Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы жайында


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ф ҚММА 4/3-04/02 ИП№6 УМС при КазГМА От 14 июня 2007

Қараганды Мемлекетік Медицина Университеті

Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың доценттік курсы

Дәріс

Тақырыбы: «Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы. Басқа ғылымдармен байланысы. Әдістемелік ұстанымдары»

Пәні: маркетинг негіздері және менеджемент

5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс »

Курс III

Уақыты Ісағат.

Қараганды 2012

Кафедра отырысында талқыланып бекітілді.

2012. Хаттама № __ _

Каф. мең. м. ғ. к., доцент А. К. Султанов

Тақырыбы: «Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы. Басқа ғылымдармен байланысы. Әдістемелік ұстанымдары»

Мақсаты :

  • стандартизация, сапа медежменті жүйесін, денсаулық сақтау маркетингін басқару бойынша тәжірибелік және теориялық дағдыларды, білімді қалыптастыру; нарықтық экономика бойынша студенттердің білімін тереңдету;
  • бөлім немесе бүтін ұйымдағы ұжымды басқару дағдыларын, білімдерін қалыптастыру; ішкі және сыртқы нарықтағы жұмысты ұйымдастыру, басқарушылық шешімдерді қабылдауда нәтижелі әдістерді және құралдарды қолдану.

Дәріс жоспары

  1. Басқару психологиясының объекті, пәні, міндеттер.
  2. Басқару заңдылықтары мен психологиялық заңдар.
  3. Менеджмент тәжірибесіне әлеуметтік мәдени ерекшеліктердің әсері.
  4. Басшының басқарушылық қызметінің анализі және психологиялық мінездемесі.
  5. Басқарудың негізгі концепциялары.
  6. Басқаруда ғылыми бағыттағы мектеп (Ф. Тейлор, Ф және Л Гилберттер) .
  7. Басқарудың әкімшілік мектебі (А. Файоль және басқалары) .
  8. Адамдық қарым-қатынастар мектебі (Э. Мейо) .
  9. Іс-әрекеттер ғылымдарының мектебі.
  10. Басқарушылық қызметтік мәні мен психологиялық мазмұны.

Басқару психологиясы - басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология бөлімі. Басқару психологиясының негізгі міндеті - басқару жүйесіндегі қызмет сапасы мен нәтижелігін жоғарылату мақсатымен басқару қызметінің ерекшеліктерін және психологиялық шарттарын анализдеу. Басқару процесі басшы қызметімен жүзеге асырылады, онда басқару психологиясы келесі кезеңдерді анықтайды: басқарушылық жүйеастының қалпы мен өзгерістерін болжамдау және диагностикалау; басқарушылық объектінің белгіленген беталыстағы қалпын өзгертуіне бағытталған бағынушылар қызметінің бағдарламасын қалыптастыру; шешімді орындауды ұйымдастыру. Басқару психологиясы басшы тұлғасының басқарушылық қажеттіліктері мен мүмкіншіліктерін, сонымен қатар оның басты мақсатын, мәселелік мазмұнын, басқарушылық ойларын және басқару заңдылықтары мен тұлғаның ішкі принциптерін қамтитын жеке басқарушылық концепцияларын айқындайды. Басқару психологиясы зерттейтін басқарушылық жүйеасты әдетте иерархиялық өзара байланысқан басшылардың үлкен топтарымен көрінеді.

Басқару психологиясы бойынша өңдеулердің тәжірибелік жүзеге асырылуы диагностикалық құралдарды құру, басшыларды дайындаудың активті әдістерін, басқарушылық кеңес беру әдістерін өңдеу, негізінен кәсіби дамыту, басқару қызметіне тағайындалатын резервті қалыптастыру формасында жүзеге асырылады.

Басқару психологиясының пәні

Басқару психологиясының пәніне адамдар арасындағы қарым қатынасының мәселелері және басқару жағдайының көз қарасының қатынас әрекеттері жатады.

  • Тұлға, оның еңбек процесі кезіндегі өзін өзі тануы және өзін өзі жетілдіруі
  • Басқару қабілеттілігі және оның психологиялық әсері бойынша ұйымдастырылуы
  • Еңбек ұжымындағы топтық процестер оның реттелуі

Басқару психологиясының пәні мен міндеттері

  • Басқаруды мамандық ретінде қарастырғанда барлық тәжірибелік және ғылыми білімдердің аумағындағы дисциплина аралық жетістіктермен негіздейді, қоғамда негізгі орын алады. Қазіргі таңда кез келген деңгейдегі басқарушы екі өзара біріккен мәселені шешуі тиіс:
  • Рационалды басқарудың теориялық негіздерді білу керек, яғни ғылыми басқаруды білу.
  • Осы ғылымды шығармашылық жағынан қолдану яғни басқару өнерін қолдану.

Бірінші мәселе оқыту процесі кезінде шешіледі, екіншісі тәжірибелік іс әрекетінде. Басқарушының іс әрекеті негізінен басқару қызметін атқарумен іске асырылады, бұл басқару психологиялық пәні болып есептелінеді.

Басқару психологиясының пәні болып әркелкә біріккен іс әрекеттердің басқару процесінің психологиялық аспектілері және ұйым ішінегі тұлғааралық қатынас яғни басқару қатынасының психологиялық аспектілері жатады. Басқару психология пәнінің негізгі көрінуі психологиялық басқару мәселесінің кейбір деңгейлерінде анықталады.

Басқарушының іс әрекетінің психологиялық аспектілері:

  • Басқару еңбегінің психологиялық ерекшеліктері оның кез келген іс әрекет саласындағы спецификасы
  • Басқарушы тұлғасының психологияық анализі, басқарушының қабілеттілігіне психологиялық талаптары
  • Басқару шешіміндегі психологиялық аспектілерді қолдану
  • Басқарушылықтың индивидуалдық ерекшелігі

2. Субьект және обьект ретінрде басқаруды ұйымдастырудың психологиялық аспектілері.

- басқару міндетін атқару үшін психолгиялық факторларын қолдану мүмкіндігі

-ұйым ішінде жаксы социалды-психологиялық климаттың қалыптасу заңдылығы

-Ұйым ішінде оптимальді тұлға аралық қатынрастадың қалыптасу заңдылығы, психологиялық сәйкестіктін мәселесі

-ұйым формальды және формальды емес құрылымы

- ұйымның қызметкерлерінің жұмысының мотивациясы

-ұйымның ішінде құндылы бағыттары, қалыптасу процесін басқару

3. Жетекші ұйымның қызметкелері арасындағы қатынастаррдың психологиялық аспектілері.

-коммуникациялық жүйелерді қатынау прцесі кезінде функцерлеуі жәнежасау проблеммаларры

- басқару сөйлесудің мәселелері

-жетекші- бағынушы қатынасты оптимизациялау

- информацияны білу эфективті басқарудың жоғарлату факторы ретінде

Бсқарушының негізгі зейіні бүкіл пренцепиалды және стратегиялық міндеттерді қабылдауға, орындаушылар жұмысының координациясына, кадорларды даярлау және іріктеу, іске асыруға бағытталған.

Басшылықтың негізгі міндеті басқару жүйесінің дамуын және функционерлеу процесі жалпы басқару болып табылады

Басқару жүйесін бүтін ұйымдық бірлестік ретінде сипаттайды:

-іс әрекеттердің функциясы мен мақсаты

-ішкі байланыстардың режимі(субординация, координация және т, б)

-басқару жүйесінің және оның элементтерін құрылымын, байланыстарын, құзырлықтарын құқықты реттейді.

Коптеген басшылардан сұрау өткізген кезде олардын басқару іс-әрекетін колективті және персональды басқару шешімдер деп білдіреді.

Басқару психологиясының пәні әкімші қызметінің пәні де болуы мүмкін - ақпарат. Басшы бүтін жүйеге сонымен қатар жеке бөлімшелер мен жүйеастыларға қатысты ақпараттарды алып отырады. Содан кейін ол ақпараттың сапасын өзге мәнді етін өзгертеді. Ақпараттың өзгеруі уақыттың келесі кезеңдеріне, жақын немесе алыс перспективаға бағытталған, яғни модельдер жүйесіне: статистикалық (кейдір мінсіз үлгілерді бекітетін) немесе динамикалық (жүйенің қызмет етуінің уақыттық аспектілерін, ырғаған бекітетін) . Басшыдан келетін ақпарат (басқарушылық шешім деп аталады) ынталандырғыш қызметке ие. Осыған байланысты қабылданған шешім атқарушылыр қызметі арқылы жүзеге асырылады. Басқарылатын жүйе жағдайының өзгеруі осы циклдің нәтижесі болып табылады.

Басқару психологиясының пәні - ұжымдарды басқаратын лауазымды адамдардың қызметі, ал басқару психологиясы басқару қызметінің келесі жақтарына қатысты білімнің күрделі жүйесі:

  • Менеджер қызметінің нәтижелігі мен жемістілігін қамтамасыз ететін психологиялық факторларға;
  • Олардың қызметінің барысында адамдардың уәждемесінің психологиясы;
  • Шешімдерді қабылдау ерекшеліктері мен көшбасшылықтың психологиялық аспектілері;
  • Ұйымдастыру мен билік психологиясы;
  • Ұжымдағы психологиялық климат сұрақтарын;
  • Психологиялық қақтығыс, жанжал.

Басқару психологиясы ұжымдағы қызметтің міндеттері мен құндылықтарымен біріккен адамдардың ара-қатынасы мен бағынушы тұлғаға менеджерлер мен ұйымның әсерін зерттейді. Әрбір ұйымның өзіне тән ережелері мен қағидалары болғандықтан (мысалы, киім ситилінде: үтіктелген киім және галстукпен келе керек пе әлде джинсымен келуге болады ма; қарым-қатынас мәнерінде:қызметкерлер бірін-бірі атымен атайды ма әлде аты-жөні бойынша ма; басшыға жүгіну жолдары: өз ойларымен бөлісу үшін басшыға тікелей келе береді ме, әлде алдын ала қабылдауға жазылып, жолығу мәселесін жазбаша түрде баяндайды ма және т. б. ) әр ұжымдағы адамдардың ара-қатынасы бір-біріне ұқсамайды.

Басқару психологиясы бірігіп қызмет етудің психологиялық факторларының спецификасы мен оны ұйымдастыру әдістерімен айналысады.

Сонымен қатар, басқару психологиясы басқарушылар мен менеджерлердің психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Менеджердің, басшының жұмысының нәтижелілігінің екі параметрін айтуға болады:

-психологиялық емес мұнда ұжымның кірісі мен табысы туралы айтылуы мүмкін.

-психологиялық осында адамдардың қанағаттану сөйлеу сапасы, мотиверлену ескеріледі.

Осы 2 параметрлердің бір -бірімен байланысы бар екені анық. Ұйымның эффективтілігі яғни алдында тұрған міндеттерді жақсы оптимальды амалды шешу жақсы психологиялық климат қалыптасса эффективтілігі артады, ал менеджерлердің психологиялық басқаруды оқу кезінде алған білімдері адамда компитетті басқаруға, басқару процесінің психологиялық климатты ұжым арасында сараптау және жақсарту, өз қызметін дұрыс бағалай білу.

Осылайша, менеджерлердің енбегін психологиялық басқармалар, оңайлатуға ұмтылады, білімнің және адамның психологиялық ерекшеліктерінің көмегімен жоғары нәтижелі етеді, психиканың әр түрлі көрінуінде, оның функциональды, характерінің міндеттерінің мақсаты,

  • Басқарушы маманның іс-әрекетінің анализі
  • қалыпты және төтенше жағдай кезінде еңбек іс-әрекетінің психикалық реттеу механизмдерін оқу
  • көшбасшылықтың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
  • топтасып өзара қатынасты зерттеу
  • адам мотивациясынның механизмін зерттеу

Басшы маманның психологиялық қызметін зерттеу. Ұйымды және жұмысты үздік жетекшілік ету үшін, өзінің іс-әрекетін сараптай білу керек, дурыс шешім қабылдағанына байланысты.

Еңбекті іс -әрекеттің қалыпты экстремальды жағдайда психикалық механизмді оқу. Әр түрлі жағдайда адекватты шешім қабылдағанда, еңбекті қызмет механизмдерін дұрыс оқу.

Көшбасшылықтың психикалық ерекшеліктерін зерттеу. Көшбасшылық - бұл ұйымда қойылған байланыстарға сәйкес бір тұлға басқа тұлғалардың іс әрекетіне әсер етіп олардық қызметін ұйымдастыратын процесс. Жетекшілер - олар өздерінің жеке қасиетімен және басқару жолымен ерекшеленеді. Жетекшінің айырмашылығы өзінің бағынушыларына жұмыс атқаруына дәрежелік бағыт беру. Олардың басқа айырмашылығы автокритикалық және демократикалық процесте шешім қабылдауы яғни өзінің бағынушыларнына қандай дәрежеде шешім қабылдауына қатысуы үшін көшбасшының психологиялық ерекшелігін зерттеу қажет.

Басқару процесіне, ұйымдағы психологиялық климатты өзгертуге, қақтығыстарды шешу үшін психологиялық білімдерді қолдану бойынша психологиялық ұсыныстарды өңдеу. Жұмысқа және әріптестерге деген сезім тұрақты және сенімдеріне және әрекет типтеріне байланысты. Олар өндірістік қызметке жұмыс тобының мүшелеріне ұйымдастырушылық ортаға бағытталған. Өндірістік қызметтегі қарым қатынастың ең басты көрсеткішіне өзінің жұмысымен қанағаттануы жатады.

Менеджердің негізгі іс-әрекеті болып - ұжымда пайда болған қақтығысты шешу. Қақтығыс - ауыр шешілетін қарама қайшылық, ауыр эмоционалды уайымдармен, қарама-қарсы бағытталған мақсаттармен қақтығысады, қарама-қарсы қызығушылықтармен, позициялармен, көзқарастармен жалғасады. Қақтығысты негізгі шешу жолы - жалпы мақсатты таңдаумен, жауапкершілік пен құзырлықты айқындау механизмімен, араға түсу, арбитраж арқылы келісімге келу болып табылады. Тұрақты психологиялық климатты орнықтыру үшін ұсыныстарды өңдеу керек.

Топтық қарым-қатынас процесін зертеу. Адамдардар ортақ мақсаттарға жету және қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, престиж, өзін сыйлау, қауіпсіздік үшін топтасады. Топ дегеніміз 1 немесе 2ортақ мақсаттары бар бір біріне әсер ететін тұлғалардан тұрады. Топты сауатты басқару үшін ол ұжымдағы адамдар арасындағы адамдардың өзін ұстауын зерттеу керек.

Адамның мотивирлену механизмдерін зерттеу. Мотивация - адамдар арасында адамгершілік іс әрекетті қолдайтын, оны өз мақсатарына жетелейтін, тұлғаның белсенділігін анықтайтын процестер жиынтығы. Мотивацияның деңгейін өсіру үшін міндеттерді қалыптастыру және тапсырмаларды құруға жүгіну керек. Менеджер-практик мотивация жұмысшының тұлғалық ерекшеліктерін және нақты, өлшемді, шындыққа негізделген, келісілген, белгілі бір уақыты бар мақсаттарды қажет ететінін білу керек. Оларды шешу үшін мотивация механизмдерін зерттеу керек.

Осылайша, басқарушылық қызметін зерттеу және оның проблемаларын зерттеу негізгі мақсат болып табылады. Ол үшін психологиялық білімдер мен теорияларды қолданамыз.

2. Психологиялық заңдар мен басқару заңдылықтары

Басқарудың психологиялық заңдары

Тәжірибелік психологияның саласы ретіндебасқару психологиясы басқару қызметін де зерттейді. Басқару психологиясының заңдары тұлға аралық қатынастар мен топтық қатынастардың өзара байланысында байқалады және басқа заңдар сияқты қолданылады.

Басқарушылық қызметі мен басқару психологиясының негізгі заңдары болып табылады:

  • Жауап беру белгісіздігі заңы
  • Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы
  • Өзін-өзі бағалау адекватсыздығы заңы
  • Ақпаратты бұрмалау заңы
  • Өзін-өзі сақтау заңы
  • Компенсация заңы

Жауап қайтару белгісіздігі заңы ерте психологиялық жағдайға, сарты әсердің ерекшелігіне байланысты. Ол келесі екі психологиялық құбылыспен негізделеді: апперент және сана стереотипінің болуы. Апперент - өтке тәжірибені қабылдаумен байланысты. Сана стеретиптері - тұрақты көзқарас, қоршаған ортаның толық және анық емес әрекетін айқындайды және әсер етеді, айқын немесе жасырын коммуникационды барьерді қалыптастырады.

Бұл заң әртүрлі адамдар әр уақытта бірдей әсерге әр түрлі жауап қайтаратынын айқындайды. Өзіне деген дөрекілікке бір адам бір адам дөрекілікпен жауап береді, екіншісі - үндемейді, ал үшіншісі дөрекі адамды тыныштандыруға тырысады. «Біздің сөзіміз қандай жауапқа ие болатыны белгісіз» - Ф. Тютчевтің бұл сөздерінде бұл сөздерінде жауап қайтарудың белгісіздігі заңының мәні көрінеді. Басшыға бұл заңның тағы бір көрінісін есте сақтау керек: бір адам бір жағдайға әр кезде әр түрлі жауап беруі мүмкін. Ішкі психологиялық факторлардың көбі (көңіл күй, эмоционалды жағдай және т. б. ) қатты әсер етеді, кейде нақты жағдайда нақты адамның жауап қайтаруын анықтайды.

Бұл факторларды да толығымен есепке алу мүмкін емес. Барлық уақытта және барлық жерде әңгімелесуші сіздің әрекетіңізге қалай жауап беретінін болжау мүмкін емес. Жауп қайтаруды болжау мүмкін емес - бұл басқару психологиясының қолданылмайтын заңы. Мысалы, басшы тапсырма береді және оның орындалуын күтеді (белгілі жауап қайтаруды) . Бұл кейде орындалады, ал кейде - жоқ. Тапсырманың нақты орындалмағанын, дұрыс емес немесе мүлдем орындамады деп есептейік. Басшы жұмыскерден тапсырманың орындалмау себебін анықтайды, сонымен қатар бұл жағдайды өзіндік зерделейді. Бұл жағдайда екеуінде де апперцепция және сана стереотиптері әсерінен бұл фактіге диаметральды қарама-қарсы түсіндіру пайда болады. Басшы өз жұмыскерін жалқау және іріткі салушы деп санауы мүмкін. Жұмысшы өз кезегінде өзін ақтау үшін он шақты «объективті» жағдайларды келтіруі мүмкін. Басшы да, жұмыскер де қателік жібереді: біріншісі - жұмысшымен қарым қатынастың жарамсыз түрін таңдағаны үшін, ал екіншісі бұрыс қорғану тәсілін қолданғаны үшін.

Адекваттылық емес өзара әсерлесу заңы адамның басқа адамға сәйкес келетін маңызды мәселелерді шешуіне байланысты айтылған сөздің толық мәнін түсіне алмауын айтады. Біздің сана сезіміміздің құрылымы жағынан толық нақты баламалы болмайды. Тіпті көз алдымызда тұрған жай заттың өзін толық қабылдамаймыз, керісінше оны белгілі бір ракустан ғана көріп рецептрлерімізге әсер беретін көзге көрінетін жағынан ғана қабылдай аламыз.

Мұндай өзгерушіліктің бірнеше себептері бар, психологияда ен негізгісі болып есептеледі:

  • Адам тұрақты өзгеріс жағдайында болады. Әрбір адам кез келген уақытта физикалық, физиологиялық, саналық, әлеуметтік, адамгершілік, эмоционалды, сексуалды дамуының әртүрлі дәрежесінде болады.
  • Адам әруақытта саналы және саналы емес күйде оның ерекшеліктерін манипуляцияның құрбаны болмас үшін ашпайды.
  • Адам өз жайында толық ақпарат бере алмайды себебі өзін толық біле бермейді. Кейде ол өзін нақты күйін көрсетпейді.

Басқарушылық әрекетті іске асыруында адамдардың баламалылық емес заңын ескергені жөн, сондықтан басқарушы келесі талаптарды қолдануы тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экстремиз және терроризм
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Кадрларды кәсіптік оқыту кадр саясатының маңызды бағыты ретінде
Әлеуметтік саладағы коммуникативтік мәдениет
Жалпы психологиялық дайындық
Агрессия түсінігі. Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
«Бала мазасыздығына ата-анамен бала қарым-қатынасының әсері»
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Құқық функциялары
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz