Бастауыш мектеп математикасын оқытуда тест әдісін пайдалану жолдары мен түрлері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда тест әдісін
пайдалану жолдары мен түрлері

Тесттер-білімді бағалау мен тексеру әдісі

Бастауыш мектептің математика курсы бойынша
білім, білік, дағдыларын тексеруге арналған
тестік тапсырмалар

Іс-тәжірибе кезінде тест тәсілін қолданудың тиімділігі

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА ТЕСТ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
2.1.Тесттер-білімді бағалау мен тексеру әдісі ретінде
Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Демек, елімізге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар - болашақ мектеп оқушысы болғандықтан, оларға саналы тәрбие, сапалы білім беретін білім ордасындағы басты тұлға - мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал, мұғалімдер қауымының басты мақсаты - рухани жан тәрбиеге бай, жан-жақты жасарымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Әрине, білім бұлағының бастауы бастауыш мектеп сатысынан алынады, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде кең қолданыс тапқан тест әдісі біздің елімізге енген алғашқы жылдары тек жоғары сынып бітіруші түлектерге арналса, кейінгі жылдары бастауыш мектепті бітіруші, яғни 4-сынып оқушыларынан емтихан тестері арқылы алына бастады.
Тест әдісі арқылы білім беру көбіне қазақ тілі, орыс тілі пәндерінде жүргізілсе, кейінірек математика пәніне енгізілді. Математика пәніндегі тестік тапсырмалар тек жыл аяғында, не тоқсан соңында беріліп келсе, енді тестік тапсырмаларды оқушылардың игерген білім деңгейін бағалау үшін әр тақырыпты қорытындылау сабақтарында қолдануға болады. Өйткені, тест әдісімен бақылау жұмысын жүргізу және оны тексеріп, бағалауға дәстүрлі бақылау жұмысына қарағанда әлдеқайда аз уақыт кетеді. Сонымен қатар, бұл әдісті жүйелі түрде қолдану оқушыларды жинақылыққа, өзмүмкіншілігін дұрыс бағалай білуге, уақытты есептей отырып, жұмыс істеуге үйретеді, себебі тестің әрбір сұрағына әдетте 2-3 минут уақыт беріледі. Және де әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көріпкелдікке салынбай немесе тисе терекке, тимес бұтаққа демей, олар өз білімдерін көрсету арқылы дұрыс жауапты таңдайды.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Әсіресе жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгеру маңызды. Өйткені, мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде математикадан өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар: математикалық диктант, өзіндік және бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар, әртүрлі тапқырлыққа берілген есептермен жұмыс және т.б. Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығының ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазба жұмыстарының өз мақсаты болады.
Тестік тапсырманы орындау процесінде оқушы орындаған амалдардың дұрыстығы мен бұрыстығы сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Кез-келген білімді тексеру тәсілі (диктант, шығарма, өзіндік жұмыс, бақылау жұмыстары, тест) оқушыларды сөйлеп үйретуге емес, білімнің нақты деңгейін көрсете білуге негізделген әдіс екенін ескерген жөн.
Тестік бақылау әдісі оқушылардың білім деңгейін тексеруде өте тиімді. Оқу бағдарламасында бұл әдісті тарауларды және бөлімдерді қайталау және пысықтауда қолдануға болады.
Тест түрінде білім беру әдістері және нәтижесі қандай болмақ?
Осы сұрақ төңірегінде Казан орта мектебінің мұғалімі А.Садуақасованың тірек-сызбасы арқылы жауапке ие боламыз.
Келесі материалдар педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдегі тест саласының ірі маманы Вадим Сергеевич Аванесовтың еңбектері қолданғанын ескертемін.
Жалпы тест тапсырмаларының төрт түрлі формасы бар. Олар:
1. Жабық формадағы тапсырма.
2. Сәйкестікті белгілейтін тапсырма.
3. Ақиқатты белгілейтін тапсырма.
4. Ашық формадағы тапсырма.
1.Жабық формадағы тапсырмалар.
1) Бір ғана ақиқат жауапты таңдау қажет болатын тапсырмалар.
2) Бірнеше ақиқат жауапты таңдау қажет болатын тапсырмалар.
3) Ең дұрыс бір ғана жауапты таңдау қажет болатын тапсырмалар деп үш түрге бөлінеді.
Бір ғана ақиқат жауапты таңдау қажет болатын тапсырмаларының бұл түрі өз кезегінде
oo екі жауапты;
oo үш жауапты;
oo төрт жауапты;
oo бес жауапты т.б. тапсырмалар деп бірнеше түрге бөлінеді.
Мысалы:
а) Бұрыштарының саны үшеу болатын көпбұрышты үшбұрыш деп атауға бола ма?
1. Иә. 2. Жоқ.
ә) Үшбұрыштың бұрыштарының саны:
1. Төртеу. 2. Үшеу.
б) 7 - а = 4 теңдеуінің шешімі:
1. 6 2. 2 3. 3 тапсырмасы үш жауапты тапсырма болып табылады.
Бұл тапсырмалар ең қарапайым екі жауапты тапсырмалар болып табылады. Алайда бұлардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Атап айтқанда біріншіден, бірінші тапсырма сұрақ түрінде берілген, екіншіден, оның жауабы да қарпайым (иә, жоқ немесе тура емес, жалған, ақиқат т.б.). Екінші тапсырма нақтыланған формада берілген сөйлем. Ал, оның берілген сөйлем мен бір жауапты біріктіру арқылы ақиқат немесе жалған пікір алуға болады. Сондықтан мұндай тапсырманы (екінші тапсырма) формалды-логикалық негізде берілген тапсырма деп атайды. Екі жауапты тапсырмалар көбінесе психология, әлеуметтік салаларында жиі қолданылады.
Бір ғана ақиқат жауапты таңдау қажет болатын тапсырмаларды құрастыру барысында басшылыққа алынатын қағидалардың (принциптердің) екі тобы бар:
Олар:
1) тапсырманың жауабын құрастыру барысында басшылыққа алынатын қағидалар;
2) тапсырманың мазмұнын құрастыру барысында басшылыққа алынатын қағидалар.
1. Тапсырманың жауабын құрастыру барысында басшылыққа алынатын қағидалар.
1) санға бірді қосса...
а) келесі сан шығады ә) кейінгі сан шығады.
Бұл қағиданың қайшылық қағидасынан негізгі айырмашылығы қайшылық қағидасында бірінші жауапты екінші жауап теріске шығарса, қарама-қарсылық қағидасы бойынша іріктелген жауаптың біріншісін екіншісі жоққа шығарады, яғни бірінші жауаптағы тұжырым өзіне аноним тұжырыммен алмастырылады.
а) қайшылық қағидасы.
Тапсырма жауабын бұл қағида бойынша құрастыру барысында бірінші жауап екінші жауап арқылы теріске шығарылады. Сондықтан көп жағдайда жауаптың логикалық схемасы А және А емес түрінде болып келеді. Мысалы:
а) 5 + 3 жазуы...
1.өрнек 2.өрнек емес
ә) Барлық қағидалары тең тіктөртбұрыш:
1. шаршы емес 2. шаршы
ә) қарама-қарсы қағидасы.
Тапсырма жауабы бұл қағида бойынша құрылғанда міндетті түрде бірінші жауапты екінші жауап жоққа шығаратындай болу керек. Мысалы:
а) 3,7,11,15,19... сандарының қатары
1. өседі 2. кемиді
б) біртектілік қағидасы
Демек, тапсырма жауаптары ұғымды жан-жақты емес, біржақты бағалатындай, яғни ұғым белгілі бір көзқарас, белгілі бір бағыт бойынша ғана қарастырылады. Мысалы:
а) 5:
1. жұп сан 2. тақ сан
Бұл тапсырмада а) жұп сан, ә) екі таңбалы сан деген жауаптар бола алмайды, себебі: олар біртекті емес.
ә) 444 саны:
1. бір таңбалы; 3. үш таңбалы; 5. бес таңбалы.
2. екі таңбалы; 4. төрт таңбалы;
Бұл қағида бойынша тапсырма жуаптарын құрудың ерекшелігі мынада: Бірінші жауапты екінші жауап, екінші жауапты үшінші жауап т.с.с. қамтиды. Мысалы:
а) Шаршының:
1. қарама-қарсы қабырғалары тең,
2. қарама-қарсы қабырғалары мен бұрыштары тең;
3.барлық қабырғалары мен қарама-қарсы бұрыштары тең;
4.барлық қабырғалары мен бұрыштары тең.
Бұл жағдай оқушыларды қандай да мәселе жайлы толық білім жинақтауға, толық жауап беруге үйретеді. Алайда, мұнда міндетті түрде ең соңғы жауаптың ғана дұрыс болуы міндетті емес.
ә) Метр қандай шаманың немесе шамалардың өлшем бірлігі?
1. ұзындықтың;
2. ұзындық пен массаның;
3. ұзындық, масса және жылдамдықтың;
4. ұзындық, масса, жылдамдық және уақыттың;
5. барлық шамалардың.
2. Келесі қағидалар тапсырманың мазмұнын анықтау барысында басшылыққа алынатын қағидалар.
1) Тапсырма мазмұнының фасеттік қағидасы (фасет дегеніміз - бір ғана тапсырманың әр түрлі нұсқада жазылу формасы). Осы қағиданың негізінде бір ғана тапсырма қиындығы әр түрлі деңгейде құрылып, оқушылардың білім деңгейлеріне қарай үлестірілуі мүмкін. Мысалы:
а) бұрыштардың саны (2,3,4,5) болатын көпбұрыш:
1. үшбұрыш; 3. бес бұрыш;
2. төртбұрыш; 4. алты бұрыш; 5. бұрыш деп аталады.
ә) (5,7,9,16,80) саны қалдықсыз:
1. 2-ге; 2. 3-ке; 3.4-ке; 4.10-ға; 5. 7-ге бөлінеді.
Мұндай тапсырманы мұғалім бірнеше оқушыға әр санды әркімге ұсына отырып, бірнеше оқушыға орындатуына болады. Сонда нақты оқушы мынадай тапсырма алуы мүмкін.
а) Бұрыштың саны төртеу болатын көпбұрыш
1. үшбұрыш 3. бес бұрыш
2. төртбұрыш 4. алты бұрыш 5. бұрыш деп аталады.
ә) 9-саны қалдықсыз
1. 2-ге; 3. 4-ке;
2. 3-ке; 4. 10-ға, 5. 7-ге бөлінеді.
Кейбір жағдайда тапсырмаларда бір емес, екі, үш т.б. фасет болуы мүмкін. Мысалы: (6,7,8,9,10) сандары (2,3,4,) сандарына қалдықсыз
1. бөлінеді 2. бөлінбейді
2. Импликация қағидасы.
Бұл қағида бойынша тапсырма мазмұны Егер, онда... формасымен құрастырылынады. Мысалы,
а) Егер әр қосылғыш беске бөлінсе, онда қосынды:
1. беске бөлінеді; 2. беске бөлінбейді.
ә) Егер кез-келген натурал санға бірді қосса, онда...
1. келесі сан шығады;
2. кейінгі сан шығады.
б) егер көпбұрыштың (3,4,5,6,7) бұрыштары болса, онда ол...
1. жетібұрыш 3. алтыбұрыш
2. бесбұрыш 4. үшбұрыш 5. бұрыш деп аталады.
Қазіргі таңда өткен материалды жинақтап, қорытуда немесе жаңа сабақты бекіту кезінде тест түрлерін пайдаланып, тестік бақылау жұмыстары алынып жүр. Тест ағылшынның бақылау деген сөзінен шыққан. Тест арқылы оқушылардың жауабы жалпылама емес, нақты берілетін болады. Тест сұрақтары педагогикалық басылымдарда және кітапшалар түрінде де беріліп жүр. Дегенмен, әр мұғалім тест сұрақтарын өзі әзірлегені тиімді. Бірқатар ғалым-әдіскерлер тестің 9 түрлерін бөліп алды. Алайда, соның ішінде бастауыш сыныптар үшін толықтыру тесті, баламалы тесті, таңдау тсеті, сәйкестік тесті және қазіргі кезде кеңінен таралып дұрыс жауап таңдау тесті түрлері қолданылып жүр.
Сонымен тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: 1) еске түсіру тесті; 2) ретіне қарай тізбелеу тесті; 3) құрастырма тесті; 4) кәсіптік бағдарлы тесті; 5) толықтыру; 6) таңдау тесті; 7) сәйкестік тесті; 8) баламалы тесті.
Еске түсіру тесті - сөз, сан түріндегі бір ғана жауапты керек етеді. Мысалы:
1. Төменде атаулардың ішінен геометриялық фигура болмайтынын табыңдар.
а) шеңбер ә) үшбұрыш б) қосынды в) бұрыш
2. Нүктенің қайсысы берілген түзуде жатады.
D
C
B
A
D
C
B
A
а) А ә) В б) С в) D
3. Берілген фигуралардың ішінен қайсысын өлшеуге болады?
B
N
K
D
P
M
C
T
B
N
K
D
P
M
C
T

а) BN ә) DК б) МР в) СТ
4. Берілген бұрыштардың ішінен тік бұрышты табыңыз:
M
K
C
D
E
A
B
O
P
Q
F
N
M
K
C
D
E
A
B
O
P
Q
F
N
а) MNK ә) АОВ б) PQF в) CDE
5. Сағат тоғызды көрсетіп тұр. Сағат тілдері қандай бұрыш жасайды:
а) жазыңқы бұрыш ә) доғал бұрыш
б) тік бұрыш в) сүйір бұрыш
Ретіне қарай тізбелеу тесті - тапсырмалардан, сондай-ақ құбылыстар, объектілер, шамалар, сипаттамалардан тұрады. Оларды тәртіппен, яғни маңыздылығы, мөлшері т.с.с. бойынша реттеу керек. Берілген тізім жауаптың құралуына негіз болады. Мысалы, формулалардың бағытын көрсет: Төртбұрыштың ауданы, жол формуласы, параллелепипедтің көлемі, қалдықпен бөлу.
a) a=bq+r; rb; ә) s=ab; p=(a+b) 2;
б) v=abc; s=vt; в) p=a2+ba;
Құрастыру тесті -әр түрлі типтегі тапсырмалардан тұрады. Оқушылар оның жауабын берілгендердің ішінен таңбайды. Мысалы, шеңберді сызатын құрал.
а) циркуль; ә) қаламсап; б) транспортир; в) сызғыш;
Кәсіптік бағдарлары тесті - сұрақпен қоса курс тақырыбымен немесе қандай да бір мамандықпен байланысты мағлұматтар беріледі.
Толықтыру тесті - сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің, сөз тіркесінің, сандардың орнындағы көп нүктені тиісті жауаппен алмастырады. Әр сұрақтың жауабы ықшам, әрі бір мәнді болуы тиіс. Мысалы, көп нүктенің орнына сөздер қойып жаз.
Таңдау тесті - сөйлемнің басы (саны, цифры) беріледі де, соңынан бірнеше үлгілері жауап ретінде ұсынылады. Оның ішінде дұрысы да, қтесі де бар. Оқушылар дұрысын таңдауы керек. Дұрыс жауаптың нөмерін карточкаға белгілеп көрсетуге болады. Тестің бірінші жартысы сауал немесе тапсырма арқылы көрініс табуы мүмкін. Кейде мұндай тест түрлерінде дұрыс емес жауапты табу талап етіледі.
Таңдау тестінің негізінде қисындық өзара байланыстағы түсініктер топтары немесе оқу материалының аяқталған бөлімін игеруге мүмкіндік беретін тәсілдер енгізілген. Бұл жағдайда берілген әр тапсырманың дұрыс жауабын таңдау, оның алдындағы тапсырмаға таңдалған дұрыс жауаппен қамтамасыз етіледі. Бұл жауаптарды жете түсіне отырып, таңдауға жағдай туғызады. Мысалы,
Сәйкестік тесті - екі қатар бағаннан тұруы мүмкін. Бұл жағдайда бір бағандағы қандай да бір шешуші сөз, сан, рәсім немесе сөйлем арқылы тиісті жауапты екінші бағаннан табу қажет.
Бұл тестің артықшылығы - оқыту материалдарының көп санын игеруді қысқа мерзімде бақылауға мүмкіндік беретін жинақылығында. Мысалы, мұнда 1-бағанға сұрақтар, 2-бағанға жауаптар жазылған. Оқушылар жауаптарын дұрыстығына қарай сәйкесін тауып жазады.
Дұрыс жауаптары:
Баламалы тесті - оқушының қандай да бір ұсынылған нұсқалардан жауаптың біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Иә - жоқ деген жауап түрлері жиі кездеседі. Сондай-ақ басқа нұсқалар да бар. Мәселен, дұрыс немесе дұрыс емес және қате, қате емес түріндегі сөздермен беріледі. Мысалы:
а) 10т 8 ц 38 ц
а) дұрыс; ә) дұрыс емес;
ә) Теңдік тура ма? (80-70)+50=60
а) иә; ә) жоқ;
б) 2 ғасырда 150 жыл бар:
а) қате, ә) қате емес,
Қазіргі уақытта білім беру жүйесі ескірген стандарттардан бас тартып, білім деңгейі басқаша бағаланатынын білеміз.
Сондай тәсілдердің бірі - тест тәсілі. Тестік бақылау мен тапсырмалар мазмұны жағынан ерекше объект ретінде жеткілікті түрде зерттеліп, талқыланған.
Соңғы жылдары оқушы білімін тексерудің тиімді бір жолы, тест әдісі кеңінен қолданылып жүр. Тестік бақылауда берілетін есептер жолы жеңіл, ықшам, шешуге жеңіл, оқушыны жалықтырмайтындай болғаны абзал.
Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешімін қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді.
Мысалы, геометриялық фигуралар жөніндегі ұғым туралы тестер.
1. Мына фигуралардан барлық бұрыштары тік емес көпбұрышты тап:
1
2
3
4
1
2
3
4
А. 1;2. Ә. 2;4. Б. 1;3. В. 1;4.

Қазіргі кезде оқушының математикадан алған білімін бағалаудың ең тиімді жолының бірі - бақылау тест жұмысын алу арқылы сынау түрі кең етек жайып келеді. Бұл оқушының тез ойлауға, ұқыптылыққа, пәнді тереңірек меңгеруге ықпал ететін әдіс екендігін өмір тәжірибесі үйретуде: тест жұмысын орындау арқылы сол пәннен алған білімін беріктей түседі, тест текстерін жасау пәні мұғаліміне көбірек ізденуді талап етеді. Қазіргі талап бойынша ұстаз шәкірттеріне мемлекеттік стандарт деңгейінде білім беруі қажет. Бұл талапты орындау әрбір ұстаздың міндеті.
Қазіргі кезде мектептерде кеңінен қолданылып жүрген оқушылар білімін бақылаудың тәсілдері мен құралдары (жекешелеп сұрау, жазба бақылау жұмыстары, диктанттар, шығармалар т.б.) оқытудың, оның ішінде оқушылар білімін тексеріп есепке алу тиімділігін жоғары сатыға көтеру мәселесін толық шеше алмайтындығын мектеп тәжірибесі мен педагогика ғылымдары саласында жүргізілген зерттеулер айқын дәлелдеп отыр. Өйткені бақылаудың бұл тәсілдері мен құралдарын қолданып жүргізілген тексеру оқушылар білімінің дәрежесі мен кемістігі туралы мағлұматтарды, көбінесе кешігіп анықтайды және де барлық жағдайда да шын мағлұмат береді деп айту қиын.
Оқушылар білімін тексеріп есепке алудың бұл кемшіліктерін бақылаудың тесті тәсілін қолдану арқылы жоюға болады.
Тестілік тәсілдің бақылаудың басқа тәсілдерімен салыстырғандағы артықшылығы мынада:
1) Оқушылардың белгілі бір материалды меңгеру қорытындысы тез тексеруге мүмкіндік береді. Бұл білім алуды (әсіресе математика, физика және т.б. пәндері үшін) әрі қарай жалғастыруға өте қажетті. Өйткені, жаңа материалдар бұрынғы меңгерілген материалдардың негізінде түсіндіріледі;
2) Оқушылар бақылау жұмысын орындауға және оны жазып дайындауға аз уақыт жұмсайды;
3) Бақылау жұмысына қойылатын баға дұрыс және әділ болады.
Тестілік тәсілдің кемшілігі оқушының бақылау жұмысын орындау барысында қалай ой қорытып ойлағаны мұғалімге белгісіз және тестідегі тапсырмаларға берілетін жауаптардың саны тіпті аз болса, онда оқушы тапсырманы орындай алмаса да болжап шамамен біреуін көрсете салуы мүмкін, ол дұрыс жауап болуы мүмкін.
Тестіге енетін тапсырмалардың күрделілігі мен қиындығына қарай олар бірнеше деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгейдегі тестілерге танып анықтау, айырып тану, арақатынасын анықтау және іріктеп тексеріп алу үшін бірнеше жауаптарымен берілетін есеп-тестілер жатады.
Танып анықтау тестісінде оқушыға мүмкін болатын екі ұйғарымның бірін ғана талғап алуға оқушы мәжбүр болатын сұрақтар беріледі. Мысалы, 462 саны 3-ке бөліне ме? немесе тік төртбұрыш шаршы бола ма? деген сұрақтарға оқушы бөлінеді немесе бөлінбейді деп, ал сұраққа бола алады немесе бола алмайды деп жауап береді. Бұл тесті өте оңай сұрақтардан тұрады және де оқушы жауабын дәл бөлмесе де, екі жауаптың біреуін жорамалдап айта салады, ал кездейсоқ дұрыс болып қалуы мүмкін. Сонымен, оқушы білмесе де жорамалдап анықтай салудың салдарынан кездейсоқ дұрыс алып кетуінің ықтималдығы о, яғни 50%.
Айырып тану тестісінде оқушыға тапсырмамен қатар, оның бірнеше жауаптары беріледі. Ол жауаптардың біреуі дұрыс та, ал қалғандары дұрыс емес. Мысалы: суретте неше үшбұрыш бар:

а) 1 ә) 2 б) 3

Айырып тану тестісін құрастыру оңай, сондықтан оны тексеруді автоматтандыруға болады және де оның үш немесе одан да көп жауабын (дұрыс және дұрыс еместері бар) беруге болғандықтан оқушының дұрыс жауапты жорамалдап кездейсоқ табуының ықтималдығы азаяды.
Ара қатынасын анықтау тестісінде оқып білуге қажетті объектілердің арасындағы жалпы бірдейлік пен айырмашылықтарды ажыратуға арналған тапсырмалар беріледі. Салыстырылатын қасиеттер мен элементтер туралы міндетті түрде тапсырмада айтылуы қажет.
Мысалы: Тік төртбұрыш пен шаршының қандай қасиеттері ортақ, ал қандай қасиеттері әртүрлі?
а) Бұрышты, екеуі де төрт бұрыштан құрылған.
ә) Ұзындықтары ұқсас, төрт бұрыштан құрылған, бұлар ортақ қасиеттері.
б) Екі фигура төрт бұрыштан құрылған, ұзындықтары әртүрлі, бұрыштары әртүрлі.
Іріктеп тексеріп алу үшін бірнеше жауабы берілетін есеп-тестілер мектеп тәжірибесінде соңғы кездері жиі қолданылып жүр.
Меңгерілген материалдарды қиындығына және күрделілігіне байланысты тексеретін тестілер де болады. Мысалы, ережеде қалып сөздерді жазып толықтырыңдар:
Бірліктерді бірліктердің ... жазып қосамыз немесе азайтамыз.
Ондықтарды ондықтардың ... жазып қосамыз немесе азайтамыз.
Тесті - есептердің бірнеше жауаптары берілген жағдайда оқушыға қойылатын баға, оның білім дәрежесін дәл (шындыққа сәйкес) көрсетуі тиіс тестіні құрудың саласына және берілетін жауаптардың санына байланысты болады.
Оқыту нәтижелерін оқушылардың алған білімін, іскерлігі мен дағдыларын әрбір оқушыға жекелеген тапсырмалар беур арқылы тексеру мен бағалай пәнді оқыту процесінде ең маңызды орын алады.
Ондай бақылау жұмыстарын оқу процесінде үздіксіз жүргізіп отырса, оқыту нәтижелерінің сапалы болуы сөзсіз.
Оқыту мен білімді тексерудің классикалық, дәстүрлі әдістерімен қоса, тест тәсілін енгізу - бүгінгі таңдағы өскелең талаптардың бірі.
Оқушылардың сыннан өтіп, көздеген мақсаттарына жету үшін оларды тестік бақылау жұмысының қыр-сырымен жете таныстырған жөн. Тек бір тақырыпты игергенмен, не айналасындағылармен салыстыра отырып, өз білім деңгейін жоғары бағалағанмен, тестімен шын мағынасында жұмыс жасаудың жөні бөлек. Себебі, оған терең біліммен қатар, шапшаң қимыл, шалт ой тұжырымдай білу, ұқыптылық қажет. Әсіресе, математикалық тестілерді шешуде ең оңай, тиімді жолдарын ажыратып, уақыт үнемдей білу оқушы үшін таптырмас табыс.
Өзімізге белгілі білімдерді тексерудің алуан түрлі әдістері мен түрлері бар. Дегенмен, қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі әдістер, олар оқу материалдарын меңгерудің сапалық жағын анықтайды.
Дәстүрлі бақылау жұмыстары есептерді шығарудың әдістерін игеруге, есептерді шығару кезінде қиыншылықтарды көруге, жұмысты орындағанда, әдетте жіберілген қателіктерді айыра білуге септігін тигізеді. Бірақ олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материалының тек 30-50%-ы ғана тексерілуі мүмкін. Ал, тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалы жағымен қатар сандық жағын да бағалауға мүмкіндік береді. Демек, тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың сапалы да, тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отыруы керек. Мұнда әсіресе төмендегідей әдістерді қолданған жөн:
1) тестік жүйе бойынша;
2) өзін-өзі тексеру;
3) көршісін тексеруі және т.б.
Қазіргі білім сапасын бағалауда қолданылып жүрген тестік нұсқалардағы тапсырмалардың қиындық деңгейін нақты айқындау қажет. Ол үшін тестік нұсқаға енген:
1) Математиканың бөлімдерінің ара салмақтарының жібін ажырату, яғни олардың тестік нұсқасындағы санын айқындап алу;
2) Әр бөлімнің ішкі тақырыптарының тестік нұсқада қамтылу мөлшерін анықтау;
3) Тест мақсатына сәйкес іріктеп алынған тестілерін бірте-бірте қиындату принциптерімен тестік нұсқа құру,
4) Тестік нұсқаны эксперименттік сынақтардан өткізіп, қажетті түзетулер енгізу қажет.
Сонымен қатар, әрбір тестідегі тапсырманың қиындық деңгейі орындалатын амалдар санына, қажетті түрлендірудің күрделілігіне, тапсырманы орындауға қажетті уақыт мөлшеріне де тығыз байланысты екендігі қатаң қадағаланып отырғаны дұрыс.
Тест - оқушылардың білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдарының бірі. Бағалаудың мұндай түрі кейбір шет ел мектептерінде кеңінен қолданылады. Бұл оқушы білімін тексерудің басқа формаларын (бақылау жұмысы, жаппай сұрақ) оқу процесінде қолдануды жоққа шығармайды.
Оқу процесін жетілдіреді оның құрамды бөліктері болып табылатын оқудың мақсатын, пәннің мазмұнын, әдістері мен түрлерін, оларды оқытуда қолданылатын дидактикалық құралдары өзара байланыстыра оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Әр мұғалім өз оқушыларының білім деңгейіне, басқа да ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды өзі дайындағаны дұрыс. Тест әдісін тиімді қолдану үшін, оның тапсырмалары қойылған мақсатқа сәйкес құрылуы қажет, тапсырмалардың қиындық дәрежесі де осыған қарай әртүрлі деңгейде болады. Әрбір нақтылы сындардың, тіпті оқушылардың білім дәрежесіне, қабілетіне қарай жасалған тест оқушымен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың теориялық материалды меңгеру барысын тексеру үшін блок материалы немесе жеке тақырыптар бойынша дұрыс формулаларды табу, өлшем бірліктерін анықтау, дұрыс сөйлемдер, тұжырымдамалар құру сияқты тапсырмалар беріледі. Жаңа білім, білік, дағдыларын дамыту (есеп шығаруды игерту) мақсатында қарапайым сандық және сапалық есептерден тұратын тестер қолданылады. Бұдан соң күрделі есептерді енгізуге болады.
Тест бірнеше нсқада жасалатын болса, олардың қиындық дәрежесі шамалас, ал тапсырмалар бірдей мазмұнда боул керек. Баға қойылғанда тек жауаптар ескеріледі және әдетте дұрыс жауаптардың пайызы бойынша қойылады.
Тест тапсырмаларының саны да, қойылатын мақсатқа, қай сыныпта жүргізілетініне байланысты әр түрлі болады, біз тест тапсырмаларын бестен он беске дейін жеткізіп жүрміз, тапсырмалар саны бұдан артық болса оны орындауға уақыт өте көп кетеді. Тестің әрбір сұрағына 2 немесе 3 минут беріледі, бір тестің барлық сұрақтарына берілетін уақыт бірдей болуы тиіс.
Тестің әрбір сұрағына бірнеше дайын жауаптар беріліп, оқушы соның ішінен дұрысын таңдап алу керек әрине, тек қана дұрыс жауап берілуі қажет. Жауаптар саны төрт, не бес болғаны тиімді, себебі бұдан аз болғанда оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ табу мүмкіншілігі артады, ал бестен артық жауап саны қажетсіз көп деп есептейміз. Ұсынылатын жауаптар бір-біріне жуық, үстірт қарағанда ұқсас көрінуге тиіс, мүмкіндігінше жауаптардың ішінде оқушылардың көп жіберетін қателіктері болатыны пайдалы. Мысалы,
1. 60 - 20 + 5 = ?
а) 25; ә) 35; б) 45; в) 55; д) 65;
дұрыс жауап: 45.

2. 80 - 30 - 10 = ?
а) 60; ә) 50; б) 40; в) 30;
дұрыс жауап: 40.
Бұл екі мысалда көрсетілгендей, төрт немесе бес жауаптар саны оқушыларды ойландырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.
Тестпен жұмыс істеуді бірінші сыныптан бастау керек. Әрине, мұндай жұмыс көп уақытты талап етеді: тесті құрау, жұмысты тексеру. Бірақ бұл жұмыстар оқушыларға ұғайды және ол көп көмек береді.
Мұндай жұмысты келесі әдіспен ұйымдастыруға болады. Оқушылар бірнеше тақырыпты өткеннен кейінгі тестік талдау беріледі, олар материалд толық меңгергендігін, сыныптың барлық қателерін анықтауға және бір оқушының білімін тексеруге қолайлы. Алынған қорытындыға жіберілген қателер таблицасы құрылды (таблица 1).
Әрбір оқушының жіберген қатесінің санын жазып отырады.
Талдағаннан кейін тесттер құрылып, келесі сабақта барлық оқушыларға беріледі.
Оқушылар мыналарды білуі тиіс:
1) Тапсырманы оқып, ұғымын түсіну, сұрақ пен шарттарды бөліп қарау.
2) Тапсырмаларды байланыстыру керек.
3) Тапсырманы шешу үшін арифметикалық амалды таңдау.
4) Тапсырманың шешімін тексеру.
5) Тапсырманы қадағалау.
Өте жақсы тапсырманы орындаған оқушыға дифференциалды тапсырманы береміз, ол қиындау сұрақтау, схема бойынша құрылған.
Оны мысал ретінде нақты көрсетеміз. Оқушыларға мынадай тапсырмалар бер:
1) Түрлі түсті қарындаштың қорабы 10 теңге тұрады, қылқалам одан 2 теңге арзан, ал кітап қылқаламнан 40 теңге қымбат, кітап қанша тұрады?
2) Қаланың бір көшесінде 56 үй, келесі 8 үй артық, ал үшіншісінде екеуін қосқанда сонша үй бар. Үшінші көшеде қанша үй бар?
3) Спорттық сырт киім мен шалбары 42 теңге тұрады. Сырт киім 28 теңге тұрады. Шалбар қанша тұрады?
4) Сыртта төрт қыз жүр еді. Оларға 7 қыз келіп қосылды. Сыртта қанша қыз болды?
5) Ұста бірінші күні 25 орындық жөндеді. Екінші күні 10 орындық. Екі күнде ұста қанша орындық жөндеді? Бұларды талдағанда келесі қателерді жіберуі мүмкін:
1. Қателер текст тапсырмасын түсіндіреді. Мысалы, 1-тапсырмада оқушылар бірінші мынаны орындады 10+2 (арзан болса, бұл көп деп есептеген қателесті) екінші 40-12.
2. Тапсырмаларды байланыстыра алмағандықтан қателер жібереді. Мысалы, 56-8.
3. Кейбір қателер оқушылардың ықылассыз қарауы.
Осы қателер бойынша мынадай дифференциалды тапсырмалар құралады.
1. №1 тапсырмаға қосымша көрсеткіштер.
Арзан - бұл аз; қымбат - бұл көп.
Қысқаша шарты.
Қорап - 10 теңге.
Қылқалам - ? Теңге арзан, қорапқа қарағанда кітап - ? қылқаламға қарағанда - 40 теңге қымбат.
№2 тапсырмаға қосымша көрсеткіштер.
І к - 56 үй
ІІ к - ? - І-ге қарағанда 8 үй көп
№3 тапсырмаға
Сырт киім - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыни ойлау қабілеті
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы мектепте математикалық білім беру
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
Бастауышта математикалық білім беру
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Пәндер