Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
ЖОСПАР
1. Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
2. Болашақ мұғалімдерді даярлау
3. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметі мен даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
4. Әдебиеттер
Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Балалардың бойында оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру міндеттерінің терең тарихы бар. Бастауыш білім беру көптеген жылдар бойы білім алудың негізгі және жалғыз сатысы болды. Сондықтан ол оқуға, жазуға үйрету мен қарапайым арифметика элементтерін білу мақсатын көздеді. Міндетті жеті жылдық оқуға, кейінірек толық орта білімге көшуге байланысты психология мен педагогикада кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың дамытушы міндеттеріне мән беріле бастады. Осыған байланысты олардың өз бетімен білім алу білік-дағдыларын қалыптастыру қолға алынды.
Бастауыш білім беру қызметі алдымен орталау, кейін орта білім берудің бір сатысы болып өзгерді. Жаңа жағдайларда 6-11 жастағы балалардың оқу мүмкіндіктерін зерттеу қорытындысына байланысты бастауыш білімнің мақсаттары айқындалды. Осындай мақсаттағы зерттеулер нәтижесінде оқу қызметінің әртүрлі теориясы жасалды. ХХ ғ. соңындағы білім беру жүйесіндегі демократиялық жағдайда мұғалімдердің педагогикалық ғылыми-зерттеулер нәтижесіне деген қызығушылығы артты.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың білік-дағдыларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін өз еңбектерінде барынша нақты ашып көрсеткен белгілі ғалымдар Л.С. Выготский, П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б. Олардың зерттеулері оқу қызметінің әртүрлі теориясын құрудың негізін салды. ХХ ғ. соңындағы қоғамдағы және халыққа білім берудегі демократиялық өзгерістер жағдайына байланысты бұл зерттеулердің нәтижесіне деген сұраныс туындады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын біраз жыл бақылау мен талдау барысында жалпы бастауыш білім беру мәселесінің негізгі мақсаттарын шешуге даярлауда олқылықтар бар екені байқалды.
Мұғалімдердің қиындық көретін мәселелерін зерттеу мен талдау барысында оның басты себебі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқу үрдісінің ырғағын айқындау мен есепке алуға байланысты болды. Бұл қиындықтар олардың кәсіби - педагогикалық даярлықтарының жетіспеуінде жатыр. Кіші мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылықтары мен ынтасын қалыптастыру жұмысына бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау деңгейі педагогикалық оқу орындарының оқу құралдарында, оқыту үдерісінде жатыр деп ойлаймыз.
Болашақ мұғалімдерді даярлау
Болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі Н.В.Кузьмина, И.К.Журавлев, М.Н.Скаткин, А.А. Вербицкий, А.С. Границкая т.б. ғалымдардың еңбектерінде талданған. Соған қарамастан көптеген авторлар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың мазмұны мен әдістері проблемасындағы кіші мектеп оқушыларының өз бетімен оқу әрекеті біліктерін қалыптастыру мәселесіне аз көңіл аударған.
Білім - адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан адамды өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, адамды -- маман тұрғысынан қарау біліктілік ұғымына шығарады. Біліктілік - бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.
Мұғалім - бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары - олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін зерттеген ғалымдар бұл саланың даму тенденциясын жан-жақты көрсеткен.
Б.А.Әлмұхамбетов өз зерттеулерінде біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы мен даму болашағын еліміздің біліктілікті арттыру мәселесін шетелдік тәжірибелермен салыстыра көрсеткен. Республикада біліктілікті арттырудың сапасын арттыру, деңгейін көтеруге ықпал ететін жолдарды ұсынады.
А.Ә.Жайтапова біліктілікті арттыру жүйесіне ғылыми талдау жасай отырып, жаңа инновациялық бағыттарда ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін зерттеген.
Сондай-ақ Қазақстандық ғалым Я.С.Бенцион әдістемелік жұмыстардың тиімді жолдарын ұсынса, Ш.Таубаева мұғалімнің зерттеушілік қызметін, озық тәжірибені жинақтау, инновациялық әрекетті үздіксіз жүргізуді ғылыми тұрғыда негіздеген. М.С.Керімбаеваның зерттеулері жас маманды қалыптастырудағы жоғарғы оқу орындары мен біліктілікті арттыру институттарындағы сабақтастыққа, Б.Қ.Төлбасова мұғалімдердің қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануға әзірлігіне арналса, ал К.С.Құдайбергенова мұғалімнің өзін өзі жүзеге асыруына мектептегі инновациялық жұмыстың жүйелі жүргізілуінің ықпалын айқындаған.
В.Н.Белослюдцева өз зерттеуінде біліктілікті арттыру институттары әдіскерлерін даярлау мәселесін көтере отырып, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзара ынтымақтаса әрекет етулері жалпы біліктілікті арттыру сапасына әсер ететіндігін талдаған.
Б.А.Тұрғынбаева осы саладағы ғылыми -- зерттеулерінде шығармашылық әлеует адамды кәсіби әрекеттің биігіне шығаратын сапа деп тұжырымдайды. Ұстаздың акме жағдайға жетуі оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz