Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияларды пайдаланудың педагогикалық негіздері

1. 1 Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері . . . 5

1. 2 Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялары . . . 10

ІІ Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияларды жүзеге асыру әдістемесі

2. 1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің мазмұны . . . 16

2. 2 3-сыныпта қазақ тілін оқытуда педагогикалық технологияны жүзеге

асыру әдістемесі . . . 21

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] .

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 28 қаңтар 2012ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 7 бағытында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу [2] .

Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше, жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады (Н. И. Лапин) .

Одан кейін, педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік мәселелері Қ. А. Аймағанбетова [4], Өміртаева К. [5], С. Р. Рахметова [6], К. Ж. Сарыбеков [7], Нағымжанова Қ. М. [8], Т. Оспанов [9], Б. А. Тұрғынбаева [10], М. Е. Ералиева [11], Ж. Т. Қайыңбаев [12], Қ. Бұзаубақова [13], Д. Мұхамбетжанова [14], Г. Уәйсова [15] және т. б. ғалымдар еңбектерінен орын алады.

Кеңестік дәуірдегі Ресей ғалымдары оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған В. П. Беспалько [16], Л. В. Занковтың [17], В. М. Монаховтың [18], С. Н. Лысенкованың [19], Ә. Е. Әбуов [20], Д. Б. Элькониннің [21], П. М. Эрднеевтің [22] және т. б ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектерінің біздің жұмысымызда басшылыққа алынады.

Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В. П. Беспалько, Ж. А. Қараев [23], Ш. Таубаева [24], М. Жанпейісова [25], М. В. Кларин [26], С. А. Көшімбетова [27], Қ. Қабдықайырұлы [2], Г. К. Селевко [28], О. С. Өмірова [29] т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.

Біз жоғарыдағы аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де шешімін таппай отырғандығын анықтадық.

Білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін «ескі» мен «жаңаның» арасындағы білім беру жүйесіндегі қайшылықтардың, педагогикалық қауымның «жаңаны» игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты : «Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің міндеттері:

- Жаңа педагогикалық технологиялардың мазмұнына теориялық тұрғыдан талдау жасау;

- Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің моделін жасау;

- Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру тәжірибелік жұмыстар;

Зерттеу пәні: Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, практикалық мәні мазмұндалды.

“Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың педагогикалық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары” атты бірінші тарауда отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектеріне талдау жасай отырып, “инновация”, “технология”, “жаңа технология” және т. б ұғымдардың мазмұны мен мәніне ғылыми теориялық тұрғыда мазмұндық сипаттамалар жасалынды. Сонымен қатар, оқытудың мәні мен тиімді әдістері, педагогикалық технология түрлері жан-жақты ашылып, оқу тәрбие үдерісіне пайдаланудың педагогикалық теорияның негіздері айқындалды.

“Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияларды жүзеге асыру әдістемесі” атты екінші бөлімде оқытудың инновациялык әдіс-тәсілдер, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту технологиялары жан-жақты ашылып, оларды пайдалану, қолдану әдіс-тәсілдері, жолдары көрсетілді.

Қорытындыда, болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалды, және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

1. Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың педагогикалық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары

1. 1 Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері

Қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми-техникалық даму мен жаңару процестері, барлық салалардағы өзгерістер мен үдерістер адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең білімділікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, яғни жан-жақты дамыған тұлға болуды талап етеді. Яғни, бүгінгі күн талабы-болашақ маман иелерінен жоғарғы оқу орнында білім алу барысында тек дайын білімдерді меңгеріп, мәлімет, ақпараттарды ғана біліп қоймай, сол бойына сіңірген білімдерін қоғамда, өмірде тиімді етіп қолдана отырып, шығармашылық тұрғыдан өз болмысын таныта алатын дәрежедегі мамандыр даярлау міндеті.

Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай, барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет - Қазақстанды бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосу. Ол үшін еңбектің қай саласынан болмасын мемлекет қызметкерлерінің еліміз үшін аянбай адал еңбек етіп, өз үлестерін қосуы маңызды [30] .

Сондай-ақ елбасымыздың 2001 жылдың 2 ақпанында өткен білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде «баршаға білім беру моделінен, таңдауы бойынша білім беру моделіне көшу» деп атап өтуі педагог мамандарына да аса жауапты міндет қойды [31] .

Сонымен қатар Н. Назарбаевтың 2008 жылғы ақпан айындағы халыққа жолдауында білім беру саласының басты міндеті ретінде 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, сапалы қызмет көрсету аясын кеңейтуді айтады. Білім және ғылым министрлігіне 3 жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды тапсырады [32] .

Жоғары білімді, өз кәсібінің шебері мамандарын даярлау мәселесі әрқашанда өзекті болып келеді. Кез-келген мемлекеттің дамуына негіз болатын басты тұлға-мұғалім болып табылады. Сондықтан да ғылым мен білім беру, тәрбиелеу мекемелерінің алдына қойылып отырған басты міндет-білікті, кәсіби тұрғыдан дамыған, шығармашыл мұғалім кадрларын даярлау. Қазіргі кездегі қоғам, мемлекет, білім ордалары жоғары білімді мамандарды ғана емес, қажетті білімдер қорын меңгергенімен қатар, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, жаңашыл бағыттағы, шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіпқой мамандарды талап етеді. Мұғалім үнемі ақпараттарды іздестіру, талдау, сараптау, игеріп, қолдануы маңызды. әр уақытта да білім беруді жетілдіру, мұғалімдер даярлығының сапасын жақсарту өзекті мәселе болып саналады. Осы тұрғыдан озат тәжірибелерді кеңінен қолданып қараудың маңызы зор. Себебі, педагогикалық озат тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, таратудың салдары мұғалімдердің шығармашылығының жемісі бола алады.

Инновациялық технологиялар, «субъект-субъект» жүйсін балаға өз бетінше ойлай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында оқушылар жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып қорытынды жасай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асды. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйесі қалыптасады, яғни жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады.

Бүгінгі таңда жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғлық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясын шығаруға ұмтылуы.

Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, инновацияны енгізу мәселелерін Ю. К. Бабанский [33], В. С. Библер [34], Ю. С. Гермунский, В. С. Лазарев, А. И. Пригожин, Л. С. Сластенин, В. П. Кваша, Д. В. Чернишевский және т. б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше, инновациялық процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау болып табылады [2, 3] .

Бүгінгі таңда П. Э. Эрднеевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқыту материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модельді оқыту техологиясы, П. И. Третьяновтың, К. Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және т. б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған [4, 5, 6, 7, 8, 9, 10] .

Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбековтың, Ш. Т. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың, С. Н. Лактионаваның, Қ. М. Нағымжанованың, М. М. Жанпейісованың және т. б ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үдерісінде белсенді түрде қолданылуда [11, 12, 13, 14] .

Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздерін қарастыруды бастамас бұрын, біз инновацияның педагогика ғылымында қаншалықты мәні барын және әлеуметтік педагогикалық алғы шарттарын қарастырғанды жөн көрдік.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу барысында инновация ұғымы ең алғаш ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болғанын, яғни бір ел мәдениет элементтерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған дегенді көрдік.

Инновация термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық. Сондықтанда біз инновация ұғымын толық пайымдау үшін, оның тарихи даму жолдарына шолу жасаймыз. Инновация (латын сөзі in-b, novis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. «Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланд) бұл термин кеңінен таралған, ол Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде инновация ұғымын сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе шет елдерде, Ресейде, ТМД елдерінде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.

Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалықтың үш түрін көрсетеді:

  1. Білім беру жүйесіндегі толғымен жаңа бұрын мүлде белгісіз болған идеялармен іс-әрекеттер болады. Ондай мүлде жаңа және түпнұсқа идеялар өте аз.
  2. Ең көп кездесетін бейімделуден өткен, кеңейтілген және қайта өңделген, белгілі ортада, белгілі кезеңде өте қажетті идеялармен іс-әрекеттер.
  3. Педагогикалық жаңалықтар мынандай жағдайда дүниеге келеді: мақсатты қайта қоюға байланысты бұрын болған істер қайта жаңарады. Өйткені жаңа жағдайлар бұлардың нәтижесін және белгілі жағымды идеялардың нәтижелеріне келу болады, -деген түрлерін ұсынды.

Поляк ғалымдары инновацияны жан-жақты зерттеуіне байланысты Польшада инновациялық процестерді зерттейтін «Педагогикалық зерттеулер» институтында арнайы лабаратория жұмыс істейді.

Оқу ағарту ісіндегі мектеп мәселелерін зерттейтін Югославия институты соңғы жылдары инновация мәселесіне көп көңіл аударған. Ондағы ғалымдар: «Инновация дегеніміз-білім беру мен тәрбиелеу технологиясын дамыту және жақсарту мақсатында жүзеге асатын нақтылы сапалы өзгерістер. Бірақ бұл өзгерістерде жаңа идея болмауы да мүмкін, бұрын кейбір жерлерде қолданылып анықталса да, қазіргі жаңа жағдайда, жаңа ортада олар оңды нәтиже берсе, ол инновация деп есептеледі, » -дейді.

Ал, белгілі ғалым Ш. Т Таубаева: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасынан, әдістемесіне білім беру құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына, білім беру мақсаты мен міндетіне, тәрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатысына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады, »-деп көрсетеді [15] .

В. П. Беспалько өзінің еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықты тапқан. Ол инновация мен өзгеріс ұғымдары синондимдік қатынаста қарастырады. Егер бұл өзгеріс бүкіл мектепке жайылса оны «инновация» деуге болады. Бірақ кез-келген өзгерісті «инновация» деп тағы айта алмаймыз. Сондықтан инновация болуы үшін алдын-ала қойылған мақсаттың оңды нәтижесін, жемісін көру қажет [16] .

Ресейде «инновация» сөзіне күдікпен қараған. ХХ-ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді.

ХХ-ғ 80-жылдарында, педагог-навоторлар ісіне қоғамдық қызығушылық толқыны жүріп жатса да, «инновация» термині әдебиет беттерінде кезікпейді. Әуелі навоторлық істің ұйымдастырушысы «Учительская газеті» басылымдарында жаңа ұғымға анықтама берілмеген.

С. В Ожеговтың сөздігінде «жаңа» ұғымына үш түрлі анықтама берген:

1. Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған.

2. Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе.

3. Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

Кез келген қоғам білім беруге тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді, қалай тәрбие беру керек екендігіне сұраныс жасайды.

Осыған байланысты білім берудегі дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін сақтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне қалай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігін Қ. М Нағымжанова атап көрсеткен [17] .

Бірақта дәстүрлінің жай ғана өткенді ұдайы өндіруші ретінде қаралмауы керек екенін ұмытпаған жөн.

Дәстүрлі мен қазіргінің арасында жаңаның баспалдағы объективті түрде пайда болатын өмір диалектикасының заңдылығы жоқтан бар пайда болатыны сияқты, жаңа бұл дәстүрліден келіп туады. Б. Т. Лихочев: «Қазіргі тек жаңаны ғана немесе бүгін пайда болған құбылыстарды бейнелемейді, жаңа-дәстүрлі мен қазіргінің аралығында пайда болады», - дейді [18] .

Дәстүрлі категориясының өзара байланысты үш кезеңі бар: сақтап жеткізу, ізбасушылық, дамыту. Дәстүрлі мәдениет-бұл тарихи дамытушы мәдениет. Дәстүрлінің даму процесі-жаңаға өту.

Осының арқасында тарихи кезеңдеткенге таным қызығушылығына қанағаттанушылық қана тудырып қоймай жас ұрпақтың маңызды қажеттіліктерін өтейді.

Бірақ мұның барлығы жаңаның өзі кездейсоқ емес, дәстүрлінің ықпалында болуы қажет. Қазірде біздіңше, дәстүрлі мен жаңаның синтезі. Осыдан келіп, инновация мен жаңаның арасындағы айырмашылық қандай деген заңды сұрақ туады.

Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру. Ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру яғни, инновациялық процесті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды. Ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылыстын түсінеміз.

Демек, көптеген ғылыми-педагогикалық еңбектерде инновация ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды екен.

Сондықтан, ғалымдар «инновация» деген ұғымды білім беру ісіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайына көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан кіргізілетін әрекет деп түсіндіреді.

П. Шедровский: «инновацияны ойлау мен әрекет етудің ерекше бір түрі ретінде білім беру саласында кадрларды даярлауды ұйымдастырудың ерекше бір түрі», -деп түсіндіреді.

Бұл автордың ойын ары қарай дамыта, тереңдете отырып ғалымдарымыз Д. В Тотьянченко С. Г Варобщикова: «инновация» дегеніміз білім беру процесін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу, ол жаңалық енгізу-мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет, -дейді және ол мәдениетті төмендегідей екі талапты көрсетеді. Олар:

- Инновацияның қиын мәселені шешуде туындайтын ерекше бір қажет идея ретінде қарастыру.

- Инновация мектеп жұмысын жоғары сатыға көтеруге бағыттау.

Біздің ойымызша инновация дегеніміз-белгілі бір дәрежеде бейімделуден өткен жаңа идеялар жаңа жағдайда қолданылса, олар инновация.

Ғалымдар қорытындылары төмедегідей негізде:

- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе және шығармашылық пен қызмет етуші ұзтаздар қызметінің теориясына сүйеніп, осының негізінде зерттеудің бірізділігін айқындау;

- педагогика теориясының жалпы қағидаларымен оқыту әдістемелерінің негізгі мәселелеріне-жаңалық пен және оның педагогикалық ақиқатын өзгерту мәселесі;

- педагогикалық инновацияның отандық педагогикаға келу тарихын, оның негізгі көздерін және әр тарихи кезеңдегі шығу тегінің ерекшеліктерін, олардың байланысын, қалыптасу ерекшеліктерін қарастырады.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы 10-15 жылға жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрақметов. Ол; «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлік қызметі».

Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың-«инновация», «нововедения», «новшество», «новое», т. б қазақша аудармаларын жасаған Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К. Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны»-нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация»-жаңарту, «нововедения»-енген жаңалық, «новое»-жаңа, «новшество»-жаңалық, «инновационый процесс»- жаңарту үрдісі.

Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек төмендегідей қорытынды шығаруға болады:

Инновация ұғымын ғалымдар әртүлі түсінеді екен.

1) Жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.

2) Өзгеріс.

3) Құрал, әдіс.

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған.

Міне осылардың бәрі оқу-тәрбие үрдісінің құралы болар педагогикалық технологияларға, оларды жүйелі үйренуге оң бұрылыс жасау қажеттігі бүгінде көкейкесті мәселеге айналды. Себебі, таңдалған технологияларға және олардың жоғарыдағыдай жағдайларды ескеріп, орынды да теориялық сауатты қолданылуынан оқу жасындағы балалар тәрбие, білім ордасы - мектепке жан қалауымен келіп, сапалы тәлім-тәрбиеге ден қояры сөзсіз.

1. 2 Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялары

Егеменді еліміздің елу мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, оның парадигмасының өзгеруі, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

12 жылдық білім берудегі өзгешеліктердің бірі баланың мектепке 6 жастан қабылданып, технологиялық білім беруді бастауыш мектептен бастау. Бұның өзі ғылыми-техникалық прогрестің даму бағытындағы, ғылым мен технологияның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінде өмір сүре алатын және жасайтын ұрпақ дайындауды көздейді.

Дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмұны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілік пен гуманистік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.

Педагогикалық технологияларды ажырата топтастыру жолдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Шығармашылық ойлау дағдысы
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz