Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3-4

І-тарау: Математиканы оқытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.

1. 1 Математика сабағында информатиканы оқытудың мүмкіндіктері . . . 5-22

1. 2 Бастауыш мектепте « информатика » пәнін кірістірілген

оқу ортасы есебінде оқыту . . . 23-35

1. 3 Математика сабағында информатикамен кіріктіре оқыту . . . 36-43

ІІ-тарау: Бастауыш мектепте интегралдық оқытудың мүмкіндіктері.

2. 1 Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру . . . 44-51

2. 2 Информатиканы бастауыш мектептен бастап оқыту . . . 52-61

2. 3 Интеграциялық сабақ . . . 62-65

Қорытынды . . . 66-68

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 69

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білу қабілетті қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Соған сәйкес жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған өзекті мәселе - бұл оқушылардың ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыру, яғни ақпаратты іздеу, талдау, өңдеу, сақтау, тарату дағдыларын қалыптастыра отырып, оны күнделікті өмірде тиімді қолдана білуге үйрету.

Ғылыми жұмысыма материалдар жинақтауда «информатика» кафедрасының оқушылары Қожабаева С. Абишева Г-ның компьютерлерді пайдалану жолдарын үйренсем, бастауыш сыныпта «информатика» пәнін оқытудың әдістемесін № 31 В. Терешкова атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалимасы Р. Маденованың сабақтарына қатысып іс-тәжірибелерін жинақтадым.

Зерттеу әдісі - педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар сұрыптау, тәжірибелі озат мұғалімдердің сабағына қатысу.

Зерттеу объектісі - бастауыш сынып оқушыларына математиканы, информатиканы оқыту процесі.

Зерттеу мақсаты:

1. математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау.

2. Теориялық материалды меңгеру қабілетіне ие болуға баулу.

3. Оқушылардың қабілетін арттыруға арналған есептерді компьютер арқылы шығару дағдыларын қалыптастыру.

Диплом жұмысының болжамы - бастауыш сыныпта математика мен информатиканы интеграциялау оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Диплом жұмысының міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;

Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін, шығармашылық жұмыс дағдысының қалыптастыруын жинақтап қорыту.

I - тарау. Математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологиялардың

мүмкіндіктерін қолдану.

  1. Математика сабағында информатиканы оқытудың мүмкіндіктер

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Дәл осы ақпараттық технологиялар мен әрбір оқушының үздік білім алу траекториясын таңдауын жол беретін ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламалануы және өзгермелі бейімделуі есебін оқу үрдісінің бір тұтастығын ақтай отырып оны дараландырута мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта фундаметталдық пәндерді, соның ішінде математиканы да, оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Математика мұғалімі компьютерге оқу үрдісінде өзінің электрондық ассистенті ретінде сенуіне болады. Мұнда тек қандай қызмет түрлерін компьютерге, ал қайсысын мұғалімге беру зертеліп жатқан пәндік облысқа және әрбір жеке мұғалімнің әдістемелік тәсілдер жүйесіне байланысты.

Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүние танымын және интелектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ көпшілік жағдайды мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің құрылымдық байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.

Математиканы оқытудың дағдылы әдістемесін компьютерлік қолдау арқылы толықтыру жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі. Шешуі үшін математикалық үлгілеу әдістерін білуді қажет ететін қолданбалы және зерттеулік мінезді есептерді, бірнеше пән түйісінде пайда болған есептерді қарастыру математикалық білімді жүйелендіруге көп әсер етеді.

Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолдануы қажет. Жаңа тақырып түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді дағдыны іскерлікті тексеруде.

Шығыс Қазақстан облысы Октябрь орта мектебінің жоғары

сыныптарында математика пәнін жүргізуде ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қолдау әдістемесін қалыптастырудағы жинақталған тәжірибесімен бөлісуді жөн көрдік. Атап айтқанда математика және информатика пәндеріне бірнеше интегралданған сабақтар жүргізілді. Місrоsоft Оffiсе пакетінің құрамындағы МS Ехсеl бағдарламаға ерекше көңіл аударудың негізгі себебі оның төмендегідей ерекшеліктерімен анықталады:

- МS Ехсеl инстументалдық құралдарды ерекше тиімді топтастырылып тақталарға жинақталған және әрқилы қимылдар орындауда мүмкіндік береді;

- қуатты формулалар мен функциялар аппараты бар;

- алғашқы мәліметтердің өзгеруіне байланысты айнымалы шамаларды қайта есептеудің қауырт жұмысын автоматтандыруға, таблицалық шамалар түрінде беруге мүмкіндік береді;

- әртүрлі графиктер мен диаграммалар көмегімен мәліметтерді және олардың өзгерісін көркем, түсінікті түрде кескіндеуте мүмкіндік береді;

- Математика сабақтарында белгілі бір тақырыптарды оқыту барысында практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру оқушылардың танымдық қызығушылығын артыруға, зерттеушілік, тиімді шешім қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыруға, осы тақырыптардан білім сапасы мен үлгерімдерінің жоғарылауына әсер етуі оқу жылы барысында және соңында жүргізілген білім мониторингінен көрінді. Бұл тақырыптар:

- Арифметикалық (геометриялық) прогрессиянын n-ші мүшесін және қосындысын табу;

- Квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу;

- N- ші дәрежелі теңдеулерді шешу;

- Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешу;

- Интегралдарды есептеу.

Сонымен іс-тәжірибеде жүзеге асырған ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру мақсатымен олардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін келесі тұжырымдарды қайталауға болады.

- оқу үрдісінде компьютерді фрагментті түрде емес, үздіксіз қолдану қажет;

- үлкен көлемді бағдарламалауды қажет ететін және жылдам ескеретін жеке компьютерлік бағдарламалардан кетіп, белгілі математикалық пакеттерді қолдану, тек қана оларды жаңа әдістемелік мазмұнмен жабдықтап отыру кажет;

- белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын бағдарламалық-әдістемелік демеудің болуы қажет;

а) компьютерлік практикум барысында мұғалім мен оқушының белсенді ролін қамтамасыз ететін;

ә) инструменталдық ортаның рухани ескеруіне тұрақты;

б) толықтырулар мен өзгерулерге икемді.

Еліміздің заңдарын және Мемлекеттік бағдарламаларын ресми ұйымдарда істейтін қызметкерлер білім мен ғылым қайраткерлері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында оқыту үрдісін қазіргі заманғы технологияларға көшіруге мүдделілердің бәрін серіктестікке шақыратын білім беруді ақпараттандыру форумдарын жыл сайын өткізу дәстүрге айналып келеді.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтың және ғылыми қауымдастықтардың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық-Қазақстан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. Форум жұмысы білім беруді ақпараттандыру мәселелерін талқылауға жетістіктерді саралауға, ақпараттандыру үрдісін жетілдіру жолдарын болжауға бағытталды.

«Қашықтан оқыту-үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы», оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамасы атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған екіжүзден аса электронды оқулық басылымдар ұсынылды.

Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара тәрбиеленуі байланысына да тәуелді. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Бұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту саласында мамандарды біріктіруте күш салуда.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.

Демек, оқыту процесінде компьютерді колдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік

жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстык, графикалық, видео, мультимедия, гипертекстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктілерді тестік бақылауға арналған программалык құрал.

Оқу процесінде жаңа информациялық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні мұғалімдерді компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиядар педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы негізден қарастырылуы тиіс:

- математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабын асай болуы;

- компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде математикаға араласуы, енгізілуі; оқушылардың әртүрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, соларды тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді;

- математикалық түсініктер мен концеппияларды оқып үйренуге қажет жоғары деңгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компьютерлік техниканың тұрақты қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі.

Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері:

- оқыту мақсатын анықтау;

- өтетін тақырыптың, бөлімінің материалдарын таңдау, керектісін таңдап алу және оның тиісті құралын жасау;

- оқыту тәсілін таңдау;

- сабақты жобалау, яғни оның сценарийін құрастыру;

- сабақты жүргізудің программасын жасау (программалау) .

Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды алғашқы кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады.

Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материалдарының жаңа көлемін игерді, оның сапасын арттырады, деңгейін көтереді:

- оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілерімен, түсініктерімен, заңдармен, теориялармен таныстыру;

- жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді қалыптастыр, яғни алдынғы білімді қолдану тәсілдерін меңгеру; .

Дамыту мақсаттары жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттерді дамытудан тұрады. Бұл мақсаттың да үш тобын атап өтуге болады:

- ойлау аймағына жататын іс-әрекеттерді табысты түрде орындау;

- іздеу әрекеттері;

- кейбір интеграциялық әрекеттерді табысты түрде орындау, есте сақтау, пайымдау түрлерін игеру;

Оқу материалының мазмұнын талдау мен таңдап алу кезеңінде, алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек. Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс. Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпаратты сақтап, шапшаң өңдеп өткізуге білуі және ақпараттандырудан әрбір адамның хабардар болуы тиіс. Сол себепті де қазіргі таңда мектептердің ақпараттық ағымға бейімделуінен басқа амалы қалмады. Ал ақпараттық техникамен, танысу бейімделудің бір бөлігі ғана. Сондықтан ақпараттық технологияларды, білім беру жүйесінде қолдану, соның ішінде бастауыш білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалану және бастауыш сынып оқушыларына ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыруға сұраныс туындап отыр.

Ғалым В. Красильникованың берген анықтамасына сүйенсек, ақпараттық білім беру ортасы (АБО) -танымдық іс-әрекеттерді сүйемелдеуді және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар негізінде құрылған оқытуға қажетті психологиялық-педагогикалық шарттар қазіргі оқыту технологиялары мен бағдарламалық -әдістемелік құралдар жиынын бере алатын және білім алудың материалдық рухани жағдайларын жасай алатын көп аспектілі, толыққанды, әлеуметтік -психологиялық нақты орта.

Ақпараттық білім беру ортасын құру тек алдын ала дайындаған, тұлтынушының талабына сай бейімделіп жинақталған мәтіндік немесе безендіру материалдары ғана емес, сонымен бірге білім берудің танымдық әрекеттерін жобалауға және сүйемелдеуге мүмкіндік беретін оның технологиялық негізін (әдістемелер, тәсілдер, қазіргі оқыту құралдары) жасау болып табылады, ақпараттық білім беру ортасын үздіксіз өзгеріп отыратын оқушының жеке ерекшеліктерін, оны қызықтыратын нәрселерді ескеретіндей болуы шарт. Сондай-ақ, бұндай орта адамның өзін мәселенің есептің қойылуына назар аударып, оны шешу жолдарын іздеуге талпындыру, адамның кәсібі жалпы оның сауаттылығы тұрғысынан өсуін қалыптастыру керек.

Автордың пайымдауынша, ақпараттық білім ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни, ізденімпаздыққа үйрету. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесінің алдына қойылған басты мақсат екендігін ескерсек, бұл мәселенің бастауыш мектепке де қатысты көкейтесті мәселе екендігі анық. Бүгінгі күні бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде бұл мәселе, ең алдымен, информатика пәнінің жеке пән ретінде енгізілуімен шешілуде.

Н. Лейтестің зерттеуінше, бастауыш мектеп кезеңінде балалардың даму деңгейлері басқа кезеңге қарағанда өте жылдам жүреді. Осыған байланысты балалардың ойлау қабілетін дамытатын бірқатар негізгі ақпараттық ұғымдар бастауыш сыныптарда өтілгені тиімді. Қазақтандық белгілі ғалым Ж. Қаратаевтің айтуынша, оқу үрдісінде компьютерді пайдаланылғанда қозғалыстағы денелерді сипаттауға, үрдісті имитациялауға, тіпті оның ағымын математикалық моделдеу арқылы дәл әрі көрнекі сипаттауға болады. Демек компьютерді пайдаланып, оқытудың мазмұнын анықтауға, сондай-ақ дәстүрлі техникалық құралдардың шамасы жетпеген кейбір жетістіктерге қол жеткізуге болады.

Ендеше информатика пәнін бастауыш сыныптардан бастап оқыту керек және оған мынадай басты факторлар себепші болып отыр:

- бастауыш мектептен бастап оқушылардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, бүгінгі ақпараттық қоғамға бейімдеу;

- бастауыш мектеп оқушыларын ақпараттық мәдениеттіктерін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңестігіне еркін енуге даярлау;

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесімен өз тәжірибемізге сүйенсек, қазіргі таңда бастауыш мектептердің көпшілігіне білім беруді ақпараттандырудың алғашқы жылдарында орын алған кемшіліктер әлі де қайталануда. Олар:

- бастауыш сыныптарда информатика пәнін окытуда машинасыз вариантты таңдау оқушылардың ақпараттық мәдениеті мен құзырлығын қалыптастыру қиынға соғады. Балалар үшін ең басты ынта құралы -компъютердің жоқтығы олардың танымдық қызығуына информатиканың теориялық негіздерін меңгеруге кері әсерін тигізеді;

- информатика кабинетіндегі жұмыстың көптігіне байланысты бастауыш сынып оқушылары оған өте сирек барады, бұл өз кезегінде оқыту нәтижесінде әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар информатика кабинетінің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, санитарлық -гигиеналық сай жабдықталмауы да қиындық келтіреді;

- информатика пәні мұғалімнің бастауыш сынып әдістемесін меңгермеуіне және соған сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу дайындығының жоқтығына байланысты, көбінесе, психологиялық-

педагикалық және әдістемелік тұрғыдағы мәселелерге тап болады;

- бастауыш мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық - коммуникациялы технологияларды пайдалану әдістемесін меңгермеген бастауыш сынып мұғалімі сабақты дидактикалық мақсатқа жеткізе алмайды;

- санитарлық-гигиенаға сай бастауыш мектеп оқушысының компьютерде жұмыс істеу нормасы жиі сақталмайды;

- оқушылардың денсаулықтарына зиянды жақтары бар ескірген техникалық құралдар пайдаланады;

- педагогикалық-бағдарламалық кешендердің бастауыш оқыту әдістемесінің мақсат-міндеттеріне сәйкес келмеуіне және қолдану қиындығына байланысты оған оқушылардың қызығуы төмендейді;

- өз бетімен электронды дидактикалық матириалдарды дайындауда мұғалімдер мен осы жұмысқа жұмылдырылған жоғарғы сынып оқушылары көріп қабылдау заңдылықтары мен бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілмейді;

- сабақтан тыс кезде, кейде сабақ кезінде бастауыш сынып оқушыларына, олардың еркінен тыс оқу-тәрбиелік мәні аз, агрессивті сюжетке құрылған ойындар беріледі және олардың оқушылардың белгілі оқу мақсатына жеткізе алмайтынмен қатар оқушылардың психологиялық денсаулығына зияны болатыны тағы бар;

- білім жүйелерінің түрлі деңгейін ақпараттандыру жобасы мен бағдарламаларын дайындауда, көбінесе, басты назар қазіргі ақпараттық технологияларды басқару, информатика курсын оқыту, қаржы мәселесі жан-жақты қарастырылса, ал оқытудың қазіргі техникалық құралдарын сабақта және басқа пәндерді оқытуда пайдалану мәселелері үстірті ғана айтылады;

- мектеп басшылары компьютерді, коммуникациялық құралдарды сатып-алу оны қауіпсіздік - техникалық жағынан қамтамасыз ету сияқты мәселелерді бірінші орында қарастырумен, бастауыш мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеуде қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты мәселелеріне жеке мән бермейді.

Бастауыш мектепті ақпараттандыру және соған сәйкес ақпараттық білім ортасын құруға катысты теориялық-әдістемелік материялдарды талдау төмендегі мәселелерді шешу негізінде тиімді жүзеге асу мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп берді:

  • бастауыш мектеп мұғалімінің әдістемелік дайындығын жетілдіру;
  • бастауыш мектеп оқушыларын оқытуға электронды оқулықтарды

құрастыру;

  • дәстүрлі сабаққа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға педагогикалық-психологиялық және ұйымдастырушылық бағытта жағдай жасау.

Бұл аталған мәселелер өз кезегінде бастауыш мектептің төмендегі мазмұндағы негізгі мақсаттарын шешу қажеттігін көрсетіп отыр.

  1. Коммуникативті, әлеуметтік құзырлығы және шығармашылық

алгоритімдік қабілеттерін дамыта отырып, оқу үрдісінде жұмыс істеу дағдысы мен белсенділіктерін арттыру негізінде бастауыш мектеп оқушысының тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оның ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру.

2. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдісінің тиімділігін арттыру. Бастауыш мектеп оқушысының танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігінің оқуға ынтасын дамытуда, сонымен қатар бастауыш мектептердегі балалардың физиологиялық, психологиялық жағынан дамуын нығайтуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін арттыруда қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша кең пайдалану.

3. Бастауыш мектептің біртұтас ақпаратты оқу кеңестігін құрастыру.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін орынды пайдалану оқушының жасырын жатқан қабілеттерін дер кезінде көре білуге және шығармашылықпен оны дамытуға жол ашады. Бұл бастауыш мектеп мұғаліміне информатика пәнінің бастауыштағы пропедевтикалық курсының мақсат-міндеттерін, мазмұнымен негізгі бағыттарын кәсіби тұрғыдан жетік меңгеру талабын жүктейді.

Білімді меңгеру үрдісінің маңыздылығы жөнінде көптеген психологтар айтып өткен. «Оқушы оқу материялдарын белсенді жұмыс істеп, тиісті дәрежеде өз білімін қолданып көргенде ғана меңгеру мүмкіндігін жүзеге асады»

Алайда, осындай оқытуды ұйымдастыруға жол алатын компьютерлер көбінісе тиімді пайдаланыла бермейді. Көп жағдайда олар оқу материалын ұсынудың тағы бір құрамы ретінде жай ғана қолданылады да, оқушы бақылаушы ретінде қалады.

ЭЕМ-ді пайдаланып оқу жұмысының ұйымдастырғанда және белсенді оқуды жүзеге асыратын сәйкес бағдарламаны жасауда оқушылардың мынадай ерекшеліктерін ескеру қажет.

- оқи алушылық, яғни жалпы ақыл-ой қабілеттерінің, сондай-ақ арнайы қабілеттерінің даму деңгейі;

- оқығандық, яғни оқушының жалпы және пәндік оқу ілімдерінің даму деңгейі, ол өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілікпен айқын көрінеді;

- танымдық қызығу (жалпы оқуға ынталылық аясында)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Пәнаралық байланыстар
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
Оқу үрдісіндегі компьютерлік технология
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Информатиканы оқыту әдістемесі
Ана тілі Математика пәндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz