Дене тәрбиесі пәнінде ойын арқылы оқушылардың белсенділігін дамыту


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І Тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНДЕ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1. Оқушылардың дене тәрбиесі пәнінде ойындар жүргізу негізінде белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері . . . 7
1. 2 . Дене тәрбиесі пәнінде бастауыш сынып оқушыларын ойындар арқылы белсенділікке тәрбиелеу жолдары . . . 27
ІІ Тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНДЕ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 40
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі пәні арқылы белсенділікке тәрбиелеудің өзіндік ерекшелік жолдары . . . 40
2. 2. Оқушылардың дене тәрбиесі пәнінде ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 47
2. 3 . Жеке іс-тәжрибемнің сабақ үлгілері . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі . Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс делінген [1] .
Қазіргі кезде өркениетке ұмтылған еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай қоғам өмірінің барлық саласына белсенді атсалысатын, іс−әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Мұндай адамды қалыптастыру шарты - оның табиғатынан берілген белсенділігін дамыту, өйткені ақыл-ойтұрғысынан саналы әрекет ету қабілеті белсенділікке тәуелді. Баланың белсенділігінің дамуындағы тұғырнамалық саты - мектеп кезеңі. Балалардың белсенділігін, әрекетін дамыту ақпараттық кеңістіктің кеңеюімен сипатталатын осы заманда ерекше маңызға ие. Ақпараттардың ұлғаюы балада өзіне қойылған талаптар шеңберінен асып, өз ойын жүзеге асыруда ерекше шешімдер табуға мүмкіндік беретіндей қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.
Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, сабақтардан тез шаршайды, бұрынғыдай қимылдай бермейтін болады. Өйткені бұған дейін балалар үнемі қозғалыста болады, ойнайды, жүгіреді, ертеден ұйқыға жатқанға дейін 6 сағаттан аса қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан кейін жүріс-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыты әлде қайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың ден саулығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей мектеп оқушыларының 80 пайызының организмінде ақау болатыны - осының дәлелі. Әрине аптасына 3-ақ рет болатын дене шынықтыру сабағы организмнің күнделікті қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 1 - сынып оқушысы мектеппен қалай танысса дене шынықтыру сабағымен де солай танысуы керек. Ал мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Бастауыш сыныптарда оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады. Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша іріктеп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып бой жазып сергуіне мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте азда болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықта шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген [2] .
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамытуға бағыттау міндеті көзделген. Сондықтан осы міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың белсенділігін ойын арқылы дамытуға, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалануға, тікелей байланысты [3] . Оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелеріне байланысты бірқатар маңызды зерттеулер бар: жеке тұлғаның танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін дамыту А. Е. Әбілқасымова, Б. А. Тұрғынбаева, қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары А. С. Мустояпова, болашақ мұғалімді қазіргі білім технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендендіруге дайындау Ж. Ж. Айтпаева, Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары арқылы студенттердің танымдық белсенділігін дамытуЕ. К. Нурланбекова, т. б. еңбектерінде айқындалған. Ал қоршаған ортамен таныстыру мәселелері К. Ж. Жүнісова, З. Ф. Олейник Қ. А. Аймағамбетованың зерттеулерінде кездеседі.
Белсенділіктің теориялық негіздері жетекші философ, психолог, педагогтардың (К. А. Абулханова-Славская, М. И. Лисина, А. М. Матюшкин, Я. А. Пономарев, С. В. Герасимов, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина) еңбектерінде берілген. К. А. Абулханова-Славская мен М. И. Лисина таным белсенділігі мен таным іс-әрекеті ұғымдарының арақатынасына талдау жасады. А. М. Матюшкин таным белсенділігі, оның құрылымын анықтады. Я. А. Пономарев адамның шығармашылық белсенділігін дамыту тетігін жасады. С. В. Герасимов іс-әрекетпен белсенділіктің ажырамас байланысын көрсететін таным белсенділігі мен ұғынудың өзара байланыс түрлерін айқындады. Т. И. Шамова мен Г. И. Щукина таным белсенділігі таным әрекетінде пайда болатынына назар аударды.
Олардың көзқарастарын біз өзіміздің дипломдық жұмысымыз барысында жан-жақты талдау жасап, негізге алдық. Алайда, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына қарамастан әлі де болса шешімін таппаған сұрақтар баршылық. Дене тәрбиесі пәнінде ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін дамытудың маңыздылығын ашып көрсету қажеттігі , бұл мәселенің көкейтестілігін айқындай түседі, ал теориялық мәнділігі мен әлі де болса шешілмеген проблеманың болуы «Бастауыш сынып оқушыларын дене тәрбиесі пәнінде ойындар арқылы белсенділікке тәрбиелеу» тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.
Оқушылардың белсенділігін дамыту проблемасы, ғылыми әдебиеттерде қозғалса да, жан-жақты және тұтас арнаулы зерттеуге алынбаған. «Дене тәрбиесі» пәнінің мазмұнын игеру мен меңгерту тәсілдерін құру арқылы дамытудың педагогикалық шарттары қарастырылмайды. Зерттеу барысында, оқушылардың белсенділігін ойын арқылы қалыптастырудың төмен деңгейі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының толық қарастырылмауы; олардың танымдық белсенділігін дамыту қажеттiгi мен қоршаған ортамен таныстырудың осы мақсатта жүйелi пайдаланбауы арасында; қоршаған ортамен таныстырудың оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы мәнін айқындап, теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен осы бағыттағы педагогикалық тәжірибенің өз дәрежесінде болмауы арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығына көз жеткіздік. Көрсетілген қайшылық зерттеу проблемасын айқындады: оқушылардың дене тәрбиесі пәнінде ойын арқылы белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Педагогикалық, психологиялық және әдебиет тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасау;
2) Бастауыш сыныптың оқу процесінде ойындардың ролі мен мәнін анықтау;
3) Дене тәрбиесі пәнінде ойын арқылы оқушылардың белсенділігін дамытудың тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: дене тәрбиесі пәнінде оқушыларды белсенділікке тәрбиелеудегі ойынның орны.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы Дене тәрбиесі пәні. (1 - 4 сынып) .
Зерттеу әдісі:
Ғылыми тұрғыда жазылған мақалалар мен еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау;
озат педагогикалық тәжірибелерді іріктеу, бастауыш сынып оқушыларымен әңгімелесу;
сұрақ-жауап, байқау т. б.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНДЕ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Оқушылардың дене тәрбиесі пәнінде ойындар жүргізу негізінде белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері
Бүгінгі таңда егеменді ел болып, өз шаңырағын көтеріп, туын тіккелі бері ана тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртуда. Жаңарған ел жаңа көзқарастағы ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2030-бағдарламасында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл - ауқаты барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын біліммен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту» - деп атап көрсетеді. Сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыруды, елімізде сауықтыру жұмыстарының әдістерін жетілдіруді ұсынады. Сондай мүмкіндіктердің - бірі баланы жастайына қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын ойнауға жаттықтыратын тиімді әдіс тәсілдерді пайдалану мақсатына қарай дене тәрбиесін жан-жақты дамыту көзделген. [3]
Белсенділік - белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс-әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пенқұштарлық шегіне байланысты. Белсенділік, элементарлық белсенділік, биологиялық белсенділік, әлеуметтік белсенділік болып жіктеледі. Белсенділіктің бұл түрлерін өзінің қамтылу аясына қарай әр ғылым өз әдісіне сай зерттейді. Әлеуметтанудағы белсенділік адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі. Мұны саяси белсенділік, әлеуметтік белсенділік және психикалық белсенділік деп бөледі: Саяси белсенділік - жеке түлғаның не әлеуметтік топтың саяси процеске араласу деңгейін білдіретін ұғым. Бұл белсенділік әлеуметтік топтың өзі көздеген мақсаттарына сай саяси жүйеге ыкпал етіп, оны өзгертуге ұмтылуынан байқалады. Әлеуметтік белсенділік - белгілі бір тарихи кезенде әлеуметтік топтың, қауымның қоғам алдына қойылған міндетті саналы түрде шешуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы. Әлеуметтік белсенділік қоғам өмірін әртүрлі аясында (саяси-қоғамдық істерде, еңбек, мәдениет және тұрмыс саласында) көрініс береді. Психикалық белсенділік - субъектінің ұстанған бағдарын жүзеге асыру барысыңдағы іс-әрекетінің жігерліліп. Ол жеке түлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай әсерленуіне, мінез-кұлқына, шешім қабылдау қабілетіне байланысты. Психологиядағы белсенділік - адамның сыртқы ортамен 93 қарым-қатынас жасауының сипаты. Бұл орайда белсенділік іс-әрекетпен байланысты бағаланады. Психологияда белсенділікті тұлға белсенділігі, ситуацияға үстем белсенділік, іздену белсенділігі, шектен асқан белсенділік деп бөледі. Тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-катынастағы тегеуріңділігі. Бұл адамның әлеуметтік байқататын қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретіңде сипатталады; ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің ситуациялық алаптардьін деңгейінен биік болу қабілеті. Ситуацияға үстем белсенділік арқылы субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы кедергілерін (мысалы, енжарлық самарқаулық селқостық, т. б. ) жеңеді белсенділік тің бұл түрі шығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шекген аскан белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы беймәлім ситуацияны өзгертуге бағытталатын мінез. іздену белсенділігі - міңез-құлықтың көп типтерінің бірі болып табылады Оның психикалық көріністері - жоспарлау, киялдау, т. б. ; шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі [4] .
Сондықтан, рухани бай, азаматтық ары таза, ой еңбегіне бой еңбегі сай, сегіз қырлы бір сырлы азаматтарды тәрбиелеу талап етілуде.
Білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшіліктеріне денсаулықтарына байланысты ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтын мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндіктері бар. Арнайы ұйымдастырылған түрлі ұлттық ойындар балалар мен жасөспірімдерді ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке, өжеттілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдылыққа, еңбек етуге тәрбиелейді, патриоттық сезімдерін оятады дене қуаты қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және ептілік қасиеттерін жетілдіреді, дамытады. Ұлттық спорт ойындары : көкпар, бәйге, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, т. б Ұлттық ойындар : «Ақ серек, көк серек», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Белбеу тастау», «Мысық пен Тышқан», «Кім түртті», «Ұшты-ұшты», «Қазан доп», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Бестас», «Жасырынбақ», «Әтештер қақтығысы», «Шымбике» т. б. ойындар. Сол кезден қазіргі уақытқа дейін біз білетін «Ақсүйек», «Орда», «Қызыл ту», «Айгөлек» ойындары кең таралып, көп ойналған.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың ішінде «Ақ серек, көк серек»,
«Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан», «Теңге алу», «Тоғызқұмалақ» ойындарын пайдаланамын. Бұл жұмыс барысында 3 сынып оқушыларынан ұлттық ойындарға байланысты сауалнама алдым.
Саулнаманың қорытындысы бойынша, оқушылардың ұлттық спорт пен ұлттық ойындар түрлеріне деген көз-қарастарының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Адам өміріндегі ұлттық ойындардың алатын орны мен маңызы - деген сұраққа ұлттық қимылды ойындардың дене тәрбие үрдісіндегі оқушыларға салауатты өмірді қалыптастыруда алатын орны және атқаратын қызметі өрасан зор деген қортынды жасалды. [6]
Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушының бойында күш қуатын жетілдіреді, сабаққа деген белсенділігін арттырады, оқу үрдісіне деген қызығушылығын жоғарлатады.
Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Мұндай топтамаға жіктеу Е. Қ. Уанбаевтың «Дене тәрбиесі теориясы әдістемесі » оқу құралына негізделе жүргізілді. Бірақ мен бастауыш сынып оқушылырыына сабақ беруіме байланысты мен 3 сыныптарды 3 топқа бөлдім:1 Негізгі топ 2. Дайындық топ 3. Арнайы дәрігерлік топ.
1. Негізгі топқа денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындықтары жақсы, әр түрлі спорт түрлерімен тұрақты айналысатын оқушылар тобы жатады. Бұл топтағы оқушыларға барлық ұлттық ойындардың түрлерін қолдануға болады.
2. Дайындық тобына денсаулықтары аздап қана нашарлаған және дене қуаты дайындығы төмен оқушыларды жатқыздым. Бұл топқа жататын оқушыларға жүктеме қарқыны мен көлемі аздау беріліп, ұлттық ойындарды ойнатқан кезде топтық және жеке әдіс түрлерін қолдандым.
3. Арнайы дәрігерлік топқа денсаулықтары әлсіз оқушылар жатады. Бұл топтағы оқушыларға қарқыны мен жылдамдығы төмен ұлттық ойындар ойнаттым. [5]
Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.
Мен ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында пайдалану кезінде мына жайттарды есепке аламын:
1. Өз белсенділігін ұғыну
2. Таңдау еркіндігі
3. Еркін таңдау үшін жауапкершілік
4. Өздігінен дамуға талпыну
5. Рефлексияға қабілеттілік
6. Дене қуаты қасиеттері (жылдамдылық, төзімділік, ептілік, икемділік, күш)
Субъектінің бойында әр түрлі қаблеттермен қасиеттерді қалыптастыруға байланысты ұлттық ойындарды төмендегідей топтарға жіктедім:
Ақ серек, көк серек;
Мысық пен Тышқан;
Қызыл ту;
Асық ойыны;
Ұшты- ұшты;
Ине, жіп және түйіншек;
Оқушының бойында қалыптасатын қабілеттер мен қасиеттер бақылау және психологиялық зерттеу нәтижесінде анықтауға болады. Мектеп психологомен бірлесіп жүргізілген диагностика нәтижесінде 3 сынып оқушыларының оқу үрдісіне деген белсенділіктерінің артқанын, көңіл күйлерінің көтерінкі болуын, сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерінің дамығаны анықталды. Психодиогностика әдісі КБС (К-көңіл күйі, Б- белсенділік, С - сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейін анықтау арқылы байқалады. [4, 680]
Ұлттық ойындарды пайдалану оқушының педагогилық тұрғыдан да дамуына маңызы бар. Педагогикалық жағынан ойындар төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
- Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді.
- Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.
- Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді.
Жыл басында 3 сынып оқушыларының дене қуаты қасиеттері төмендегідей болды.
1 кесте . Оқушылардың дене қуаты қасиеттері. 2012-2013 оқу жылы
Жоғарыдағы сынып оқушыларының бір жылдан кейінгі дене қуаты көрсеткіштері.
2 кесте . Оқушылардың дене қуаты қасиеттері. 2013-2014 оқу жылы
Оқу жылы ішінде сабаққа ойындарды қолдану барысында 3 сынып оқушыларырының дене қуаты қасиеттерінің өсу қарқыны байқалды.
Сурет 1- Оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің өсу қарқыны.
2012-2013 оқу жылы
Сурет 2 - Оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің өсу қарқыны 2013-2014 оқу
жылы
Бұл көрсеткіштердің негізінде дене тәрбиесі сабағына ұлттық ойындарды қолдану тиімді екенін байқадым.
Мұнын барлығы оқушының тұлға ретінде қалыптасуына педагогикалық тұрғысынан да әсері бар. Себебі, осы қасиеттердің жиынтығы оқу үрдісіндегі 3 сынып оқушыларының математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу т. б пәндерді жақсы меңгеруге ықпал етеді. Оқушының бойында келесідей сапалық көрсеткіштер қалыптасады.
- Ұлттық ойындар арқылы оқушы тұлға ретінде дамиды.
- Оқу үрдісі кезінде жұмыс қабілеттіліктері жоғарлайды.
- Оқушы жан-жақта дамиды.
- Жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгереді.
- Жағымды эмоциялар мен іс-әрекеттерді ұстай алуы қалыптасады.
- Өзінің мінез-құлқын, дене және психикалық жағдайын басқара алуы дамиды.
Мысалы: Тоғызқұмалақ ойының алатын болсақ оқушының бойындағы аналитикалық ойлау қаблеті, байсалдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, мәдениеттілік, талдай білу қаблеті қалыптасады [6] .
Асық ойынын ойнау арқылы оқушының бойында төзімділік, икемділік, ептілік қасиеттерін дамытуға болады. Сонымен қатар, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, қажырлыққа, көпшілікке тәрбиелейді.
Жоғарыдағы зерттеулердің нәтижесінде 3 сынып бойынша негізгі көрсеткіштер анықталып оқушылардың субъектілігін қалыптастырудағы ұлттық спорт ойындарын пайдалану деңгейін жоғарлату мақсатында төмендегідей жоспар жасалынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz