы ара. Ара аралардың ішіндегі патшасы саналады. Еркек араның құйрық жағы жұмыр болуына орай, оның у безі жоқ, яғни шағып алатын инесі жоқ. Басқа жәндіктерден ерекшелігі: ара топтасып өмір сүреді. Атап айтсақ, ара үйірі бір ара патшасы мен жүздеген еркек арадан және он мыңдай жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының міндеті жұмысшы араларға гүл тозаңы мен бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру болса, еркек араның парызы -- ара патшасымен шағылысу. Ал, енді балды жинау мен өңдеуге келер болсақ, бұл процестер жылдың екі мезгілі -- жаз бен күз айларында жүзеге асырылады. Яғни омарта ішіне жиналған балды сығып алу әдіс-тәсілдері арқылы атқарылады. Соның ішінде дәрі ретінде пайдаланылатын балды отқа жылыту арқылы сүзгіден өткізу арқылы дайындайды. Балдың табиғи түсі негізінен ақ немесе сарғылт. Әдетте, өсімдіктің бір түрінен жиналған бал бір шырынды, ал бірнешеуінен жиналған бал көп шырынды деп аталады. Ал, көп шырынды бал өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналатындықтан, ол табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала, тау, бақ балы болып, өзара жіктеледі. Бал атаулының ішінде табиғи балды ажырату оңай емес, өйткені ол қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Бүгінгі күні базарлардағы бал сатушылар оны табиғи балмен араластырып, саудаға шығарып жүр. Айта кету керек, жасанды балдың құрамында қант крахмалы, қант, желім, ұн бар. Бұл бал түрінің табиғи балға қарағанда ерекшелігі: әрбір тұтынушының өзі-ақ оның құрамын анықтай алады. Ол үшін бір кесе қайнаған суға жасанды балды араластыру қажет. Нәтижесінде тұнбаның астында қалдықтар анық көрінеді. Бұл -- бал құрамындағы крахмалдың көрсеткіші. Алдында айтып өткенімдей, гүлдейтін өсімдік түріне қарай бал да түр-түрге бөлінеді. Мысалы, бірінші сортқа жататын түйебұршақ балы ашық түсті, құрамы глюкозаға бай. Шайқурай балының түсі мөлдір жасыл сары түсті болып келеді, ол әлсіздікті жояды. Ал, сары түсті жөке балының жұқпалы бактерияны құрту қабілеті басым. Шабындық балы шабындықтағы түрлі гүлдерден алынса, таңқурай балы жоғары сортқа жатады. Қарақұмық балының басқалардан өзгешелігі: ол қою қызыл-қоңыр түсті және ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Раббың бал арасына былай деп уаһи етті: Таулардан, ағаштардан және адам - дар салған күркелерден өзіңе ұя жаса. Сосын әртүрлі жемістермен қоректеніп, Раббыңның саған жайылуға жеңілдеткен жолымен жүр!. Араның қарнынан түрлі-түсті бал шығардық, онда адамдарға шипа бар. Әлбетте, мұнда ойланған қауым үшін ғибрат жатыр (Нахл сүресі, 68-69 аяттар).
Оның қуаты -- құрамында

... Балдың құрамы мен қуаты жөнінде сөз қозғағанда тағы да оның тарихына қатысты мағлұматтарды сырт айналып өте алмаймыз. Бұл өнімнің құнарлылығын әйгілі математик-ғалым Пифагор, өз естеліктерінде: Менің ұзақ өмір сүргенім -- балдың құдіреті, -- деп тамсанса, философ Демокрит те өзінің бір ғасырлық ғұмырының өлшемін бал өнімімен байланыстырған. Сонымен, балды табиғи қуат көзіне балауға бола ма?
Гүлжихан Исаева, фармацевт-провизор:
-- Балдың құрамы шырын жинаған өсімдік түріне, ол өсімдік өсіп-өнген топырақ - тыңайтқыш құрамына, климаттық жағдай мен бал түрлеріне тікелей байланысты. Тіпті бұл факторлар өзара өзектес, яғни бір-бірін толықтырып отырады. Негізі ара балының сапасы оның иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, қоректік қасиеттері арқылы анықталады. Мәселен, 1 келі ара балы орташа есеппен алғанда, 3100 калория қуат беруге қабілетті. Бұл өнім адам организмін белокпен, түрлі дәрумендермен қамтамасыз етеді. Гүл балының құрамына тоқталар болсақ, оның құрамы 12 % судан, 0,4 % белоктан, 0,3 % көмір сутегінен, сондай-ақ, глюкоза, жүзім қантынан тұрады. Бұған қоса оның құрамында калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір элементтерімен қоса В3, В5, А, С, Н дәрумендері де молынан тоғысқан. Біздер күнделікті өмірде бал арасын тағам ретіндегі өнім көзі ретінде бағалаймыз, алайда ол бұдан тыс өнеркәсіп саласында да қолданысқа ие. Атап айтқанда, бал арасынан фармацевтика саласында, электротехника, авиация өнеркәсіптеріне аса қажет өнім түрі, яғни балауыз органикалық заты алынады. Сондай-ақ, ара желімі мен ара уынан химиялық жолмен құрамында аса белсенді биологиялық заттары бар сүт өнімдері әзірленеді. Ал, осының бәрін ой елегінен өткізіп отырсақ, ара балының адамға берер пайдасының өте зор екеніне көз жеткіземіз.
Табиғи дауа

Бал -- өнім, бал -- дауа ... ..Бал -- таптырмас шипа көзі деген қағида адамдарға ежелден таныс. Сол себепті де бал жайлы мағлұматы аз деген жандардың өзі түрлі аурулардың алдын алуда оны жиі қолданады. Мәселен, жөтел тигенде сүтке қосып ішу, моншаға түскенде денеге жағу, бет терісін жұмсарту секілді қарапайым адамдардың өздері-ақ білетін рецептер жетіп артылады. Ал, балдың бүгінгі ресми және халықтық медицинада қолданылып жүрген қасиеттері қаншама?!
Анар Қайырдықызы, дәрігер:
-- Балды тұтынушы адам ең бірінші кезекте оның табиғилығына баса назар аударғаны қажет дер едім. Негізі құрамы таза, табиғи балдың қай түрі болса да, адам ағзасына пайдалы. Тұтыну нормасына келсек, күніне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балдың емдік қасиеті.
Халық емдері
Балдың пайдасы
Ара балының түрлері
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Балды өсімдіктер туралы
Балдың тауарлық сипаттамасы
Ара шаруашылығы, ара өсіру
Ара шаруашылығы өнімдері және олардың қолданылуы
Ара шаруашылығы өнімдері
Пәндер