Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні.
1. Тәрбие - теорияның пәні.
2.Тәрбиенің міндеттері мен функциялары.
3.Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні және оның ерекшеліктері.
4.Қазіргі қоғамдағы тәрбиеге қараудың тұрғылары.
Педагогикалық үдерістің аса маңызды элементтерінің бірі тұлғалық тәрбие ісі. Тәрбиенің жалпы әлеуметтік қызметі - өткен әулеттер тәжірибесін, білімін, ептіліктері мен дағдыларын, әрекет-қылық үлгілерін, т.с.с. өскелең ұрпаққа меңгерту Тәрбие тек тұлға қалыптастырумен шектелместен, адам даралығын дамыту шарттарын да түзеді. Адам тәрбиесіндегі басты міндеттердің бірі- оның өз басының әлеуметтік даму шарттарын айқындап алуы. Олардың біріншісі- жеткіншектерді нақты әлеуметтік қатынастарға араластыру, яғни тәрбиеленушілер бойында обьектив және субьектив бірліктерден құралатын іс-әрекетке деген тұлғалық сезім, қалыптар пайда ету. Объектив бірлік - бұл тұлғаның өз қызмет-әрекеті, ал субъектив бірлік - тұлғаның сол әрекетке болған қатынас күйі. Екінші шарт - әлеуметтік әрекеттестікке келу үдерісіндегі балалардың өз мүмкіндіктерін іске асыра білуі. Тәрбие - бұл белгілі педагогикалық мұраттарға сай арнайы ұйымдастырылған ықпалдар көмегімен тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсат бағдарлы үдеріс.
Педагогикалық үдерістің негізгі элементі болған тәрбие өз ішіне төрт мәнді белгіні қамтиды:
- ықпалдардың мақсат бағдарлылығы;
- сол ықпалдардың үлгі, өнеге, әлеуметтік-мәдени бағдар, мұраттарға сай бағдарлануы, сондай-ақ тәрбие үдерісінің адамзат дамуының тарих барысындағы жетістіктеріне сай келетін құндылықтарына орай жүргізілуі;
- ұйымдастырылатын тәрбие ықпалдары мен әсерлерінің белгілі жүйеде болуы мен және орындалуы;
- адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, тұлғалықты және даралықты дамуға түсуі.
Бұл тұрғыдан ең алдымен ескерілетін жәйт-тәрбие үдерісінің көп жағдаяттылығы. Тәрбие тек мектепте емес, ол отбасыда, мектептен тыс мекемелерде іске асып барады. Тәрбие үдерісінің көп жағдаяттылығы, тәрбиелік ықпалдар кеңдігі тұлға қалыптастыруда көптүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады. Тәрбие үдерісінің екінші ерекшелілігі оның ұзақ мерзімділігі. Гельвеций пікірінше, адамның барша өмірі тұтастай ұзақты бір тәрбиелік желі. Адам есейген шағында да тәрбиеленеді не қайта тәрбиеге түседі. Ол өзінің еңбек, моральдық тәжірибесін топтап, жетілдіруде, өз білімін кеңейту мен тереңдетуде, эстетикалық құндылықтар меңгеруде ешбір үзіліс не тыным таппайды. Тәрбие үдерісінің үшінші ерекшелігі оның сатылық сипатында, бұл сатылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
1-саты: балалар отбасы мен мектепте тәртіп, әрекет-қылықтың алғашқы ережелерін игереді;
2-саты: әрекет-қылық туралы алғашқы ұғымдар негізінде шәкірттер әдептілік түсінігі мен қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін меңгереді;
3-саты: наным-сенімдер қалыптасады, мінез-құлық дағдылары тұрақталады, сезімдері кеңейіп, бой түзейді. Бұл сатыда балалар қандайда іс-әрекеттің себеп-салдарлылығын белгілі идеялық, адамгершілік принциптері негізінде түсіне бастайды.
Тәрбие үдерісінің келесі, төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмыстары мазмұнындағы шоғырлылық. Бұның мәні - тәрбие барысында тұлғаның қандай да бір сапасына бірнеше рет қайталай назар салуға тура келеді. Бірақ бұл қарадүрсін қайталау емес, бала жасының ерекшелігі мен тәрбиелік деңгейіне сәйкес кеңейтіліп, тереңдей түскен қайталаулар. Тәрбиенің бесінші ерекше белгісі - оның екі тараптылығы мен белсенді үдерісті болуында. Тәрбиеленуші тек нысан (объект) қана емес, ол тәрбие субъекті де. Осыдан педагогтың тәрбиеленушілерге тұрақты өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік тәрбие қажеттілігін белгілеу міндетін үйрету маңызды роль атқарады.
Тәрбиенің алтыншы ерекшелігі- бұл үдеріс нәтижесінің сырттай көзбен онша елене бермеуінде. Тәрбиеші жұмысын тексеру және бағалау аса қиыншылықты іс. Сондықтан педагог өз шәкірттеріне үлгі-өнеге көрсету үшін ғана емес, талай рет болып қалар өзіне деген әділетсіздіктер жағдайында байсалдылық пен ұстамдылықты болу үшін өте кішіпейіл адам болғаны абзал. Тәрбие үдерісінің ақырғы жетінші ерекшелігі - оның болашаққа бағытталған іс-әрекетте болуында. Әр педагог өз тәрбиеленушілерінің өмірге алдағы өзгеріске түсетін, басқаша қоғамдық қатынастар жағдайында араласатынын ұмытпағаны қажет. Сондықтан тәрбие жұмыстарының барысында бүгінгі күн талаптарын ғана ескеріп қоймастан, техникалық ілгерілеу мен қоғамдық дамудың болашағына мән бергені жөн
Тәрбие түрлері. Авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие. Прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік тәрбие
1.Тәрбие түрлері. 2. Авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие. 3. Прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік тәрбие.
Тәрбие тұлғаның аталған мәдениетін дамытушы әрі қалыптастырушы бірден бір құралдары. 1.табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тәрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);2.өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын және оның құндылық мәнін дәріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, әділдік-теңдік, туысқандық және т,.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);3.қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі және оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: Мен және қоғам, отаншылдық тәрбиесі);4.еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).
Дәстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тәрбиелік іс-әрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тәрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):
oo ғылыми дүние таным қалыптастыру;
oo азаматтық тәрбие;
oo еңбек тәрбиесі;
oo адамгершілік тәрбиесі;
oo эстетикалық тәрбие;
oo дене тәрбиесі.
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі. Дүниетаным негізі - әлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бәрі адамдардың рухани дүниесінің кәусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, әдебтетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдауларынан құралады.Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның Мен мәніне айналып, өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.Біздің қазіргі дәуірімізге тән дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары және адам құқын, оның экономикалық және саяси еркіндіктерін, ар-намыс және дүниетанымдық еркіндікті бүкіл әлем болып қолдап-қуаттау және қорғау.
Азаматтық тәрбие мәні - кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тәртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдық, ұлтжандылық және ұлтаралық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.
Азаматтық тәрбие мақсаты -әр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас - ниеттерін қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері - мемлекет және басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік және құқықтық мәдениет. Кемелденген азаматтықтың белгісі - сөз бен істің бірлігі.
Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерді түсіруіміз мүмкін:
oo азаматшылдық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады;
oo азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;
oo бірлікті өмір сүруге дағдыланады;
oo өз талаптарында , әрекет-қылықтарында , әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында астамдыққа бармауға үйренеді;
oo басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады;
oo қоғамдағы бейбітшілік , өзара түсіністік, шыдамдылық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.
Отаншылдық тәрбиесі. Бұл тәрбиенің мақсаты - оқушы да өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін пайда етіп, оған адал қызмет жасауға , оны қорғауға баулу; туған ел тарихы және өз халқы мен басқа да ұлыстардың мәдени мұрасын, салттары мен дәстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру;Отаншылдық тәрбиесінің мазмұны:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін (Ел таңба, Ту, Ән ұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де Мемлекеттік белгілерін білу;таншылдық (өз Отаның болған сүйіспеншілік) пен интернационализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) әрқилы тұстарын түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін кеңейту;Туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу;Елімізбен байланысқан өзге мемлекеттер тілін, тарихын, ондағы халықтар салты мен дәстүрлерін білу;Халқымыздың жауынгерлік даңқы мен қаһармандығына байланысты нақты дерек көздерін іздеу және зерттеу.
Құқықтық тәрбие. Құқықтық тәрбие мақсаты- оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсіну әрі мойындауға баулу. Құқықтық тәрбие жүйесі мемлекет сипаты және саясатымен белгіленеді.
. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы әлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мәртебесі Адам құқықтарының жалпы декларациясында(1989ж). Отбас және мектеп жағдайларында балалар орынды әрекет-қылық әдеттерін, адамгершілік және құқықтық нормаларын, әлеуметтік іс-әрекеттердің алғашқы дағдыларын меңгере бпстайды.
Адамгершілік тәрбиесі. Бұл қоғамдық талаптар және әрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мәнді бір бөлігі.Мәдениет тарихында адамгершілік тәрбиесі мәнін түсінудің төрт негізгі дәстүрі қалыптасқан:патерналистік (патер-лат. әке, үлкендерге құрмет түріндегі адамгершілік тәрбиесі);діни-дәстүрлік (діни наным сенімдер мәртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тәрбиесі);ағартушылық (ғылыми білімдер игерудің нәтижесі түріндегі адамгершілік тәрбиесі);коммунитаторлық (коммуна-лат. Қауым, ірлестік; ұжымшылдық сезімін қалыптастыру сезімі түріндегі адамгершілік тәрбиесі).Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты- өз іс-әрекетіне жауапкершілікті , адал, намысты, жалғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбие. Бұл тәрбиенің мақсаттары- тәрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; иабиғатты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан ләззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тәрбиелеу.Экологиялық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны:тәрбиеленушілерді қоршаған табиғатты зерттеп, тану;
oo табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу;әлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі проблемаларымен танысу;адам әрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл әлемдік экологиялық жағдайға одан болар ықпалдарды (ұнамды да кері) зерттеп, білу.
Эстетикалық тәрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй - сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту. Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады әрі құндылық мәнін иеледі. Эстетикалық тәрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары мен бағамдарын туындататын болмыстың әсем нысандар мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем әдебиет туындылары бойынша конференциялар жүргізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер өткізу; әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын және т.б. жасау.
Дене тәрбиесі - тән денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен әдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тәрбиесінің мақсаты - адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тән саулығын көтеру.Дене тәрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану гигиена ережелерін ұстану Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тән-дене қабілеттерінің дамуына әртараптан әсер етеді. Дене тәрбиесіне орай іс әрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастьиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, әрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды және т.б. қамтиды.
Еңбек тәрбиесі. Бұл тәрбие түрінің мақсаты- тәрбиеленушіде осы заманғы техника, технология және өндірісті ұйымдастыру, жалпыеңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.Еңбек тәрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі, өзіндік қызмет еңбегі, қоғамдық пайдалы еңбек құрайды.
Экономикалық тәрбие тәрбиеленушілердің мүмкіндіктеріне орай өндіріс, заттасқан және рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен қажеттікке жарату жөніндегі біртұтас түсініктерді меңгертуге бағытталады.Экономикалық тәрбиенің негізгі мақсаты- нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті әрі өз іс-әрекеті мен қызметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тұлға қалыптастыру.Бұл мақсаттың жүзеге келуі ұланғайыр міндеттер кешенін шеше білуге байланысты. Атап айтсақ, олар:тәрбиеленушілерде экономикалық білімдер мен экономикалық іс-әрекеттерге деген қажетсіну сезімін қалыптастыру;негізгі экономикалық ұғымдарды, категорияларды , заңдар мен процестерді меңгеру;табыскерлікті , жауапкершілікті, өзіндік дербестікті дамыту;табыскерлік іс-әрекетке қажет дағдыларды игеру;мүмкін болар қиыншылықтарға психологиялық дайындық қалыптастыру.
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің заңдылықтары мен принциптері.
1.Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің заңдылықтары мен принциптері.
2.Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік.
3.Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу принциптеріне сипаттама.
Педагогикалық міндеттерді шешуде тиімді нәтижелерге қол жеткізуші педагогикалық үдерістің тұрақты әрі мәнді байланыстары - тәрбие заңдылықтары деп аталады. Бұл заңдылықтар қатарына енетіндер төмендегілер: 1) Тұлға тәрбиесі сол тұлғаның іс-әрекетке араласу барысында іске асады. Әрбір адамның тәлім игеруі оның танымдық іс-әрекетке қатысуынан болады. Еңбекке араластырмай, тұлғаны аралық қатынастарға түсірмей, ұжымдық мәселелерді шешуге қатыстырмай, адамды еңбеккерлікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мүмкін емес.. А.С.Макаренко пікірінше, тәрбие нәтижесі - тәрбиеленушілердің өмірі мен іс-әрекетін мазмұнды ұйымдастырудан.2) Тәрбие - бұл қалыптасушы тұлғаны нақты іс-әрекетте белсенділікке ынталандыру. Тұлғаның тиімді дамуы мен қалыптасуы оның нақты іс-әрекеттегі жоғары белсенділікке ие болуынан. Егер адам өз қызметіне селқостықпен қараса, нәтижеге жетуде енжарлық танытса, тәрбие ісі қай уақытта да ақталмайды. Ал белсенділік болу үшін тұлғаның қажетсіну аймағын дамыту керек. 3) Тәлім игеру және тәрбиелеудің ажырамас бірлігі. Тәлім, білім әрқашан адамның жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталады. Осының негізінде қоғам өкілі дамиды, қажетті білімдер мен қабілеттер орнықтырушы әлеуметтік тәжірибені игереді4) Тәрбиелік ықпалдардың біртұтастығы - тәрбие мақсаттарының мазмұны мен әдістерінің бірлігі, әлеуметтік ұстанымдар мен педагог талаптарының ұштастығы, тәрбиелік үдеріс субъекттері тарапынан қойылатын барша талаптардың өзара байланыстылығы. 5) Тұлғаға деген адамгершілік қатынас және сыйластықтың жоғары талаптармен бірлесе жүруі. 6) Тәрбие үдерісінде шәкіртке болашақтағы жетістігін аша көрсетіп, табыс қуанышына бөленуге жәрдемдесу.7) Тәрбие үдерісінде жастардың ұнамды сапа қасиеттерін таба біліп, оларға арқа сүйеу. П.П. Блонский пікірінше, оқу-үйретімде кемшілігі бар шәкіртпен күресу керек емес, ал оның өзімен бірлікте ондағы кемшіліктерге қарсы реттеу әрекеттерін жасаған орынды. 8) Тәрбиеде шәкіртің жас және даралық ерекшеліктерін ескеру қажет.9) Тәрбие үдерісінде баланы өзіндік тәрбиені іске асыруға баулу қажет.Аталған заңдылықтар негізінде тәрбие принциптері іске асырылады. Тәрбие принциптері - бұл тәрбие мазмұны мен оны іске асыру жолдарын анықтайтын тәрбиелік үдерісті ұйымдастырудың негізгі талаптары.- Тәрбиенің адамгершілікке бағыттау принципі - адамаралық қатынастар жүйесінде баланы негізгі құндылық ретінде қарастыруды талап етеді. Осыдан әрбір адамға сыйластық қатынас жасап, оның ар-намыс, рухани сенімі мен көзқарас еркіндігі сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл принцип тұрғысынан баланың тән-дене, әлеуметтік және психикалық салауаттылығына қамқорлық - басты міндет.
- Тәрбиенің әлеуметтік жағдайларға сай келуі. Бұл принциптің іске асу шарттары: тәрбие міндеттері мен демократиялық қоғамның әлеуметтік даму міндеттерінің өзара байланысы; бала тұлғасына ықпал жасаушы әлеуметтік мекемелер әрекеттестігін үйлестіру; балаларға арналған әлеуметтік-педагогикалық жәрдемді қамсыздандыру; педагогикалық үдерісті қоғамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкестендіру; қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы жағдайларын сабақ барысында қабылданатын ақпараттарды реттеу.
- Тәрбиені дараландыру принципі: әрбір шәкіртің әлеуметтік даму бағытын айқындауды көздейді. Осыдан әр баланың жеке ерекшелігіне сәйкес арнайы міндеттер белгіленеді, бала өз мүмкіндіктеріне сай келетін қызметтерге қатыстырылады, тұлғаның оқу-үйренім, танымдық, сабақтан тыс білім топтау қабілеттері ескеріледі, әр шәкіртке өз мүмкіндіктерін танытып, оларды іске асыруға жол ашылады.
- Тәрбиелеуші орта түзу принципі тәлім мекемесінде бала әлеуметтігін қалыптастыратын қатынастар ұйымдастыруды талап етеді. Тәрбиелеуші ортаның түзілуі үшін педагогикалық үдеріске араласқандардың өзара жауапкершілігі, өзара түсіністігі, өзара жәрдемі, қиыншылықтарды бірлесе жеңу қабілеттері болуы тиіс. Бұл принциптің іске асуы келесі шарттарға тәуелді: ұжымдық мақсат басымдылығын көзде ұстау; ұжым мүшелерінің бәріне маңызды келетін жетекші іс-әрекеттер түрін анықтау; балалардың өзіндік басқарымын дамыту; балалармен ересектердің ынталылығы мен дербестігін өрістету; әртүрлі балалар бірлестіктерін түзу; шығармашылыққа ұмтылыс қалыптастыру; мектеп бірегейлігін көрсете білу; өзара жауапкершілікті тәуелділік қатынастарының болуы; бұл принцип педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың бірнеше ережелерінің орындалуынан көрінеді:
Тәрбиелік оқу-үйретім принципі. Бұл принципке сәйкес дұрыс ұйымдастырылған оқу-үйретім тұлға дамуы мен қалыптасуында шешуші қызмет атқарады, ал оның табысты болуы көбіне шәкірттердің еңбекке деген жауапкершілігін тәрбиелеуге, оларда тәртіптілік, жинақтылық және сенімді сапалардың қалыптасып баруына тәуелді.
Оқу-үйретім - аса маңызды тәрбиелік құрал. Ол білім, ептілік және дағдыларды қабылдатумен шектеліп қалмастан, нақты саясат, идеология, моральдық сапалармен қаныққан тұлға тәрбиелеудің бірден бір арқауы. Оқу-үйретім үдерісі тұлғаның тек ақыл-ес дамуын қамтамасыз етіп қоймастан, сонымен бірге ол дүниетаным мен адамгершілік болмыстың қалыптасуына, эстетикалық талғам мен тән-дене қасиеттерінің дамуына, әрекет-қылық дағдылары, әдістерінің орнығуына ықпал жасайды. Оқу-үйретім негізінен ұжымда жүргізілетіндіктен оның барысында шәкірттер көпшілікпен бірге жасауға және еңбектенуге дағдыланады, бірлікті өмір рухында тәрбиеленеді. Осыдан әр шәкіртің ұжымшыл, көпшіл болуға деген ықыласы арта түседі.
Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру.
1.Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру.
2.Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мазмұнының мәселелері.
Тәрбиелеудің тұлғалық (жеке-дара) бағыты - педагогтың өз жетегіндегі тәрбиеленушіні жеке, дербес тұлға деңгейінде танып, онымен өз жауапкерлі субъекті ретінде қатынас жасауға мүмкіндік ашады. Бұл бағытқа орай педагог өзінің тұлғаға болған құндылықты көзқарасын қалыптастырып, соның негізінде ол баланы даралық иесі, шығармашыл жасампаз адам деп ардақтай отырып, онымен екеуара ықпалдасты қатынас байланыс түзеді. Іс-әрекеттік бағыт - тәрбие барысында тұлға дамуын қамтамасыз етуші нақты жетекші іс-әрекет түрлерін іріктеуді қажет етеді. Осының арқасында сана және іс-әрекет бірлігі идеясын арқау еткен тәрбиенің жаңа жүйесі қаланды. Шығармашылықты бағытта басты назар тәрбие үдерісіне қатысушы педагог және шәкіртің дүниені қайта жасап, жаңалықтар ашумен соны жасампаз әрекеттер істей алуына аударылады. Қарым-қатынасты бағыт іс-әрекетке орай да, өз алдына дербес те қарастырылуы мүмкін. Ол реттеу-түзету ниеттерімен де, балалардың бірлікті іс-әрекеттері және ортақтасуынан туындайтын байланыстарымен де, оларды арнайы жасалған шарт- жағдайлар жәрдемі арқылы гуманитаризациялаумен де сабақтас келеді.Оқиғаластыру бағыты іс-әрекеттік бағыттың бір қыры ретінде назарға алынуы мүмкін. Мұндай бағыт мәні - қандайда жоспарланатын іс-шараны бүкіл ұжымды еліктіретіндей жұмысқа айналдырып, оған қатысушылар есінде ұмытылмас із қалдыру.Тәрбие аймағындағы жіктемелі бағыт - бұл балалардың қызығуларын, олардың билік-белсенділік мүмкіндіктерін, өздерінің ұйымдастырушылық қызметтерін ұжымда іске асыру қабілеттерін ескеруге негіз болады.Құндылықтылық (аксиологиялық) бағыт тәрбиенің басты міндеті ретінде жалпы адамзаттың рухани және заттасқан мәдениет жетістіктерін игеруді көздейді.
Қоршаған орта жағдайларын ескеру бағыты да педагогикада соңғы жылдары көрініс бере бастайды. Оның мәні - педагогикалық мақсатты ниет- көзқарасқа орай мектепті қоршаған ортаға, ол қоршаған ортаны өз кезегінде мектепке икемдестіріп, ұштастырумен алға тартылған міндеттерге қол жеткізу. Тәрбие үдерісіндегі қоршаған орта бағытын ұстана отырып, мектеп төңірегіндегі табиғат, қоғам, қауымдастықтықтың барша тәрбиелік құрал-жабдықтарының ықпал әсерін біріктіре қолдануға болады, осының нәтижесінде аймақтық тәрбие жүйесі қалыптасады.
Тәрбиелеушінің басты міндеті - оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті әрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тәрбие- бұл әрқилы іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тәрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-әрекеттік атауын алған.Тұлғалық - іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
oo сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі - ортақтасу
oo іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
oo тұлға дамуы мен әлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тәрбие - көзделген мақсатқа жеткізуші тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.Мақсат - адамның қол жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын-ала сезінуі.Тәрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен адам мұраты арқау етіледі. Тәрбие мазмұны, формасы, әдістері - бәрі де мақсатқа тәуелді. Тәрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты әрі үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу мақсаты ҚР Білім жөніндегі заңында бекітілген.Оның баптары-әрбие процесінің мазмұнын анықтайды;тәрбие нәтижесінің шарттарын белгілейді;педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;тәрбие жүйесін толықтай айқындайды.Тәрбие мақсаттары жалпы және даралықты болып бөлінеді.
Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру.
1. Азаматық және патриоттық тәрбие.
2. Еңбек тәрбиесі.
3.Эстетикалық тәрбие.
4.Экономикалық тәрбие.
5.Экологиялық тәрбие.
6.Валеологиялық тәрбие. Дене тәрбиесі.
Тән-дене тәрбиесінің мазмұны:
- адам ағзасын жетілдіру ағзаны жетілдірудің мәні - қозғалыс және бұлшық ет, сүйек жүйесін, жүйке жүйесін дамыта отырып, адам денсаулығын сақтау және нығайту.- дене мәдениеті мен жеке тән күтіну мәселелеріне орай шәкірттер білігін көтеру;- өзіндік тән-дене тәрбиесі тетіктерін қалыптастыру, өз бетінше ерік, төзімділік, табандылық қасиеттерін дамытуға ынталандырып, өзі өзінен тәрбиелік талап етуге үйрету;- нақты спорттық ептілік пен шеберлікті жан-жақты дамыту;;
Ақыл-ес-зерделік (интелекттік) тәрбиесінің мазмұны:- адамның барша танымдық қабілеттері түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу психикалық үдерістерін дамыту арқылы ақыл-ес өрісінің кеңеюіне жол ашу; - ғылым, іс-әрекет, ортақтасу (общение) жөніндегі білімдерге орай шәкірттер ой өрісіне дем беру;- ақыл-ес іс-әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыруға көмектесу;- шәкірттердің жеке дара ақыл-ес қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктерін дамыту;
Ізгілікті-инабаттық тәрбие мазмұны:- адамгершілік тәрбиесі - сана, инабаттық сезімдер мен ізгілікті әрекет-қылық дағдыларын қалыптастыру;- әдептілік тәрбиесі - ұнамды кейіп, мінез-құлық және қарым-қатынас ережелеріне баулу;- елжандылық тәрбиесі - Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, елі мен жерін, туған халқын қорғауға әрқашан дайын болуға баулу;- ұлтжандылық пен ұлыстарды құрметтеу тәрбиесі - ұлттық қадір- қасиетті жоғары ардақтау сезімін қалыптастырумен бірге өзге ұлыстар мен ұлт өкілдерін сыйлай білуге үйрету; - саясат тәрбиесі - қоғамда болып жатқан үдерістер мен мемлекет басқару жүйесіндегі оқиғаларға саяси талдау салуға баулу;
Еңбек және кәсіптік тәрбие мазмұны: - еңбек қажетсінуін қалыптастыру, өзі және қоғам үшін заттасқан және рухани құндылықтар жасауға қабілетті еңбеккер азамат тәрбиелеу; - жалпы еңбектік білім, ептілік және дағдылар, еңбекке болған ұнамды да саналы, шығармашыл қатынас қалыптастыру; - еңбек және өндірістік қызмет, экономика-құқық салаларына орай кәсіби- ағарту жұмыстарын жүргізу; - еңбек және кәсіби қызмет бағытында өзбетінше тәлім игеріп, үйрену тетіктерін дамыту; - кәсіби өндірістік еңбек негізінде шәкірттердің кәсіби тәлімін көтеру;- кәсіби-құқықтық тәрбие - еңбек және өндірістік қатынастарға байланысты жастарға құқықтық күшіне ие заңдар мен талаптар жөніндегі мәліметтерді ұсыну;
Эстетикалық тәрбие мазмұны:- қоршаған дүниені әсемдік тұрғысынан қабылдау сезімін дамыту, сұлулық әлемі құндылықтарын бағалай білуге және оны жасауға үйрету;- эстетикалық сезімдер мен көңіл-күй, қанатты қиялдау қабілеттерін дамыту;- өнер, мәдениет, табиғат нысандары салаларына орай балаларды эстетиклық ағарту істеріне тарту;
- шәкірттердің көркем өнер нышандарын, бейімділіктері мен ұмтылыстарын дамытуға бағытталған даралықты эстетикалық тәрбие жүргізу;- өзбетінше эстетикалық тәлім көтеру тетіктерін қалыптастыру;- эстетикалық қарым-қатынас, әсемдікке қабылдау, сезу, талғамдау мен оны мұрат тұта білу қабілеттеріне өріс беру.
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары.
1. Тәрбие құрал-жабдықтары, әдістері мен формалары.
2. Тәрбие әдістері туралы түсінік.
3. Тәрбие әдістерін топтап бөлу (кллассификациялау).
4. Шәкірттерге жанама ықпал жасау әдістері
Тәрбиелік ықпал жасау әдістері - бұл тәрбиеленушілердің педагог- тәрбиешімен бірлікті іс-әрекеті және қатынастарындағы педагогикалық міндеттерді шешу үшін тәрбиеленуші санасына, сезіміне, әрекет қылығына қандай да әсер етудің нақты жолдары.Тәрбие әдістерін олармен байланысты тәрбие құрал-жабдықтарынан ажырата білу қажет. Педагогикалық міндеттерді шешуге арналған тәрбие құралдары қатарына ең алдымен заттасқан және мәдениет туындылары кіреді. Тәрбие әдісі тәрбиеші-педагог қызметімен іске асатын болса, ал құралдар (кітаптар, фильмдер және т.б.) педагог қызметінсіз-ақ, ол болмаса да, өздігінен ықпал жасауы мүмкін. Педагогтың күнделікті жұмысында тәрбие әдістері келесідей топтастырылуы аса қолайлы келеді:- иландыру әдістері - бұлар арқылы тәрбиеленушілердің көзқарастары, ұғымдары, түсініктері қалыптасады, нақты іскерлік ақпарат алмасуы (сендіру, хабарлау, пікір алысу, дерек-дәйек келтіру, ұрандау, көз жеткізу) жүріп жатады;- жаттықтыру әдістері (үйрету) - бұлар жәрдемінен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті ұйымдастырылып, соған деген ұнамды ынта-ықылас баулынады (тапсырма, талап, бәсеке, өнеге және үлгі көрсету, табысқа жеткізер жағдайлар жасау сиқты жеке және топтық істерге байланысты әрқилы жүктемелер);- бағалау және өзіндік бағам әдістері, бұлардың көмегінің арқасында әртүрлі қылық-әрекет бағаланады, іс-әрекетке болған ынта қолдау табады, тәрбиеленушілер өз әрекет қылығын өзінше реттеп, түзетуге жәрдем алады (сын, мадақ, ескерту, жаза, сенім, қадағалау, өзіндік қадағалау, өзіндік сын жағдайлары).
Шәкірттерге жанама ықпал жасау әдістер. Жанама әдістердің тәрбиелік ықпалы бүркемелі, көзге түсе бермейді. Күні ілгері сенім арту (А.С.Макаренко) жағдайына тән сипат - сенім әлі бекіп, қатаймаған, бірақ оны ақтауға дайын тұлғаға артылады. Мәжбүрлемей бойсындыру (Т.Е. Конников) жағдайы - бұл нақты жағдай ықпалының педагогтың қатқыл талабынан болмай, әрекет-қылыққа деген бұрыннан бар ынта-ықыластың жүзеге келіп, әрбір шәкіртің ұжым өміріне белсенді араласуына жол ашып, субъект бағыт бағдары мен шығармашыл әріптестіктің қалануы.Еркін таңдау (О.С.Богданова, В.А Краковский) жағдайы. Мұнда бала қандай да қажеттік талабына кезіктіріліп, оны қамсыздандыру жолын өзбетінше табуына мүмкіндік беріледі. Кейде таңдау дау-дамайлы сипат алуы мүмкін, оның себебі - бірі екіншісіне қайшы келген шәкірт қызығулары мен ұстаным көзқарастары. Сәйкестендіру (Х.Й.Лийметс) жағдайында бұрыннан бар тәжірибеге негізделіп адамға баға беріліп, әрекет қылығы айқындалудан тұлға жағдай субъектіне айналады. Педагогикалық тәжірибеде мұндай жасанды жағдай ұжым өмірінің болашағы жөнінде сөз қозғалып, тәрбиеленушілерде өз ұжымын басқалармен салыстыру қажеттігі туындағанда түзіледі. Бәсеке - жарыс (А.Н.Лутошкин) жағдайы тұлғаның басқадан тәуірірек болу ниетіне ғана негізделместен, ерік күшін жұмсауды да қажет етеді. Соның арқасында ол өзгелермен салыстырғанда жоғары нәтижеге келуді, оңтайлы да тиімді көрсеткіштерді қолға түсіруді көздейді. Мұндайдағы табыс ресми мойындалуы тиіс: бірінші орын, балл саны, марапат парағы және т.б.Табыс жағдайы (О.С.Газманов, В.А.Краковский, А.С.Белкин) тәрбиелік қызметтер желісінде өте кең қолданылатын әдіс. Бұл жағдай ұжым не жеке балаға қолдау көрсету қажет болса, олардың дамуындағы ұнамды өзгерістерді бекіту, өз күштеріне деген сенімсіздіктерін жеңу, өз мүмкіндіктеріне жаңаша назар аударуға баулу үшін іске қосылады Шығармашылықты жағдай (В.А.Краковский) мұның мәні: қандай да шарттар жасаумен шәкірттер бойына біткен қанатты ой, тәтті қиял, фантазиялық шарықтау, суырып салма қабілеттері, қасиеттерінің толып-тасып, қалыптан тыс жағдайдан құтыла білу не икемдеу ептіліктеріне қолдау көрсету.
Тәрбиелік істер формасы - бұл педагогтар мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынастарды сипаттаушы педагогикалық үдеріс бөлшектерінің ішкі байланыстарын бейнелейтін тәрбиелік әрекеттер ұйымдастыру жолы. Педагогикалық әдебиеттерде, әдетте, тәрбиелеу формалары шәкірттерді ұйымдастыру жағдайларына сәйкес келесідей топтастыру түрлерінде беріліп жүр: - жалпыға бірдей (фронталь);
- топтық (үйірмелік);- жеке-даралықты;
Тәрбиелік ықпал әдістеріне тәуелді басқа да топтастыру амалдары кездесіп қалады:- сөздік (дәрісбаян, конференция);- тәжірибелік (саяхаттар, жарыстар);- көрнекілікті (музейлер, көркем суреттер);
Тәрбиелік істер формалары ықпал мезеттері бойынша да ажыралады:- сабақтық;- сабақтан тыс (мектептен тыс);
Тәрбие құрал-жабдықтары тобына - тар мағынада - кітаптар, кинофильмдер, көркем өнер туындылары, мұғалімнің сөйлеу шеберлігі, сонымен бірге тәрбиелік мақсатқа сай болғанның бәрі кіреді. Ал кең мағынада тәрбие құралдары қатарына тұлға қалыптасуына себепші іс-әрекет түрлері: оқу-үйретім, қоғамдық пайдалы еңбек, ойындар, үйірме жұмыстары, спорттық жарыстар, көркем өнер бастамалары және т.бТәрбие тәсілдері - бұл әдістердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz