Бастауыш мектепте ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектепте ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық барлық соның негізінде жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.Болашақтың нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Ақпаратты дәстүрлі әдістер-қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға, интерактивті тақталарға ауысты.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейіншесауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес.Технология - бұл қандай да істегі, шеберлікті, өмірдегі амалдардың жиынтығы делінген.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат мүддесіне өзінің шеберлігіне байланысты алады.Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет.
Адамның жақсы өмір сүруінеүш негіз бола алады, олар барлығынан басым бола атын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапаларға адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек-деген Шәкәрім атамыз. Бөбек қорының президенті ар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы өркениетті өріс алған
еліміздің дамуына деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге Өзін-өзі тану пәнін алып келді.
Өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарға шеше білуге, өз ойларын ашық айтып, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе алуға денсаулығын сақтау мен нығайтуға үйренеді.Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. А.М.Горкий: Ойын арқылы бала дүниені таниды -- десе, Л.С.Выготский, А.Н.Монтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар Ойын баланың өзіндік өмірі деген ортақ тұжырымдар жасайды.Ал біздің халық даналығы: Ойлы бала ойыннан белгілі-дейді.Ойын - бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс әрекеттерінің бір түрі.Ойын дегеніміз- ұ шқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деуге болады.Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді. Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады.Баланың шығармашылық қиял қабілетін, тілін дамытуда ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. атап көрсеткен. Дидактикалық ойындар барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан.Атап айтқанда, бастауыш сыныптардағы оқыту процесінде төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады.Қай әріпті жоғалттым, Қай буынды жоғалттым, Бос торкөзді толтыр, Қызықты торкөз, Сөйлем қуаласпақ, Тыныс белгісін тап, Екі-екіден жұпта, Кім тапқыр, Кім тез ойлайды, Ойлан, тап, Кім шапшаң?, Қай дыбыстан басталады, Қағып алып, жауабын айт, Сиқырлы сандық. Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: Білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлері төмендегідей жүйеленеді:
Мазмұнды бейнелі ойын:отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер.
Қимыл қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, соқыр теке, мысық пен тышқан.
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
Құрылыс ойындар: лото және басқа конструкторларды пайдалану.
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойындар.Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Оның білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудағы басты принципі - баланың туа біткен табиғаттан алған бар қабілетін көрсетіп ең қолайлы жағдайды жасай отырып, баланың жан-жақты дамып, биікке көтерілуіне принцип осындай игі мақсаттарды бастауыш сынып оқушылары үшін ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады.Ойын білімді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға болады.
Ойын әрекеттерінде ережелерді іске асыруға үйретеді. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Мәселе қойып оқыту технологиясы
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Пәндер