Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -------------------------3

І. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі.
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері---------------------- --5
1.2 Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері.------------------------ ----------------------------------- ----------20

ІІ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.
2.1 Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары--------------------- ---------------------46
2.2. 2-сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері--------------------- ---------51
2.3. Сабақ жоспар үлгіліері-------------------------- ----------------------------------- -59

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -------------------65

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ----------------------------------6 6

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған Орта білім алу міндеттілігі қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан-2050 жолдауында
Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады... деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім 4беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне
сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы , ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның , техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі
өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр[1].
Шығармашылық-бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білугеүйренуікерек. Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады. Аристотельдің Жан туралы еңбегі, Я. А. Коменскийдің Ұлы дидактикасы, И.Г.Пестолоцци мен А.Дистервег еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын көтереді.
Бала шығармашылығының жантану негіздерімен тығыз байланысты
екенін психологтар да үнемі зерттеп, көптеген тұжырымдар арқылы дәлелді. Америка психологы М.Корне, орыс психологтары А.Н.Лук, В.И.Андреев, И.Л.Лернер, А.Л.Яковлевтердің еңбектері шығармашылық қабілеттің құрамдас компоненттерін зерттеуге бағытталған.
Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К.Д,Ушинский Ана тілін оқытуға басшылық еңбегінде, В.А.Сухомлинский Балаларға жүрек жылуы еңбегінде, В.Ф.Шаталов, Н.А.Менчинская, П.П.Блонский, Я.А.Пономарев т.б. өздерінің еңбектерінде, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы.Алтынсарин Таңдамалы педагогикалық мұралары, М.Жұмабаев Педагогика, Қ.Бержанов , Т.Сабыров Оқыту теориясының негіздері, Ж.Әбиев Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері т.б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті
дамытудың маңыздылығына көп тоқталады.
Адам бойындағы қабілетті дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық
ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
а) бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.
ә) оқушылардың шығармашыл еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін еңбекке баулу сабақтарында қолдануға болатын жаңа технологияларға, тиімді әдіс-тәсілдерге талдау жасау.
Зерттеу жұмысының әдістері - талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, анкета, тест т.б.
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың еңбек біліктері мен шығармашылық қабілеттері.
Пәні-бастауыш сыныптағы еңбекке баулу пәні.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі.

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының еңбек біліктерін, шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.
Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Шығармашылықтың саласы көп (музыкалық, көркем, техникалық, т.с.с), әрі сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары XX ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында негіздеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық денгейіндегі ойшылдардың назарында болғандығы белгілі. И.Кант теориясын жалғастырушы Ф.В.Шеллинг шығармашылықты жоғары адамзат өмір әрекетінің формасы деп атаған. Орыстың ұлы жазушысы М.Горький: Не істесең де оны жақсы көру керек, сонда ғана еңбек шығармашылыққа дейін өседі,-деген. Сонымен бірге атақты авиаконструктор А.С.Яковлев айтқандай: Егер өз ісін жақсы көрсе, онда ол үнемі шығармашылық бастамаға жол ашады, өзіндік қабілетін көрсетуге, шебер болуға ұмтылады. Ол осыған талпынса, онда оған сәттілік қамтамасыз етілген. Кез келген ортада тұлға әрекет ете бастағанда, оның қабілеттері көрінеді,-деп өз ойын білдіреді[2]. Осыдан барып шығармашылықтың негізгі заңдылығы - туыла біткен еңбек екені көрінеді
Адамның ойлау процесі қандай да бір сұраққа жауап беру, белгілі бір тапсырманы орындау, іс-әрекеттің қандай да бір түрін табу және тағы басқа да қажеттіліетер туғанда активті қызмет жасауға көшеді. Мұның барлығы танымға объктілер мен шынайылық құбылыстарын бейнелеуден, ұғынудан көрініс табады.
Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің өзіне тән білім беру жүйесі болады. Білім беру тұжырымдамасында ұсынылып отырғанжүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге асатын, мүмкін болатын құрамалары айқын белгіленген.
Тұжырымдама - ғылыми - теориялық, әдіснамалық құжат. Онда Қазақстан Республикасының білім берудегі мақсаттары, міндеттері, құрылымы, мазмұны, дамуының негізгі стратегиялық бағыттары анықталған. Соған сәйкес құрылған бағдарламаның негізінде біз мектептегі сабақ процесін ұйымдастыруымыз керек. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен орын алуға ұмтылыс жасау қажет. Ұлы ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, әм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек деп дара жол сілтеді.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа шығармашылық тәрбие берудің тиімді нұсқаларын әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсаттың қолайлы құрылысын анықтаудан бастау керек. Мұнсыз оқушылардың білімін жетілдіру жемісті бола бермейді.
Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;
ақыл - ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;
бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
шығармашылық процестің негізін меңгере білу;
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жас кезеңінде шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір
нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері [3].
А.Н.Л.ук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:
1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)
2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)
ақыл-ой қабілеттері.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді.В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі нұсқаларын салыстыра алады және есептің шешуін
бақылай алады.
Психологтар Л.Божович, Н.Морозова, Л.Славина себептің екі негізгі құрамын көрсетеді:
Оқушылардың оқу іс-әрекетіне түрткі болатын қоршаған ортасы;
Мазмұнды және үрдістік сипаттан тұратын, оқу іс-әрекетінің өзі
түрткі болатын таным қызығуы.
Қызығудың физиологиялық негізін талдау оның мақсатының рефлекске
көбірек жақын екенін тұжырымдайды, себебі жеке адамның белгілі мақсатқа ұмтылуы, бағыты байқалады. Қызығу іс-әрекетке деген бір жақтылықтан пайда болып, обьектіге әсер ету нәтижесінен тартымды қарым-қатынас туғызады. Жеке адамның жан-жақтылығын, маңыздылығын, анықтамаларын салыстырмалы талдау арқылы қызығудың ғылыми түсіндірмесін табуға болады. Бихевиорстикалық Перри қызығу тұжырымдамасы, Мак - Ивераның динамикалық бағалау теориясы, Паргонның әрекет пен бағыттық әлеуметтік теориясы, Маркузе теориясы қызығудың маңызы әрі тиянақты анықтамаларынан саналады. Американдық философ Р.Перри қызығу өз көзқарасымен, еліктеумен сипатталады деп көрсетеді [4].
Ұлы ойшылдарымыз Ж.Баласағұни, Әл-Фараби. Абайды да шығармашылық, қабілет деген ұғым- түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты- озық, қоғамға лайықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу болып отыр. Мысалы, көрнекті ағартушы Ы.Алтынсариннің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал М.Жұмабаев оқушы шығармаларына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына негіздеген ғалым-педагог болды. Ал ғалым Қ.Ә.Жаманбаева өзінің зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындаған. Я.А.Паномарев шығармашылық қабілетті, даму ұғыну мен қатар деп түсіндіреді. М.Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығар машылық қабілеттердің даму жолдарын түсіндіреді. Шығармашылық әрекет өмірде оқушының ақыл-ойын, талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса, онда даму сөзінің немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. Даму сөзінің психологиялық анықтамасы жаңару, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады. Даму процесінде үш түрлі фактор бар.
1. Биологиялық фактор
2. Әлеуметтік фактор
3. Баланың белсенділігі
Жеке тоқталып ғылыми, психологиялық түсінік беретін болсақ: биологиялық фактор - бұл ата-анадан берілетін, дененің барлық мүшелерінің құрылысы мен ерекшілігін білдіретін бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, денсаулықты қамтамасыз етеді.
oo Әлеуметтік фактор - бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.
oo Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Сол адамдардың мінез-құлқы, ақыл-ой белгілері, олардың пікірлері, көзқарастары, еңбекке деген көзқарасы, олардың сөздері, іс-әрекеттері, дағдылары, ұмтылыстары яғни, бала өсіп дамитын рухани ортаны құрайды.
oo Баланың белсенділігі - бұл даму процесідегі әрекет ететін үшінші, негізгі күш болып табылады. Шығармашылық қабілет негізінен кіші мектеп жасындағы балаларда қалыптасатыны анық.
Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетанымы, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. Бұлақ көрсең көзін аш деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, досы, бапкері болуға тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Орта буынның шығармашылық дамуын басқарудың педагогикалық - психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мұғалімнің теориялық білімнің болуын қажет етеді.
Мектепте еңбекке баулун меңгерудің басты мақсаты - ең басты қатынас құралы болып табылатын тіл заңдылықтарын игерумен бірге, оқушылардың танымдық процестерінің (түйсік, ес, қиял, ой т.б.) сөйлеу мәдениеті мен жазуды дағдыландыру, қалыптастыру көрген-білгені және естігені бойынша жүйелі де әсерлі жеткізе білуге жаттықтыру.
Белгілі ғалымдардың іс тәжірибесіне сүйенер болсақ, еңбекке баулун оқытуда алға қойған орасан зор міндеттерді мұғалім сыныптағы сабақтың жалаң өзімен ғана жүзеге асыру қиын екені белгілі. Осылай болса бір ғана сабақ формасына сүйену жеткіліксіз. Еңбекке баулу материалдарын оқушыларға сапалы меңгертуге мектепте әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Ал бұл жұмыстардың құрамдас бөлігінің бірі ана тілінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Мектептегі озат ұстаздардың тәжірибесі көрсеткендей, ол оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын мақсатты пайдалануға, оқу тәрбие жұмысының сапасын арттырып, баланың білімі мен қабат ой-өрісін дамытуға меңгерген тілдік материалдарды іс- тәжірибеде пайдалана білуге, өз беттерінше кітаптар мен басқа білім көздерінен ақпарат алуға дағдыландырады. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық ізденіске қызығушылығын арттырады, танымдық қызығушылығын тәрбиелейді.
Уақыт талабы оқу-тәрбие процесін батыл инстенсивтендіру-оқушылардың білім жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждақаттылықты талап етеді. Осы талптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздері нығайту - оқушыларға білімді игеруге бар мүмкіншілікті тиімді пайдаланып, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана, сапалы білім, саналы тәрбие беру жүзеге асады.
Өмірдің осы талаптарына сай, еңбекке баулу сабақтарын жақсарту жайлы, қазақ елінің тұңғыш президенті: Н.Назарбаевтың теледидардан сөйлеген сөзінде: Еңбекке баулун мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуына қаржылық, ұжымдық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуінде болып тұр. Сондықтан да, бізге еңбекке баулунің мұғалім кадрлары, тілді балаға жастан үйрететін тиімді әдістеме керек - деген болатын. Осыған байланысты мектепте еңбекке баулун оқытуды, атап айтқанда бастауыш сыныптарды білімді тереңдете беру үшін бастауыш сыныптың оқушыларына еңбекке баулунен грамматикалық ойындар жүргізу деген.
Бастауыш сыныптарда грамматикалық ойындар жүргізу әлі зерттеп болмаған мәселе. Сондықтан да болар, мектепте балаларға ойынды өте аз мөлшерде, жетімсіз дәрежеде ойнатылады. Ал, бұл баланың дамуын тежеп, ойлау қабілетін төмендетіп, оқу үлгерімін нашарлатады. Алтыжасар бала - бұл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, біріншіден ол көп нәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол, көп нәрсені істей алатынын және оның психикасы жеке басы мүмкіндіктерінің қандай екенін білу өте маңызды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған шығармашылық үдеріс және оны зерттеуге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді, оның ішінде ойлап табушылыққа бейімі бар адамның сипатты сапаларын айқын фондау әдістемесі, организімде немесе жеке тұлғада шығармашылық потенциалды сақтау мәселесі, шығармашылықты қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері бойынша жүргізілгені осының дәлелі.
Шығармашылық үдеріске даярлауды мектеп қабырғасында жүзеге асыру мәселесі педагог-ғалымдардың назарында болады. Халыққа білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдауды дамыту үшін қажетті өз бетінше ойлана алатын мектеп оқушыларын қалыптастыру қарастырылады. ХХ ғасырдың 70-жылдарында мектеп оқушыларын проблемалы оқытуды ұйымдастыру практикада жүзеге асырыла бастады.
Н.Г.Алексеев пен Э.Г.Юдин бұл оқытудың ұйымдастырылуы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады. Ол жөнінде ізденушілер: Бұл жердегі ең қажетті мәселе мынада, оқытуда зерттеу әдісін қолдану талап етіледі. Оқушылар негізгі ғылымға байланысты дайын білімнің жиынтығын біліп қана қоймауы керек. Ауырлық орталығы былайша ауысады, оқушылар оқытушының басшылығымен бұл білімді немесе оның қажетті құрастырушыларын өздерінше алуы керек жағдайда болуы қажет.
Бұл өз кезегінде оқытуды ұйымдастыру үдерісінде мынаны жоспарлайды. оқушылар алдына жаңа мәселелерді үздіксіз қоюды, оларды біртіндеп қиындық үдерісіне айналдырады. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісінің құрылымын ситуациялық мәселелер құрайтын болады. Сондықтан да бұл тәсіл осылай айтылады,-деп жазады.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектері бойынша адамның шығармашылығы ерте айқындалады және оларды орта мектептің өзінде дамытуға мүмкіндік бар, бірақ олардың сипаты мен бағыты 18 жасқа таман анықталады. Орта мектепте шығармашылық іс-әрекетке қатыстырылған оқушылардың басымын жоғары оқу орындарында адамның жеке қабілеттеріне сәйкес толық тәрбиелеу мен дамыту қажет.
Шығармашылықтың тәрбиелік мүмкіндіктері, шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу жөніндегі зерттеулерде жүргізілді. П.Л.Капица Адамның іскерлік қабілеті тәрбиелеу өз бетінше ойлау қабілетін дамытуда жатыр. Менің көзқарасымша, ол мына бағыттарда дамуы мүмкін: ғылыми қортынды жасай білу - индукция (жеке жағдайлардан жалпы қорытынды шығару тәсілі); іс жүзіндегі үдерістердің өтіуін айта білу үшін теориялық шешімді қолдана білу - дедукция (ойлаудың бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығаруы); ең соңында табиғатта болып жатқан үдерістер мен теориялық толықтырулардың қарама-қайшылықтарын анықтай білу - диалектика (табиғаттың, адам қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары)-деп, өзіндік ойлаудың мәнін, бағытын сипаттады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігеріне күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі ұлы ғұламаларымыз осы ой-пікірде болған деп білеміз.
Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыкқа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән - тұлға. Шығармашылыққа талпыныс адамның танымдық мотивациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық үдерістің "оталдырғыш" механизмі ретінде саналады.
Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру тікелей қабілетке байланысты. Бұл ұғымға да көптеген анықтамалар берілген. Мәселен, С.И.Ожеговтың сөздігінде "Қабілет -- табиғи дарыңдылық, талантылық" және "қандай да бір әрекетті істеу мүмкіндігі" ретінде сипатталған. "Талант -- көрнекті тума сапа, ерекше табиғи қабілет" және "дарындылық" ретінде берілген [5].
Педагогикалық сөздікте: "Талант -- белгілі іс-әрекетке жеке тұлғаның жоғары дәрежедегі қабілеттілігі, оның дарындылығы, берілген немесе басқа тапсырмаларды едәуір сәтті, шығармашылық денгейде орындау мүмкіңдігін қамтамасыз ете отырып, олар мінездің ерекшелігі деңгейіне жетеді", -деп анықтаған. "Дарындылық - қабілетті қалыптастыру шартының бірі ретінде табиғи бейімді сапалардың жиынтығы", - деп берілген .
Ал, Н.Ф.Талызинаның қабілеттерді іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті ретінде анықтауы біздің зерттеуімізде негізге алынады .
Қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәңдік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы студенттердің жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты .
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде ұғымдарға анықтамалар әртүрлі тұрғыдан берілген. Сондықтан шығармашылықты қалыптастыру да біздер белсенділі, дарындылық, қабілеттілік деген ұғымдардың ішінде төмендегілерін басшылыкқа аламыз.
Шығармашылық тұлғаға мотивациялық-шығармашылық белсенділікке тән тұлға ретінде қарау соңғы кездері орын алуда. Шығармашьілықтың негізі балада ерте жастан пайда болып, мектеп қабырғасында дамуы жүзеге асырылатыны белгі. Оны жүзеге асырудың бірден бір жолы - оқыту.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылыққа талпынысы, оның танымдық мотивациясын қалыптастырушы ретіңде шығармашылық процестің "оталдырғыш" механизмі болып саналады. Балалар шығармашылықты танып білуге құштарлығы ынта-ықыласымен іс-әрекет барысында ғылыми-жаңалықты, белгісіз нәрсені ашу барысында көрінеді. Ол іс-әрекеттің шығармашылық стилін айқындайды.
М.Мухамедин "Шығармашылық - бұл ішкі дүниедегі толассыз өзгерісті және ондағы пайда болған жаңа мазмұнды үнемі түйсіну шығармашылықпен айналысатын адам шығармашылықпен айналыспайтын адамнан өзінің ішкі дүниесіндегі жаңалыққа қызығушылығы -- ішкі дүниесіңдегі бейнелер, ойлармен ерекшеленеді"- деп, шығармашылыққа қызығушылығын қалыптастыру негіздерінің, ерекшеліктерінің бар болатынын сипаттайды[6].
В.Крутецкий: Шығармашылықпен ойлау өз бетінше және белсенді ойлау болады, бірақ кез келген белсенді ойлау өз бетінше ойлау емес, және кез келген өз бетінше ойлау емес дейді. Оның пікірінше өз бетінше ойлау және шығармашылықпен ойлау деген ұғымдар әр түрлі ұғымдар болып табылады.
Шығармашылық - тек қана белгілі ұғымды қайталап, жаңартумен ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындау, жаңа жолдарды ашу.
Шығармашылық сөзінің төркіні, технологиясы шығару, ойлап табу дегенге саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте ... шығармашылық- қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет,- деп түсіндіреді. Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал, осы мәселені крең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев шығармашылықты даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол адамның психикасын жаңа сапалық денгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күннің біртұтас педагогикалық талаптарына сәйкес келеді.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық үдеріс ретінде қарастырған В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Шығармашылық қызмет көп қырлы объективті үдеріс. Шығармашылық қызмет пен шеберліктің биік денгейінің аралығында өзара байланыстылық бар. Шығармашылық қызмет объективті жағдайда жаңалықты ашу болса, субъективті жағдайда жаңа білімді менгеру болып табылады.
Белгілі психолог Б.М. Теплов шығармашылық қызмет деп, сөздің өзіне тән мағынасында алғанда қоғамдық құнды жаңа, бірегей өнімдер беретін қызмет аталады [7].
Сонымен, Педагогикалық шығармашылық дегеніміз - педагогикалық қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік адам үшін мәні бар жаңалыққа әкелетін тұлғаның іс-әрекеті.
Педагогикалық шығармашылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
Айқын және дұрыс қойылған мақсат;
Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу;
Жасырын идеялар, идеалдық идеядан реалдық идеяны іздеу;
Интуицияның оянуы;
Идеалдық идеяны реалдық идеяға айналдыру және оны педагогикалық
үрдіспен байланыстыру;
Нақты педагогикалық үрдіспен сәйкестендірілген реалдық идеяны жүзеге
асыруды ұйымдастыру;
Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Өздігінен даму өзіндік қызмет, педагогикалық үдеріс біртұтас болуы тиіс, ал олардың соңғысы айқындауыш роль атқарады. Есеюге көмектесу бастауыш сынып оқушыларының дамуын, іс-қимылын, шығармашылығының қалыптасуын коғамның адамға қоятын талаптарына сәйкес бағыттауды білдіреді.
Адамның ойлау процесі қандай да бір сұраққа жауап беру, белгілі бір тапсырманы орындау, іс-әрекеттің қандай да бір түрін табу және тағы басқа да қажеттіліетер туғанда активті қызмет жасауға көшеді. Мұның барлығы танымға объктілер мен шынайылық құбылыстарын бейнелеуден, ұғынудан көрініс табады.
Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің өзіне тән білім беру жүйесі болады. Білім беру тұжырымдамасында ұсынылып отырғанжүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге асатын, мүмкін болатын құрамалары айқын белріленген.
Тұжырымдама - ғылыми - теориялық, әдіснамалық құжат. Онда Қазақстан Республикасының білім берудегі мақсаттары, міндеттері, құрылымы, мазмұны, дамуының негізгі стратегиялық бағыттары анықталған. Соған сәйкес құрылған бағдарламаның негізінде біз мектептегі сабақ процесін ұйымдастыруымыз керек. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен орын алуға ұмтылыс жасау қажет. Ұлы ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, әм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек деп сара жол сілтеді.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа шығармашылық тәрбие берудің тиімді нұсқаларын әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсаттың қолайлы құрылысын анықтаудан бастау керек. Мұнсыз оқушылардың білімін жетілдіру жемісті бола бермейді.
Затқа, объектіге т.б. көңіл аудару көп жағдайда оқушылардың оршаған ортаны тануда жетістікке жеткізеді, себебі, ол көзбен қабылдаудың толықтығын және тереңдігін қамтамасыз етеді, ойлаудың
активтілігіне құбылыстардың қандай да бір нысанасын үйренуге бағытталған оқушының ерік - күшінің жиналуына жағдай жасайды.
Оқушының көру және есту қабілеттерін қалыптастыруда әр түрлі құбылыстар мен фактілерді байқау, шынайылық объектілерінің мағынасын, аз байқалатын жақтары мен белгілерін есепке алу қажет. Көз алдына елестету функциясының сөйлеуді дамытуға тәуелді екенін Л.С.Выготский тауып айтқан еді. Оның тұжырымында көз алдына елестету сөйлеу дамуына тәуелді, яғни балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналатын ұжымдық - әлеуметтік кепілі. Жоғарыда айтылған тұжырымнан көріп отырғандай, егер бала көркемөнермен байланысты болмаса, сурет салу, ән айту, өлең оқу дағдысы болмаса, оқуға, еңбек етуге ынтасы болмаса сөйлеу процесі тежеледі, көз алдына елестету қабілеті жойылады. Ал бұл жағдай баланың шығармашылық әрекетін тоқтатады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді.
Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс тіл табыса білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс,- деп атап көрсетті [8].
Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
* педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;
* ақыл - ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;
* бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
* шығармашылық процестің негізін меңгере білу;
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жас кезеңінде
шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Қабілеттілік - оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы.Ө збек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің Ғажайып мәжілістер атты еңбегінде адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді ,тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір
нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес.Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс-әрекетте ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да оқушының білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді.
Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.
И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері [9].
А.Н.Л.ук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:
1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)
2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)
3) ақыл-ой қабілеттері.
А.Н.Луктың оқушылылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатыстыайтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады:
- оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі де төмен болатыны сөзсіз.
- көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті көрсеткіш деуге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекеткедеген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ олардың жұмысының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.
- кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.
Я.А.Пономарев Знание, мышление, умственное развитие атты еңбегінде кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі-шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе ойша әрекеттену қабілеттерін алады.
Автор пікіріне қосылуға болады, себебі ешбір іс-әрекеттің, соның ішінде шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің ойша әрекеттенуінсіз іске аспайтыны анық. Сондай-ақ балалардың ойша әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б.- бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады. Біріншіден, адам ойша әрекеттене отырып нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады. Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз[10].
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді.В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі нұсқаларын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады.
Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі- жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Ал Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.
ХІХ ғасырдың басында қиялшыл соцтализмнің ілімін жасаушылар
Ш.Фурье, Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді.
Бала үнемі оқу әрекетінің нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орнына түсуге қабілнтті болып шығады.
Адамның рухани дамуының көзі- еңбек. Ф.Энгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамдыжаратқан еңбек деген қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, еңбексіз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек- адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек етуәрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.
Педагогикалық тұрғыдан еңбек - баланы жан-жаұты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы. Бала жастайынан еңбек етуге талпынады.Оны еңбек дағдыларына үйрету үшін үйелмен мен мектепте еңбек тәрбиесі қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырылып жүргізілуі керек. Мектепте бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Олар: баланың өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Әрекеттің мұндай түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іске асырылады. Еңбек әреті жүйесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің мәні зор.
Қоғамдық пайдалы еңбек түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына сәйкес жүргізіледі.
Оқушылардың өнімді еңбекке қатысуының үлкен тәрбиелік мәні бар.Олардың өнімді еңбек ьарысында жауапкершілігі артады, іскерлік қабілеті дамиды.
Сонымен қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысу оқушыларды іскерлікке ғана үйретіп қоймай, олардың дене күштері мен ақыл-ойын дамытуға ықпал жасайды, сабақта алған білімдерін тереңдетіп жетілдіреді.Еңбек іс- әрекетін оқумен ұштастырып отырса, баланың әлеуметтік тәжірибесі молаяды.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші фактордың бірі.Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады.Еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды. Еркін еңбек барысында өзініңжәне бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды.
Мектепте еңбек біліктерін арттырудың басты міндеттері: біріншіден, еңбек сүйгіштік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күлделі процесс- мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады.
Еңбек етуге әдеттену- бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу, деді Н.К.Крупская[11].
Оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуытиіс. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы. Онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар мектепте алған білімдерін дайдаланып, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді. Осындай шығармашылық жұмыстың барысында әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімі байымды тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, инемен құдық қазғандай, ақыл - ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін К.Д.Ушинский ескерткенболатын. Оқу іс-әрекетінде қажетті бақылау, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі бастауыш сынып оқушыларында ішкі жоспар бойынша әрекеттенуге және ойша жоспар құруға жағдай туғызады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері, әсіресе, ән-күйде, ойын үстінде, еңбек сабақтарында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді. Қазіргі мектепте әлеуметтік тапсырыс - терең ойлай білетін шығармашылық бағытта әрекет ететін адам даярлау. Заттық нәрселер мен іс жүзінде әрекет ету бастауыш мектеп оқушыларының шынайы болмысты сезім арқылы танып білуін қамтамасыз етеді. Мұның өзі заттық нәрселермен әрекет ету барысында оларды оқушылардың өз қолдарымен ұстап, сипап көруі, қарап шығуы, тыңдап байқауы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сезімдік таным ақыл-ой үшін нақты ақпарат болып табылады, яғни айнала қоршаған дүние туралы алғашқы білім түйсіктерін қалыптастырады. Мұның салдары - ойлау қабілеттерінің дамуы. Баланың іс жүзінде өзгеріс енгізуші қызметі заттың өзін және оның бөлшектерін неғұрлым мұқияттылықпен терең зер сала қарап шығуға бағыт-бағдар береді, яғни заттың неғұрлым мұқият әрі терең ой жүгірте қарап шығуын қажет етеді.
Оқуды еңбекпен ұштастыру оқушылардың ынтасын, қызығушылығын еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді түрде дамытуда рөлі өте зор. еңбек біліктілікті іске асыруда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған жөн:
* еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты:
* балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық-өнегелік негізі болуы керек:
* еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның ьолымды нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның ықпалы күшті болады:
* еңбек баланың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуы қажет. Еңбегінің негізгі түрі ойын болып табылатын кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар:
* еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.
Оқушының ойлау қызметі оның моторикалық іс жүзіндегі өзгеріс енгізуші қызметімен ұштасып бір-бірімен қосылған кезінде оңайлана түседі. Бұл жерде өзгеріс енгізуші қызмет деген ұғымға баса назар аудару керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш сыныпта зерттеу - ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Пәндер