Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
2.Бастауыш мектеп оқушыларына жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары және олардың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оның формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техникалық өзгеруіне байланысты болады.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдық қай мезгілінде болса да қабылданды.Білім бастауы-бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Біздің егемен еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту болып табылады.
Білім тек сабақта ғана емес сыныптан тыс уақытта да беріледі.Түрлі сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімдерін тереңдетеді. Яғни сыныптан тыс жұмыстар деп-оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік-білімділік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды айтады. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты балаларды жан-жақты дамытуға бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті-мектеп оқушыларының қызығуын,бейімділігін,қабілеттілігі н жан-жақты дамытып оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.Егер де сыныптан тыс жұмыс оқу бағдарламасымен дұрыс ұштастырылса,онда ол бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Сонымен қатар оқушылардың білімдерін тереңдетуге, ой-өрістерін кеңейтуге, олардың ынталы болуына және әр нәрсені біліп алу құмарлық сезімдерін оятуға септігін тигізеді.
Біріншіден, сыныптан тыс жұмыс баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі жұмыстардың түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырады, оның азамат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс жұмыс оқушыларды әрекеттің әр түріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егер де балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамассыз ете алады. Бүгін де бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бүл өте күрделі мәселеге айиалды.
Төртіншіден,сыныптан тыс әр түрлі жұмыстарының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді,сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйренеді. Яғни,оқу,еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруға өзара ынтымақтастыққа ,бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.Тіпті сыныптан тыс жұмыстың қандай да бір түрі болмасын, танымдық ,спорттық ,еңбек қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысына үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс жұмыстардың өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды.
Алтыншыдан, сыныптан тыс жұмыстың нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі онда тек жалпы жетістікпен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.

Бастауыш сатыда оқу-тәрбие процесі жан-жақты қарастырылып, оқушылар ұйымы арқылы ықпал ету қазіргі кезеңнің өзекті мәселесі болып отыр.
Жеке түлғаны дамыту мәселелері М.Б.Блонскийдің,
Л.С.Выготскийдің, С.А.Рубинштейннің, Л.В.Занкотың еңбектерінің негізгі арқауы болып табылады. Л.В.Занков Оқушылардың сыныптан тыс уақытындагы оқу әрекетіне белсене араласуына маңыз береді. Оқытудың өмірмен байланысына қажетті талаптар қоя отырып, оқушылардың өздері жинақтаған өмір тәжірибесі, әсерлері, байқаулары болу керек деп қарайды. Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушыларды шығармашылық ізденістерге салуға және олардың ішкі сезімдерінің дамуына,білімдерін тереңдетуге ықпалын тигізеді-деп санайды.
Ұлы педагог А.С.Макаренко айтқандай сыныптағы әрбір
жұмыс әрқашан да тәрбие жұмысы болып табылады, бірақ тәрбиені тек білім беру арқылы шешу мүмкін емес. Сондықтан тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруда сабақ процесінде ғана емес, сыныптан тыс өткізілетін қоғамдық шараларды жиі өткізудің маңызы зор деп санайды.Сыныптан тыс жұмыстар-оқушылардың адамгаршілік қасиеттерін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға енжандық сезімдерін шыңдауға, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.Демек,сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып білім,біліктёрін қалыптастырады.
Білім-адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі қоғамдық
тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім
адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті
нәтижесі ретінде пайда болды. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы-талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдыра алады.
Ал,білік-бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден тек қана, таңдай білуден ғана емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерді таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді.
Озат педагогтар-С.Нүрсейітова, А.Жарылқапова сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттерндің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әр түрлі сырларын ұғынады деп түсіндіреді.
С.Ш.Эбенбаев өзінің Сынып жекшісі атты еңбегінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызды мынадай бес ерекшелігін атап көрсетеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мынадай өзіндік ерекшеліктері бар:
1.Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамассыз ету. Бұл баланың одан әрі дамуының негізі болады. Сыныптан тыс оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөніндегі жағымды көзқарастың қалыптасуына өзінің күш -қайратына сенімділігінің орнауына жағдай туғызады.
2.Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысы қалыптасады. Егер де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастармен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескерту, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда\ толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3.Баланың дүниетанымдық компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік-жігері қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстарда бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді.
4.Баланың таным қызығушылығы дамиды,яғни мұндай міндетте сыныптан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің
сабақтастығын қамтамассыз етеді.Өйткені сыныптан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
5. Балада әр түрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілігі қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастырады.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Сыныптан тыс жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді-білімділік, тәрбиелік жәнет дамытушылық.
Білімділік мақсаты оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола
алмайды. Ол, сабақтан тыс жұмысында тәрбие және дамытушылық қызметі нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс жұмысының білімділік мақсаты ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігімен дағдысын қалыптаструды көздемейді керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін үйретеді.
Сыныптан тыс жұмысының дамытушылық мақсатаының маңызы ерекше.Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психологиялық процестерін,оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасының қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды іске асырады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білім, білік
шығармашылық әрекетін қызығушылығын арттырады,ой-өрістерін кеңейтеді. Көптеген әрекеттер нәтижесінде оқушылардың адамгершілік, кішіпейілділік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады. Осындай іс- әрекеттердің жүзеге асырыуы оқушылардың сабақ үлгерімін, дүние танымын арттыруына сыныптан тыс жұмыстың үлкен себебі тиеді. М.И.Болдырыв сыныптан тыс жұмыстарға тән негізгі ерекшеліктерді(Ікесте) атап көрсетеді.
Сыныптан тыс жұмыстарға тән негізгі ерекшеліктер:
Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде
өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқарылатын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көмегімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады.Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен талап-тілектеріне сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстың үшінші ерекшелігі жас шамасы әртүрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркемөнерпаз үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола
алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әртүрлі сыныптардағы оқушыларды біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына,жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналсудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде,спорт ұжымдарында, көркемөнерпаздар ұжымында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине педагогтар бағыттап отырады, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі - оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптьан тыс жұмысты өзар сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Соның нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарда, кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр. Сыныптан тыс жүмыстың алтыншы ерекшелігі-формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен өңерпаздар клубтарының және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі болып түсті.
Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, белсенді оқушылар ғана тартылады. Басқалары,ең алдымен қиын мінезді балалар сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта тәрбиелеуге,сыныптан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың еш қайсысын қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі - оның бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы, өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке дара сабақтармен толықтырылып отырады. Сыныптан тыс жұмыстар өмірмен байланысты болса онда кез-келген үйірменің ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған ортамен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болады. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар анда-санда емес, жүйелі, үнемі өткізілсе, онда ол едәуір арта түседі. Оқушылардың қызығушылықтарын, білім, біліктерін ой-өрістерін кеңейтеді. Сыныптан тыс жұмыстарды мектеп оқушыларының сабаққа жауапкершілігі, ғылымға сүйіспеншілігі тәрбиеленеді.Сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушылар ғылым мен техниканың қазіргі проблемаларымен танысады. Баланың сана-сезімінің өсуіне, тұлға ретінде қалыптасуына сыныптан тыс жұмыстың тигізер пайдасы көп. Сыныптан тыс жұмысты басқару-ол баланың жаратылысынан берілген қабілетін дамытып қана қою емес,сонымен бірге оның ізденуге деген құштарлығын арттырады. Өйткені әр адам ең бірінші өзін тәрбиелейді. Бұл өмірлік ұстаным.
Сыныптан тыс жұмыс - бұл жас буынның қоғам өміріне араласуын өзі өмір сүріп отырған ортаға қалыптасуы болып табылады. Сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімдерін кеңейте, толықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамытады. Сыныптан тыс сабақтардың құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бір қатар талаптарды сақтауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz