Бастауыш мектептің 1-4 сыныбына арналған музыка пәнінің бағдарламасы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Бастауыш мектептің 1-4 сыныбына арналған музыка пәнінің бағдарламасы
Егеменді, бостандық алған Қазақстан республикасының білім беру саласында, педагогикалық тәжірибенің мазмұнын жаңарту кезінде, қоғам өмірін жаңартуда, адамның жаңа қоғамға деген көзқарасы, болашақ ұрпақты жан - жақты білімді, мәдениетті, өз мәдениетін, өз тілін, өз халқының тарихын музыка пәнінің бағдарламасы - оқушылардың музыка өнерінің негізі мен оның өмірімен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, бағдарламаның тақырыптық құрылымында көрсетілген басты мәселелерді, музыкалық, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, музыканы түсініп шығармаларды мәнерлі орындап, орындағанда әуенінiң таза болуы, ырғақты сезіне білу, вокалды - ән айту дағдыларын қалыптастыру мақсатымен халық және композиторлардың ән - күйлер, қазіргі уақытқа сай профессионалды музыкалық шығармалар, жергілікті сазгерлердің ән - күйлері келтіріліп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде музыка сабағының негізгі мақсаты: оқушылардың бойында рухани мәдениеттің аса маңызды әрі ажырамас бөлігі - музыкалық мәдениетті қалыптастыру. Балалардың Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілігін, әр түрлі ұлт өкілдерінің бір - біріне деген достық сезімдерін оятады және оны жетілдіреді.
Осы бағдарламаға өзен болып келетін тақырыптың жүйелі принципі алынды. Бағдарламаның мақсаты оқушыларды біртіндеп музыка әлеміне бой ұрғызу.
Тақырыптың жүйе принципі бағдарламаның жүйелігін орнықтыру мақсатын көздейді. Адамгершілік және эстетикалық тәрбиені сабақтың негізіне айналдыру баланың музыканы дұрыс қабылдауын дамытуға көмектеседі. Музыкалық тәжірибе жинақтау мен практикалық іс әрекеттер барысында оқушылар біртіндеп музыка туралы түсініктерін қалыптастырады. Бағдарлама ән мен әуенділік, би мен ырғақтылық, марш пен екпінділік, музыканы тыңдай, қабылдай білу, қызығушылығын арттыру, ән орындауға, тыңдауға дағдыландыру, музыканың өмірмен байланысты екенін ұғындыру, композитордың стилін, оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту - сезімталдық, есту қабілеті, ырғақ, есте сақтау, музыканың сазын сезіну, музыкаға шығармашылықпен қарау, ән айту мәдениетін, оны әдемі, ашық дауыспен орындау.
Бағдарламада музыка сабағын оқу - тәрбие процесінің негізгі іс - әрекеттерін қамтиды, олар: міндеті, мазмұны және оқыту әдісі. Ең негізгісі сабақты ұйымдастыра білу. Ертеде музыка сабағы үш бөлімнен тұратын: ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауатын ашу. Ал, қазір, музыка сабағы - өнер сабағы болғасын, мұғалімге үлкен міндет, талап қойылады.
Бағдарлама тақырыптылыққа байланысты, оқушылардың өнерге баулудың негізі - сезімділік, музыканы толғаныспен қабылдау, оны түсіну, шығарманың көркемділігін, сюжетін, құрылымын, формасын қабылдау, оны түсіну, музыкалық шығарманы тұтас қабылдау.
Тақырыпқа байланысты мұғалімнің міндеті: музыка сабағын логикалық байланысты белгілеу және де сабақта әр түрлі музыкалық материалға бірқалыпта көшу, ән айту бола ма, музыка тыңдау бола ма, музыкалық сауатын ашу ма, қимыл - ырғақ, сурет салу, ойындар өткізу сабақтың тақырыбына байланысты, жалпы оқушыларды музыка өнеріне баулу.
Сонымен, бағдарламаның ең негізі тақырыптылық.
1 сынып: 1. Музыка қандай сезімді білдіреді? (ойын баласы)
2. Музыка қандай сыр шертеді? (бала және ертегі)
3. Музыка қалай толғайды? (бала шығармашылығы)
4. Музыка нені толғайды? (бала және аңыз)
Бұл тақырыптар бір - бірімен тығыз байланысты. Олар: музыкалық шығарманың сипатымен, эмоциялық мазмұнымен танысу, көркемдік бейнемен танысу, мәнерлік әдісімен танысу, мазмұны мен мәнерлік арасындағы байланыспен танысу.
Оқушылардың жас ерекшелігіне, педагогика - психология заңдылығына сүйене - оқушылар сабақта 2 - 3 шығарма, 2 - 3 қысқаша әндер үйреніп, оның мазмұнына байланысты қимылмен бейнелеп, би орындайды, музыкалық ойындар үйренеді. Сондықтан сабақтың құрылысы: әңгіме арқылы, сұрақ - жауап арқылы, жаттығу жұмысы, ән үйрену, музыка тыңдау, музыкалық қимылдар жасау, билеу, қарапайым ырғақты үйрену. Бірінші сынып баласы - ойын баласы. Оның өмірі әлі де ертегі , мультфильмдер, аңыздар, ойын. Сондықтан музыкалық материалды осыған байланыстыруға болады. Қандай әндер, шығармалар, оған байланысты орындау, билеу, қимылдар, әңгіме құру т.б.
2 сынып:
1. Музыкадағы төрт жанр: ән, би, күй, марш.
2. Музыка ненi, қалай бейнелейдi, суреттейдi?
3. Жанрлар бiздi қайда жетелейдi?
4. Музыка тiлi дегенмiз не?
Міндет, талап, максат
Жалпы міндеті - 1сынып оқушыларына қойылатын міндеттермен сипаттас, сабақтас болып келеді. Қызығушылығын әрі қарай қалыптастырады, музыкалық қабілеті дамиды. Музыканы саналы түрде қабылдап, терең сезіне білуіне, әнді орындау шеберлігінің шыңдала түсуіне бағытталады.
Біріншіден - 2 сынып оқушысы тәжірибелі бала, мектептің сабаққа қойылатын талабын біледі, зейіні тұрақтала түседі.
Олардың оқи, жаза алатындықтары музыка сабағында қойылатын талаптарды шешуге жағдай жасайды. Оқушыларға музыка сабағын өте ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
Математика оқу бағдарламасы 1 -4 сыныптар
Оқу бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар
1-4 сыныптарға математиканы оқу бағдарламасы
Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқытудың бағдарламасы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь