Бастауыш мектептің оқу процесіндегі көрнекілік принципі және оның ролі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1 Бастауыш мектептің оқу процесіндегі көрнекілік принципі және оның ролі

2 Бастауыш сыныптарда көрнекі құралдарды қолданудың жолдары мен манызы
Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарын біріктіреді. Интеративті пән болғандықтан, оны оқып - үйренудің негізгі мақсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:

- оқушыларда индивидтің қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру; өзінің көңіл-күй (сезім) ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;

- табиғат объектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғат объектілері мен облыстары арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттың және кеңістіктің өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;

- оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында қалай пайдаланатынын білуі қажет.

Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі тиіс.

Көрнекілік түрлері:

Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.

Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.

Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер) .

Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т. б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
В. Ф. Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.

8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.

Шарттары:
• қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді;

• дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек;
• әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету;

• есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы;

• оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді;
• жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды;

• әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу;

• қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-үйренуді бастамау;
• оқу материалын жүйемен беру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып)
Оқытудың ғылымилық принципі
Көрнекі құралдар арқылы орта мектеп оқушыларының зейінін ашу
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Оқыту процесінің мәні
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекет
Техникалық көрнекі құралдар
Технологияның мәндік сипаты
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz