Бастауыш мектепте оқушының есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру

Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру және дамытудың шешуші бағыттары.
2.1.Математика сабақтарында ауызша жаттығуларды қолдану әдістемесінің теориялық негіздері.
2.2. Дамыта оқыту - ауызша жаттығулар мәселелерін зерттеудің әдістемелік негізі ретінде.
2.3. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру .
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Математика - ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы - ұстазы. Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты. Яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлеріне. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдары ауызша есептеуге үйрету тәсілдеріне тоқталып өттейік. Осылардың барлығы оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің профессионалдық шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, ана - өмір тұтқасы болса, ұстаз - мектеп тұтқасы десек артық айтпаймыз.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева).Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру - маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады. Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға - ұстаз екені бәрімізге белгілі.Біздің мақсатымыз бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру және дамытудың шешуші бағыттары.
1. Есеп шығаруға үйрету - математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілеген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
2.1. Математика сабақтарында ауызша жаттығуларды қолдану әдістемесінің теориялық негіздері.
Қазіргі кезде білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Соңғы жылдардағы зерттеулер мен тәжірбие көрсетіп отырғанындай білім беру білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталып отырған жоқ. Мұнда бірінші орынға білімді қабылдауға деген оқушылардың көзқарасы қойылып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен ақыл ойының дамуы және танымдық белсенділігін арттыру мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Сондықтан баланың осы шағына психологтардың қызығушылық танытуы түсінікті. Бұл кезде баланың ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптаса бастайды. Осы процесті ауызекі тілден бөлек қарастыруға болмайды. Баланың алғашқы салыстыру, жалпылау, жүйелеу сияқты біліктері оның сөйлемді дұрыс, логикалық тұрғыдан айқын құрастыра білуіне байланысты. Керісінше, егер бала ауызекі тілді дұрыс меңгермесе, онда оның жоғарыда айтылған қабілеттері баяу дамиды. Күнделікті өмір тәжірбиесінен көріп жүргеніміздей балаға басқа тілді меңгерту үшін алдымен ол тілдің грамматикасын үйретуден емес, сол тілдегі қолданылатын сөздерді үйретуден бастаған дұрыс. Әдеттегі оқытуда біз баланы балаға қиындық келтіретін іс - әрекеттерден бастаймыз. Мысалы: жазбаша жаттығулар орындатамыз, сөздерді жазғызамыз.т.б мұндай тапсырмалар баланы жалықтырады және оның ешқандай қызығушылықтарын тудырмайды. Баланы осындай көп қырлы іс - әрекеттен босату үшін математика сабақтарында ауызша жаттығуларды көбірек қолданған дұрыс. Егер бала есептеудің ауызша тәсілдерін жақсы меңгерсе, онда ол есептеудің жазбаша тәсілдерін ешқандай қиындықсыз меңгере алады. Бұған мысал ретінде басқа тілді меңгеру процесін алуға болады. Егер бала аулада басқа тілді балалармен ойнап, олармен қарым - қатынасқа түсетін болса, онда ол сол ұлттың тілін тез меңгеріп сол тілде еркін сөйлейтін болады. Ендеше баланы есептеулерге үйрету мәселесі де осыған ұқсас.
Ауызша есептеуге берілген жаттығулар баланың тез ойлай білу, жылдам шешім қабылдай білу сияқты қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
2.2.Дамыта оқыту - ауызша жаттығулар мәселелерін зерттеудің әдістемелік негізі ретінде.
Ауызша жаттығулар сабақты түрлендіріп өткізуге де септігін тигізеді. Ендеше ауызша жаттығулар оқушының ойлау қабілетін танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие болады. Ауызша жаттығулар мұндай қызметі оны дамыта оқыту идеясымен тығыз байланыстырады. Сондықтан сабақта ауызша жаттығуларды қолдану мәселесін дамыта оқыту теориясымен бірге қарастырған дұрыс. Дамыта оқыту теориясының негізгі ретінде Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, Л.В. Занковтың, М.И.Махмутовтың, Ю.К.Бабанскийдің еңбектерін айтуға болады. Сондай - ақ дамыта оқыту теориясын жасауда Х.Ж.Ганеев, Н.Б.Истомина, Л.Г.Петерсон, Б.А. Тұрғынбаевалар арнайы зерттеулер жүргізді.
В.В.Афанасьев, Г.Д.Глейзер, В.А.Гусев, В.А.Далингер, Ю.М.Колягин, В.Ж.Крупич, В.Ж.Монахов, Н.В. Метельский, А.М.Пышкало, Г.Н.Саранцев, Н.С.Стефанова, А.А.Столяр, П.М.Эрдниев және т.б. зерттеулерінде математиканы оқыту процесінде жеке тұлғаны дамытудың көптеген міндеттері қойылып, шешіледі.
Бұдан басқа ойлаудың ерекше тәсілдерін қалыптастыру мәселесін қарастыратын, яғни оқушылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz