Бастауыш мектептегі тәрбиелік істі ұйымдастыру әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш мектептегі тәрбиелік істі ұйымдастыру әдістемесі.

Бастауыш мектептегі тәрбиелік істі ұйымдастыру әдістемесі.

Жоспары:

1. Тәрбие ісі түсінігі. Тәрбие ісі жоспарлау кезеңі.

2. Тәрбие ісіне талаптар.

Тәрбиелік істерді талдау әдістемесі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. С. әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А, Дарын- 2004

2. Н. Б. Сейдалиев. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А, мектеп 1987ж

3. Н. Б. Сейдалиев Тәрбие теориясы. А, Мектеп 1986ж

4. О. С. Богданова, И. В. Петрова. Бастауыш кластағы тәрбие жұмыстарының методикасы А, Мектеп 1980ж

5. С. Г. Губашева, А. Ж. Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі. А, дарын- 2004ж

қосымша:

6. С. қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. А. Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. А, "Білім" 2001

7. В. А. Сухомлинский. Коллективтің құдіретті күші. А, Мектеп. 1979

8. С. А. ұзақбаев. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері. А, 1990

9. қ. Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы. А, "Мектеп" 1972

10. С. Елманов. А. Күнтілеуов. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. А, 1985.

Лекциянын мәтіні:

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұны, формалары мен әдістері барлық жас сатыларында біркелкі болып қала бермейді. Олар оқушылардың дамуына қарай, жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мектеп қабырғасында жас ұрпақ өзінің дамуына бірқатар сатысынан өтеді. Мектеп оқушылары әлем жайындағы бастапқы мағлұматтардан табиғат, қоғам және адам туралы неғұрлым дәл білімдерге ауысады. Оқушылардың сезімдері де бірте- бірте дамиды, олардың сапасы қалыптасады, мінезі қалыпқа түседі, мінез-құлық әрекеттері өзгереді. Тәрбиешілер үшін тәрбие беру процесінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, олардың тәрбиелік деңгейін білуі.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өздеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Олар сезімтал әрі әсершіл келеді. Сондықтан оларды бірлесе атқаратын өте тартымды істер мен қызықтыруымыз тиіс. Айналысатын жұмыстарының түрлерін жиі ауыстырып, әлдеқайда ұзақ және жүйелі істерге бірте-бірте үйрету керек. Кіші мектеп жасындағы оқушылары тұрақсыздау тез шаршағыш келеді. Осыған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысын әр ыңғайға қарай бөлу және олардың сабақтары формалары мен түрлерін сан құбылтып тұру керек.

II. А. С. Макаренко "Бала айналасы қоршаған ортамен шексіз қарым қатынасқа түседі, дамиды, баланың дене күші артып, адамгершілік қасиеті жақсарады". Жылдар өткен сайын баланың қоршаған ортамен қарым қатынасы маңызды бола бастайды, қарым -қатынас дамуы мен тәрбиеге ыкпал етеді; - дейді .

Мектеп оқушыларының жас шамасына және даму деңгейіне қарай оларға педагогтың басшылық етудің сипатыда өзгереді Кіші мектеп жасындағы оқушылардың күнделікті іс -әрекеттерін ұйымдастырушы және басшылық етуші ролін атқарады. Орталау, әсіресе жоғары сыныптағы жас шамасындағы өмір және іс-әрекетті ұйымдастыруда өзіндік беталысқа жол кеңірек ашылады. Тәрбиені ұйымдастыру процесінде жас ерекшеліктерін ғана емес, жеке -дара ерекшеліктерді ескерудің де маңызы зор. Балалар бір-бірімен темпераментімен, мінезімен, қабілетімен, мүддесімен, бейімділіктері мен ерекшеленеді. әркімнің өз бойы талпынысы, арманы болады. Соны ескере отырып, тәрбие беру процесінде әркімге жеке -дара қарауды қамтамасыз етуге болады. Тәрбиеге жеке-дара қарау -оқушының ерекшеліктеріне қарай немқұрайды ыңғайлану емес, жеке дара қасиеттерді психикалық даму еекшеліктерін, жеке және қоғамдық тәрбиелене отырып, оған тәрбиелік әсер етудің тиімді жолдарын табу керек.

Тәрбие беру процесінде ұлдар мен қыздардың ерекшеліктерін ескеру керек. Кейбір мектептерде ұл балалардың қоғамдық белсенділігінің төмендеуі байқалады. Мұны бұл мектептерде туризмді, әскери ойындарды техникалық модельдер жасауды және ұл балаларға ұнайтын тағы басқа істерді ұйымдастыруға болады. ұнаған іспен айналысқанда балалар әрқашан жауапты бола бермейді. Олар айтқанды орындаушылар қызметін атқарады. Бұл олардың қоғамдық белсенділіктерінің төмендеуіне апарып соғады. Тәрбие өнерінің мәні оқушыларды пайдалана және қызықты істерді табуға, ойластыруға оларды ұйымдастыруда творчествалық -инциатива көрсетуге оларға жауап беруге жетелеуде.

Тәрбие қызметінің мазмұны қазіргі кездегі мектеп оқушысының ерекшеліктерін есепке алу мен анықтау керек. Ол көп біледі көп нәрсені істей алады, және көп нәрсеге талпынады. Оған дүнтетаным теңдігі мен мүдденің жан-жақтылығы, романтикалық көңіл -күйі мен эмоциялық әсер алғыштық, өзінің толық қуаныш түйсіну мен басқа адамдарға әсіресе ата-аналарға, мұғалімдерге сын көзімен қарау тән жігіттер мен қыздардың көбінде ойдың әрекетінің кемділігі мен шексіз арманшылдық, көзқарас адамгершілік сенім ролінің артуы мен жан жолдастық достық және сүйіспеншілік сезімі айқын көрініс береді. Осының бәрін тәрбие жұмысының мазмұнын сұрыптаған кезде және оны ұйымдастыру процесінде білудің және ескерудің маңызы зор.

Соңғы жылдары симпозимда қабылданған жас кезеңдерінің схемасын яғни бұзбай балдан бастап жас өспірімдер шақтарына дейінгі өзгерістер кіреді.

1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1 -2 айға дейін )

2. Нәрестелік шақ (1-2-айдан 1 жылға дейін)

3. Ерте сәбилік шақ (1-жастан 3 жасқа дейін ) .

4. Мектепке дейін балалық шақ (4-7 жасқа дейін)

5. Бастауыш шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)

6. Жеткіншек шағы (11-12-14-15 жасқа дейін)

7. Жас өспірімдік шақ (14-17 жасқа дейін)

Мектепте балаларды 6 жастан бастап қабылдауына байланысты 5-6 және 7 сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Тәрбие мен оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары.

Жалпы азаматтық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты әрбір тұлғаны жан - жақты, дамыған етіп тәрбиелеу.

Адам іс әрекеті сезімі мен ойлау ерекшеліктері, оның өмір сүріп отырған конамдық тарихи жағдайларға тәуелді болады. қоғам дамуынын белгілі бір сатысында педагогикалық, философиялық ой пікірлер пайда болып қалыптаса бастайды. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Тәрбие беру қоғамдық білімін іс әрекет мазмұны анықталады. қазақстан Республикасының өз алдына дербес, тәуелсіз болуына байланысты ұрпақ тәрбиесінің алдында тұрған мақсат міндеттер қазақстан Республикасының Білім туралы заңынын 8- бабында жазылған. Олар:

1. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлтық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби, шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2. Білім беру жүйесінің басты міндеттері - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтынын берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектісін байыту.

3. Азаматтық пен ел жандылыққа, өз отаны қазақстан Республикасына сүйіспеншілікпен, мемлекеттік рәміздерді құрметтуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

4. Республиканың қоғамдық саяси экономикалық және мәдени өмірімен қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтарымен міндеттеріне сапалы көзқарасын қалыптастыру.

5. әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқымен республикасының басқада халықтарының тарихын әдет - ғұрыпы мен дәстүрлерін зерделеу.

Тұлғаны жан жақты жетілдіріп дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінде тікелей байланысы дененің және ақыл ой дамуның бір тұтастығы деп түсіну керек.

Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді енбекпен, өмірмен байланыстырып жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру. Тәрбиелеуде ең басты мақсат - қоғамға қажетті мақсат адамгершілік қасиеттер жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымын қалыптасқан, эстетикалық талғамы сезімі мен дене күші сыйғыш, белсенді, өмірлік поэзиясы орындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.

қазіргі тәрбиенің негізгі басты міндеттері қандай ? Бала қоғамда тәрбиелену, бірақ ол өздігінен рухани өмірін байытып, дене күшін арттырып, жан-жақты білім ала алмайды, сондықтан баланы тәрбиелейтін тәрбиеші міндетті түрде керек.

Оның міндеті баланың дамуына жағдай жасау. Бала өсіп келе жатқан гүл сияқты, оның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасап оны күту керек.

Сонда ғана бала жан -жақты болып өседі. Бұл туралы 30-шы жылдары Л. С. Выгодский "Тек қана ғылыми көзқарастарды түсіндірумен біреудің екінші тәрбиеленуі" мүмкін емес деп жазды.

Бұдан мынандай бірнеше ереже пайда болады.

1. Тәрбиеші баланың негізгі табиғи даму заңдылықтарын білуі керек.

2. Ол тәрбиеленуі үшін сыйлы, мейірімді адам болуы қажет .

3. Тәрбие технологиясын меңгерген баланың өзіндік тәрбиелеуіне педагогикалық жағдай жасай алатын болуы тиіс.

Педагогтың тәрбиелік іс-әрекетінің түпкі мақсаты баланың өзін-өзі тәрбиеленуін туғызу. Бұрынғы кеңестік мектептер тәрбиесінде, балаға оның қандай болу керектігін айтып, оған қатаң талаптар қойып отырады.

К. Н. Крупская мен А. КЛуничепскийдін белсене қатысуымен жасалған бірыңғай енбек мектебінін негізгі принциптерінде былай делінген. “Балалар мектептің бүкіл өміріне қатысулары тиіс. Бұл үшін олар өзін-өзі басқару правасын пайдалану және тұрақты белсенді көмек көрсетуі қажет. Мемлекет азаматы болуға әзірлене отырып, олар одан бұрынырақ өздерін өз мектебінің азаматы сезінуі қажет шығар”.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие жұмысын жоспарлау әдістемесі
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Мектептегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz